Philips BT3000W/12, BT3000B/12 User guide [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
BT3000
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
2 Bluetooth динамигі 3
Кіріспе 3 Қораптың құрамы 3 Динамикке шолу 4
3 Жұмысты бастау 6
Қуат көзі 6 Қосу 6
4 Bluetooth құрылғыларын пайдалану 8
Bluetooth құрылғыларынан ойнату 8 Телефон қоңырауын басқару 9
5 Басқа мүмкіндіктер 10
Сыртқы құрылғыны тыңдау 10 Дыбыс деңгейін реттеу 10
6 Өнім туралы ақпарат 11
Ерекшеліктер 11
7 Ақаулықтарды жою 12
Жалпы ақпарат 12 Bluetooth құрылғысы туралы 12
8 Ескерту 13
Сәйкестік 13 Қоршаған ортаны күту 13 Өнімде көрсетілген тауар белгісі 13
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Абайлаңыз
• Бұл динамиктің корпусын ешқашан алмаңыз.
• Бұл динамиктің ешқандай бөлігін ешқашан майламаңыз.
• Бұл динамикті басқа электр құралдың үстіне
ешқашан қоймаңыз.
• Бұл динамикті күн сәулесі тікелей түсетін жерлерден,
ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Желдету үшін динамиктің айналасында жеткілікті бос орын бар екендігін тексеріңіз.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатын, мүліктің бүлінуін немесе өнімнің зақымдалуын болдырмау үшін:
• Батареяларды динамикте
белгіленгендей + және - белгілері бойынша дұрыстап салыңыз.
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Динамик ұзақ уақыт
пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып қойыңыз.
• Батареяларды күн сәулесі, от немесе
т.с.с сияқты артық қызу көзіне шығармау керек.
Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы тізімде берілген қуат көздерімен қолданыңыз.
Динамикке сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Динамиктің үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған балауыз шамдар) қоймаңыз.
Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылатын жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға дайын болып қалуы керек.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында
орналасқан.
2 KK
2 Bluetooth
динамигі
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.

Кіріспе

Динамик көмегімен Bluetooth қолдайтын құрылғылардан немесе басқа сыртқы дыбыстық құрылғылардан дыбысты тыңдауға болады.

Қораптың құрамы

Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Динамик
Қуат адаптері
Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
Қауіпсіздік және ескерту парақшасы
Always there to help you
Register your product and get support at
www.philips.com/welcome
Question? Contact
Philips
Short User Manual
3KK

Динамикке шолу

abc
d
ef
a
• Динамикті қосу немесе өшіру.
4 KK
b +/-
• Дыбыс деңгейін реттеу.
c /PAIRING
• Bluetooth жұптастыру режиміне кіру.
• Bluetooth қосылымын ажырату.
• Кіріс қоңырауына жауап беру немесе
қабылдамау.
• Ағымдағы телефон қоңырауын
аяқтау.
d Батарея бөлімі e AUDIO IN
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосу.
f DC IN
• Қуат көзіне қосыңыз.
5KK
3 Жұмысты
4 x AA
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті бойынша орындаңыз.

Қуат көзі

Bluetooth динамигі АТ қуатымен немесе батареялармен жұмыс істейді.

1-әдіс: батарея қуаты

Ескерту
• Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. Батареяларды отқа тастамаңыз.
• Батареяларда химиялық заттар болуы мүмкін,
сондықтан оларды қоқысқа дұрыс тастау керек.
Ескертпе
• Батареялар қосалқы құралдар жинағына кірмейді.
• ЖШД көрсеткіші қызыл түспен жыпылықтаса,
батареяларды ауыстырыңыз.
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.

2-әдіс: айнымалы ток қуаты

Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Динамиктің артында немесе
астында көрсетілген кернеуге қуат кернеуі сәйкес екенін тексеріңіз.
Қуат адаптерін мыналарға қосыңыз:
• динамиктегі DC IN ұясына.
• розеткаға.

Қосу

2 4 AA батареясын көрсетілгендей дұрыс
полярлықпен (+/-) салыңыз.
6 KK
түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
» Динамик Bluetooth режиміне
автоматты түрде ауысады.
» ЖШД көрсеткіші көк түсті болып
жыпылықтайды.
Ескертпе
• Батарея заряды төмен болса, ЖШД көрсеткіші
қызыл түспен жыпылықтайды.
2”

Өшіру

Динамик төмендегі жағдайларда өшеді:
• Қайтадан түймесін 2 секунд бойы
басып тұрыңыз; немесе
• Bluetooth қосылымы ажыратылады
және 15 минут бойы дыбыс кірісі кабелі салынбайды.
» ЖШД көрсеткіші өшеді.
7KK
4 Bluetooth
құрылғыларын пайдалану
Бұл динамикпен Bluetooth қосылған құрылғылардан дыбысты тыңдауға және Bluetooth арқылы кіріс қоңырауын басқаруға болады.

Bluetooth құрылғыларынан ойнату

Ескертпе
• Bluetooth құрылғысының осы динамикпен үйлесімді
екенін тексеріңіз.
• Құрылғыны осы динамикпен жұптамастан бұрын
оның Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
• Динамик ең көбі 4 жұпталған құрылғыны есте сақтай
алады.
• Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын тексеріңіз.
• Осы динамик пен Bluetooth құрылғысының
арасындағы кез келген кедергі жұмыс ауқымын қысқартуы мүмкін.
• Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
• Осы динамик пен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
• Егер қосылған мобильді телефонда кіріс қоңырауы
болса, музыканы ойнату кідіртіледі.
1 түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
» ЖШД көрсеткіші көк түсті болып
жыпылықтайды.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз және жұптастыруға болатын Bluetooth құрылғыларын іздеңіз (құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
3 Құрылғыда [PHILIPS BT3000]
көрсетілгенде жұптауды және қосуды бастау үшін соны таңдаңыз. Қажет болса, жұптау құпия сөзі ретінде «0000» мәнін енгізіңіз.
» Сәтті жұптап, қосқаннан кейін,
динамик екі рет сигнал шығарады және ЖШД көрсеткіші тұтас көк түске айналады.
• Егер [PHILIPS BT3000] параметрін құрылғыда таппасаңыз, дыбыстық сигналды естігенше PAIRING түймесін басып тұрыңыз, содан соң әрекетті қайталаңыз.
4 Bluetooth құрылғысындағы дыбысты
ойнатыңыз.
» Дыбыс ағыны Bluetooth
құрылғысынан динамикке жіберіледі.
Bluetooth қолдайтын құрылғыны ажырату үшін:
PAIRING түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
Құрылғыда Bluetooth функциясын ажыратыңыз; немесе
құрылғыны байланыс ауқымынан тыс жылжытыңыз.
Bluetooth құрылғысын қайта қосу үшін:
Динамикті келесі қосқанда динамик соңғы қосылған құрылғыға автоматты түрде қайта қосылады; немесе
Bluetooth құрылғысында Bluetooth мәзірінде «PHILIPS BT3000» құрылғысын таңдаңыз.
Bluetooth жұптау режиміне кіру үшін:
PAIRING түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
Басқа Bluetooth қосылған құрылғыны қосу үшін:
Ағымдағы құрылғыда Bluetooth функциясын ажыратыңыз, одан кейін басқа құрылғыны қосыңыз.
ЖШД көрсеткіші Сипаттама
Көк түспен жыпылықтау
Көк түспен жану Байланыс орнатылды
Қосылуда; Жұптауды күтуде
8 KK

Телефон қоңырауын басқару

Bluetooth қосылымынан кейін кіріс қоңырауын осы динамикпен басқара аласыз.
Түйме Функция
Кіріс қоңырауына жауап беру үшін басыңыз.
Кіріс қоңырауды қабылдамау үшін 2 секунд бойы басып тұрыңыз.
Қоңырау кезінде ағымдағы қоңырауды аяқтау үшін басыңыз.
9KK
5 Басқа

Дыбыс деңгейін реттеу

мүмкіндіктер

Сыртқы құрылғыны тыңдау

Осы динамикпен MP3 ойнатқышы сияқты сыртқы дыбыс құрылғысын тыңдауға да болады.
Ескертпе
• Bluetooth қосылымы жоқ екенін тексеріңіз, әйтпесе
Bluetooth арқылы музыканы ойнату кідіртіледі.
1 Қосқышы 3,5 мм болатын дыбыс кірісі
кабелінің (жинақта жоқ) екі жағын мыналарға жалғаңыз:
• осы динамиктегі AUDIO IN ұясына қосыңыз және
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап ұяшығы арасында жалғаңыз.
» Динамик Audio-in (Дыбыс кірісі)
режиміне автоматты түрде ауысады.
2 Сыртқы құрылғыдағы дыбысты
ойнатыңыз (оның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Ойнату кезінде дыбыс деңгейін арттыру немесе азайту үшін + немесе - түймесін қайталап басыңыз.
Кеңес
• Дыбыс деңгейін үздіксіз арттыру немесе азайту
үшін + немесе - түймесін 2 секунд бойы басып тұрыңыз.
10 KK
6 Өнім туралы
ақпарат
Ескертпе
• Өнім туралы ақпарат алдын ала ескертусіз
өзгертіледі.

Ерекшеліктер

Күшейткіш

Жалпы шығыс қуаты 5 Вт Сигнал-шу арақатынасы >67 дБ Аудио кіріс көзі 600 мВ RMS,
20 кОм

Bluetooth

Bluetooth нұсқасы V3.0 Қолдау көрсетілетін
профильдер Ауқымы 10 м (бос орын)
HFP, A2DP, AVRCP

Жалпы ақпарат

Қуат көзі
- АТ қуаты (қуат адаптері)
- Батарея 4 x 1,5 В LR6 AA Жұмыс үшін қуат
тұтынуы Өлшемдер - негізгі
құрылғы (Е x Б x Қ) Салмағы - негізгі
құрылғы
Қуат адаптері A: Бренд атауы: PHILIPS; Үлгі: AS100-050­AE150; Кіріс: 100-240 В~, 50/60 Гц, 0,5 A Шығыс: 5 В 1,5 A;
Қуат адаптері B: Бренд атауы: PHILIPS; Үлгі: SAW12-050­1500GD; Кіріс: 100-240 В~, 50/60 Гц, 0,3 A Шығыс: 5 В 1,5 A;
1,95 Вт
280 x 121 x 93 мм
1,3 кг
11KK
7 Ақаулықтарды

Bluetooth құрылғысы туралы

жою
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Бұл құрылғыны пайдалану кезінде мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб­бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда, құрылғының жақында болуын және үлгі нөмірі мен сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз етіңіз.

Жалпы ақпарат

Қуат жоқ
Динамиктің АТ қуат ашасының дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
АТ розеткасында қуаттың бар екендігін тексеріңіз.
Батареялар дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
Осы өнімде дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосылған құрылғыда дыбыс деңгейін реттеңіз.
Динамиктен жауап жоқ
Динамикті қайта іске қосыңыз.
Жарықдиодты индикатор көк түсте 5 рет жыпылықтайды және қандай да бір пернені басқанда динамик жауап бермейді.
Динамик DEMO режимінде тұр. Режимнен шығу үшін түймесін 15 секунд басып тұрыңыз.
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны осы өнімге жақын орналастырыңыз немесе олардың арасындағы барлық кедергілерді алып тастаңыз.
Батареялардың заряды төмен. Батареяларды ауыстырыңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
Құрылғының Bluetooth функциясы қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын қолдайтын құрылғымен қосылып қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып, әрекетті қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып, ажырайды.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны осы өнімге жақын орналастырыңыз немесе олардың арасындағы барлық кедергілерді алып тастаңыз.
Кейбір құрылғыларда Bluetooth қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі ретінде автоматты түрде ажыратылуы мүмкін. Бұл осы өнімнің бұзылғанын білдірмейді.
12 KK

8 Ескерту

Gibson Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.

Сәйкестік

Осы құжат арқылы Gibson Innovations компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны www.philips. com/support сайтынан табуыңызға болады.

Қоршаған ортаны күту

Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды
қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған ортаға және адам денсаулығына көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.

Өнімде көрсетілген тауар белгісі

Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және мұндай белгілерді Gibson әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады. Басқа сауда белгілері және сауда атаулары сәйкес иелерінің меншігі болып табылады.
13KK
Specifications are subject to change without notice. 2015 © Gibson Innovations Limited. All rights reserved. This product has been manufactured by, and is sold under the responsibility of Gibson Innovations Ltd., and Gibson Innovations Ltd. is the warrantor in relation to this product. Philips and the Philips Shield Emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips N.V. and are used under license from Koninklijke Philips N.V.
BT3000_12_UM_V2.0
Loading...