Philips TAH4205WT/00, TAH4205RD/00, TAH4205BK/00, TAH4205BL/00 user manual [kz]

Бастырма құлаққап
4000 қатары4000 қатары
TAH4205
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
2 Толық өлшемді Bluetooth
құлаққабы 3
гарнитура 4
3 Іске кірісу 5
жұптастыру 5
4 Құлаққапты қолдану 6
Құлаққапты Bluetooth
құрылғысына жалғау 6
Қоңырауларды жəне музыканы
басқару 6
5 Техникалық деректер 8
6 Хабарландыру 9
Сəйкестік мəлімдемесі 9 Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 9 Ішкі батареяны шешіп алу қажет 9 ЭМӨ талаптарына сəйкестік 9 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат 10 Сəйкестік туралы хабарландыру 10
7 Сауда белгілері 11
8 Жиі қойылатын сұрақтар 12
KZ
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты
жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Гарнитураны қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны немесе баламасын салыңыз.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен ылғалдығы туралы мəлімет
Температурасы мына аралықтағы жерде қолдану немесе сақтау керек:
-10 °C (14 °F) жəне 60 °C (140 °F)
(салыстырмалы ылғалдық 90%-дан аспауы тиіс).
Температура одан жоғары не төмен болған жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
KZ
2 Толық
өлшемді Bluetooth құлаққабы
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/welcome. Осы толық өлшемді Philips құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау;
сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару;
қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
Қысқаша нұсқаулық
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне гарнитурамен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, коммуникатор, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.) («Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Philips TAH4205 толық өлшемді Bluetooth құлаққабы
USB зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
KZ
Сымсыз Bluetooth гарнитурасын шолу
1
2
3
4
Микрофон
Төмен жиілікті дыбыстарды күшейту
Музыка/қоңырау/əуендерді басқару түймесі/дыбыс деңгейі
ЖШД индикаторы
USB Type C зарядтау ұясы
уатты қосу/өшіру/жұптастыру)
6
6
5
KZ
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
Гарнитураны алғаш рет қолданудан бұрын,
батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін гарнитураны зарядтау қабына салып, батареяны 3 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін
түпнұсқалы USB зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Гарнитураны зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі гарнитураны зарядтау үшін жалғаған кезде, ол өшіріледі.
Бірге берілген USB зарядтау кабелін мынаған жалғаңыз:
• Құлаққаптағы Type - C USB зарядтау ұясы жəне;
• Зарядтағыш/компьютердің USB порты.
Зарядтау кезінде ЖШД ақ түспен жанып тұрады, ал құлаққап толығымен зарядталған кезде, ол сөнеді.
Ақыл-кеңес
Əдетте толық зарядталуға 2 сағат кетеді.
Құлаққапты мобильді телефонмен жұптастыру
Құлаққапты мобильді телефонмен алғаш рет қолданудан бұрын, оны мобильді телефонмен жұптастырыңыз. Жұптастыру нəтижелі болғанда, құлаққап пен мобильді телефон арасында шифрланған бірегей байланыс орнатылады. Құлаққап соңғы 8 құрылғыны жадында сақтайды. 8-ден көп құрылғыны жұптастыруға əрекет жасасаңыз, олардың ішіндегі ең алғашқы болып жұптастырылған құрылғы жаңа құрылғымен алмастырылады.
Құлаққап толығымен зарядталғанына жəне өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
түймесін көк жəне ақ ЖШД кезек-кезек жыпылықтағанша 6 секунд басып тұрыңыз.
Құлаққап жұптастыру режимінде 5 минут тұрады.
Мобильді телефон жəне оның Bluetooth функциясы қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құлаққапты мобильді телефонмен жұптастырыңыз. Толық ақпарат алу үшін мобильді телефонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Төмендегі мысалда құлаққапты мобильді телефонмен жұптастыру жолы көрсетілген.
Мобильді телефонда Bluetooth функциясын іске қосып, мынаны таңдаңыз: Philips TAH4205
Philips TAH4205
KZ
4 Гарнитураны
қолдану
Қоңырауларды жəне музыканы басқару
Қосу/өшіру
Гарнитураны Bluetooth құрылғысына жалғау
Мобильді телефонды/Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
Құлаққапты қосу үшін қосу/өшіру түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
Ақ ЖШД жанады.
Құлаққап ең соңғы жалғанған мобильді телефонға/Bluetooth құрылғысына автоматты түрде қайта жалғанады.
Ақыл-кеңес
Мобильді телефонды/Bluetooth құрылғысын
құлаққапты қосқаннан кейін қоссаңыз немесе Bluetooth функциясын іске қоссаңыз, құлаққапты жəне мобильді телефонды/Bluetooth құрылғысын қолмен қайта жалғау қажет болады.
Ескертпе
Құлаққап соңғы жалғанған сигнал
ауқымындағы Bluetooth құрылғысына 5 минут ішінде жалғанбаса, ол жұптастыру режиміне өтіп, 5 минуттан кейін ешқандай Bluetooth құрылғысына жалғанбаса, ол автоматты түрде өшеді.
Құлаққап жадында бұрын жалғанған
құрылғылар болмаса жəне ол ешқандай Bluetooth құрылғысына 5 минут ішінде жалғанбаса, ол автоматты түрде өшеді.
Қызмет
Құлаққапты қосу.
Құлаққапты өшіру.
Музыканы басқару
Қызмет
Музыканы ойнату немесе кідірту.
Дыбыс деңгейін реттеу.
Келесі əуен.
Алдыңғы əуен.
Қоңырауларды басқару
Қызмет
Тұтқаны көтеру/қою.
Қоңырау кезінде қоңырау шалушыны ауыстыру.
Түйме
Қосу/өшіру
Қосу/өшіру
Түйме
музыканы/ қоңырауларды басқару
Түйме
музыканы/ қоңырауларды басқару
музыканы/ қоңыраула рды басқару
Əрекет
2 секунд басып тұру.
3 секунд басып тұру.
Ақ түсті ЖШД жанып тұрады да, біртіндеп сөнеді.
Əрекет
Бір рет басу.
+/- жағын басу
+ жағын екі рет басу.
- жағын екі рет басу.
Əрекет
Бір рет басу.
2 секунд басып тұру.
KZ
Құлаққап индикаторының басқа күйлері
Құлаққап күйі Құлаққап Bluetooth
құрылғысына жалғанып тұр, құлаққап күту режимінде немесе сіз музыка тыңдап отырсыз.
Құлаққап жұптастыруға дайын.
Құлаққап қосылып тұр, бірақ ешқандай Bluetooth құрылғысына жалғанып тұрған жоқ.
Батарея заряды аз.
Батарея толығымен зарядталған.
Индикатор Көк ЖШД 7,5
секунд сайын жыпылықтайды.
ЖШД көк жəне ақ түспен кезек-кезек жыпылықтайды.
Көк ЖШД баяу жыпылықтайды. Жалғау мүмкін болмаса, құлаққап 5 минут ішінде өздігінен өшеді.
Ақ ЖШД қуат таусылғанша секунд сайын 4 рет жыпылықтап тұрады
Ақ ЖШД сөніп тұрады.
KZ
5 Техникалық
деректер
Гарнитура
Музыка ойнату уақыты: 29 сағат (Төмен жиілікті дыбыстарды күшейту өшірулі) Сөйлесу уақыты: 21 сағат Күту режиміндегі уақыт: 166 сағат Зарядтау уақыты: 2 сағат Қайта зарядталатын литий-полимер батареясы (250 мА·сағ) Bluetooth нұсқасы: 5.0 Үйлесімді Bluetooth профильдері:
HFP (хендсфри профилі)
A2DP (жетілдірілген аудио тарату профилі)
AVRCP (аудио мен бейнені қашықтан басқару профилі)
Қолдау көрсетілетін аудио кодегі: SBC Жиілік ауқымы: 2,402–2,480 ГГц Таратқыш қуаты: < 10 дБм Жұмыс ауқымы: 10 метрге дейін (33 фут) Цифрлық жаңғырықты жəне шуды азайту Автоматты түрде өшу Зарядтауға арналған Type-C USB порты SBC кодегін қолдайды Батарея заряды аз екені туралы ескерту: қолжетімді
Ескертпе
Сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
KZ
6 Хабарландыру
Сəйкестік мəлімдемесі
Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
Ескі өнімді жəне батареяны қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен құрамдас бөліктерді қолдана отырып жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа директивасында қамтылғанын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтын ішкі қайта зарядталатын батарея бар екенін білдіреді. Қайта зарядталатын батареяны маман шешіп алуы үшін осы өнімді ресми жинау пунктіне немесе Philips қызмет көрсету орталығына апаруға қатаң кеңес береміз. Электр жəне электрондық өнімдер мен қайта зарядталатын батареяларды бөлек жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне қайта зарядталатын батареяларды əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен қайта зарядталатын батареяларды дұрыс қоқысқа тастау арқасында қоршаған орта мен адам денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға көмектесуге болады.
Ішкі батареяны шешіп алу қажет
Еліңізде электрондық өнімдерді жинау/қайта өңдеу жүйесі болмаса, құлаққапты қоқысқа тастаудан бұрын, батареяны шешіп алып, оны қайта өңдеуге тапсыру арқылы қоршаған ортаны қорғай аласыз.
• Батареяны шешіп алудан бұрын, гарнитура зарядтау қабынан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ЭМӨ талаптарына сəйкестік
Осы өнім электрмагниттік өрістердің əсер етуіне қатысты барлық тиісті стандарттар мен ережелерге сəйкес келеді.
KZ
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап), көбікполистирол (аралық қабат) жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал). Жүйеңіз мамандырылған компания бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болатын материалдардан тұрады. Қаптама материалдарын, таусылған батареяларды жəне ескі жабдықты қоқысқа тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Сəйкестік туралы хабарландыру
Құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес келеді. Қолдану үшін төмендегі екі талап орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы зиянды кедергі жасамауы тиіс жəне
2. Осы құрылғы түскен кез келген кедергіні, оның ішінде жұмысына жағымсыз əсер етуі мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
FCC ережелері
Осы жабдық сынақтардан өткізіліп, FCC ережелерінің 15-бөлімінде көрсетілген В сыныбындағы цифрлық құрылғыға қойылатын шектеулерге сəйкес келетіні анықталған. Осы шектеулер тұрғын жерлерде зиянды кедергіден қисынды деңгейдегі қорғанысты қамтамасыз ету үшін белгіленген. Осы жабдық радиожиілік қуатты түзеді, қолданады жəне шығаруы мүмкін, сондықтан нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаған жəне қолданылмаған жағдайда, радио байланысқа зиянды кедергі жасауы мүмкін. Дегенмен белгілі бір жағдайларда кедергі болмайтынына кепілдік берілмейді. Осы жабдық қабылданатын радио немесе теледидар сигналдарына зиянды кедергі жасаса (оны өнімді өшіріп-қосу арқылы
тексеруге болады), пайдаланушы төмендегі шаралардың біреуін немесе бірнешесін қолдану арқылы кедергіні жоюға əрекет жасағаны жөн:
Қабылдағыш антеннаның бағдарын өзгерту немесе оны басқа жерге қою.
Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттыру.
Жабдықты қабылдағыш жалғанып тұрған электр тізбектен басқа тізбектегі розеткаға жалғау.
Дилерге немесе тəжірибелі радио/теледидар маманына хабарласып, көмек сұрау.
АҚШ Федералдық байланыс комиссиясының (FCC) сəулелену əсеріне қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық FCC ұйымының бақыланбайтын орталардағы сəулелену əсеріне қоятын шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты кез келген басқа антеннамен немесе таратқышпен бір жерге орналастыруға немесе бірге жұмыс істетуге болмайды.
С
ақ болыңыз
жауапты тарап анық растамаған өзгертулерді енгізу пайдаланушының жабдықты қолдану құқығын жоюы мүмкін екені туралы ескертіледі.
Канада:
Осы құрылғыда Канада Инновация, ғылым жəне экономикалық даму министрлігінің лицензия талап етілмейтін RSS стандарттарына сəйкес келетін лицензия талап етілмейтін таратқыш(тар)/ қабылдағыш(тар) бар. Қолдану үшін төмендегі екі талап орындалуы тиіс: (1) осы құрылғы зиянды кедергі жасамауы тиіс жəне (2) осы құрылғы түскен кез келген кедергіні, оның ішінде құрылғы жұмысына жағымсыз əсер етуі мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс. CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
Канада Өнеркəсіп министрлігінің сəулелену əсеріне қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық Канаданың бақыланбайтын орталардағы сəулелену əсеріне қоятын шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты кез келген басқа антеннамен немесе таратқышпен бір жерге орналастыруға немесе бірге жұмыс істетуге болмайды.
: Пайдаланушыға сəйкестікке
KZ
7 Сауда
белгілері
Bluetooth
Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясының меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне Top Victory Investment Limited компаниясы мұндай белгілерді кез келген жерде лицензия бойынша қолданады. Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары тиісті иелерінің жеке меншігінде.
KZ
8 Жиі
қойылатын сұрақтар
Bluetooth гарнитурасы қосылмайды.
Батарея заряды аз. Гарнитураны зарядтаңыз.
Bluetooth гарнитурасын Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес.
Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth құрылғысында Bluetooth функциясын іске қосып, Bluetooth құрылғысын гарнитурадан бұрын қосыңыз.
Жұптастыруды бастапқы қалпына келтіру жолы.
Құлаққап жұптастыру режимінде тұрғанда (қызыл жəне көк шамдар кезек-кезек жыпылықтап тұрады), қуат түймесін + жағына итеріп, күлгін ЖШД шамы жанғанша 6 минуттан артық ұстап тұрыңыз.
Bluetooth құрылғысында музыканы естимін, бірақ оны басқара алмаймын (мысалы, ойнату/кідірту/алға аттап өту/артқа аттап өту).
Bluetooth аудио көзі AVRCP профилін қолдайтынына көз жеткізіңіз («Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Bluetooth құрылғысы гарнитураны таппайды.
Гарнитура одан бұрын жұптастырылған құрылғыға жалғанып тұруы мүмкін. Жалғанған құрылғыны өшіріңіз немесе сигнал ауқымынан тыс жерге апарыңыз.
Жұптастыру бастапқы қалпына келтірілген болуы мүмкін немесе гарнитура одан бұрын басқа құрылғымен жұптастырылған болуы мүмкін. Гарнитураны Bluetooth құрылғысымен пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай қайта жұптастырыңыз. (6-беттегі «Гарнитураны Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру» бөлімін қараңыз).
Bluetooth гарнитурасы Bluetooth стерео функциясы қосылған мобильді телефонға жалғанып тұр, бірақ музыка тек мобильді телефон динамигі арқылы ойнатылады.
Мобильді телефонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Музыканы гарнитура арқылы тыңдауды таңдаңыз.
Аудио сапасы нашар жəне шыртылдаған шу естіледі.
Bluetooth құрылғысы сигнал ауқымынан тыс жерде. Гарнитура пен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтықты азайтыңыз немесе олардың арасындағы кедергілерді алып тастаңыз.
Гарнитураны зарядтаңыз.
Гарнитураның дыбыс деңгейі тым төмен.
Кейбір Bluetooth құрылғылары дыбыс деңгейін синхрондау функциясы арқылы дыбыс деңгейін гарнитураға байланыстыра алмайды. Мұндай жағдайда тиісті дыбыс деңгейін орнату үшін Bluetooth құрылғысында дыбыс деңгейін жекеше реттеңіз.
Қосымша қолдау алу үшін мына сайтқа кіріңіз: www.philips.com/support.
KZ
Мобильді телефоннан ағынмен таратқан кезде, аудио сапасы нашар болады немесе аудио ағын мүлде жұмыс істемейді.
Мобильді телефон (моно) HFP профилін ғана емес, A2DP профилін де қолдайтынына жəне BT4.0x (не одан кейінгі) нұсқасымен үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз («Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Este equipamento não tem direito à proteção contra interferência prejudicial e não pode causar interferência em sistemas devidamente autorizados. Este produto está homologado pela ANATEL, de acordo com os procedimentos regulamentados pela Resolução 242/2000, e atende aos requisitos técnicas aplicados. Para maiores informações, consulte a site da ANATEL: www.anatel.gov.br
Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері жəне олар лицензия бойынша қолданылады. Бұл өнімді MMD Hong Kong Holding Limited немесе оның еншілес компанияларының бірі өндірген жəне соның жауапкершілігімен сатылады, сондай-ақ MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнімнің кепілгері ретінде əрекет етеді.
06614-19-12451
UM_TAH4205_00_KZ_V1.0
Loading...