Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз
бар ма? Philips
компаниясына
хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
BT50
BT25
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
2 Портативті динамигіңіз 3
Кіріспе 3
Қораптың құрамы 3
Динамикке шолу 3
3 Жұмысты бастау 4
Кірістірілген батареяны зарядтау 4
Қосу/өшіру 4
4 Bluetooth құрылғыларынан ойнату 6
Құрылғыны қосу 6
Құрылғыны ажырату 7
Құрылғыны қайта қосу 7
5 Сыртқы құрылғылардан ойнату 8
6 Өнім туралы ақпарат 9
Күшейткіш 9
Динамик 9
Bluetooth 9
Жалпы ақпарат 9
7 Ақаулықтарды жою 10
Жалпы ақпарат 10
Bluetooth құрылғысы туралы 10
8 Ескерту 11
Сәйкестік 11
Қоршаған ортаны күту 11
Өнімде көрсетілген тауар белгісі 12
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Абайлаңыз
• Өнімнің сыртқы қабатын алуға болмайды.
• Бұл өнімнің ешбір бөлігін майлауға болмайды.
• Өнімді басқа электр құрылғыларының үстіне қоюға
тыйым салынған.
• Бұл өнімді күн сәулесі тікелей түсетін жерлерден,
ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
• Осы нұсқауларды оқыңыз.
• Барлық ескертулерді ескеріңіз.
• Барлық нұсқауларды орындаңыз.
• Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
• Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе жылу шығаратын басқа
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер)
сияқты жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен
зақымданғанда, мысалы, құрылғыға
сұйықтық төгіліп кеткен немесе
бір заттар құлап түскенде, құрылғы
жаңбырдың астында немесе ылғалда
қалғанда, қалыпты жұмыс істемей
тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет
көрсету қажет.
• Батареяны күн сәулесі, от немесе сол
сияқты шамадан тыс қызудың әсеріне
ұшыратуға болмайды.
• Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
• Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
2 KK
2 Портативті
динамигіңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі
торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Динамикке шолу
Кіріспе
Бұл динамик көмегімен Bluetooth қолдайтын
құрылғылардан немесе басқа сыртқы
дыбыстық құрылғылардан дыбысты тыңдауға
болады.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Динамик
• Зарядтауға арналған USB кабелі
• Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
• Қауіпсіздік және ескерту парақшасы
ab
e
a ЖШД көрсеткіші
• Батареяның немесе Bluetooth
қосылымының күйін көрсетеді.
b Көз селекторы (OFF /AUDIO IN/ )
• Bluetooth немесе AUDIO IN көзін
таңдау.
• Динамикті өшіру.
c PAIRING
• Bluetooth жұптау режиміне кіру.
• Bluetooth байланысын ажырату.
d DC IN
• Кірістірілген батареяны зарядтау.
e AUDIO IN
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосу.
3KK