PHILIPS DS3205 User Manual [kk]

Page 1
Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/welcome
DS3205
Қолданушының нұсқасы
Page 2
Page 3
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2
2 Қондырмалы динамик 3
Кіріспе 3 Қораптың құрамы 3 Негізгі құрылғыны шолу 3
3 Жұмысты бастау 4
Қуатты қосу 4 Қосу 4
4 Ойнату 6
iPod/iPhone құрылғысынан ойнату 6 Сыртқы құрылғыдан ойнату 6 Дыбыс деңгейін реттеу 7
5 Өнім туралы ақпарат 8
Ерекшеліктер 8
6 Ақаулықтарды жою 9
7 Ескерту 10
1KK
Page 4
1 Маңызды
ақпарат

Қауіпсіздік

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық ескертулерді ескеріңіз.
Барлық нұсқауларды орындаңыз.
Бұл құрылғыны судың жанында қолданбаңыз.
Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан, розеткаларынан және құрылғыдан шығып тұрған жерінен басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша/ қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғының қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, оған су тиіп немесе үстіне заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе құлап қалған және тағы да басқаша зақымдалған болса, қызмет көрсетуді қажет етеді.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе құрылғының бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды + және - полюстерін құрылғыда белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Батареялар (батарея топтамасы немесе орнатылған батареялар) күн сәулесі, от немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып алыңыз.
Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылатын жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға дайын болып қалуы керек.
Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы тізімде берілген қуат көздерімен қолданыңыз.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат сымына,
штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
2 KK
Page 5
2 Қондырмалы
динамик
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www. philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Негізгі құрылғыны шолу

a b

Кіріспе

Осы қондырмалы динамикпен iPod/iPhone немесе басқа дыбыс құрылғыларындағы дыбыстарды тыңдауға болады.

Қораптың құрамы

Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз:
Негізгі құрылғы (батареясыз)
1 x айнымалы ток адаптері
Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
Қауіпсіздік және ескерту
c
d e
a iPod/iPhone қондырмасы b
/
• Дыбыс деңгейін реттеу.
c
• Құрылғыны қосу не өшіру.
• Құрылғыны күту режиміне қосыңыз.
d AUDIO IN
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосыңыз.
e DC IN
• Айнымалы ток қуатын қосыңыз.
3KK
Page 6
3 Жұмысты
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті бойынша орындаңыз. Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі — құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге нөмірлерді жазыңыз: Үлгі нөмірі __________________________ Сериялық нөмір _______________________

Қуатты қосу

Қондырмалы динамик айнымалы ток қуатымен немесе батареялармен жұмыс істейді.

Батерея қуаты

Ескерту
Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. Батареяларды отқа тастамаңыз.
Батареяларда химиялық заттар болуы мүмкін,
сондықтан оларды қоқысқа дұрыс тастау керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу қаупі болады.
Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
1 Батарея бөлімін ашыңыз. 2 4 x 1,5 В AA батареясын (жинақпен
берілмейді) суретте көрсетілгендей дұрыс полярлықпен (+/-) салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.

Айнымалы ток қуаты

Ескерту
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі
құрылғының артқы жағында басылған кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Ток соғу қаупі бар! АТ адаптерін ажыратқанда,
ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз. Сымды ешқашан тартпаңыз.
Айнымалы ток адаптерін қоспастан бұрын, барлық
басқа байланыстарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.
4 KK
Page 7
Қосу
Қондырмалы динамикті қосу үшін түймесін басыңыз.
»
/ ЖШД көрсеткіштері жанады.

Күту режиміне ауысу

Қондырмалы динамик келесі жағдайларда күту режиміне ауысады:
түймесін қайтадан басыңыз;
• Айнымалы ток қуатымен қосқанда динамик 15 минут күту режимінде болады.
• Динамик батареялармен жұмыс істеген кезде, iPod/iPhone немесе сыртқы дыбыс құрылғысын ажыратыңыз.
»
/ ЖШД көрсеткіштері өшеді.
5KK
Page 8

4 Ойнату

iPod/iPhone құрылғысынан ойнату

Осы қондырмалы динамик арқылы iPod/ iPhone дыбыстарын тыңдауға болады.

iPod/iPhone құрылғысын тыңдау

Ескертпе
iPod/iPhone құрылғысының дұрыс салынғанын
тексеріңіз.
iPod/iPhone құрылғысынан музыканы ойнатуды бастаңыз.
» Музыка қондырмалы динамиктен
автоматты түрде ойнатылады.

Үйлесімді iPod/iPhone

Қондырмалы динамик келесі iPod/iPhone модельдерін қолдайды. Мыналар үшін жасалған:
iPhone 5
iPod nano (7-буын)
iPod touch (5-буын)

iPod/iPhone құрылғысын салу

Қондырмаға iPod/iPhone құрылғысын салыңыз.
» Қондырма жүйесі қондырма көзіне
автоматты түрде қосылады.
iPod/iPhone құрылғысын алу:
iPod/iPhone құрылғысын қондырмадан тартып шығарыңыз.

iPod/iPhone құрылғысын зарядтау

Қондырылған iPod/iPhone құрылғысы айнымалы ток көзіне қосылғаннан кейін автоматты түрде зарядталуды бастайды.
Ескертпе
Қондырмалы динамик айнымалы ток қуатымен
жұмыс істеп тұрса, тек iPod/iPhone құрылғысын зарядтауға болады.

Сыртқы құрылғыдан ойнату

Бұл қондырмалы динамикпен MP3 ойнатқыш сияқты сыртқы құрылғыдағы дыбысты да ойнатуға болады.
Ескертпе
Динамикке iPod/iPhone қондырылмағанын тексеріңіз.
1 Ешбір iPod/iPhone құрылғысы
қондырылмаған болса, MP3 байланыс кабелін (3,5 мм, жинақпен берілмейді) мынаған жалғаңыз:
• қондырмалы динамиктің артқы жағындағы AUDIO-IN ұясы.
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап розеткасы.
6 KK
Page 9
» Қондырмалы динамик MP3 байланыс
режиміне автоматты түрде қосылады.
2 Музыканы құрылғыда ойнатыңыз
(құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
AUDIO IN

Дыбыс деңгейін реттеу

Ойнату кезінде дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету үшін +/- түймесін қайталап басыңыз.
7KK
Page 10
5 Өнім туралы
ақпарат
Ескертпе
Өнім туралы ақпарат алдын ала ескертусіз
өзгертіледі.

Ерекшеліктер

Күшейткіш

Номиналды шығыс қуаты
Сигнал-шу арақатынасы

Жалпы ақпарат

Айнымалы ток/ тұрақты ток қуат адаптері
Батареялар 4 x AA батарея Жұмыс үшін қуат
тұтынуы
Өлшемдер: негізгі құрылғы (Е x Б x Д) 224 x 162 x 120 мм
Салмағы: негізгі құрылғы
2 x 3 Вт ОКМ
77 дБА
Үлгі: OH­1018A1002000U-VDE (Philips) Кіріс: 100-240 В~, 50/60 Гц, 650 мА; Шығыс: 10 В
18 Вт
1,1 кг
2 A
8 KK
Page 11
6 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Бұл құрылғыны пайдалану кезінде мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб­бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда, құрылғының жақында болуын және үлгі нөмірі мен сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Қуат жоқ
Құрылғының АТ қуат штепселінің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
АТ розеткасында қуаттың бар екендігін тексеріңіз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
Қондырмалы динамиктің дыбыс деңгейін реттеңіз.
iPod/iPhone немесе сыртқы аудио құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.
Құрылғыдан жауап жоқ
Айнымалы ток қуат штепселін ажыратып, қайта қосыңыз, одан кейін қондырмалы динамикті қайтадан қосыңыз.
9KK
Page 12

7 Ескерту

WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Көшіруден қорғалған материалдың, соның ішінде компьютерлік бағдарламалардың, файлдардың, телерадио хабарлары мен дыбыстық жазбалардың көшірмелерін рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
«iPod үшін жасалған» және «iPhone үшін жасалған» электрондық қосалқы құралдың арнайы iPod немесе iPhone құрылғысына қосылу үшін жасалғанын, сәйкесінше Apple өнімділік стандарттарына сәйкес келу үшін әзірлеуші тарапынан куәландырылғанын білдіреді. Apple компаниясы бұл құрылғының жұмысына немесе оның қауіпсіздік және нормалық стандарттарға сәйкестігіне жауапты емес. Осы қосалқы құралды iPod немесе iPhone құрылғысымен пайдалану
10 KK
Page 13
сымсыз жұмысқа әсер етуі мүмкін екендігін ескеріңіз. iPod және iPhone — Apple Inc. корпорациясының АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
11KK
Page 14
Specifications are subject to change without notice 2013 © WOOX Innovations Limited. All rights reserved. This product was brought to the market by WOOX Innovations Limited or one of its affiliates, further referred to in this document as WOOX Innovations, and is the manufacturer of the product. WOOX Innovations is the warrantor in relation to the product with which this booklet was packaged. Philips and the Philips Shield Emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips N.V.
DS1155_12_UM_V3.0
Loading...