νΟί
"3KLOLSV
ί
νΟί
"3KLOLSV
ί
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
HTL2100
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2
Өнім күтімі 3
Қоршаған ортаны күту 3
Анықтама және қолдау 3
2 Сіздің SoundBar жүйеңіз 4
Негізгі бөлік 4
Қашықтан басқару пульті 4
Қосқыштар 5
3 Қосу 6
Дыбысты теледидардан және басқа
құрылғылардан қосу 6
4 SoundBar жүйесін пайдалану 7
Дыбыс деңгейін реттеу 7
Дыбысты таңдау 7
MP3 ойнатқышы 7
Автоматты күту режимі 8
Зауыттық параметрлерді қолдану 8
5 Қабырғаға орнату 9
6 Өнім сипаттамалары 10
7 Ақаулықтарды жою 11
8 Ескерту 12
Сәйкестік 12
Сауда белгілері 12
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
• Өнімге немесе оның қосалқы
құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі
керек. Өнімнің жанына ваза сияқты
сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз.
Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны
дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу
үшін тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Өнімді және қосалқы құралдарды оттың
немесе басқа қызу көздерінің жанына,
соның ішінде тікелей күн сәулесіне
қоймаңыз.
• Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
• Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
• Найзағайлы бораннан бұрын өнімді
розеткадан ажыратып қойыңыз.
• Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан
кабелінен емес, әрдайым ашасынан
тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
• Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы
болмаңыз.
Жарақаттану немесе SoundBar жүйесіне
зақым келу қауіпі бар!
• Өнімді немесе басқа заттарды
қуат сымдарының немесе электр
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
• Өнім 5 °C градустан төмен
температурада тасымалданған болса, оны
қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға
жалғамай тұрып, бөлме температурасына
дейін жылынуын күтіңіз.
• Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
• Бұл өнімді тар жерде орнатуға
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің
айналасында міндетті түрде кемінде 10
сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі
желдеткіш тесіктердің перделер немесе
басқа заттармен жабылып қалмауын
қадағалаңыз.
Ластану қаупі!
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе
көміртек және сілті, т.б.).
• Батареяны қайта қате салса, жарылыс
қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе
соған тең түрімен ауыстырыңыз.
• Батареялардың заряды таусылған немесе
қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт
пайдаланылмайтын болса, батареяларды
шығарыңыз.
• Ішінде химиялық заттар бар
болғандықтан, батареяларды дұрыс
тастау керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында
жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас
батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда
батареяны балалардан аулақ ұстаңыз!
Жұтылған жағдайда батарея ауыр
жарақатқа немесе өлімге себеп болуы
мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат
ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі
бар.
• Батареяны жұтып қойды немесе
денесінің басқа жеріне кіріп кетті
2 KK
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге
қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық
жаңа және ескі батареяларды
балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін,
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын
тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерге
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Бұл қос изоляциясы бар және қорғағыш
жерге қосу қамтамасыз етілмеген II
СЫНЫПТЫ жабдық.
Өнім күтімі
Өнімді тек ұсақ талшықты шүберектермен
тазалаңыз.
Қоршаған ортаны күту
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру
жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз.
Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға болатын
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық
ретінде лақтыруға болмайды.
Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті
ережелерімен танысып алыңыз. Себебі
бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін
сақтау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына көрсететін кері әсерлерден
сақтайды.
Анықтама және қолдау
Кеңейтілген онлайн қолдауын алу үшін келесі
www.philips.com/support торабына кіріңіз:
• пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам
бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
• бейне материалдарды қарау (тек кейбір
үлгілер үшін қол жетімді);
• жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
жауаптарды табу;
• электрондық пошта арқылы бізге сұрақ
жіберу;
• қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу
үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, еліңіздегі тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласуыңызға да болады. Хабарласу
алдында, өнімнің моделі мен сериялық
нөмірін жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің
артқы немесе астыңғы жағынан таба аласыз.
3KK
2 Сіздің
Қашықтан басқару пульті
SoundBar
жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін SoundBar
жүйесін www.philips.com/welcome торабында
тіркеңіз.
Негізгі бөлік
Бұл бөлімде негізгі құрылғыға шолу жасалады.
a SURR көрсеткіші
b Көз көрсеткіштері
a
Виртуалды көлемді дыбыс таңдалғанда
жанады.
Көз таңдалған кезде көз көрсеткіші
жанады.
• COAXIAL: Коаксиалдық кіріс көзіне
ауысқан кезде жанады.
• OPTICAL: Оптикалық кіріс көзіне
ауысқан кезде жанады.
• AUX: Аналогтық кіріс көзіне ауысқан
кезде жанады.
• AUDIO-IN: дыбыстық кіріс көзіне
(3,5 мм ұя) ауысқан кезде жанады.
b
Бұл бөлімде қашықтан басқару құралына
шолу жасалады.
j
i
h
g
AUX COAX
AUDIO-
IN
VOLUMEBASS TREBLE
OPTICAL
SURR
a (Күту режимі қосылды)
SoundBar жүйесін қосу немесе күту
режиміне ауыстыру.
b COAX
Дыбыс көзін коаксиалды қосылымға
ауыстыру.
c OPTICAL
Дыбыс көзін оптикалық қосылымға
ауыстыру.
a
b
c
d
ef
4 KK