Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн.
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
• Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
• Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс
ұстаңыз.
• Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан
қарамаңыз.
• Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым
оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
a Осы нұсқауларды оқыңыз.
b Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз.
c Барлық ескертулерді ескеріңіз.
d Барлық нұсқауларды орындаңыз.
e Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
f Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
g Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
h Радиаторлар, жылытқыштар,
пештер немесе жылу шығаратын
басқа құрылғылар (соның ішінде
күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне
жақын орнатпаңыз.
i Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан,
розеткаларынан және құрылғыдан
шығып тұрған жерінен басылып немесе
қысылып қалудан қорғаңыз.
j Тек өндіруші көрсеткен
қосымшаларды/қосалқы құралдарды
қолданыңыз.
k Тек өндіруші көрсеткен немесе
құрылғымен бірге сатылатын
арбашамен, тірекпен, үштағанмен,
кронштейнмен немесе үстелмен
бірге пайдаланыңыз. Арбаша
пайдаланылғанда, арбаша/құрылғы
екеуін жылжытқанда аударылып кетіп
жарақат алмау үшін сақ болыңыз.
l Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток
көзінен ажыратыңыз.
m Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғының қуат сымы
немесе штепсельдік ұшы зақымдалған
болса, оған су тиіп немесе үстіне
заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа
жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол
дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе
құлап қалған және тағы да басқаша
зақымдалған болса, қызмет көрсетуді
қажет етеді.
n Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
o Құрылғының үстіне қандай да бір
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық
толтырылған заттар, жағылған
шырақтар) қоймаңыз.
p Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
2KK
Page 5
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
q Желдету үшін өнім айналасында
жеткілікті бос орын бар екеніне көз
жеткізіңіз.
r Батареялар (батарея топтамасы немесе
орнатылған батареялар) күн сәулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
әсеріне ұшырамауы тиіс.
Біріккен Корольдіктегі
пайдаланушылар үшін маңызды
ескертпелер.
Енгізу сақтандырғышы
Бұл ақпарат тек Ұлыбританияға арналған
штепсельдік ұшы бар өнімдерге қатысты.
Бұл өнімде мақұлданған үлгідегі штепсельдік
ұш бар. Сақтандырғышты ауыстырған
жағдайда, онда төмендегілер болуы керек:
• штепсельдік ұшта көрсетілген мәндер;
• BS 1362 мақұлдауы; және
• ASTA мақұлдау белгісі.
Пайдаланылатын сақтандырғыш түрі сенімді
болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес
Қуат сымындағы сымдар келесі түстермен
боялған: көк = бейтарап (N), қоңыр = жанды
(L).
Түстер штепсельдік ұштағы түстерге сәйкес
келмесе, штепсельдік ұштағы ұштарды келесі
түрде анықтаңыз:
1 Көк сымды N деп таңбаланған немесе
қара түспен боялған ұшына жалғаңыз.
2 Қоңыр сымды L деп таңбаланған немесе
қызыл түсті сымға жалғаңыз.
3 Ешбір сымды E (немесе е) деп
таңбаланған немесе жасыл түске боялған
(немесе жасыл және сары) штепсельдік
ұштағы жерге тұйықтау қысқышына
жалғамаңыз.
Штепсельдік ұштың қақпағын салмас
бұрын, сым ұстатқышының кабельдегі
сымдар бойына ғана емес, кабель бойына
қыстырылғанын тексеріңіз.
Өнім күтімі
• Диск бөлігіне дискіден өзге ешнәрсе
салуға болмайды.
• Диск бөлігіне майысқан немесе
жарылған дискілерді салуға болмайды.
• Егер өнімді ұзақ уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз, диск бөлімінен дискілерді алып
тастаңыз.
• Өнімді тек микроталшықты
шүберектермен тазалаңыз.
Қоршаған ортаны күту
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды
қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды
қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және
адам денсаулығына кері әсерін тигізуден
сақтайды.
Қазақша
KK
3
Page 6
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген
қондырылған қайта жандандыруға болатын
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық
ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды
қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған
ортаға және адам денсаулығына көрсететін
кері әсерлерден сақтайды.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының артқы жағында орналасқан.
Ескерту
Осы құжат арқылы WOOX Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны
www.philips.com/support сайтынан
табуыңызға болады.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Philips және Philips Shield Emblem —
Koninklijke Philips N.V. компаниясының
тіркелген сауда белгілері және оларды
WOOX Innovations Limited компаниясы
Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған
лицензия бойынша пайдаланады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз
өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісінше
реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту
құқығын өзінде қалдырады.
Көшіруден қорғалған материалдың, соның
ішінде компьютерлік бағдарламалардың,
файлдардың, телерадио хабарлары мен
дыбыстық жазбалардың көшірмелерін
рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу
және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық
осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
Windows Media және Windows логотипі
АҚШ-тағы және басқа елдердегі Microsoft
корпорациясының тіркелген сауда белгілері
болып табылады.
«iPod үшін жасалған» және «iPhone үшін
жасалған» электрондық қосалқы құралдың
арнайы iPod немесе iPhone құрылғысына
қосылу үшін жасалғанын, сәйкесінше Apple
4KK
Page 7
өнімділік стандарттарына сәйкес келу үшін
әзірлеуші тарапынан куәландырылғанын
білдіреді. Apple компаниясы бұл құрылғының
жұмысына немесе оның қауіпсіздік және
нормалық стандарттарға сәйкестігіне
жауапты емес. Осы қосалқы құралды iPod
немесе iPhone құрылғысымен пайдалану
сымсыз жұмысқа әсер етуі мүмкін екендігін
ескеріңіз.
iPod және iPhone — Apple Inc.
корпорациясының АҚШ-та және басқа
елдерде тіркелген сауда белгілері.
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері
Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының
иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып
табылады және мұндай белгілерді WOOX
Innovations әрдайым лицензияға сәйкес
пайдаланады.
aptX® белгісі мен aptX логотипі — CSR plc
немесе оның компаниялар тобының бірінің
сауда белгісі және олар бір немесе бірнеше
юрисдикцияда тіркелген болуы мүмкін.
Қазақша
KK
5
Page 8
2 Қондырмалы
Қораптың құрамы
ойын-сауық
жүйеңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.
philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Кіріспе
Осы құрылғымен мына әрекеттерді
орындауға болады:
• дискілердегі, USB құрылғыларындағы,
iPod/iPhone, Bluetooth құрылғыларындағы
және басқа сыртқы құрылғылардағы
дыбысты тыңдау
• радио станцияларды тыңдау
Құрылғы келесі мультимедиалық
форматтарды қолдайды:
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Негізгі бөлік
• Екі AAA батареясы бар қашықтан
басқару құралы
• Ток сымы
• Динамик жалғау кабелі
• FM антеннасы
• Басып шығарылған материалдар
6KK
Page 9
Негізгі динамикке шолу
o
n
m
l
v
u
t
a Bluetooth көрсеткіші
b
• USB ұясы.
c
• Дискіні шығарыңыз.
d Диск бөлімі
e Қондырма жабыны
• Қондырма коннекторларын шығару
үшін көтеріңіз.
f 30 істікті байланысы бар iPod/iPhone
құрылғысының қондырмасы
g Жарық байланысы бар iPod/iPhone
құрылғысының қондырмасы
h Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйін көрсетіңіз.
b
c
d
e
f
g
h
i
j
k
p
q
r
s
Қазақша
a
i +/-
• Дыбыс деңгейін реттеу.
j /
• Диск/USB/Қондырма ресурсында
алдыңғы/келесі трекке өткізу үшін
түртіңіз.
• Диск/USB/Қондырма ресурсында
тректің ішінен іздеу үшін басып
тұрыңыз.
• Тюнер ресурсында радио стансаны
баптау үшін түртіңіз.
• Сағат пен таймер орнату үшін
түртіңіз.
k
• Құрылғыны қосыңыз.
• Күту режиміне немесе қуат үнемдеу
режиміне ауыстырыңыз.
KK
7
Page 10
l
• Ойнатуды бастау немесе уақытша
тоқтату.
m
• Ойнатуды тоқтату немесе
бағдарламаны өшіру.
n SOURCE
• Ресурс таңдаңыз: DISC, USB, FM
TUNER, dock (IPOD_IPHONE),
BLUETOOTH, AUX, AUDIO_IN,
OPTICAL немесе COAXIAL.
o BT SETUP
• (Басу және ұстап тұру) бар
жұптастыру туралы ақпаратты жою.
p AUX IN (L/R)
• RCA (қызыл/ақ) аудио кіріс ұялары.
q FM AERIAL
• FM антенна байланысының ұясы.
r Динамик коненкторлары
• Динамик байланысының ұялары.
s AC~MAINS
• Қуат көзінің розеткасы.
t AUDIO IN
• 3,5 мм аудио кіріс ұясы.
u OPTICAL IN
• Оптикалық кіріс ұясы.
v COAXIAL IN
• Коаксиалды кіріс ұясы.
Қашықтан басқару құралына
шолу
a
u
t
s
r
q
p
b
c
d
e
f
g
h
i
j
k
l
m
no
a
• Құрылғыны қосыңыз.
• Күту режиміне немесе қуат үнемдеу
режиміне ауыстырыңыз.
b AUDIO IN/AUX
• 3,5 мм немесе RCA (қызыл/ақ) аудио
кіріс ресурсын таңдаңыз.
c USB
• USB ресурсын таңдаңыз.
d DOCK/MENU
• Қондырма (IPOD_IPHONE)
ресурсын таңдаңыз.
• iPod/iPhone мәзіріне кіру.
8KK
Page 11
e PAIRING
• Bluetooth ресурсын таңдаңыз.
f ALBUM +/- /
• Алдыңғы/келесі альбомға өту.
• iPod/iPhone мәзірінде жылжу.
g OK/INFO/RDS
• Таңдауды растау.
• Ойнап тұрғанда дисплей туралы
ақпаратты таңдаңыз.
• Радио деректер жүйесі (RDS)
ақпаратын көрсетіңіз.
h /
• Диск/USB/Қондырма ресурсында
тректің ішінен іздеу үшін басыңыз.
• Тюнер ресурсында радио стансаны
баптау үшін басыңыз.
• iPod/iPhone мәзірінде жылжу.
i BASS/TREBLE
• Басс/жоғары жиілікті дыбыс деңгейін
реттеу.
j
• Ойнатуды тоқтату немесе
бағдарламаны өшіру.
k /
• Диск/USB/Қондырма ресурсында
алдыңғы/келесі трекке өткізу үшін
басыңыз.
• Сағат пен таймерді орнатыңыз.
• Алдын ала орнатылған радио
станцияны таңдау.
l
• Дыбысты өшіру немесе қалпына
келтіру.
m Сандық пернетақта
• Трек таңдаңыз.
• Алдын ала орнатылған радио
станцияны таңдау.
n TIMER/SLEEP
• Ұйқы таймерін орнатыңыз.
• Оятар таймерін орнатыңыз.
o PROG/CLOCK SET
• Диск/USB ресурсында тректерді
бағдарламаға енгізу үшін басып
тұрыңыз.
• Тюнер ресурсында радио
стансаларды бағдарламаға енгізу
үшін басып тұрыңыз.
• Күту режимінде сағат орнату үшін
басып тұрыңыз.
p VOL +/-
• Дыбыс деңгейін реттеу.
q
• Ойнатуды бастау немесе уақытша
тоқтату.
r MODE/MONO/STEREO
• Қайталау/еркін ойнату режимін
таңдаңыз.
• Тюнер режимінде СТЕРЕО және
МОНО режимді ауыстырып
қосыңыз.
s OPT/COAX
• Коаксиалды немесе оптикалық кіріс
көзін таңдаңыз.
t FM
• FM тюнер көзін таңдаңыз.
u DISC
• Диск көзін таңдаңыз.
Қазақша
KK
9
Page 12
3 Жұмысты
13
бастау
Ескерту
• Осы жердегіден басқа басқару элементтерін
пайдалану, реттеулер немесе жұмыс
процедураларын орындау зиянды радиацияның
шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден
осы құрылғының моделін және сериялық
нөмірін сұрайды. Модель нөмірі және
сериялық нөмір құрылғының артқы жағында
орналасқан. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір
___________________________
2
Динамик кабельдерін қосу
Ескертпе
• Әрбір динамик сымының жалаңаш бөлігін ұяшыққа
толықтай енгізіңіз.
• Оңтайлы дыбыс үшін тек берілген динамиктерді
пайдаланыңыз.
10KK
1 Динамик коннекторларын бұрап
шығарыңыз.
2 Динамик кабелінің қызыл белгісі бар
шетін сол жақ қызыл (+) коннектор
ішіне толықтай енгізіңіз.
3 Кабельге бекіту үшін сол жақ қызыл (+)
коннекторын бұраңыз.
4 Динамик кабелінің қызыл белгі жоқ
шетін сол жақ қара (-) коннектор ішіне
толықтай енгізіңіз.
5 Кабельге бекіту үшін сол жақ қара (-)
коннекторын бұраңыз.
6 Басқа динамик кабелін оң жақ
коннекторларына енгізу үшін 2-5
қадамдарын қайталаңыз.
Page 13
FM антеннасын жалғау
Кеңес
• Оңтайлы қабылдау үшін антеннаны толығымен
ұзартыңыз және күйін реттеңіз.
• Жинақтағы FM антеннасын негізгі
динамиктің артындағы FM AERIAL
ұясына жалғаңыз.
Қазақша
Қашықтан басқару құралын
дайындау
Ескерту
• Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан алыс ұстаңыз.
Батареяларды отқа тастамаңыз.
Қуатты қосу
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі
құрылғының артқы жағында немесе астында
көрсетілген кернеуге сәйкес екенін тексеріңіз.
• негізгі динамиктің артқы жағындағы
AUX IN (L/R) ұяларына.
• сыртқы аудио құрылғыдағы аудио
шығыс ұяларына.
2 RCA (қызыл/ақ) аудио кіріс (AUX) көзін
таңдау үшін AUDIO IN/AUX түймесін
қайталап басыңыз.
3 Сыртқы аудио құрылғыда ойнатуды іске
қосып, дыбыс деңгейін реттеңіз.
» Құрылғыдан музыка естуге болады.
4 Музыка ойнатуды басқару үшін аудио
ойнатқыштағы басқару элементтерін
пайдаланыңыз.
Қазақша
Кеңес
• Оптикалық және коаксиалды аудио кіріс режимінде
дыбыс кідірісінің уақытын реттеуге болады: 1)
дыбыс кідірісін реттеуге кіру үшін MODE/MONO/STEREO түймесін басыңыз; 2) 00 мсек пен 200
мсек аралығынан кідіріс уақытын қою үшін VOL +/-
түймесін басыңыз.
• Қолдау көрсетілетін үлгі жиіліктері: 32
кГц, 44,1 кГц, 48 кГц
• Қолдау көрсетілетін бит
жылдамдықтары: 32~256 (кбит/сек),
ауыспалы бит жылдамдықтары
Қазақша
KK
25
Page 28
12 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
қиындықтар орын алса, қызмет көрсету
орталығынан сұраудан бұрын төмендегі
тармақтарды тексеріп шығыңыз. Егер
проблема шешілмесе, Philips веб-торабына
(www.philips.com/support) өтіңіз. Philips
компаниясына хабарласарда, құрылғының
жақында жерде және модель нөмірі мен
сериялық нөмірінің бар екеніне көз жеткізіңіз.
Қуат жоқ
•Құрылғының АТ қуат сымының дұрыс
қосылуын қамтамасыз етіңіз.
•АТ розеткасында қуат болуын
қамтамасыз етіңіз.
•Қуатты үнемдеу мүмкіндігі ретінде
жолды ойнату соңына жеткеннен кейін
және ешқандай басқару болмаса, жүйе
15 минуттан кейін автоматты түрде
өшеді.