Philips HD9867/90 user manual [kz]

Page 1
HD9867
Пайдаланушы нұсқаулығы
Page 2
2 ҚАЗАҚ
МАЗМҰНЫ
Маңызды ақпарат 3
Кіріспе 7
Жалпы сипаттама 7
Алғашқы рет қолданар алдында 9
Пайдалануға дайындау 9
Алынбалы ұяшық түбін және май азайтқышты орналастыру 9 Уақытты/температураны қолмен орнату параметрлеріне арналған тағам кестесі 10
Құралды қолдану 13
Аэрогрильде пісіру 13 Smart Chef бағдарламаларына арналған тағам кестесі 17 Smart Chef бағдарламаларымен пісіру 19 Үйде жасалған картоп тілімдерін дайындау 20 Жылы етіп сақтау режимін таңдау 21 Сүйікті параметрді сақтау 22
Тазалау 24
Тазалау кестесі 26
Сақтау 26
Өңдеу 27
Кепілдік және қолдау 27
Ақаулықтарды жою 27
Page 3
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын ингредиенттерді әрдайым себетке салыңыз.
- Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және шығатын тесіктерді жаппаңыз.
- Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
- Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға
батыруға және ағынды судың астында жууға болмайды.
- Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су немесе басқа сұйықтық кірмеу керек.
- Ешқашан себетте көрсетілген максималды деңгейден асатын тамақ көлемін салмаңыз.
- Жұмыс істеп жатқанда, құралдың ішін қолмен ұстамаңыз.
Ескерту
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар мен физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі не болмаса тәжірибесі және білімі аз адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар
3ҚАЗАҚ
Page 4
4 ҚАЗАҚ
құралмен ойнамауы керек. 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.
- Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
- Құралды тек жерге тұйықталған қабырға
розеткасына ғана қосуға болады. Әрдайым ашаның қабырға розеткасына дұрыс салынғанын тексеріңіз.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқаруға арналмаған.
- Құралды қабырғаға қарсы немесе басқа да құралдарға қарсы қоймаңыз. Артқы және бүйір жақтарында кем дегенде 10 см және құралдың үстіңгі жағында 10 см бос орын қалдырыңыз. Құрылғының жоғарғы жағына ешнәрсе қоймаңыз.
- Құралды пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілмеген басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз.
- Қатты қуыру кезінде ыстық бу ауа шығаруға арналған саңылаулардан босатылады. Қолыңыз бен бетіңізді будан және ауа шығаруға арналған саңылаулардан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Сонымен қатар, құралдан табаны алу кезінде ыстық бу мен ауадан сақ болыңыз.
- Пайдалану барысында өнімнің ұстауға келетін жерлері ысып кетуі мүмкін.
- Ауалық қуырма ыдыстың ішіндегі түпқойма, себет және керек-жарақтар қолданылған уақытта қызады. Оларды абайлап қолданыңыз.
- Құралды ыстық газ плитасының немесе электр плитасы мен электр табаларының барлық
Page 5
түрлерінің үстіне немесе жанына, не болмаса қыздырылған пештің ішіне қоймаңыз.
- Құрылғыда жеңіл ингредиенттерді немесе пісіру қағазын пайдалануға болмайды.
- Құралды дастарқан немесе перде сияқты тез жанатын материалдардың үстіне немесе жанына қоймаңыз.
- Істеп тұрғанда, құралды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Құрылғыдан қара түтін шықса, оны бірден ажыратыңыз. Құрылғыдан табаны тартып шығару алдында түтін шығысының тоқтауын күтіңіз.
- Картопты сақтау: температура сақталатын картоп түрлеріне сәйкес болуы және дайындалған тағамдарда акриламид әсері қаупін азайту үшін 6°C-тан жоғары болуы тиіс.
- Су қолмен құралды розеткаға жалғауға және басқару тақтасымен жұмыс істеуге болмайды.
Ескерту
- Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Ол, басқа жағдайда, соның ішінде: дүкендердегі қызметкерлерге арналған асүйлерде, кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда және сондай басқа да жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол мейманханалардың, мотельдердің, қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
- Құралды тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек қана Philips әкімшілігі берген қызмет орталығына апарыңыз. Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз, әйтпесе кепілдік жарамсыз болады.
5ҚАЗАҚ
Page 6
6 ҚАЗАҚ
- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе
жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса, пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
- Құралды құрғақ, орнықты, тегіс және көлденең бетке қойып пайдаланыңыз.
- Пайдаланып болғаннан кейін, құралды ток көзінен ажыратыңыз.
- Құралды пайдаланбас не тазаламас бұрын шамамен 30 минут бойы суытып алыңыз.
- Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр болмай, алтын сары болып шығуын қадағалаңыз. Күйіп кеткен қалдықтарын алып тастаңыз. Балғын картопты 180°C-ден жоғары мәнде қуырмаңыз (акриламид түзілуін азайту үшін).
- Пісіру камерасының жоғарғы аймағын тазалау кезінде абайлаңыз: ыстық қыздыру элементі, металл бөлшектердің шеті.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philipsқұралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Автоматты түрде өшіру
Құрал автоматты өшіру функциясымен жабдықталған. Таймер уақыты өтіп кеткеннен кейін, құрылғы автоматты түрде өшіп қалады. Егер 30 минут ішінде түймені баспасаңыз, құрал автоматты түрде өшіп қалады. Құралды қолмен өшіру үшін, қуатты қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Page 7
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-сайтында тіркеңіз. Philips аэрогрилімен сырты қытырлақ, ал іші жұмсақ болатын қуырылған керемет тағамнан ләззат ала аласыз—Денсаулыққа пайдалы, жылдам әрі оңай жолмен алуан түрлі тағамдарды әзірлеу үшін, қуырыңыз, қақтаңыз, қуырыңыз және пісіріңіз. Көбірек шабыт алу үшін, мультипеш туралы рецепттер мен ақпаратты www.philips.com/kitchen веб-сайтына өтіп алыңыз немесе IOS® немесе Android™ арналған тегін NutriU қолданбасы* жүктеңіз.
*NutriU қолданбасы еліңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Бұл жағдайда Airfryer қолданбасын жүктеңіз.
Жалпы сипаттама
1 Тартпа 2 Алынбалы ұяшық түбі бар себет 3 Алынбалы ұяшық түбі 4 Май азайтқыш 5 Таба 6 Қуат сымын сақтау бөлімі 7 Ауа шығыс жерлері 8 MAX (ЕҢ ЖОҒ.) көрсеткіші 9 Ток сымы 10 Ауа кіретін тесік 11 Басқару панелі
A Температура көрсеткіші B Температура түймесі C Таңдаулылар түймесі D Keep warm (Жылы етіп сақтау) түймесі E Жылы етіп сақтау индикаторы F QuickControl пернесі G Power On/O (Қуатты қосу/өшіру) түймесі H Return (Оралу) түймесі I Таймер түймесі J Уақытты бейнелеу K Smart Chef бағдарламалары: мұздатылған қуырмаштар/
үйде жасалған қуырмаштар/ тұтас балық/тауықтың сан еттері/тұтас тауық
L Араластыру индикаторы
7ҚАЗАҚ
Page 8
8 ҚАЗАҚ
A JKL
B
C
D
E
I
H
G
F
11
10
1
9
2
8
3
4
5 6
7
Page 9
Алғашқы рет қолданар алдында
1 Барлық қаптау материалын алып тастаңыз. 2 Құралдың барлық жапсырмаларын немесе белгілерін
(қолжетімді болса) алып тастаңыз.
3 Алғаш пайдаланбас бұрын құралды тазалау тарауында
көрсетілгендей мұқият тазалаңыз.
Пайдалануға дайындау
Алынбалы ұяшық түбін және май азайтқышты орналастыру
1 Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз.
2 Себетті тұтқасын көтеру арқылы алып тастаңыз.
9ҚАЗАҚ
3 Май азайтқышты табаға қойыңыз.
Page 10
10 ҚАЗАҚ
2
ұяға салыңыз. Ұяшық түбін орнына түскенше (екі жағынан «басыңыз») итеріңіз.
4 Алынбалы ұяшық түбін себеттің төменгі оң жағындағы
1
5 Себетті табаға салыңыз.
6 Тұтқасынан итеру арқылы тартпаны аэрогрильдің ішіне
қарай сырғытыңыз.
Ескертпе
• Табаны ешқашан май азайтқышсыз немесе ішінде себет бар кезде
ешқашан пайдаланбаңыз.
Уақытты/температураны қолмен орнату параметрлеріне арналған тағам кестесі
Төмендегі кесте дайындағыңыз келетін тағам түрлеріне арналған негізгі параметрлерді таңдауға көмектеседі.
Ескертпе
• Мына параметрлер ұсынылатынын есте сақтаңыз. Ингредиенттер
шыққан жеріне, өлшеміне, пішіміне, сондай-ақ, брендіне қарай өзгеше болатындықтан, ингредиенттеріңіз үшін барынша сәйкес келетін параметрге кепілдік бере алмаймыз.
• Көбірек тағам көлемін әзірлейтін кезде (мысалы, қуырмаштар,
асшаяндар, сан еттер, мұздатылған тіскебасарлар), біркелкі нәтижеге қол жеткізу үшін себеттегі ингредиенттерді 2-3 рет шайқаңыз, аударыңыз немесе араластырыңыз.
Page 11
11ҚАЗАҚ
Азық түрлері
Үйде жасалған қуырмаштар (12 x 12 мм/0,5 x 0,5 дюйм)
Үйде жасалған картоп бөліктері
Мұздатылған басытқылар (тауық наггетстері)
Мұздатылған басытқылар (шамамен 20 г/0,7 унция кішкентай ішіне фарш салынған орамалар)
Тауықтың төсі Шамамен 160 г/6 унция
Тауық жон еті, майдаланған нан
Тауық қанаттары Шамамен 100 г/3.5 унция
Сүйексіз ет кесектері Шамамен 150 г/6 унция
Гамбургер Шамамен 150 г/6 унция (диаметрі 10 см/4 дюйм)
Мин.– макс. мөлшері
200-1400 г
Уақыт (мин)
Температура Ескертпе
18–35 180°C/350°F
7-49 унция
200-1400 г
20-42 180°C/350°F
7-49 унция
80-1300 г/
7-18 180°C/350°F • Сарғылт түс болғанда және 3-46 унция (6–50 бөлік)
100-600 г/
14-16 180°C/350°F • Сарғылт түс болғанда және 4-21 унция (5-30 бөлік)
1–5 бөлік 18-22 180°C/350°F
3-12 бөлік
10-15 180°C/350°F (1 қабат)
2-8 бөлік
14-18 180°C/350°F • Арасында шайқап, аударып (1 қабат)
1–5 кесек 10-13 200°C/400°F
1–4 котлет 10-15 200°C/400°F
• 30 минут бойы салқын
суға немесе 3 минут жылы суға (40°C/104°F) батырып алыңыз да, құрғатып, 500 г/18 унцияға 1 ас қасық май қосыңыз.
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
• 30 минут суға батырып
алыңыз да, құрғатып, 1 ас қасық майға 1/4 қосыңыз.
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
сырты қытырлақ болғанда дайын болады.
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
сырты қытырлақ болғанда дайын болады.
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
• Ұнға май қосыңыз. Сарғылт
түс болғанда дайын болады.
немесе араластырып тұрыңыз
Жуан шұжықтар Шамамен 100 г/3,5 унция (диаметр 4 см/1,6 дюйм)
1-6 бөлік (1 қабат)
12-15 200°C/400°F
Page 12
12 ҚАЗАҚ
Азық түрлері
Жіңішке шұжықтар
Мин.– макс. мөлшері
1-7 бөлік 9-12 200°C/400°F
Шамамен 70 г/2,5 унция (диаметр 2 см/0,8 дюйм)
Қуырылған шошқа еті 500-1000 г/
18-35 унция
Балық сүбелері Шамамен 120 г/4,2
1-3 (1 қабат)
унция
Омар Шамамен 25–30 г/0,9–1
200-1500 г/ 7-53 унция
унция
Торт 500 г/18
унция
Маффин
1-9 12-14 180°C/350°F
Шамамен 50 г/1,8 унция
Киш (диаметр
1 15 180°C/350°F • Пісіру науасын немесе пеш
21 см/8,3 дюйм)
Алдын ала пісірілген
1-6 6-7 180°C/350°F
тост/рогалик
Жаңа піскен нан 700 г/25
унция
Жаңа піскен тоқаштар
1-6 бөлік 18-20 160°C/325°F
Шамамен 80 г/2,8 унция
Каштандар 200-2000 г/
7-70 унция
Аралас көкөніс (ірілеп туралған)
300-800 г/ 11-28 унция
Уақыт (мин)
40-60 180°C/350°F
Температура Ескертпе
• Кеспес бұрын 5 минутқа
демалдырып қойыңыз.
9-20 160°C/325°F • Жабыстырып алмас үшін,
терісі бар жағын төменге қаратып, аздап май қосыңыз.
10-25 200°C/400°F
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
28 180°C/350°F • Пісіруге арналған
форманы пайдаланыңыз.
• Ыстыққа төзімді силиконды
маффин пісіруге арналған ыдыстарды пайдаланыңыз.
ыдысын пайдаланыңыз.
38 160°C/325°F
• Көтерген кезде нан
қыздыру элементіне тимейтіндей пішінін барынша тегіс ету керек.
15-30 200°C/400°F
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
10-20 200°C/400°F
• Пісіру уақытын
қалауыңызша орнатыңыз.
• Арасында шайқап, аударып
немесе араластырып тұрыңыз
Page 13
13ҚАЗАҚ
Құралды қолдану
Аэрогрильде пісіру
Ескерту
Бұл ыстық ауада жұмыс істейтін аэрогриль. Табаға май,
қуыруға арналған май немесе басқа сұйықтық құймаңыз.
Ыстық беттерді ұстамаңыз. Тұтқаларды немесе тетіктерді
пайдаланыңыз. Ыстық таба мен май азайтқышты қорғаныс қолғабымен пайдаланыңыз.
Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
Құралды алғаш рет пайдаланғанда түтін шығуы мүмкін. Бұл
әдеттегі нәрсе.
Құралды алдын ала қыздырудың қажеті жоқ.
1 Құралды тұрақты, көлденең, тегіс және жылуға төзімді
беткі қабаттарға қойыңыз. Тартпаның толықтай ашылатынына көз жеткізіңіз.
Ескертпе
• Құралдың үстіне немесе жан-жағына ешнәрсе қйомаңыз. Бұл ауа
ағынын бұзуы және қуыру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
2 Құрылғының артқы жағында орналасқан сым сақтағыш
бөлімнен ток сымын сыртқа қарай тартыңыз.
3 Тығынды қабырға розеткасына қосыңыз.
4 Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз.
Page 14
14 ҚАЗАҚ
5 Ингредиенттерді себетке салыңыз.
Ескертпе
• Аэрогриль үлкен көлемдегі ингредиенттерді әзірлей алады.
Дұрыс мөлшері және болжалды пісіру уақыттары бойынша «Тағам кестесін» қараңыз.
• «Тағам кестесі» бөлімінде көрсетілген көлемнен асырмаңыз
немесе себетті «МАКС.» көрсетімінен асыра толтырмаңыз, себебі бұл түпкі нәтиженің сапасына ықпал етуі мүмкін.
• Егер бір уақытта әртүрлі ингредиенттерді әзірлегіңіз келсе,
оларды бір уақытта пісірмес бұрын, түрлі ингредиенттер үшін қажетті ұсынылатын пісіру уақытын тексеріңіз.
6 Тұтқасынан итеру арқылы тартпаны аэрогрильдің ішіне
қарай сырғытыңыз.
Ескерту
Табаны ешқашан май азайтқышсыз немесе ішінде себет
бар кезде ешқашан пайдаланбаңыз. Егер құралды себетсіз қыздырар болсаңыз, тартпаны ашу үшін тұтқышты пайдаланыңыз. Тартпаның шеттері мен ішкі жағы өте ыстық болады.
Қатты қызып кететіндіктен, пайдалану кезінде және
пайдаланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң табаны, май азайтқышты немесе себетті ұстамаңыз.
7 Құралды қосу үшін, қуатты Қосу/Өшіру түймесін
басыңыз.
Ескертпе
• Smart Chef бағдарламаларымен бастау үшін, «Smart Chef
бағдарламаларымен пісіру» тарауын қараңыз.
8 Температура түймесін басыңыз.
» Экранда температура көрсетімі жанып тұрады.
Ескертпе
• Егер бірінші таймер түймесін бассаңыз, құрал пісіру уақыты
расталғаннан кейін бірден пісіру басталады.
Page 15
15ҚАЗАҚ
9 Қажетті пісіру температурасын таңдау үшін QuickControl
пернесін бұраңыз.
2
10 Таңдалған температураны растау үшін QuickControl
пернесін басыңыз.
» Температура расталғаннан кейін, уақыт индикаторы
экранда жыпылықтай бастайды.
11 Қажетті пісіру уақытын таңдау үшін QuickControl
пернесін бұраңыз.
Ескертпе
• Егер таңдаулылар түймесін бассаңыз, осы пісіру
температурасы мен уақытын таңдаулы пісіру параметрлері
2
ретінде сақтайсыз. Алдында сақталған кез келген параметрлер қайта жазылады. Қосымша мәлімет алу үшін, «Таңдаулы параметріңізді сақтаңыз» тарауын қараңыз.
• Әртүрлі тағам түрлері бойынша уақыт/температураны қолмен
орнату параметрлеріне арналған тағам кестесін қараңыз.
12 Таңдалған уақытты растау үшін QuickControl пернесін
басыңыз.
13 Құрал пісіруді пісіру уақыты расталғаннан кейін
басталады.
Page 16
16 ҚАЗАҚ
Кеңес
• Пісіру процесін кідірту үшін, QuickControl пернесін басыңыз. Пісіру
процесін жалғастыру үшін, QuickControl пернесін қайта басыңыз.
• Пісіру кезінде пісіру температурасын немесе уақытын өзгерту
үшін, 8–10 қадамдарды қайталаңыз.
• Кез келген ағымдағы процестен бас тарту үшін және негізгі
мәзірге оралу үшін, оралу түймесін
басыңыз.
Ескертпе
• 30 минут ішінде қажетті пісіру уақытын орнатпасаңыз, қауіпсіздік
шараларына байланысты құрал автоматты түрде өшеді.
• Егер «- -» уақыт индикаторы ретінде таңдалса, құрал алдын ала
қыздыру режиміне өтеді.
• Кейбір ингредиенттер пісіру уақыты бойынша арасында
шайқауды немесе аударуды талап етеді («Тағам кестесін» қараңыз). Ингредиенттерді шайқау үшін, пісіруді кідірту үшін QuickControl пернесін басыңыз да, тартпаны ашып, себетті табадан көтеріңіз және оны бақалшықтың үстінде шайқаңыз. Содан соң табаны себетімен қайтадан құралға сырғытыңыз және пісіруді жалғастыру үшін QuickControl пернесін басыңыз.
• Егер таймерді пісіру уақытының жартысына қойсаңыз, таймер
қоңырауын естіген кезде ингредиенттерді шайқайтын не аударатын уақыт келді деген сөз. Таймерді қалған пісіру уақытына қайта орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
14 Таймер қоңырауын естіген кезде, пісіру уақыты өтті
деген сөз.
15 Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз және
ингредиенттердің дайын не дайын еместігін тексеріңіз.
Ескертпе
• Ингредиенттер әлі дайын болмаса, тартпаны тұтқасынан ұстап
аэрогрильдің ішіне қарай сырғытыңыз және орнатылған уақытқа бірнеше минут қосыңыз.
16 Шағын ингредиенттерді (мысалы, қуырылған картоп
тілімдері) алу үшін, себетті тұтқасынан ұстап табадан сыртқа көтеріңіз.
Ескерту
Пісіру процесінен кейін, таба, май азайтқыш, себет, ішкі
корпус және ингредиенттер ыстық болып тұрады. Аэрогрильдегі ингредиенттердің түріне байланысты, табадан бу шығуы мүмкін.
Page 17
17ҚАЗАҚ
17 Себеттің ішіндегісін тостағанға немесе табаққа салыңыз.
Ішіндегісін алу үшін әрқашан себетті табадан алып тастаңыз, себебі ыстық май табаның түбінде қалып қоюы мүмкін.
Ескертпе
• Үлкен немесе тез пісіп кететін ингредиенттерді алып тастау үшін,
ингредиенттерді көтеру үшін қысқыштарды пайдаланыңыз.
• Ингредиенттерден алынған артық май немесе ерітілген май
табаның түбіне май азайтқыштан төмен жиналады.
• Пісірілетін ингредиенттер түріне байланысты табадағы себетті
ауыстырғаннан кейін не бұрын әр бөліктен кейін табадан кез келген артық майды немесе ерітілген майды құйып алғыңыз келуі мүмкін. Себетті ыстыққа төзімді бетке қойыңыз. Тұтқышты киіп алып, табаны қаңылтыр табадан көтеріңіз және ыстыққа төзімді бетке қойыңыз. Резеңкелі қысқыштарды пайдалана отырып, май азайтқышты табадан абайлап алыңыз. Артық майды не ерітілген майды құйып алыңыз. Май азайтқышты табаға, табаны себетке және себетті табаға қайта әкеліңіз.
Ингредиенттердің бір бөлігі дайын болғанда, аэрогриль бірден екінші бөлігін пісіре дайын болады.
Ескертпе
• Басқа бір бөлікті әзірлегіңіз келсе, 4-17 қадамдарды орындаңыз.
Smart Chef бағдарламаларына арналған тағам кестесі
Ескертпе
• Бұл құрал тек бөлме ішінде пайдалануға арналған. Құралмен
автоматты пісіру бағдарламаларын бөлме температурасында іске қосыңыз—алдын ала қыздырмаңыз.
• Әрқашан тағамды себетте бірқалыпты үлестіріңіз.
• Құрал бойынша көрсетілген болса тағамды аударыңыз/
шайқаңыз. Тартпаны барынша кішкене ғана ашық ұстаңыз.
• Басқа керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Май азайтқыштың
құралда тиісінше орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
• Тағам шыққан жері, өлшемі және бренді бойынша
өзгешеленетіндіктен оны ұсынбас бұрын жеткілікті түрде пісірілгеніне көз жеткізіңіз.
Page 18
18 ҚАЗАҚ
Smart Chef бағдарламалары мыналарға арналған:
Жіңішке (7x7 мм) Орташа (10x10 мм)
Тоңазытылған
картофель-
фри
Мұздатылған картоп негізіндегі тіскебасарлар
Үйде жасалған
Үйде
жасалған
кесік (10x10 мм)
картоп
тілімдері
Арқан балық сүбесі
Тұтас балық
Балық
Жалпақ балық 1 дана (800 г дейін)
Құстың саны Тауықтың төсі
Құстың саны
Тұтас тауық Жарты тауық
Тұтас тауық
200–1400 г
500–1400 г
2–5 дана (150–200 г/дана)
750 г дейін
14 дана (300–1600 г)
2–16 дана (200–2000 г)
1–5 дана (150 г /дана
дейін)
1000-1800 г
>1000 г
Нұсқаулар
• Тікелей тоңазытқыштан
алынған мұздатылған картоп тілімдерін пайдаланыңыз. Пісірмес бұрын ерітпеңіз.
• Бағдарлама жіңішке (7x7
мм) және орташа (10x10 мм) мұздатылған картоп тілімдері үшін әзірленген.
• Егер арнайы аэрогрильде
даярлауға арналған картоп тілімдерін сатып алған болсаңыз, қаптамадағы нұсқауларды орындаңыз.
• Ұнды, шикі картоптарды
пайдаланыңыз. Картоптарды алдын ала пісірмеңіз.
• 6°C-ден төмен градуста
сақталған картоптарды пайдаланбаңыз.
• Оңтайлы нәтижелер бойынша
балғын картоп тілімдеріне арналған рецептті орындаңыз.
• Мұз боп тұрған балықты
пісірмеңіз.
• Бағдарлама шамамен 150-200
г арқан балық сүбесі үшін әзірленген.
• Бағдарлама балғын
(мұздатылмаған) сан еттер үшін әзірленген. Егер тұтас тауық аяқтарын пісіргіңіз келсе, Smart Chef бағдарламасы тоқтағаннан кейін қолмен 5-10 минут қосыңыз.
• Аэрогрильде тек шикі тауықты
ғана пісіріңіз. Мұз боп тұрған тауықты пісірмеңіз.
• Бағдарлама тұтас тауық үшін
әзірленген.
Page 19
19ҚАЗАҚ
Smart Chef бағдарламаларымен пісіру
Ингредиенттерге қалауыңызша дәм беріңіз. Тағамды себетке салып, себетті құралдың ішіне сырғытыңыз.
Ескертпе
• Тағамға дәмдеуіштер қосу үшін бал, шәрбат немесе басқа да қант
қосылған ингердиенттер пайдаланбаңыз.
1 Құрылғыны қосу үшін Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Smart Chef бағдарламасын өзгерту үшін, QuickControl
пернесін қажетті белгіше жыпылықтағанша бұрыңыз.
2
3 Smart Chef бағдарламасын растау үшін, QuickControl
пернесін басыңыз.
» Құрал автоматты түрде ең дұрыс пісіру температурасы
мен уақытын есептейді. Экранда алғашқы болжалды пісіру температурасы мен уақыты бірнеше минуттан кейін көрсетіледі. Осы уақыт ішінде құрал пісіруді бастап қояды. Экранда жыпылықтайтын жолақтар мен температура/уақыт кезек-кезек көрсетілген кезде, құрал әлі пісіру уақытын есептеуде және құрал пісіру кезінде уақытты автоматты түрде реттейді.
Page 20
20 ҚАЗАҚ
Ескертпе
• Тұтас тауықты пісіру үшін, оны себетке салмас бұрын тауықтың
салмағын өлшеңіз. QuickControl пернесін бұру және растау үшін оны басу арқылы салмағын таңдаңыз.
• Тартпаны тартып шығармаңыз, себебі құрал пісіру уақытын
есептеп жатыр, ол экранда жыпылықтайтын жолақтар арқылы көрсетіледі. Әйтпесе, Smart Chef бағдарламасы тоқтайды да, құрал негізгі мәзірге қайта орнатылады. Қол режимімен пісіруді жалғастырыңыз, себебі, Smart Chef бағдарламасын жартылай піскен тамақпен қайта іске қосу пісіру уақытын қате болжауға алып келеді.
• Есептеу кезеңі аяқталғаннан кейін, температура мен уақыттың
үздіксіз (жыпылықтайтын жолақтарсыз) көрсетілетінін көресіз және тағам күйін тексеру үшін тартпаны ашуыңыз мүмкін.
4 Қоңырауды естіген кезде және шайқау индикаторының
жыпылықтағанын көрсеңіз, тартпаны ашыңыз және ингредиенттерді аударыңыз немесе ингредиенттері бар себетті шайқаңыз. Содан соң, себетті қайтадан құралға сырғытыңыз.
5 Қоңырауды естігенде және таймер уақыты 0 болып
аяқталғанда тағам дайын деген сөз.
Ескертпе
• Егер тағамыңыз піспеген немесе қалаған қоңырқай деңгейге
жетпеген болса, таймер түймесін басу арқылы тағы бірнеше минут пісіріңіз («Құралды пайдалану» тарауында 11–12 қадамдарын қараңыз).
Үйде жасалған картоп тілімдерін дайындау
Аэрогрильде керемет үйде жасалған картоп тілімдерін әзірлеу үшін:
1 Картопты ашыңыз және жіңішке таяқшаларға кесіңіз
(қалыңдығы 10 x 10 мм/0,4 x 0,4).
2 Картоп таяқшаларын жылы су бар тостағанға
(~40°C/100°F) 3 минут бойы батырып алыңыз.
3 Тостағанды босатып, картоп таяқшаларын майлықпен
немесе қағаз майлықпен құрғатыңыз.
4 Тостағанға 1–3 ас қасық күнбағыс майын құйып,
таяқшаларды тостағанға құйып, таяқшалар маймен жанасқанша араластырыңыз.
Page 21
5 Таяқшаларды тостағаннан артық май тостағанда қалу
үшін саусақтарыңызбен немесе тесіктері бар ыдыспен алыңыз.
Ескертпе
• Артық майды табаға құйып жібермес үшін, себеттегі барлық
таяқшаларды төгу үшін тостағанды еңкейтпеңіз.
6 Таяқшаларды себетке салыңыз. 7 Үйде жасалған картоп тілімдері үшін
Smart Chef бағдарламасын іске қосыңыз. Картоп тілімдерін шайқау қажет болғанда, таймер қоңырауын естисіз және экраннан жыпылықтайтын шайқау белгішесін
көресіз.
Ескертпе
• Дұрыс мөлшерін көру үшін «Smart Chef бағдарламаларына
арналған тағам кестесін» қараңыз.
Жылы етіп сақтау режимін таңдау
1 Keep warm (Жылы етіп сақтау) түймесін басыңыз
(жылы етіп сақтау режимін кез келген уақытта белсендіре аласыз).
» Жылы етіп сақтау индикаторы дірілдеу әсерімен
жанады.
21ҚАЗАҚ
» Жылы етіп сақтау таймері 30минутқа қойылады. Жылы
етіп сақтау уақытын (1–30 мин.) өзгерту үшін, таймер түймесін басыңыз да, QuickControl пернесін бұрап,
2
3
1
растау үшін басыңыз. Жылы етіп сақтау температурасын реттеу мүмкін емес.
2 Жылы етіп сақтау режимін кідірту үшін, QuickControl
пернесін басыңыз. Жылы етіп сақтау режимін жалғастыру үшін, QuickControl пернесін қайта басыңыз.
3 Жылы етіп сақтау режимінен шығу үшін, оралу түймесін
немесе Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Page 22
22 ҚАЗАҚ
Кеңес
• Егер қуырылған картоп тілімдері сияқты тағам жылы етіп сақтау
режимінде қатты қытырлау сипатын жоғалтса, жылы етіп сақтау уақытын құралды ертерек өшіру арқылы қысқартыңыз немесе оларды 2–3 минут бойы 180°C температурада қытырлағанша пісіріңіз.
Ескертпе
• Пісіру кезінде жылы етіп сақтау режимін белсендірсеңіз (жылы
етіп сақтау индикаторы жанады), құрал тамағыңызды пісіру уақыты аяқталғаннан кейін 30 минут бойы жылы етіп сақтайды.
• Жылы етіп сақтау режимі кезінде құралдың ішіндегі желдеткіш
пен жылытқыш арасында қосылып тұрады.
• Жылы етіп сақтау режимі тағамыңыз аэрогрильде пісірілгеннен
кейін бірден жылы етіп сақтау үшін жасалған. Ол қайта жылытуға арналмаған.
Сүйікті параметрді сақтау
1 Құрылғыны қосу үшін Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Температура
түймесін басыңыз.
Page 23
23ҚАЗАҚ
3 Температураны таңдау үшін QuickControl пернесін
бұраңыз.
2
4 Таңдалған температураны растау үшін QuickControl
пернесін басыңыз.
5 Уақытты таңдау үшін QuickControl пернесін бұраңыз.
2
6 Параметрді сақтау үшін
таңдаулы түймесін басыңыз.
Параметр сақталғаннан кейін сигнал естисіз.
7 Пісіру процесін бастау үшін QuickControl пернесін
басыңыз.
Page 24
24 ҚАЗАҚ
Таңдаулы параметрімен пісіру 1 Құрылғыны қосу үшін Қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
2 Таңдаулы түймесін
басыңыз.
3 Пісіру процесін бастау үшін QuickControl пернесін
басыңыз.
Ескертпе
• Таңдаулы параметрді жоғарыда аталған процедураны қолдану
арқылы қайта жаза аласыз.
• Қол режимінде таңдаулы түймесін басу таңдаулы параметрін
қайта жазады. Таңдаулы параметріңізді қолдану үшін, алдымен қол режимінен шығу үшін оралу түймесін басыңыз.
• Таңдаулы режимінен шығу үшін, оралу түймесін басыңыз.
• Таңдаулы режимімен пісіру кезінде температура мен уақытты
температура өзгерту үшін температура және таймер түймесін басыңыз. Өзгеріс сақталған таңдаулы параметрін қайта жазбайды.
Тазалау
Ескерту
Тазаламас бұрын себетті, табаны, май азайтқышты және
құралдың ішін әбден суытып алыңыз.
Резеңкелі қысқыштарды пайдалана отырып, май азайтқышты
табадан алыңыз. Саусақтарыңызбен алмаңыз, себебі май азайтқыштың астына ыстық май жиналады.
Таба, себет, май азайтқыш және құралдың ішкі жағы
жабыспайтын қабатпен қапталған. Металдан жасалған ас үй ыдыстарын немесе абразивті тазалаушы заттарды пайдаланбаңыз, себебі бұл жабыспайтын қабатты зақымдауы мүмкін.
Құралды қолданған сайын тазалаңыз. Әрбір қолданыстан кейін табаның түбіндегі майды алып тастаңыз.
Page 25
1 Құралды өшіру үшін қуатты қосу/өшіру түймесін
басыңыз да, ашаны розеткадан суырып, құралды суытыңыз.
Кеңес
• Аэрогриль жылдамырақ суу үшін таба мен себетті алып тастаңыз.
2 Резеңкелі қысқыштарды пайдалана отырып, май
азайтқышты табадан алыңыз. Табаның түбінде ерітілген майды төгіп тастаңыз.
3 Табаны, себетті және май азайтқышты ыдыс жуғыш
машинада тазалаңыз. Сонымен қатар, оларды ыстық сумен, ыдыс жууға арналған сұйықтықпен және абразивті емес спонжбен («тазалау кестесін» қараңыз) тазалай аласыз.
Кеңес
• Егер тағам қалдықтары табаға, май азайтқышқа немесе себетке
жабысып қалса, оларды ыстық суға немесе ыдыс жууға арналған сұйықтыққа 10–15 минутқа батырып қоюыңызға болады. Батырып қою тағам қалдықтарын жібітеді және оны алу оңай болады. Май мен кірді кетіретін ыдыс жууға арналған сұйықтықты пайдаланыңыз. Егер табада, май азайтқышта немесе себетте кір қалып қойса және оларды ыстық сумен және ыдыс жуғыш сұйықтықпен кетіре алмасаңыз, майды кетіретін сұйықтықты пайдаланыңыз.
• Қажет болса, қыздыру элементіне жабысып қалған тағам
қалдықтарын жұмсақ-орташа талшықты щеткамен алуға болады. Болаттан жасалған сымды щетканы немесе қатты талшықты щетканы пайдаланбаңыз, себебі бұл қыздыру элементіндегі қабатқа зақым келтіруі мүмкін.
25ҚАЗАҚ
4 Құралдың сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Ескертпе
• Басқару панелінде ылғал қалмауы тиіс. Тазалағаннан кейін
басқару панелін шүберекпен міндетті түрде құрғатыңыз.
5 Тамақ қалдықтарын алып тастау үшін, қыздыру
элементін щеткамен тазалаңыз.
Page 26
26 ҚАЗАҚ
6 Құралдың ішін ыстық сумен және қырмайтын ысқышпен
тазалаңыз.
Тазалау кестесі
Сақтау
1 Құралды розеткадан ажыратып, суытып алыңыз. 2 Барлық бөлшектерді сақтаудың алдында, олар таза
және құрғақ болуы қажет.
3 Сымды сым сақтайтын орнына жинап қойыңыз.
Ескертпе
• Аэрогрильді алып жүргенде оны әрдайым көлденең күйде
ұстаңыз. Сондай-ақ, тартпаны құралдың алдыңғы бөлігінде ұстаңыз, себебі ол байқаусызда төмен еңкейтілген кезде құралдан сырғып кетуі мүмкін. Бұл тартпаны зақымдауы мүмкін.
• Оны алып жүру және/немесе сақтау алдында аэрогрильдің
алынбалы төменгі торы, т.б. сияқты алынбалы бөліктерінің бекітілгенін тексеріңіз.
Page 27
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
- Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп, жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
27ҚАЗАҚ
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құралдың сыртқы жағы пайдалану кезінде қызады.
Ішкі қызуы сыртқы қабырғаларына беріледі.
Бұл әдеттегі нәрсе. Пайдалану кезінде ұстауыңыз керек барлық тұтқалар ұстауға болатындай салқын болады.
Таба, себет, май азайтқыш және құралдың ішкі жағы әрқашан тағам дұрыс пісірілгеніне көз жеткізу үшін құрал қосылған кезде ыстық болады. Бұл бөліктері әрқашан қатты ыстық болады.
Егер құралды ұзақ уақыт бойы қосулы қалдырсаңыз, кейбір аймақтары ұстай алмайтындай ыстық болады. Бұл аймақтар құралда келесі белгішемен белгіленеді:
Ыстық аймақтары белгілі болған сәтте және ұстай алмайтын кезде құрал толықтай пайдалануға қауіпсіз.
Page 28
28 ҚАЗАҚ
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Менің үйде жасалған картоп тілімдерім өзім күткендей шықпады.
Аэрогриль қосылмайды.
Smart Chef бағдарламасын іске қосқаннан кейін құрал есептеу кезеңін тоқтатады.
Картоп түрі дұрыс таңдалмаған.
Себеттегі азық-түлік мөлшері тым көп.
Ингредиенттердің кейбір түрлерін пісіру уақытының жартысы өткенде сілкілеу керек.
Құрылғы розеткаға жалғанбаған.
Бір розеткаға бірнеше құрал қосылған.
Пісіру камерасының температурасы тым жоғары болуының себебі құрал алдын ала қыздырылған немесе екі бөлік арасында жеткілікті түрде суытылмаған.
Есептеу кезеңінде тартпа ашылады.
Жақсы нәтижелер алу үшін, балғын ұнды картоптарды пайдаланыңыз. Егер картопты сақтау қажет болса, оларды тоңазытқыш сияқты салқын ортада сақтамаңыз. Қаптамасында қуыруға арналған деп жазылған картоптарды таңдаңыз.
Үйде жасалған картоп тілімдерін әзірлеу үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз («Smart Chef бағдарламаларына арналған тағам кестесін» қараңыз немесе тегін Airfryer қолданбасын жүктеп алыңыз).
Үйде жасалған картоп тілімдерін әзірлеу үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз («Smart Chef бағдарламаларына арналған тағам кестесін» қараңыз немесе тегін Airfryer қолданбасын жүктеп алыңыз).
Ашаның қабырға розеткасына дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Аэрогрильдің ваты жоғары. Басқа розеткаға қосып көріңіз және сақтандырғышын тексеріңіз.
Суу үшін тартпаны бірнеше минутқа ашық қалдырыңыз. Оны жабыңыз да, Smart Chef бағдарламасын қайта бастаңыз.
Тартпаны жабыңыз және пісіруді қол режимімен жалғастырыңыз.
Тартпа дұрыс жабылмаған.
Жоғарыдағының ешқайсысы.
Тартпаның дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
Құралды ажыратып, қайта қоспас бұрын бір-екі минут күтіңіз. Smart Chef бағдарламасын қайта қосыңыз.
Page 29
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құрал Smart Chef бағдарламасымен пісіруді тоқтатты.
Аэрогриль ішінде кейбір алынып қалған дақтарды көремін.
Құралдан ақ түтін шығады.
Менің дисплейім төмендегі суретте көрсетілгендей 5 сызықты көрсетеді.
Есептеу кезеңінде тартпа ашылады.
Қабатын байқаусызда ұстап немесе қырнап алуға байланысты аэрогрильдің табасында аздаған шағын дақтар пайда болуы мүмкін (мысалы, қатты тазалау құралдарымен тазалау және/немесе себетті салу кезінде).
Сіз майлы ингредиенттер пісіріп жатырсыз және табада май азайтқыш қойылмаған.
Табада алдыңғы пайдаланудан қалған май қалдықтары бар.
Ұнтақ нан немесе жабу тиісінше тағамға қолданылмайды.
Маринад, сұйық немесе ет шырындары ерітілген майда немесе майда шашырайды
Құрылғының қатты қызып кетуіне байланысты қауіпсіздік мүмкіндігі қосылған.
Тартпаны тартып шығармаңыз, себебі құрал пісіру уақытын есептеп жатыр, ол экранда жыпылықтайтын жолақтар арқылы көрсетіледі.
Себетті табаға тиісінше түсіру арқылы зақымның алдын алуға болады. Егер себетті бұрышқа қойсаңыз, оның бүйірі табаның қабырғасына соғылып, қабатының кішкентай бөліктерінің түсіп қалуына әкелуі мүмкін. Егер осы жағдай орын алса, мұның зиян емес екенін біліп жүріңіз, себебі пайдаланылған барлық материалдар тағам үшін қауіпсіз.
Артық майды табадан абайлап төгіп тастап, май азайтқышты табаға салып, пісіруді жалғастырыңыз.
Ақ түтін табада қызған майлы қалдықтардан пайда болады. Әрбір қолданыстан кейін әрқашан табаны, себетті және май азайтқышты әбден тазалаңыз.
Ұнтақ нанның ауадағы кішкентай бөлшектері ақ түтінге себепші болуы мүмкін. Оның жабысуын қамтамасыз ету үшін ұнтақ нан немесе жабу түймесін қатты басыңыз.
Себетке салмай тұрып тамақты құрғатыңыз.
Құрылғыны ажыратып, оны қайта қоспастан бұрын 1 минут суытыңыз.
29ҚАЗАҚ
Page 30
© 2021 Philips Domestic Appliances Holding B.V. All rights reserved
Loading...