Philips TAE1205BK/00 user manual [kz]

Құлаққап
1000 қатары
TAE1205
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2 Жалпы ақпарат 2
2
Қыстырма Bluetooth құлаққабы
Қораптағы заттар 3 Басқа құрылғылар 3 Сымсыз Bluetooth
құлаққабын шолу 4
3 Іске кірісу 5
Батареяны зарядтау 5 Құлаққапты мобильді
телефонмен жұптастыру 5
4 Құлаққапты қолдану 6
Құлаққапты Bluetooth құрылғысына жалғау 6 Қоңырауларды жəне
музыканы басқару 6
3
5 Техникалық деректер 8
6 Хабарландыру 9
Сəйкестік мəлімдемесі 9 Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 9 Ішкі батареяны шешіп алу қажет ЭМӨ талаптарына сəйкестік 9 Қоршаған ортаға қатысты
ақпарат 9 Сəйкестік туралы хабарландыру
9
10
7 Сауда белгілері 11
KZ
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары
дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне
дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс
деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау
уақыты соғұрлым қысқа болады.
Құлаққапты қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға
болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті
заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен немесе
сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана
суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік
бермеу керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны
немесе баламасын салыңыз.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен ылғалдығы туралы мəлімет
• Температурасы -20 °C (4 °F) жəне 60 °C (140 °F) аралығындағы (салыстырмалы ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде қолдану немесе сақтау керек.
• Температура одан жоғары не төмен болған жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
KZ
2 Қыстырма
Bluetooth
құлаққабы
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/welcome. Осы қыстырма Philips құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару;
• қ
оңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
Қысқаша нұсқаулық
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік парақшасы
Philips TAE1205 қыстырма Bluetooth құлаққабы
Алмастырылатын резеңке саптамалар x 2 жұп
Құлақ ілмектері
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне құлаққаппен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, коммуникатор, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.) (8-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
KZ
Сымсыз Bluetooth құлаққабын шолу
Келесі/дыбыс деңгейін көтеру (Қуатты қосу/өшіру/жұптастыру) ЖШД индикаторы Зарядтау ұясы Алдыңғы/дыбыс деңгейін төмендету
KZ
Loading...
+ 9 hidden pages