Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Page 2
Мазмұны
1 Маңызды 2
Қауіпсіздік 2
Құлақтандыру 2
Сəйкестік мəлімдемесі 3
2 Шағын музыкалық жүйе 4
Кіріспе 4
Қораптағы заттар 4
Негізгі құрылғыны шолу 5
Пультті шолу 6
3 Іске кірісу 8
Динамиктерді жалғау 8
Радио антеннасын жалғау 8
Қуатты жалғау 8
Пультті дайындау 9
Қуатты қосу 9
Сағатты орнату 9
4 Ойнату 10
Дискіден ойнату 10
USB құрылғысынан ойнату 10
Ойнатуды басқару 10
Əуендерді аттап өту 11
Əуендерді бағдарламалау 11
Bluetooth функциясы қосылған
құрылғылардан ойнату 11
Осы «найзағай» белгісі құрылғы ішіндегі
оқшауланбаған материалдан ток соғуы
мүмкін екенін білдіреді. Отбасыңыздың
қауіпсіздігі үшін жабынды шешіп алмаңыз.
«Леп белгісі» пайдалану жəне техникалық
қызмет көрсету проблемаларына тап
болмау үшін бірге берілген кітапшаларды
мұқият оқып шығуыңыз тиіс сипаттарға
назар аударуға шақырады.
ЕСКЕРТУ: өрт шығу немесе ток соғу қаупін
азайту үшін құрылғыны жаңбыр астында
не ылғал жерде қалдыруға немесе ваза
сияқты сұйықтық құйылған заттарды
құрылғы үстіне қоюға болмайды.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: ток соғудың алдын алу
үшін айырды толығымен кіргізіңіз.
(Полярлығы тұрақты айырлар
қолданылатын аймақтарда: ток соғудың
алдын алу үшін жалпақ істікшені кең ұяға
енгізіңіз.)
Ескерту
• Осы құрылғының корпусын алып тастауға
болмайды.
• Осы құрылғының кез келген бөлігін майлауға
болмайды.
• Осы құрылғы ішіндегі лазер сəулесіне ешқашан
қарамаңыз.
• Осы құрылғыны басқа электр жабдықтың
үстіне қоюға болмайды.
• Осы құрылғыны тікелей түсетін күн
сəулелерінен, ашық жалыннан немесе қызудан
аулақ ұстау керек.
• Құрылғыны қуаттан ажырату үшін қуат кабелі,
айыр немесе адаптер қолайлы орналасқанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғыға сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
• Кез келген қауіп көзін құрылғы үстіне
қоймаңыз (мысалы, сұйықтық құйылған
заттар, жанып тұрған шамдар).
• Құрылғының токқа жалғау айыры
ажырату құрылғысы ретінде қолданылған
жағдайда, ажырату құрылғысы
қолданылуға дайын тұруы тиіс.
• Желдету үшін өнім айналасында орын
жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Батарея қолданысына қатысты САҚТЫҚ
ескертуі - батареядан сұйықтық ағып
шығып, жарақатқа, мүліктің
зақымдалуына немесе құрылғының
зақымдалуына себеп болуына жол
бермеу үшін:
• Барлық батареяларды дұрыс
орнатыңыз, + жəне - белгілері
құрылғыда көрсетілген.
• Батареяларға (жинақтағы немесе
орнатылған) күн сəулесі, от немесе
соған ұқсас шамадан тыс қызу
көздерінің əсер етуіне мүмкіндік
бермеу керек.
• Құрылғы ұзақ уақыт
қолданылмайтын болғанда,
батареяларды шығарып қойыңыз.
• Өндіруші көрсеткен
қосымшаларды/аксессуарларды ғана
қолдануға болады.
Құлақтандыру
Осы құрылғыға MMD Hong Kong Holding
Limited анық мақұлдамаған өзгертулерді
енгізу салдарынан пайдаланушы
жабдықты пайдалану рұқсатының күшін
жоюы мүмкін.
Сəйкестік
мəлімдемесі
Осы құжатпен TPVision Europe B.v.
компаниясы осы өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына жəне
басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін
мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына
сайттан көруге болады:
www.philips.com/support.
KZ
Page 4
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен
құрамдас бөліктерді қолдана отырып
жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта
өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU
Еуропа директивасында қамтылғанын
білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа
директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастауға болмайтын
батареялар бар екенін білдіреді.
Электр жəне электрондық өнімдер мен
батареяларды бөлек жинайтын жергілікті
жүйе туралы мəлімет іздестіріңіз.
Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне
батареяларды əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі
өнімдер мен батареяларды дұрыс қоқысқа
тастау арқасында қоршаған орта мен адам
денсаулығына төнетін қауіптердің алдын
алуға көмектесуге болады.
Қайта зарядталмайтын батареяларды
шығарып алу
Қайта зарядталмайтын батареяларды
шығарып алу үшін батареяларды орнату
бөлімін қараңыз.
Жүйеңіз мамандырылған компания
бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне
қайта қолдануға болатын материалдардан
тұрады. Қаптама материалдарын,
таусылған батареяларды жəне ескі
жабдықты қоқысқа тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Bluetooth
®
сөз белгісі жəне логотиптері —
Bluetooth SIG, Inc. компаниясының
меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне
MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы мұндай белгілерді кез келген
жерде лицензия бойынша қолданады.
Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары
тиісті иелерінің жеке меншігінде.
Бұл құрылғыда мына белгі бар:
CLASS 1
LASER PRODUCT
Ескертпе
• Түрі басылған тақтайша құрылғының
артында орналасқан.
KZ
Page 5
2 Шағын
музыкалық жүйе
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз,
Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта
тіркеңіз: www.philips.com/support.
Кіріспе
Осы құрылғымен мыналарды істеуге
болады:
• дискілерден, USB құрылғыларынан,
Bluetooth құрылғыларынан жəне басқа
сыртқы құрылғылардан аудио тыңдау;
• FM жəне Цифрлық аудио тарату+ (DAB +)
радиосын тыңдау
Құрылғы мына тасығыш пішімдерін
қолдайды:
Қораптағы заттар
Қаптамадағы заттарды тексеріп, оларды
анықтаңыз:
• Негізгі құрылғы
• 2 динамик
• 1 радио антеннасы
• Пульт (бір AAA батареясы бар)
• Басып шығарылған материалдар
KZ
Page 6
Негізгі құрылғыны шолу
ЖШД индикаторы
• Күту режимінің индикаторы: осы өнім
күту режиміне ауыстырылғанда,
қызыл түске боялады.
• Bluetooth индикаторы: Bluetooth
байланысының күйін көрсету үшін
көк түске боялады.
• Осы өнімді қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
Дисплей панелі
• Ағымдағы күйді көрсету.
Диск бөлігі
• Диск бөлігін ашу немесе жабу.
• Ойнатуды бастау немесе кідірту.
• Ойнатуды тоқтату.
• Бағдарламаны өшіру.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
• Əуен/диск ішінде іздеу.
• Радио станциясына реттеу.
• Уақытты реттеу.
KZ
Page 7
SOURCE/PAIRING
• Сигнал көзін таңдау үшін басыңыз:
DISC, USB, TUNER, DAB, AUDIO
IN, BT.
• Bluetooth режимінде жалғанып
тұрған құрылғыны ажыратып,
жұптастыру режиміне кіру үшін 2
секундтан артық басып тұрыңыз.
AUDIO IN
• Сыртқы аудио құрылғыларды
жалғау.
• USB жад құрылғыларын жалғау.
Дыбыс деңгейі тұтқасы
• Дыбыс деңгейін реттеу.
SPEAKER OUT ұясы
• Динамиктерді жалғау.
FM антеннасы
• Қабылданатын FM радио
сигнал күшін жақсарту.
AC MAINS ~
Пультті шолу
KZ
• Осы өнімді қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
CD
• CD көзін таңдау.
DAB/FM
• FM немесе DAB+ көзін таңдау.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
• Əуен/диск/USB ішінде іздеу.
Page 8
• FM станциясына реттелу.
• Уақытты реттеу.
• DAB+ станциясын таңдау.
MODE
• Əуендерді кездейсоқ ретпен ойнату
үшін араластыру режимін таңдаңыз.
• Бір əуенді немесе барлық
əуендерді қайталап ойнату үшін
қайталау режимін таңдаңыз.
ALBUM/PRESET
• Алдын ала орнатылған радио
станцияны таңдау.
• Алдыңғы/келесі альбомға аттап өту.
INFO
• Ойнату ақпаратын немесе радионың
қызметтік ақпаратын көрсету.
SLEEP/TIMER
• Ұйқы таймерін орнату.
• Оятқыш таймерін орнату.
CLOCK
• Сағатты орнату.
• Сағат ақпаратын көру.
• Күту режимінде сағат дисплейін
қосу не өшіру үшін басып
тұрыңыз.
PROG/SCAN
• Əуендерді бағдарламалау.
• Радио станцияларын бағдарламалау.
• Радио станцияларын автоматты
түрде сақтау.
USB/AUDIO IN
• USB көзін таңдау.
• AUDIO IN көзін таңдау.
/PAIRING
• Bluetooth көзін таңдау.
• Bluetooth режимінде жұптастыру
режиміне кіру үшін 2 секундтан
артық басып тұрыңыз
• Дыбысты өшіру немесе дыбыс
деңгейін қалпына келтіру.
SOUND
• Алдын ала орнатылған дыбыс
əсерін таңдау.
+/- (дыбыс деңгейі)
• Дыбыс деңгейін реттеу.
DIM
• Дисплей жарықтығын реттеу.
/MENU
• Ойнатуды тоқтату немесе
бағдарламаны өшіру.
• DAB+ мəзіріне кіру немесе одан
шығу.
/OK
• Ойнатуды бастау, кідірту немесе
жалғастыру үшін басыңыз.
• DAB+ элементін растау немесе
таңдау.
KZ
Page 9
3 Іске кірісу
Сақ болыңыз
• Осы жерде көрсетілгеннен басқа басқару не
реттеу құралдарын қолдану немесе
процедураларды орындау салдарынан
қауіпті сəулелену əсерін алуға немесе одан
басқа қауіпті оқиғалар орын алуы мүмкін.
Осы тараудағы нұсқауларды əрдайым
ретімен орындаңыз.
Динамиктерді жалғау
Ескертпе
• Əр динамик сымының қабы ашылған бөлігін
ұяға толығымен енгізіңіз.
• Дыбыс сапасы жоғары болуы үшін тек бірге
берілген динамиктерді қолданыңыз.
Оң динамикті жалғау үшін негізгі
құрылғы артындағы «R» деп
белгіленген ұяларды табыңыз.
Мыс сымды “ + ” ұясына жəне күміс
сымды “ - ” ұясына енгізіңіз
Сол динамикті жалғау үшін негізгі
құрылғыдағы «L» деп белгіленген
ұяларды табыңыз.
Сол динамик сымын енгізу үшін
2-қадамды қайталаңыз.
Əр динамик сымын енгізу үшін:
Ұя жапқышын басып тұрыңыз.
Динамик сымын толығымен
енгізіңіз.
Ұя жапқышын жіберіңіз.
Радио антеннасын
жалғау
Радионы тыңдамас бұрын, өнімге
бірге берілген радио антеннасын
жалғаңыз.
Қуатты жалғау
Сақ болыңыз
• Өнімге зақым келу қаупі бар! Қуат көзінің
кернеуі құрылғының артында немесе
астында көрсетілген кернеуге сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Ток соғу қаупі! АТ қуат кабелін жалғамас
бұрын, айыр нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
AC қуат кабелін ағытқан кезде, кабелін емес,
айырды ұстап тартыңыз.
• АТ қуат кабелін жалғамас бұрын, басқа
жалғайтын жерлердің барлығын
жалғағаныңызға көз жеткізіңіз.
KZ
Page 10
Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз.
Пультті дайындау
Сақ болыңыз
• Өнімге зақым келу қаупі бар! Пульт ұзақ
уақыт қолданылмайтын кезде,
батареяларды шығарып қойыңыз.
• Батареялардың ішінде химиялық заттар
бар, сондықтан оларды тиісті түрде тастау
қажет.
Күту режиміне ауысу
Өнімді сағат дисплейі көрсетілмейтін күту
режиміне немесе сағат дисплейі
көрсетілетін режимге ауыстыру үшін
түймесін қайтадан басыңыз.
Күту режимінің қызыл индикаторы
жанады.
• Күту режимінде сағат дисплейін қосу не
өшіру CLOCK үшін басып тұруға болады.
Ескертпе
• 15 минут əрекетсіз тұрғаннан кейін, өнім
күту режиміне ауысады.
• Жоғары қуат үнемдеу тиімділігіне қол
жеткізу үшін құрылғы қолданылмаған
кезде, кез келген сыртқы электрондық
құрылғыларды USB портынан ажыратып
қойыңыз.
Сағатты орнату
Пульт батареясын салу үшін:
Батарея бөлігін ашыңыз.
Бірге берілген AAA батареясын тиісті
полярлықтарын (+/-) ескере отырып,
суретте көрсетілгендей салыңыз.
Батарея бөлігін жабыңыз.
Қуатты қосу
түймесін басыңыз.
Өнім соңғы болып таңдалған
сигнал көзіне ауысады.
Қуат қосылған режимде сағатты орнату
режиміне кіру үшін CLOCK түймесін 2
секундтан артық басып тұрыңыз.
[24H] немесе [12H] көрсетіледі.
түймесін басып, 24H немесе
12H сағат пішімін таңдаңыз, одан кейін
CLOCK түймесін басыңыз.
Сағат сандары жыпылықтай бастайды.
Сағатты орнату үшін түймесін
басыңыз, одан кейін CLOCK түймесін
басыңыз.
Минут сандары жыпылықтай бастайды.
Минутты орнату үшін түймесін
басыңыз, одан кейін CLOCK түймесін
басыңыз.
Сағат орнатылды.
Ақыл-кеңес
• Қуат қосылған режимде сағатты көру үшін
CLOCK түймесін басып қалыңыз.
• Күту режимінде сағат дисплейін
қосып-өшіру үшін CLOCK түймесін басып
тұруға болады.
• Сағат дисплейі күту режимінде қосылып
тұрса, қуат тұтыну мөлшері артады.
KZ
Page 11
4 Ойнату
Дискіден ойнату
Құрылғыда CD түймесін басып, DISC
көзін таңдаңыз.
Диск бөлігін ашу үшін түймесін басыңыз.
Дискіні жапсырма жағын жоғары
қаратып салыңыз.
Диск бөлігін жабу үшін түймесін басыңыз.
Ойнату автоматты түрде басталады.
Əйтпесе, түймесін басыңыз.
USB құрылғысынан
ойнату
Ескертпе
• USB құрылғысында ойнатуға болатын
аудио мазмұны бар екеніне көз жеткізіңіз.
Ойнатуды басқару
Ойнатуды бастау, кідірту
немесе жалғастыру.
Ойнатуды тоқтату.
Альбомды немесе қалтаны таңдау.
Алдыңғы немесе келесі
əуенге аттап өту үшін
басыңыз.
Əуен ішінде артқа/алға қарай
іздеу үшін басып тұрыңыз.
USB көзін таңдау үшін AUDIO IN/USB
түймесін қайта-қайта басыңыз.
Ойнату автоматты түрде
басталады. Əйтпесе, түймесін
басыңыз.
KZ
Page 12
Əуендерді аттап өту
CD үшін:
Əуендерді таңдау үшін түймесін
басыңыз.
MP3 дискі жəне USB үшін:
Альбомды немесе қалтаны таңдау
үшін түймесін басыңыз.
Əуенді немесе файлды таңдау
үшін түймесін басыңыз.
Əуендерді бағдарламалау
Бұл функция 20 əуенді қалаған ретте
бағдарламалауға мүмкіндік береді.
Тоқтап тұру режимінде PROG/SCAN
түймесін басып, бағдарламалау
режимін іске қосыңыз.
[P01] көрсетіледі.
MP3 əуендерін көру үшін
түймесін басып, альбомды таңдаңыз.
Əуенді таңдау үшін түймесін
басып, одан кейін растау үшін
PROG/SCAN түймесін басыңыз.
Қосымша əуендерді бағдарламалау
үшін 2–3-қадамдарды қайталаңыз.
Бағдарламаланған əуендерді
ойнату үшін түймесін басыңыз.
Бағдарламаны өшіру үшін
түймесін екі рет басыңыз.
Bluetooth функциясы
қосылған
құрылғылардан ойнату
Ескертпе
• Барлық Bluetooth құрылғыларымен үйлесімді
болатынына кепілдік берілмейді.
• Өнім мен құрылғы арасындағы кез келген
кедергі жұмыс қашықтығын азайтуы мүмкін.
• Осы құрылғы мен Bluetooth функциясы қосылған
құрылғыңыздың арасындағы тиімді жұмыс
қашықтығы — шамамен 10 метр (30 фут).
• Құрылғы жадында ең көбі 8 бұрын жалғанған
Bluetooth құрылғысын сақтай алады.
Bluetooth көзін таңдау үшін
түймесін басыңыз.
[BT] (Bluetooth) көрсетіледі.
Bluetooth индикаторы көк
түспен жыпылықтайды.
Жетілдірілген аудио тарату
профилін (A2DP) қолдайтын
құрылғыңызда Bluetooth
функциясын қосып, жұптастыруға
болатын барлық Bluetooth
құрылғыларын іздеңіз (құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз).
KZ
Page 13
Таңдау: 'Philips M3505' құрылғысын
Bluetooth функциясы қосылған
құрылғыда таңдап, қажет болса,
жұптастыру құпиясөзі ретінде «0000»
сандарын енгізіңіз.
Сəтті жұптастырып, байланыс
орнатқаннан кейін, Bluetooth
индикаторы тұрақты көк түспен
жанып тұрады жəне құрылғыдан
екі рет дыбыстық сигнал
естіледі.
• Құрылғыңызда 'Philips M3505' табылмаса немесе
осы өніммен жұптастыру
мүмкін болмаса, PAIRING
түймесін 2 секунд басып
тұрып, жұптастыру режиміне
кіріңіз.
Аудионы жалғанған құрылғыда
ойнату.
Bluetooth функциясы
қосылған құрылғыңыздан
осы өнімге аудио ағыны
таратылады.
Bluetooth функциясы қосылған
құрылғыны ажырату үшін:
• Құрылғыңызда Bluetooth
функциясын өшіріңіз.
• Жұптастыру режиміне кіру үшін
PAIRING түймесін 2 секундтан
артық басып тұрыңыз.
5 Радионы
тыңдау
Осы өніммен DAB + радиосын жəне
FM радиосын тыңдауға болады.
Ескертпе
• Антеннаны теледидардан немесе басқа
сəулелену көздерінен мүмкіндігінше
алысырақ орналастырыңыз.
• Қабылданатын сигнал сапасы жоғары
болуы үшін антеннаны толығымен созып,
оның орнын реттеңіз.
DAB+ радиосын тыңдау
Цифрлық аудио тарату+ (DAB+) дегеніміз
— таратқыштар желісі арқылы радионы
цифрлық түрде тарату жолы. Ол одан көп
мүмкіндікті, жоғарырақ дыбыс сапасын
жəне толығырақ ақпаратты ұсынады.
DAB+ радио станцияларын
автоматты түрде сақтау
Ескертпе
• DAB+ таратылымына арасында жаңа
станциялар мен қызметтер қосылып
тұрады. Жаңа DAB+ станциялары мен
қызметтері қолжетімді болуы үшін
сканерлеу процесін жүйелі атқарып
тұрыңыз.
• DAB+ көзін алғаш рет енгізген
болсаңыз немесе ешқандай
DAB+ қызметі сақталмаған
болса, [PRESS OK TO SCAN]
жазуы көрсетіледі, одан кейін
/OK түймесін басып, іздеуді
іске қосыңыз да, төмендегі
2-қадамға өтіңіз.
Page 14
Құрылғыда PROG/SCAN түймесін 2
секундтан артық басып тұрыңыз.
Өнім барлық DAB+ радио
станцияларын автоматты түрде
сканерлеп, сақтайды.
Сканерлегеннен кейін, бірінші
қолжетімді станция таратылады.
DAB+ радио станциясын таңдау
DAB+ радио станциялары сканерленіп,
сақталғаннан кейін, түймесін
басып, DAB+ станциясын таңдаңыз.
Опцияны таңдау үшін /OK
түймесін басыңыз.
Қосалқы опция қолжетімді болса,
2-3–қадамдарды қайталаңыз.
DAB+ ақпаратын көрсету
DAB+ радиосын тыңдап отырғанда,
INFO түймесін қайта-қайта басып, жиілік,
сигнал күші, уақыты, т.б. сияқты əр түрлі
ақпаратты (қолжетімді болса) көрсетіңіз.
FM радиосын тыңдау
DAB+ радио станцияларын
қолмен сақтау
DAB+ радио станциясын таңдау
үшін түймесін басыңыз.
Құрылғыда PROG/SCAN түймесін
басып, бағдарламалау режимін іске
қосыңыз.
[P01] көрсетіледі.
Осы радио станциясына 1-10
аралығындағы санды тағайындау
үшін түймесін басып, одан
кейін растау үшін PROG/SCAN
түймесін басыңыз.
Қосымша станцияларды бағдарламалау
үшін 1–3-қадамдарды қайталаңыз.
• Негізгі құрылғыда дыбыс деңгейі
тұтқасын бұраңыз.
Дыбысты өшіру
• Дыбысты өшіру немесе қайта қосу
үшін түймесін басыңыз.
RDS ақпаратын көрсету
RDS ( дерек жүйесі) дегеніміз — FM
станцияларына қосымша ақпарат
көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет.
FM радио станциясына реттеу.
Құрылғыда INFO түймесін
қайта-қайта басып, станция
атауы, бағдарлама түрі, уақыты,
т.б. сияқты əр түрлі RDS
ақпаратын (қолжетімді болса)
көрсетіңіз.
KZ
Page 16
7 Басқа
мүмкіндіктер
Оятқыш таймерін
орнату
Осы өнімді оятқыш сағат ретінде қолдануға
болады. Оятқыштың сигнал көзі ретінде
дискіні, радионы немесе USB жад
құрылғысындағы .mp3 файлдарын таңдауға
болады.
Ескертпе
• Оятқыш таймері AUDIO IN режимінде
қолжетімді болмайды.
• CD/USB көзі таңдалған болса, бірақ ешқандай
диск салынып тұрмаса немесе USB
құрылғысы жалғанып тұрмаса, радио көзі
автоматты түрде таңдалады.
Сағатты дұрыс орнатқаныңызға көз
жеткізіңіз.
Күту режимінде SLEEP/TIMER
түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
Сағат сандары жыпылықтайды.
Сағатты орнату үшін түймесін
қайта-қайта басыңыз, одан кейін растау
үшін SLEEP/TIMER түймесін басыңыз.
Минут сандары жыпылықтайды.
Минутты орнату үшін
түймесін басыңыз, одан кейін растау
үшін SLEEP/TIMER түймесін
басыңыз.
Соңғы болып таңдалған оятқыштың
сигнал көзі жыпылықтайды.
Оятқыштың сигнал көзін таңдау үшін
түймесін басыңыз (диск,
USB, FM немесе DAB+ радиосы),
одан кейін растау үшін SLEEP/TIMER
түймесін басыңыз.
XX жыпылықтайды (XX
оятқыштың дыбыс деңгейін
білдіреді).
Оятқыштың дыбыс деңгейін
орнату үшін түймесін
басыңыз, одан кейін растау үшін
SLEEP/TIMER түймесін басыңыз.
Оятқыш таймерін іске
қосу/өшіру
Күту режимінде SLEEP/TIMER түймесін
қайта-қайта басып, таймерді іске қосыңыз
немесе өшіріңіз.
Таймер іске қосылса, TIMER көрсетіледі.
• Күту режимінде сағат дисплейін
қосып-өшіру үшін CLOCK түймесін
басып тұруға болады.
Ұйқы таймерін орнату
Осы музыкалық жүйе орнатылған
мерзімнен кейін автоматты түрде күту
режиміне ауыса алады.
• Музыкалық жүйе қосылып тұрған кезде,
SLEEP/TIMER түймесін қайта-қайта
басып, орнатылған мерзімді таңдаңыз
(минут).
• MP3 бит жылдамдығы (дерек
жылдамдығы): 32-320 Кбит/с жəне
айнымалы бит жылдамдығы
• Директориялар ең көбі 8 деңгейге
қабаттасуы мүмкін
• Альбомдар/қалталар саны: ең көбі
99
• Əуендер/атаулар саны: ең көбі
999
• Unicode UTF8 пішіміндегі файл аты
(максималды ұзындығы: 32 байт)
Қолдау көрсетілмейтін USB
пішімдері:
• Бос альбомдар: бос альбом
дегеніміз — ішінде MP3
файлдары жоқ альбом, ол
дисплейде көрсетілмейді.
KZ
Page 19
Қолдау көрсетілетін
9 Ақаулықтарды
MP3 дискілерінің
пішімдері
• ISO9660, Joliet
• Максималды атау саны: 128 (файл
атының ұзындығына байланысты)
• Максималды альбом саны: 99
• Қолдау көрсетілетін үлгі алу
жиіліктері: 32 кГц, 44,1 кГц, 48 кГц
• Қолдау көрсетілетін бит
жылдамдықтары: 32-256 (Кбит/с),
айнымалы бит жылдамдықтары
KZ
жою
Ескерту
• Осы құрылғының корпусын алып тастауға
болмайды.
Кепілдік күшін сақтауы үшін жүйені өз
қолыңызбен жөндеуге əрекет жасаушы
болмаңыз.
Осы құрылғыны қолдану кезінде
мəселелерге тап болсаңыз, қызмет
көрсетуге тапсырыс бермес бұрын,
төмендегі жағдайларды тексеріңіз.
Мəселе шешілмесе Philips веб бетіне
кіріңіз (www.philips.com/support). Philips
компаниясына хабарласқан кезде,
құрылғы жаныңызда тұрғанына жəне
модель нөмірі мен сериялық нөмірін көре
алатыныңызға көз жеткізіңіз.
Қуат жоқ
• Құрылғының АТ қуат кабелі дұрыс
жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• АТ розеткасында қуат бар екеніне көз
жеткізіңіз.
• Қуат үнемдеу функциясы ретінде жүйе
əуен соңына жетіп, ешқандай əрекет
қолданылмаған кезден 15 минут
өткеннен кейін автоматты түрде өшеді.
Дыбыс жоқ немесе дыбыс сапасы
нашар
• Дыбыс деңгейін реттеңіз.
• Динамиктер дұрыс жалғанғанын
тексеріңіз.
• Қабы ашылған динамик сымдары
қысылғанын тексеріңіз.
Құрылғы жауап бермейді
• АТ қуат айырын ағытып, қайта
жалғаңыз да, одан кейін құрылғыны
қайта қосыңыз.
• Қуат үнемдеу функциясы ретінде жүйе
əуен соңына жетіп, ешқандай əрекет
қолданылмаған кезден 15 минут
өткеннен кейін автоматты түрде өшеді.
• Құрылғы демонстрация режимінде.
Осы режимнен шығу үшін: дыбыс
деңгейін 03 мəніне реттеп, одан кейін
негізгі құрылғыда түймесін 10
секунд басып тұрыңыз.
Page 20
Пульт жұмыс істемейді
• Кез келген функция түймесін баспас
бұрын, алдымен дұрыс сигнал көзін
негізгі құрылғыдан емес, пультпен
таңдаңыз.
• Пульт пен құрылғы арасындағы
қашықтықты азайтыңыз.
• Пультті құрылғы алдындағы датчикке
тікелей бағыттаңыз.
Диск анықталмайды
• Дискіні салыңыз.
• Диск аударылып салынбағанын
тексеріңіз.
• Линзадағы конденсат кеткенше күтіңіз.
• Дискіні ауыстырыңыз немесе
тазалаңыз.
• Аяқталып жазылған CD дискіні
немесе пішімі дұрыс дискіні
қолданыңыз.
USB құрылғысындағы кейбір файлдар
көрінбейді
• USB құрылғысындағы қалталар
немесе файлдар саны белгілі бір
шектен асып кетті. Бұл жағдай
ақаулық емес.
• Бұл файлдардың пішімдеріне қолдау
көрсетілмейді.
USB құрылғысына қолдау көрсетілмейді
• USB құрылғысы осы құрылғымен
үйлесімді емес. Басқасын қолданып
көріңіз.
Қабылданатын радио сигнал күші
нашар
• Құрылғы мен теледидар немесе
басқа сəулелену көздері арасындағы
қашықтықты арттырыңыз.
• Радио антеннасын толығымен
созыңыз.
• Далаға орнатылатын радио
антеннасын жалғаңыз. Бір шетінде
суретте көрсетілгендей L пішімді
айыры бар қосалқы антенна кабелін
сатып алуыңызға болады.
• L пішімді айырды осы өнімге
жалғап, екінші ұшындағы айырды
розеткаға жалғаңыз.
Bluetooth байланысы орнатылғаннан
кейін де, осы құрылғыда музыка
ойнату мүмкін емес.
• Құрылғыны осы құрылғы арқылы
сымсыз музыка ойнату үшін қолдану
мүмкін емес.
Bluetooth функциясы қосылған
құрылғымен жалғағаннан кейін аудио
сапасы нашар.
• Bluetooth сигнал күші нашар.
Құрылғыны осы құрылғыға
жақындатыңыз немесе олардың
арасындағы кез келген кедергіні алып
тастаңыз.
Осы құрылғымен Bluetooth
байланысы орнатылмайды.
• Құрылғы осы құрылғыға қажетті
профильдерге қолдау көрсетпейді.
• Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Функцияны қосу жолын
көру үшін құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
• Осы құрылғы жұптастыру режимінде
тұрған жоқ.
• Осы құрылғы Bluetooth функциясы
қосылған басқа құрылғыға жалғанып
тұр. Сол құрылғыны ағытып, əрекетті
қайталап көріңіз.
Жұптастырылған мобильді құрылғы
қайта-қайта жалғанып-ағытыла береді.
• Bluetooth сигнал күші нашар.
Құрылғыны осы құрылғыға
жақындатыңыз немесе олардың
арасындағы кез келген кедергіні алып
тастаңыз.
• Кейбір мобильді телефондар қоңырау
шалғанда немесе қоңырауды
аяқтағанда қайта-қайта
жалғанып-ағытыла беруі мүмкін. Бұл
осы құрылғының қандай да бір
ақаулығының белгісі емес.
KZ
Page 21
• Кейбір құрылғыларда қуат
үнемдеу үшін Bluetooth
байланысы автоматты түрде
өшірілуі мүмкін. Бұл осы
құрылғының қандай да бір
ақаулығының белгісі емес.
Таймер жұмыс істемейді
• Сағатты дұрыс орнатыңыз.
• Таймерді қосыңыз.
Сағат/таймер параметрі өшірілген
• Қуат өшіп қалды немесе қуат
кабелі ажырап кетті.
• Сағатты/таймерді бастапқы қайта
орнатыңыз.
Күту режимінде сағат дисплейін
қалай қосып немесе өшіріп қоюға
болады?
• Күту режимінде сағат дисплейін
қосу не өшіру үшін CLOCK
түймесін басып тұрыңыз.