Қуат көзі 5
Қосу немесе өшіру 5
Дереккөзді таңдау 6
4 Ойнату 7
Bluetooth қолдайтын құрылғылардан
ойнату 7
SD картасынан немесе USB
құрылғысынан ойнату 8
FM радиосын тыңдау 9
Сыртқы құрылғыдан ойнату 10
Дыбыс деңгейін реттеу 10
5 Өнім туралы ақпарат 11
Ерекшеліктер 11
USB құрылғысының ойнатылатыны
туралы мәліметтер 11
6 Ақаулықтарды жою 13
Bluetooth құрылғысы туралы 13
7 Ескерту 14
Сәйкестік 14
Қоршаған ортаны күту 14
Өнімде көрсетілген тауар белгісі 15
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Абайлаңыз
•
Өнімнің сыртқы қабатын алуға болмайды.
• Бұл өнімнің ешбір бөлігін майлауға болмайды.
• Өнімді басқа электр құрылғыларының үстіне қоюға
тыйым салынған.
• Бұл өнімді күн сәулесі тікелей түсетін жерлерден,
ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
• Осы нұсқауларды оқыңыз.
• Барлық нұсқауларды орындаңыз.
• Бұл құрылғыны судың жанында
қолданбаңыз.
• Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
• Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе жылу шығаратын басқа
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер)
сияқты жылу көздеріне жақын
орнатпаңыз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғы қандай да бір жолмен
зақымданғанда, мысалы, құрылғыға
сұйықтық төгіліп кеткен немесе
бір заттар құлап түскенде, құрылғы
жаңбырдың астында немесе ылғалда
қалғанда, қалыпты жұмыс істемей
тұрғанда немесе құлап кеткенде қызмет
көрсету қажет.
• Батареяны күн сәулесі, от немесе сол
сияқты шамадан тыс қызудың әсеріне
ұшыратуға болмайды.
• Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы
немесе шашырамауы тиіс.
• Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
•
2KK
2 Портативті
динамигіңіз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі
торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Кіріспе
Осы динамикпен келесі әрекеттерді орындай
аласыз:
• FM радио станцияларын тыңдау және
• дыбысты SD/SDHC картасынан, USB
құрылғыларынан, Bluetooth қосылған
құрылғылардан және басқа сыртқы
құрылғылардан тыңдау.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Негізгі бөлік
• Зарядтауға арналған USB кабелі
• Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
• Қауіпсіздік және ескерту парақшасы
3KK
Өнімге шолу
ab cd
l
effghij
k
a OFF/ONқосқышы
• Өнімді қосу немесе өшіру.
b
• USB құрылғысын жалғау.
c SD
• SD/SDHC картасын қосыңыз.
d AUDIO IN
• Сыртқы дыбыс құрылғысын қосу.
e -/+
• Дыбыс деңгейін реттеу.
f
/
• Трек таңдаңыз.
• Ойнату ішінен іздеңіз.
• FM радио стансаларын баптаңыз.
g
/PAIRING
• SD, USB немесе Bluetooth режимінде
ойнатуды кідірту немесе жалғастыру
үшін басыңыз.
• Bluetooth режимінде Bluetooth
қосылымын ажырату немесе жұптау
режиміне кіру үшін үш секунд бойы
басып тұрыңыз.
• FM режимінде FM радиостанцияларын
автоматты түрде сақтау үшін екі
секунд бойы басып тұрыңыз.
• FM режимінде алдын ала орнатылған
радиостанцияны таңдау үшін
басыңыз.
h MODE
• Қайталау немесе кездейсоқ ретпен
ойнату режимін таңдаңыз.
i SOURCE
• Дыбыс көзін таңдау.
j Дисплейлі панель
• Ағымдағы күйді көрсету.
k FM антеннасы
• FM радиосын қабылдауды жақсарту.
l DC 5V
• Кірістірілген батареяны зарядтау.
4KK
3 Жұмысты
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз, сізден
осы құрылғының үлгі және сериялық нөмірі
сұралады. Үлгі және сериялық нөмірі —
құрылғының астыңғы жағында. Осы жерге
нөмірлерді жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір ________________________
Қуат көзі
Өнім кірістірілген зарядталатын батареямен
жұмыс істейді.
Ескертпе
Зарядталатын батареяның зарядтау айналымы
•
шектеулі. Батареяның қызмет ету мерзімі мен
зарядтау кезеңдерінің саны қолданысқа және
параметрлеріне байланысты әр түрлі болады.
Ішкі батареяны зарядтау үшін:
Жинақтағы USB кабелін төмендегіге қосыңыз:
• өнімнің артқы жағындағы DC 5V
ұясына.
• компьютердегі USB ұясына.
DC 5V
Батарея күйіБатарея белгішесі
(
) әрекет
Батарея деңгейі төменЖыпылықтауда
Зарядтау кезіндеТұтас қосулы
Толық зарядталған
немесе зарядтау
тоқтатылған
Қосу немесе өшіру
• Өнімді қосу үшін OFF/ON қосқышын
оңға сырғытыңыз.
» Өнім соңғы таңдалған көзге ауысады.
Өшіру
• Өнімді өшіру үшін қосқышты солға
сырғытыңыз.
ECO күту режиміне ауысу
SD, Audio-in немесе Bluetooth режимінде
өнім Eco standby (Эко күту) режиміне келесі
жағдайларда автоматты түрде ауысады:
• 15 минут бойы музыканы ойнату
тоқтатылса;
• 15 минут бойы ешқандай Micro SD
картасы, USB құрылғысы немесе Audio-in
кабелі қосылмаса; немесе
• Bluetooth қосылымы 15 минут бойы
ажыратулы болса.
5KK
SD/USB/Audio-in/Bluetooth режиміне оралу
үшін:
• Ойнатуды жалғастыру үшін
басыңыз; немесе
• Алдымен өнімді өшіру үшін қосқышты
сырғытыңыз, одан кейін оны қосыңыз.
түймесін
Дереккөзді таңдау
Дыбыс көзін таңдау үшін SOURCE түймесін
қайталап басыңыз: FM көзі, USB, SD картасы,
Bluetooth немесе Audio-in.
6KK
4 Ойнату
Bluetooth қолдайтын
құрылғылардан ойнату
Бұл өніммен Bluetooth қолдайтын
құрылғылардан дыбысты тыңдай аласыз.
Құрылғыны қосу
Ескертпе
Bluetooth құрылғысының осы өніммен үйлесімді
•
екенін тексеріңіз.
• Құрылғыны осы өніммен жұптастырудың алдында
Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
• Өнім ең көбі 4 жұптасқан құрылғыны сақтай алады.
Бесінші қосылған құрылғы біріншісін ауыстырады.
• Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын
тексеріңіз.
• Осы өнім мен Bluetooth құрылғысының арасындағы
кез келген кедергі жұмыс ауқымын қысқартуы
мүмкін.
• Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
• Осы өнім мен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
1 Bluetooth көзін таңдау үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
» [bt] дисплейде жыпылықтайды.
2 Қазіргі уақытта қосылған құрылғыны
ажырату үшін PAIRING түймесін
3 секунд бойы басып тұрыңыз.
3 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз және Bluetooth
құрылғыларын іздеңіз (құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
4 Құрылғыда [Philips AT10] көрсетілгенде
жұптауды және қосуды бастау үшін оны
таңдаңыз. Қажет болса, «0000» әдепкі
құпия сөзін енгізіңіз.
» Сәтті жұптаудан және қосудан кейін,
өнім екі рет сигнал шығарады және
[bt] жыпылықтауын тоқтатады.
Bluetooth қолдайтын құрылғыны ажырату
үшін:
• PAIRING түймесін 3 секунд бойы басып
тұрыңыз.
• Құрылғыда Bluetooth функциясын
ажыратыңыз; немесе
• құрылғыны байланыс ауқымынан тыс
жылжытыңыз.
» Өнім екі рет сигнал шығарады және
[bt] жыпылықтай бастайды.
Bluetooth қосылған құрылғыны қайта қосу
үшін:
• Бұл өнім Bluetooth режиміне өткен
кезде, ол соңғы қосылған құрылғыға
автоматты түрде қайта қосылады;
немесе
• Қосылуды бастау үшін Bluetooth
құрылғысындағы Bluetooth мәзірінен
«Philips AT10» тармағын таңдаңыз.
Басқа Bluetooth қосылған құрылғыны қосу
үшін:
1 Қазіргі уақытта қосылған құрылғыны
ажырату үшін PAIRING түймесін
3 секунд бойы басып тұрыңыз;
» Өнім Bluetooth жұптау режиміне
өтеді.
2 Екінші Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
Bluetooth құрылғысынан ойнату
Сәтті Bluetooth қосылымынан кейін Bluetooth
құрылғысында дыбысты ойнатыңыз.
» Дыбыс ағыны Bluetooth
құрылғысынан өнімге жіберіледі.
7KK
SD картасынан немесе USB
құрылғысынан ойнату
Ескертпе
USB сақтау құрылғысында немесе SD картасында
•
ойнатылатын дыбыстық мазмұнның бар екенін
тексеріңіз.
SD картасынан ойнату
1 SD картасы көзін таңдау үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
» [SD] көрсетіледі.
2 SD/SDHC картасын карта ұяшығына
салыңыз.
» Автоматты түрде ойнатыла
бастайды.
USB құрылғысынан ойнату
1 USB ресурсын таңдау үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
» [USB] көрсетіледі.
2 USB құрылғысын ұясына салыңыз.
» Автоматты түрде ойнатыла
бастайды.
Ойнатуды басқару
USB немесе SD режимінде ойнатуды басқару
үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
ТүймеФункция
/ Алдыңғы немесе келесі әнге өткізу
үшін басыңыз.
Ойнату кезінде алға жылдам
айналдыру немесе артқа жылдам
айналдыру үшін басып тұрыңыз,
одан кейін ойнатуды жалғастыру
үшін босатыңыз.
Ойнатуды бастау, кідірту немесе
тоқтату үшін басыңыз.
MODEОйнату режимін таңдау үшін
қайталап басыңыз:
• [
]: ағымдағы тректі қайталап
ойнату.
• [ALL (БАРЛЫҒЫ)]: барлық
жолдарды қайталап ойнату.
• [
]: барлық тректерді
кездейсоқ ретпен ойнату.
Қалыпты ойнатуға оралу үшін
қайталау және кездейсоқ ретпен
ойнату белгішесі өшкенше, MODE
түймесін қайталап басыңыз.
8KK
FM радиосын тыңдау
FM радио станцияларын реттеу
Ескертпе
Радио кедергілерді болдырмау үшін өнімді басқа
•
электрондық құрылғылардан ары ұстаңыз.
1 FM антеннасын толығымен ұзартыңыз.
FM тюнер режимінде түймесін екі секунд
басып тұрыңыз.
» Барлық қол жетімді радиостанциялар
автоматты түрде сақталады, содан
кейін бірінші сақталған радиостанция
таратылады.
Кеңес
Автоматты түрде тексеруді тоқтату үшін /
•
түймесін басуыңызға болады.
FM радиостанцияларын қолмен
сақтаңыз (сериялық нөмірдегі
соңғы 10 саны 1633077076 санынан
артық болатын өнімдерге ғана
қолданылады)
Ескертпе
Ең көбі 20 FM радио станциясын сақтауға болады.
•
2 FM тюнер көзін таңдау үшін, SOURCE
түймесін қайта-қайта басыңыз.
3 Осы / түймесін екі секунд бойы
басып тұрыңыз.
» Өнім күшті қабылдау сигналы
бар станцияға автоматты түрде
реттеледі.
4 Көбірек радиостанцияларға реттеу үшін
3-қадамды қайталаңыз.
Станцияны қолмен реттеу үшін:
Қабылдау жақсарғанша
қайталап басыңыз.
FM радио станцияларын автоматты
түрде сақтау
Ескертпе
Ең көбі 20 алдын ала орнатылған радиостанцияны
•
сақтай аласыз.
/ түймесін
1 Тюнер режимінде FM радиостанциясына
реттеңіз.
2 MODE түймесін басыңыз.
» TАлдын ала орнатылған сан
жыпылықтай бастайды.
3 Нөмірді таңдау үшін түймесін қайта-
қайта басыңыз.
4 Растау үшін қайтадан MODE түймесін
басыңыз.
5 Басқа станцияларды сақтау үшін 1 -
4-қадамдарды қайталаңыз.
Ескертпе
Алдын ала сақталған станцияны алып тастау үшін
•
оның орнына басқа станцияны таңдаңыз.
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау
Алдын ала орнатылған станцияны таңдау
үшін тюнер режимінде
қайта басыңыз.
түймесін қайта-
9KK
Сыртқы құрылғыдан ойнату
Осы өніммен MP3 ойнатқышы сияқты сыртқы
дыбыстық құрылғыны тыңдауға болады.
1 AUX ресурсын таңдау үшін SOURCE
түймесін қайталап басыңыз.
2 Дыбыс кірісі кабелін 3,5 мм қосқышпен
екі ұшынан
• өнімдегі AUDIO IN ұясына.
• сыртқы құрылғыдағы құлақаспап
ұяшығына.
3 Дыбысты құрылғыда ойнатыңыз (оның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Дыбыс деңгейін реттеу
Ойнату кезінде дыбыс деңгейін арттыру
немесе төмендету үшін -/+ түймесін басыңыз.
Кеңес
Дыбыс деңгейін үздіксіз арттыру немесе төмендету
•
үшін -/+ түймесін 2 секунд басып тұруыңызға
болады.
10KK
5 Өнім туралы
ақпарат
Ескертпе
Өнім туралы ақпарат алдын ала ескертусіз
•
өзгертіледі.
Ерекшеліктер
Күшейткіш
Жалпы шығыс қуаты3 Вт
Жиілік жауабы60 -20000 Гц, ±3 дБ
Сигнал-шу
арақатынасы
Қосымша кіріс800 мВ RMS 22 кОм
Тюнер (FM)
Реттеу ауқымыFM: 87,5-108 МГц
Реттеу торы50 кГц
- Моно, 26 дБ С/Ш
қатынасы
- Стерео, 46 дБ С/Ш
қатынасы
Іздеуді таңдау
мүмкіндігі
Жалпы гармоникалық
бұрмаланулар
Сигнал-шу
арақатынасы
Bluetooth
Bluetooth нұсқасыV3.0+EDR
Bluetooth жиілік
жолағы
Bluetooth қашықтығы10 м (бос орын)
>70 дБА
<22 дБф
>43 дБф
>28 дБф
<2%
> 55 дБ
2,402 ГГц ~ 2,48 ГГц
ISM жолағы
Динамик
Үндеткіштің
номиналдық
қарсылығы
Үндеткіш драйвері3" толық ауқым
Сезімталдық>82 дБ±3 дБ/м/Вт
6 Ом
Жалпы ақпарат
Қуат көзі (Micro USB
ұяшығы арқылы)
Кірістірілген батарея
(Литий-полимерлік
батарея)
MP3 бит
жылдамдығы
Қуатты үнемдеу
күту режимінде қуат
тұтыну
Өлшемдер - негізгі
құрылғы (Е x Б x Қ)
Салмағы - негізгі
құрылғы
5 В 600 мА
3,7 В, 1800 мАн
32 - 320 кбит/с
< 0,5 Вт
239 x 104 x 127 мм
0,6 кг
USB құрылғысының
ойнатылатыны туралы
мәліметтер
Үйлесімді USB құрылғылары:
• USB флеш жады (USB2.0)
• USB флеш ойнатқыштары (USB2.0)
• жад карталары (бұл құрылғымен жұмыс
істеу үшін қосымша картаны оқу құралын
қажет етеді; Кейбір көп карталы USB оқу
құралына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.)
Қолданылатын пішімдер:
• USB немесе жад файлы пішімі: FAT12,
FAT16, FAT32 (сектор көлемі: 512 байт)
11KK
• MP3 арналған бит жылдамдығы
(деректерді жеткізу жылдамдығы):
32-320 кбит/с және өзгертпелі бит
жылдамдығы
• 8 деңгейге дейін енгізулері бар
каталогтар
• Альбомдар/ қалталар саны: ең көбі 99
• Жолдар/жазылымдар саны: ең көбі 999
• Unicode UTF8 форматындағы файл атауы
(максималды ұзындығы: 16 байт)
Қолданылмайтын пішімдер:
• Бос альбомдар: бос альбом - құрамында
MP3/WMA файлдары жоқ және
дисплейде көрсетілмейтін альбом.
• Қолданылмаған файл пішімдері
өткізіліп жіберіледі. Мысалы, Word
құжаттары (.doc) немесе .dlf кеңейтімді
MP3 файлдары еленбейді және
ойнатылмайды.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веббетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips
компаниясына хабарласқанда, құрылғының
жақында болуын және үлгі нөмірі мен
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз
етіңіз.
Қуат жоқ
• Батареяны қайта зарядтаңыз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
•Осы өнімде дыбыс деңгейін реттеңіз.
•Қосылған құрылғыда дыбыс деңгейін
реттеңіз.
•Дұрыс дыбыс көзінің таңдалғанын
тексеріңіз.
Өнімнен жауап жоқ
•Өнімді қосыңыз.
•Батареяны қайта зарядтаңыз.
•Алдымен өнімді өшіріңіз, одан кейін
өнімді күту режимінен іске қосу үшін
оны қосыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
•Өнім мен басқа электр құрылғылар
арасындағы қашықтықты арттырыңыз.
•FM антеннасын түгелдей созып, реттеңіз.
USB құрылғысына қолдау көрсетілмейді
•USB құрылғысы құрылғымен үйлесімді
емес. Басқасын қолданып көріңіз.
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы
нашар.
•Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
Жұптау үшін құрылғыда AT10 іздеу сәтсіз
аяқталды.
•PAIRING түймесін үш секунд бойы
басып тұрыңыз, содан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
•Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
•Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын
қолдайтын құрылғымен қосылып
қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып,
әрекетті қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып,
ажырайды.
•Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
•Кейбір құрылғыларда Bluetooth
қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі
ретінде автоматты түрде ажыратылуы
мүмкін. Бұл осы өнімнің бұзылғанын
білдірмейді.
13KK
7 Ескерту
Gibson Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Сәйкестік
Осы құжат арқылы Gibson Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны
www.philips.com/support сайтынан
табуыңызға болады.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EО
еуропалық директивасына сай келетін,
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Кәсіпқой зарядталмалы батареяны алуы үшін
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
сервистік орталығына апару ұсынылады.
Электр және электрондық өнімдер мен
зарядталмалы батареяларға арналған
жергілікті жеке жинау жүйесімен танысыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және
өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Ескі өнімдер мен батареяларды қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге
көмектеседі.
Ескерту
Кірістірілген батареяны шығарып алу кепілдікті
•
жарамсыз етеді және өнімді бұзуы мүмкін.
Ішкі батареяны алу үшін өнімді әрдайым
кәсіпқой маманға апарыңыз.
Қоршаған ортаны күту
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді.
14KK
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Өнімде көрсетілген тауар
белгісі
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері
Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының
иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып
табылады және мұндай белгілерді Gibson
Innovations Limited әрдайым лицензияға
сәйкес пайдаланады. Басқа сауда белгілері
және сауда атаулары сәйкес иелерінің меншігі
болып табылады.