Philips TAA4205BK/00 user manual [kz]

Құлаққап
4000 қатары
TAA4205
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
2 Қыстырма Bluetooth
құлаққабы 3
3 Іске кірісу 5
4 Гарнитураны қолдану 6
Гарнитураны Bluetooth құрылғысына жалғау 6 Пульсометр 6 Philips Headphones қолданбасын жүктеп алу 6 Гарнитураны басқару 7
5 Техникалық деректер 8
6 Құлақтандыру 9
7 Жиі қойылатын сұрақтар 11
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
• Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады.
Гарнитураны қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап қолдану немесе қолдануды уақытша тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі құлақты да жауып қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы мүмкін орталарда музыкаға немесе телефон қоңырауларына назарыңызды бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
Сақ болыңыз
• Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне мүмкіндік беруге болмайды
• Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
• Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға болмайды.
• Құлаққапты суға салуға болмайды.
• Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
• Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны немесе баламасын салыңыз.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен ылғалдығы туралы мəлімет
• Температурасы 0°C (32°F) жəне 45°C (113°F) аралығындағы (салыстырмалы ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде қолдану керек.
• Температурасы -25°C (-13°F) жəне 55°C (131°F) аралығындағы (салыстырмалы ылғалдық 50%-дан аспайтын) жерде сақтау керек.
• Температура одан жоғары не төмен болған жағдайда батареяның қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
2 Қыстырма
Bluetooth құлаққабы
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/support. Осы қыстырма Philips құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз:
• сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау;
• сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару;
• қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Қораптағы заттар
USB-C зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған)
Қысқаша нұсқаулық
Халықаралық кепілдік
Philips TAA4205 қыстырма Bluetooth құлаққабы
L
S
Алмастырылатын резеңке саптамалар x 2 жұп
Қауіпсіздік парақшасы
Басқа құрылғылар
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне гарнитурамен үйлесімді мобильді телефон немесе құрылғы (мысалы, ноутбук, коммуникатор, Bluetooth адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.) (8-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Loading...
+ 9 hidden pages