Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды
Қауіпсіздік
Құлақтандыру
2 Шағын музыкалық жүйе
Кіріспе
Қораптағы заттар
Негізгі құрылғыны шолу
Пультті шолу
3 Іске кірісу
Динамиктерді жалғау
Қуатты жалғау
Пультті дайындау
Қуатты қосу
Док-станцияны орнату
4 Ойнату
Дискіден ойнату
USB құрылғысынан ойнату
Ойнатуды басқару
Əуендерден аттап өту
Əуендерді бағдарламалау
Bluetooth функциясы қосылған
құрылғылардан ойнату
туралы ақпарат
Қолдау көрсетілетін MP3
дискілерінің пішімдері
9 Ақаулықтарды жою
5 FM радиосын тыңдау
Радио станциясына реттеу
Радио станцияларын
автоматты түрде сақтау
Радио станцияларын қолмен
сақтау
Алдын ала орнатылған радио
станцияны таңдау
6 Дыбысты реттеу
Алдын ала орнатылған
дыбыс əсерін таңдау
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбысты өшіру
KZ 1
1 Маңызды
Қауіпсіздік
Осы шағын музыкалық жүйені
қолданбас бұрын, барлық нұсқауларды
оқып шығып, түсініп алыңыз.
Нұсқауларды орындамау салдарынан
зақым келсе, кепілдік қолданылмайды.
Осы «найзағай» белгісі құрылғы
ішіндегі оқшауланбаған материалдан
ток соғуы мүмкін екенін білдіреді.
Отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін
жабынды шешіп алмаңыз.
«Леп белгісі» пайдалану жəне
техникалық қызмет көрсету
проблемаларына тап болмау үшін
бірге берілген кітапшаларды мұқият
оқып шығуыңыз тиіс сипаттарға назар
аударуға шақырады. ЕСКЕРТУ: өрт
шығу немесе ток соғу қаупін азайту
үшін құрылғыны жаңбыр астында не
ылғал жерде қалдыруға немесе ваза
сияқты сұйықтық құйылған заттарды
құрылғы үстіне қоюға болмайды.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: ток соғудың алдын
алу үшін айырды толығымен кіргізіңіз.
(Полярлығы тұрақты айырлар
қолданылатын аймақтарда: ток
соғудың алдын алу үшін жалпақ
істікшені кең ұяға енгізіңіз.)
Ескерту
• Осы құрылғының корпусын алып тастауға
болмайды.
• Осы құрылғының кез келген бөлігін
майлауға болмайды.
• Осы құрылғы ішіндегі лазер сəулесіне
ешқашан қарамаңыз.
• Осы құрылғыны басқа электр жабдықтың
үстіне қоюға болмайды.
• Осы құрылғыны тікелей түсетін күн
сəулелерінен, ашық жалыннан немесе
қызудан аулақ ұстау керек.
• Құрылғыны қуаттан ажырату үшін қуат
кабелі, айыр немесе адаптер қолайлы
орналасқанына көз жеткізіңіз.
• Желдету үшін өнім айналасында
орын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Өндіруші көрсеткен
қосымшаларды/аксессуарларды
ғана қолдануға болады.
• Батарея қолданысына қатысты
САҚТЫҚ ескертуі - батареядан
сұйықтық ағып шығып, жарақатқа,
мүліктің зақымдалуына немесе
өнімнің зақымдалуына себеп
болуына жол бермеу үшін:
• Батареяны дұрыс орнатыңыз, +
жəне - белгілері құрылғыда
көрсетілген.
• Батареяға (жинақтағы немесе
орнатылған) күн сəулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс
қызу көздерінің əсер етуіне
мүмкіндік бермеу керек.
• Өнім ұзақ уақыт қолданылмайтын
болғанда, батареяны шығарып
қойыңыз.
• Өнімге сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
• Кез келген қауіп көзін өнім үстіне
қоймаңыз (мысалы, сұйықтық құйылған
заттар, жанып тұрған шамдар).
• Құрылғының токқа жалғау айыры
ажырату құрылғысы ретінде
қолданылған жағдайда, ажырату
құрылғысы қолданылуға дайын тұруы
тиіс.
2 KZ
Құлақтандыру
Осы құрылғыға MMD Hong Kong Holding
Limited анық мақұлдамаған өзгертулерді
енгізу салдарынан пайдаланушы
жабдықты пайдалану рұқсатының күшін
жоюы мүмкін.
Сəйкестік
Осы құжатпен TP Vision Europe B.V.
компаниясы осы өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына жəне
басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін
мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына
сайттан көруге болады:
www.philips.com/support.
Қоршаған ортаны қорғау
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар
мен құрамдас бөліктерді қолдана отырып
жобаланған жəне өндірілген, оларды
қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға
болады.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа
директивасында қамтылғанын білдіреді.
Электр жəне электрондық өнімдер мен
батареяларды бөлек жинайтын жергілікті
жүйе туралы мəлімет іздестіріңіз.
Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне
батареяларды əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі
өнімдер мен батареяларды дұрыс қоқысқа
тастау арқасында қоршаған орта мен адам
денсаулығына төнетін қауіптердің алдын
алуға көмектесуге болады.
Қайта зарядталмайтын батареяларды
шығарып алу
Қайта зарядталмайтын батареяларды
шығарып алу үшін батареяларды орнату
бөлімін қараңыз.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын
қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға
бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап),
көбікполистирол (аралық қабат) жəне
полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал).
Жүйеңіз мамандырылған компания
бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне
қайта қолдануға болатын материалдардан
тұрады. Қаптама материалдарын,
таусылған батареяларды жəне ескі
жабдықты қоқысқа тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Bluetooth
Bluetooth SIG, Inc. компаниясының
меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне
MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы мұндай белгілерді кез келген
жерде лицензия бойынша қолданады.
®
сөз белгісі жəне логотиптері —
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа
директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастауға болмайтын
батареялар бар екенін білдіреді.
Көшіруден қорғалған материалдардың,
оның ішінде компьютерлік
бағдарламалардың, файлдардың,
таратылымдардың жəне дыбыс
жазбаларының рұқсатсыз көшірмелерін
жасау авторлық құқық туралы заңдарды
бұзуы жəне қылмыстық бұзушылық болып
есептелуі мүмкін. Бұл жабдықты осындай
мақсаттар үшін қолдануға болмайды.
KZ 3
Өнімді күтіп ұстау
• Диск бөлігіне дискілерден басқа
ешқандай заттарды салмаңыз.
• Диск бөлігіне майысқан немесе
шытынаған дискілерді салмаңыз.
• Өнімді ұзақ уақыт қолданбайтын
болсаңыз, диск бөлігінен дискілерді
алып тастаңыз.
• Өнімді микроталшық шүберекпен
ғана тазалауға болады.
Бұл құрылғыда мына белгі бар:
Ескертпе
• Түрі басылған тақтайша өнім артында
орналасқан.
2 Шағын
музыкалық жүйе
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз,
Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта
тіркеңіз: www.philips.com/support.
Кіріспе
Осы құрылғымен мыналарды
істеуге болады:
• дискілерден, USB құрылғыларынан,
Bluetooth құрылғыларынан жəне
басқа сыртқы құрылғылардан аудио
тыңдау;
• FM радио станцияларын тыңдау.
Құрылғы мына тасығыш пішімдерін
қолдайды:
4 KZ
Қораптағы заттар
Қаптамадағы заттарды тексеріп,
оларды анықтаңыз:
• Негізгі құрылғы
• Пульт (бір AAA батареясы бар)
• Динамик қораптары (x2)
• Басып шығарылған материалдар
Негізгі құрылғыны шолу
ЖШД индикаторы
• Күту режимінің индикаторы: осы өнім
күту режиміне ауыстырылғанда,
қызыл түске боялады.
• Bluetooth индикаторы: Bluetooth
байланысының күйін көрсету үшін
көк түске боялады.
• Осы өнімді қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
Дисплей панелі
• Ағымдағы күйді көрсету.
Диск бөлігі
• Диск бөлігін ашу немесе жабу.
• Ойнатуды бастау немесе кідірту.
• Ойнатуды тоқтату.
• Бағдарламаны өшіру.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
• Əуен/диск ішінде іздеу.
• Радио станциясына реттеу.
• Уақытты реттеу.
KZ
5
SOURCE/PAIRING
• Сигнал көзін таңдау үшін басыңыз:
DISC, USB, TUNER, AUDIO IN, BT.
• Bluetooth режимінде жалғанып
тұрған құрылғыны ажыратып,
жұптастыру режиміне кіру үшін
2 секундтан артық басып тұрыңыз.
AUDIO IN
• Сыртқы аудио құрылғыларды жалғау.
• USB жад құрылғыларын жалғау.
Дыбыс деңгейі тұтқасы
• Дыбыс деңгейін реттеу.
SPEAKER OUT ұясы
• Динамиктерді жалғау.
FM антеннасы
• Қабылданатын FM радио сигнал
күшін жақсарту.
AC MAINS ~
Пультті шолу
6 KZ
• Осы өнімді қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
CD
• CD көзін таңдау.
FM
• FM көзін таңдау.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
• Əуен/диск/USB ішінде іздеу.
Loading...
+ 14 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.