Philips TAA7306BK/00 user manual [kz]

Құлаққап
7000 қатары
TAA730 6
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
2 Сымсыз Bluetooth құлаққаптары 3
құлаққабын шолу 4
3 Іске кірісу 5
алғаш рет жұптастыру 5
Құлаққаптарды басқа Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру 6
4 Құлаққапты қолдану 7
Құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысына жалғау 7 Қуатты қосу/өшіру 7 Қоңырауларды жəне
музыканы басқару 7 Bluetooth құрылғысындағы
батареяның ЖШД индикаторы 8 ЖШД индикаторының күйі 8 Пульсометр 9 Сезу режимі 9
5 Құлаққаптардың зауыттық
параметрлерін қалпына келтіру 9
6 Техникалық деректер 10
7 Құлақтандыру 11
Сəйкестік мəлімдемесі 11 Ескі өнімді жəне батареяны қоқысқа
тастау 11 ЭМӨ талаптарына сəйкестік 12 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат 12 Сəйкестік туралы құлақтандыру 12
8 Сауда белгілері 13
9 Жиі қойылатын сұрақтар 14
KZ 1
1 Маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты
жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Құлаққаптарды қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
Құлаққаптардың жəне құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Жалпы ақпарат
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
Сақ болыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
Батареяны оның сақтық құралын бұзып өтуі
мүмкін батарея түрімен ауыстыру;
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау,
мыжу немесе кесу жарылысқа себеп болуы мүмкін;
Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы мүмкін;
Батарея ауа қысымы өте төмен жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш сұйықтық не газ шығуы мүмкін.
Автокөлікті басқарып отырғанда, велосипед
тепкенде, жүгіргенде немесе көлік жүретін жерлерде жаяу жүргенде құлаққапты қолданбаңыз. Ол қауіпті жəне көптеген жерде заңсыз болып есептеледі.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен ылғалдығы туралы мəлімет
Жұмыс температурасы: 0°C (32°F) жəне 40°C (104°F) аралығы
Сақтау температурасы: -10°C (14°F) жəне 45°C (113°F) аралығы
Жұмыс ылғалдығы: 8-90% СЫ (конденсациясыз)
Сақтау ылғалдығы: 5-90% СЫ (конденсациясыз)
Максималды жұмыс биіктігі: 3000 м
Температура одан жоғары не төмен болған жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
2 KZ
2 Сымсыз
Bluetooth
құлаққаптары
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/support. Осы сымсыз Philips құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару;
• қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
Құлақ ілмектері x 3 жұп
Алып жүру сөмкесі
USB зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
Қысқаша нұсқаулық
Шынымен сымсыз Philips TAA7306 құлаққаптары
Алмастырылатын резеңке саптамалар x 3 жұп
Құлақ жарғағы ілмектері x 3 жұп
Халықаралық кепілдік
Қауіпсіздік парақшасы
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне құлаққаптармен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, коммуникатор, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.) (10-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
KZ 3
Сымсыз Bluetooth қыстырма құлаққабын шолу
Микрофон
ЖШД индикаторы (құлаққап)
Сенсорлық панель
Пульсометр (HRM) датчигі (тек оң
жақта)
Жұмыс ЖШД (зарядтау қабы)
ЖШД индикаторы (зарядтау қабы)
USB-C зарядтау ұясы
Бастапқы қалпына келтіру түймесі
4 KZ
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан бұрын,
батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін құлаққаптарды зарядтау қабына салып, батареяны 3 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін
түпнұсқалы USB зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққаптарды зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққаптарды зарядтау үшін жалғаған кезде, олар өшіріледі.
• Зарядтау процесінің орындалып жатқанын құлаққаптардағы ақ ЖШД шамымен тексеруге болады.
• Құлаққаптар толығымен зарядталған кезде, ақ шам сөнеді.
Ақыл-кеңес
Əдетте толық зарядталуға 2 сағат кетеді
(құлаққаптар немесе зарядтау қабы үшін).
Зарядтау қабы
USB кабелінің бір жағын зарядтау қабына, ал екінші жағын қуат көзіне жалғаңыз. Зарядтау қабы зарядтала бастайды.
• Зарядтау процесінің орындалып жатқанын қаптағы USB ұясының жанындағы көк ЖШД шамымен тексеруге болады.
• Зарядтау қабы толығымен зарядталған кезде, көк шам жанады.
Ақыл-кеңес
Зарядтау қабы құлаққаптарды зарядтауға
арналған тасымалы қосалқы батарея рөлін атқарады. Зарядтау қабы толығымен зарядталған кезде, ол құлаққаптарды 3 рет толығымен қайта зарядтай алады.
Құлаққаптар
Құлаққаптарды зарядтау қабына салыңыз. Құлаққаптар зарядтала бастайды.
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру
Автоматты түрде қосылу: Зарядтау қабын ашып, құлаққаптарды шығарыңыз, сол кезде көк ЖШД индикаторы жыпылықтап, «power on» (қосылу) хабарламасы естіледі.
Қуатты қолмен қосу: Құлаққаптардың екеуінде де көп функциялы түймелерді шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.
1 секунд
02 с
Құлаққаптардағы ЖШД индикаторлары көк түспен 3 рет жыпылықтап, одан кейін ақ түспен жыпылықтайды.
Осы кезде құлаққаптардың екеуі де қосылып, бір-біріне жұптастырылады.
KZ 5
Loading...
+ 11 hidden pages