Philips TAM4505/12 instructions for use [kz]

Шағын музыкалық жүйе
4000 қатары
Пайдаланушы
TAM4505
нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды 2
Қауіпсіздік 2 Құлақтандыру 2 Сəйкестік мəлімдемесі 3
2 Шағын музыкалық жүйе 4
Кіріспе 4 Қораптағы заттар 4 Негізгі құрылғыны шолу 5 Пультті шолу 6
3 Іске кірісу 8
Динамиктерді жалғау 8 Радио антеннасын жалғау 8 Қуатты жалғау 8 Пультті дайындау 9 Қуатты қосу 9 Сағатты орнату 9
4 Ойнату 10
Дискіден ойнату 10 USB құрылғысынан ойнату 10 Ойнатуды басқару 10 Əуендерді аттап өту 11 Əуендерді бағдарламалау 11 Bluetooth функциясы қосылған құрылғылардан ойнату 11
7 Басқа мүмкіндіктер 15
Оятқыш таймерін орнату 15 Ұйқы таймерін орнату 15 Сыртқы құрылғыны тыңдау 15 Құрылғыларды зарядтау 16
8 Өнім туралы ақпарат 17
USB арқылы ойнату мүмкіндігі
туралы ақпарат 17
Қолдау көрсетілетін MP3
дискілерінің пішімдері 18
9 Ақаулықтарды жою 18
5 Радионы тыңдау 12
DAB+ радиосын тыңдау 12 FM радиосын тыңдау 13
6 Дыбысты реттеу 14
Дыбыс деңгейін реттеу 14 Дыбысты өшіру 14
1 Маңызды
Қауіпсіздік
Осы «найзағай» белгісі құрылғы ішіндегі оқшауланбаған материалдан ток соғуы мүмкін екенін білдіреді. Отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін жабынды шешіп алмаңыз. «Леп белгісі» пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету проблемаларына тап болмау үшін бірге берілген кітапшаларды мұқият оқып шығуыңыз тиіс сипаттарға назар аударуға шақырады. ЕСКЕРТУ: өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыны жаңбыр астында не ылғал жерде қалдыруға немесе ваза сияқты сұйықтық құйылған заттарды құрылғы үстіне қоюға болмайды. САҚ БОЛЫҢЫЗ: ток соғудың алдын алу үшін айырды толығымен кіргізіңіз. (Полярлығы тұрақты айырлар қолданылатын аймақтарда: ток соғудың алдын алу үшін жалпақ істікшені кең ұяға енгізіңіз.)
Ескерту
• Осы құрылғының корпусын алып тастауға болмайды.
• Осы құрылғының кез келген бөлігін майлауға болмайды.
• Осы құрылғы ішіндегі лазер сəулесіне ешқашан қарамаңыз.
• Осы құрылғыны басқа электр жабдықтың үстіне қоюға болмайды.
• Осы құрылғыны тікелей түсетін күн сəулелерінен, ашық жалыннан немесе қызудан аулақ ұстау керек.
• Құрылғыны қуаттан ажырату үшін қуат кабелі, айыр немесе адаптер қолайлы орналасқанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыға сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға болмайды.
• Кез келген қауіп көзін құрылғы үстіне қоймаңыз (мысалы, сұйықтық құйылған заттар, жанып тұрған шамдар).
• Құрылғының токқа жалғау айыры ажырату құрылғысы ретінде қолданылған жағдайда, ажырату құрылғысы қолданылуға дайын тұруы тиіс.
• Желдету үшін өнім айналасында орын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Батарея қолданысына қатысты САҚТЫҚ ескертуі - батареядан сұйықтық ағып шығып, жарақатқа, мүліктің зақымдалуына немесе құрылғының зақымдалуына себеп болуына жол бермеу үшін:
• Барлық батареяларды дұрыс орнатыңыз, + жəне - белгілері құрылғыда көрсетілген.
• Батареяларға (жинақтағы немесе орнатылған) күн сəулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
• Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмайтын болғанда, батареяларды шығарып қойыңыз.
• Өндіруші көрсеткен қосымшаларды/аксессуарларды ғана қолдануға болады.
Құлақтандыру
Осы құрылғыға MMD Hong Kong Holding Limited анық мақұлдамаған өзгертулерді енгізу салдарынан пайдаланушы жабдықты пайдалану рұқсатының күшін жоюы мүмкін.
Сəйкестік мəлімдемесі
Осы құжатпен TPVision Europe B.v. компаниясы осы өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.philips.com/support.
Ескі өнімді жəне батареяны қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен құрамдас бөліктерді қолдана отырып жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа директивасында қамтылғанын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Электр жəне электрондық өнімдер мен батареяларды бөлек жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне батареяларды əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды дұрыс қоқысқа тастау арқасында қоршаған орта мен адам денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға көмектесуге болады.
Қайта зарядталмайтын батареяларды шығарып алу
Қайта зарядталмайтын батареяларды шығарып алу үшін батареяларды орнату бөлімін қараңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап), көбікполистирол (аралық қабат) жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал).
Жүйеңіз мамандырылған компания бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болатын материалдардан тұрады. Қаптама материалдарын, таусылған батареяларды жəне ескі жабдықты қоқысқа тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Bluetooth
®
сөз белгісі жəне логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясының меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы мұндай белгілерді кез келген жерде лицензия бойынша қолданады. Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары тиісті иелерінің жеке меншігінде.
Бұл құрылғыда мына белгі бар:
CLASS 1
LASER PRODUCT
Ескертпе
• Түрі басылған тақтайша құрылғының артында орналасқан.
2 Шағын
музыкалық жүйе
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/support.
Кіріспе
Осы құрылғымен мыналарды істеуге болады:
• дискілерден, USB құрылғыларынан, Bluetooth құрылғыларынан жəне басқа сыртқы құрылғылардан аудио тыңдау;
• FM жəне Цифрлық аудио тарату+ (DAB +) радиосын тыңдау
Құрылғы мына тасығыш пішімдерін қолдайды:
Қораптағы заттар
Қаптамадағы заттарды тексеріп, оларды анықтаңыз:
• Негізгі құрылғы
• 2 динамик
• 1 радио антеннасы
• Пульт (бір AAA батареясы бар)
• Басып шығарылған материалдар
Негізгі құрылғыны шолу
ЖШД индикаторы
• Күту режимінің индикаторы: осы өнім
күту режиміне ауыстырылғанда, қызыл түске боялады.
• Bluetooth индикаторы: Bluetooth
байланысының күйін көрсету үшін көк түске боялады.
• Осы өнімді қосу немесе күту режиміне ауыстыру.
Дисплей панелі
• Ағымдағы күйді көрсету.
Диск бөлігі
• USB жад құрылғыларын жалғау.
AUDIO IN
• Сыртқы аудио құрылғыларды жалғау.
SOURCE/PAIRING
• Сигнал көзін таңдау үшін басыңыз: DISC, USB, TUNER, DAB, AUDIO IN, BT.
• Bluetooth режимінде жалғанып тұрған құрылғыны ажыратып, жұптастыру режиміне кіру үшін 2 секундтан артық басып тұрыңыз.
• Ойнатуды бастау немесе кідірту.
• Ойнатуды тоқтату.
• Бағдарламаны өшіру.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
• Əуен/диск ішінде іздеу.
• Радио станциясына реттеу.
• Уақытты реттеу.
• Диск бөлігін ашу немесе жабу.
Дыбыс деңгейі тұтқасы
• Дыбыс деңгейін реттеу.
SPEAKER OUT ұясы
• Динамиктерді жалғау.
AC MAINS ~
FM антеннасы
• Қабылданатын FM радио сигнал күшін жақсарту.
Пультті шолу
• Осы өнімді қосу немесе күту режиміне ауыстыру.
CD
• CD көзін таңдау.
DAB/FM
• FM немесе DAB+ көзін таңдау.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
• Əуен/диск/USB ішінде іздеу.
Loading...
+ 15 hidden pages