11
5.Блендерді 1 минуттан артық
пайдаланбаңыз, келесі өңдеу процесі
алдында бірнеше минут үзіліс жасаңыз.
Пайдалануға дайындық
• Құрылғыны алғаш пайдаланар
алдында, тағамдармен жанасатын
бөлшектерді мұқият тазалаңыз.
• Ыстық ингредиенттерді өңдеу алдында
олар суығанға дейін күте тұрыңыз (ең
жоғары температура 60°C).
• Ірі ингредиенттерді өңдемес бұрын,
шамамен 2 см кішкентай кесектерге кесіп
алыңыз.
• Құрылғыны желіге қосар алдында, оны
дұрыстап құрастырыңыз.
Блендер құрылғысы қалай
қолданылады
Блендер төмендегі мақсаттарда
қолдануға арналған:
- сұйықтықтарды араластыру үшін,
мысалы, сүт өнімдері, тұздық, жеміс
шырындары, сорпа, коктейль және
шейктер.
- жұмсақ ингредиенттерді араластыру
үшін, мысалы, езбе, балалар тамағын
дайындау үшін.
1. Блендер аяқшасын мотор блогына
орнатып, ол бекітілгенге дейін, салат
тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
2. Ұсатуға арналған пышақты
толығымен ингредиенттерге
батырыңыз.
3. Блендерді желіге қосыңыз.
4. Құрылғыны қосу үшін, қалыпты
немесе жоғары жылдамдық
батырмасын басыңыз (турбо-режим).
5. Ингредиенттерді араластыру үшін,
құрылғыны баяу жоғары және
төмен, сондай-ақ айналдыра
қимылмен қозғаңыз.
6. Шашырамауы үшін, өлшеуіш
стақанның 2/3 бөлігін ғана
толтырыңыз.
7. Блендермен араластырған кезде,
ингредиенттерге әркез су немесе
басқа сұйықтық қосыңыз.
8. Кофе дәндері, мұз текшелері,
шоколад, жарма сияқты қатты
тағамдарды өңдеу үшін, блендерді
пайдаланбаңыз.
9. Тағамдарды өңдеуде жақсы
нәтижеге жету үшін, 2 жылдамдықты
қолданыңыз.
10. Блендердің аяғын шешіп алмас
бұрын, блендерді желіден ажыратып
тастаңыз.
11. Блендердің пышағы өткір! Онымен
жұмыс істеген кезде, сақ болыңыз!
Шайқауға арналған бұлғауышты
пайдалану
1. Шайқауға арналған бұлғауышты
мотор блогына орнатып, бекітілгенге
дейін, сағат тіліне қарсы бұрыңыз.
2. Блендерді желіге қосыңыз.
3. Жұмыртқа, крем және т.б. шайқау
үшін, 2 жылдамдықты қолданыңыз.
Блендерді пайдаланған кезде, оның
саптамалары астына шаш немесе
киім бөлшектері түсіп кетпеуін
қадағалаңыз.
4. Саптамадағы ингредиент
қалдықтары шашырамауы үшін,
блендерді шайқаудан кейін
қоспаңыз.
5. Бұлғауышы бар блендерді 1
минуттан артық пайдаланбаңыз,
әйтпесе моторы жанып кетуі мүмкін.
6. Пайдаланғаннан кейін немесе
тазалау алдында, блендерді желіден
ажыратыңыз.
Чопперді пайдалану
Чоппер жаңғақ, ет, пияз, қатты ірімшік,
пісірілген жұмыртқа, сарымсақ, шөптер,
қытырлақтар және т.б. сияқты ингредиенттерді ұсатуға арналған.
1. Чоппер пышағын тостаған
ортасындағы штифтке орнатыңыз.
Оның сенімді бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
2. Тостағанды ұсатылатын
тағамдармен толтырыңыз.
3. Чоппер ыдысын қақпақпен жауып,
мотор блогын чоппер қақпағына
орнатыңыз да, құрылғыны желіге
қосыңыз.
4. Құрылғыны қосу үшін, қалыпты
немесе жоғары жылдамдықты
таңдау батырмасын басыңыз
(турбо-режим).
5. Чоппер жұмыс істеп тұрған кезде,
бір қолыңызбен тұрқыны,
екіншісімен тостағанды ұстап
тұрыңыз.
6. Пайдаланғаннан кейін, құрылғыны
желіден ажыратып, моторлық
блокты қақпақтан шешіп алыңыз да,
кейін чоппер тостағанының
қақпағын шешіңіз.
7. Пышақты ақырын алып шығыңыз,
оның кесетін қыры өте өткір!
8. Өңделген тағамдарды тостағаннан
алып шығыңыз.
Сақтандыру! Чоппердің ең көп жұмыс
істейтін уақыты 1 минут, тостағанының
ең үлкен көлемі 500 мл.