• Желдету саңылауларын бітемеңіз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
• Радиаторлар, жылытқыштар,
пештер немесе жылу шығаратын
басқа құрылғылар (соның ішінде
күшейткіштер) сияқты жылу
көздеріне жақын орнатпаңыз.
• Қуат сымын, атап айтқанда,
ашаларынан, розеткаларынан және
құрылғыдан шығып тұрған жерінен
басылып немесе қысылып қалудан
қорғаңыз.
• Тек өндіруші көрсеткен
қосымшаларды/қосалқы құралдарды
қолданыңыз.
• Найзағай ойнағанда немесе ұзақ
уақыт қолданылмағанда, бұл
құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
• Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы
тізімде берілген қуат көздерімен
қолданыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Құрылғы қалай зақымдалса
да (мысалы, қуат сымы немесе ашасы
зақымдалса, оған сұйықтық төгіліп
кетсе немесе үстіне заттар түсіп
кеткен болса, құрылғыға жаңбыр
немесе ылғал тисе, ол дұрыс жұмыс
істемей тұрса немесе құлап қалған
болса), жөндеуге апару қажет.
• Бұл құрылғы сұйықтық тамшылайтын
немесе шашырайтын жерге
қойылмауы керек.
• Құрылғының үстіне қандай да бір
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық
толтырылған заттар, жағылған
балауыз шамдар) қоймаңыз.
• Direct Plug-in адаптерінің ашасы
ажырату құрылғысы ретінде
пайдаланылатын жерде, ажырату
құрылғысы пайдалануға дайын болып
қалуы керек.
2KK
Page 4
2 Android™
c
d
e
үшін док динамигі
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді келесі
торапта тіркеңіз: www.philips.com/welcome.
Негізгі құрылғыны шолу
a
Кіріспе
Осы бекітілген үндеткішпен келесі
әрекеттерді орындай аласыз:
• Bluetooth қолдайтын құрылғыдан
дыбысты тыңдау;
• құрылғыны micro USB коннекторы
арқылы зарядтау;
• уақытты білу;
• Philips DockStudio және Philips Songbird қолданбасы беретін әр түрлі
мүмкіндіктерді пайдалану.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
• Негізгі бөлік
• Қуат адаптері
• Док кеңейтімі
• Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығы
• Қауіпсіздік парағы
b
a Android телефонына арналған
қондырма
b Дисплейлі панель
• Уақытты көрсетеді.
• Bluetooth күйін көрсетеді.
c
• Bluetooth функциясын белсендіру
немесе өшіру.
d САҒАТ/ТҮНГІ ЖАРЫҚ
• Уақытты орнату.
• Дисплей панелінің және түнгі
жарықтың жарықтығын реттеу.
e +/-
• Дыбыс деңгейін реттеу.
• Уақытты реттеу.
3KK
Page 5
3 Жұмысты
Уақытты орнату
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Қуатты қосу
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Құрылғының артында немесе
астында көрсетілген кернеуге қуат кернеуінің сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
іске қосу үшін САҒАТ/ТҮНГІ ЖАРЫҚ
түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
» [24H] жыпылықтай бастайды.
2 12/24 сағаттық пішімді таңдау үшін +/-
түймесін басыңыз.
3 Растау үшін, САҒАТ/ТҮНГІ ЖАРЫҚ
түймесін басыңыз.
» Сағат сандары жыпылықтай
бастайды.
4 Сағат пен минутты орнату үшін 2 және
3-қадамдарды қайталаңыз.
» Орнатылған уақыт көрсетіледі.
Дисплей панелінің
жарықтығын реттеу
Күту режимінде САҒАТ/ТҮНГІ ЖАРЫҚ
түймесін қайта-қайта басып, дисплей
панелінің жарықтығын реттеңіз: жоғары,
орташа немесе төмен.
Қосу
түймесін басыңыз.
» Bluetooth көрсеткіші жыпылықтай
бастайды.
Күту режиміне ауысу
Док динамигін күту режиміне ауыстыру үшін
түймесін қайтадан басыңыз.
» Bluetooth көрсеткіші өшеді.
4KK
Түнгі жарықтың
жарықтығын реттеу
1 Динамикті қосу үшін түймесін басыңыз.
2 САҒАТ/ТҮНГІ ЖАРЫҚ түймесін
қайта-қайта басып, түнгі жарықтың
Page 6
жарықтығын реттеңіз: жоғары, орташа
немесе өшірулі.
5KK
Page 7
4 Ойнау және
зарядтау
Қолмен орнатылған
Bluetooth қосылымы арқылы
дыбысты ойнату
Осы док динамигі көмегімен дыбысты екі
әдіспен тыңдай аласыз:
• қолмен орнатылатын Bluetooth
қосылымы арқылы;
• Philips DockStudio қолданбасының
көмегімен автоматты Bluetooth
қосылымы арқылы.
Android™ жүйесімен
үйлесімді
Док динамигін толығымен пайдалану үшін
Android құрылғыңыз келесі талаптарға сай
болуы керек:
• Android операциялық жүйесі (2.1
немесе одан жоғары нұсқасы) бар;
• Bluetooth бағдарламалық құралы (2.1
немесе одан жоғары нұсқасы);
• micro USB коннекторы бар.
micro USB коннекторы және Bluetooth
функциясы бар басқа құрылғылар үшін док
динамигін мына әрекеттер үшін пайдалануға
болады:
• құрылғыны USB коннекторы арқылы
зарядтау;
• Bluetooth арқылы дыбыс тыңдау.
Док динамигі портативті құрылғыңыздан
жүйеге музыка ағынын жіберу үшін Bluetooth
сымсыз технологиясын пайдаланады.
Ескертпе
• Bluetooth құрылғысын осы док динамигіне қосу
алдында құрылғының Bluetooth мүмкіндіктерімен
танысыңыз.
• Қондырмалы динамикті кедергі келтіруі мүмкін басқа
электронды құрылғылардан аулақ ұстаңыз.
1 Bluetooth функциясын белсендіру үшін
док динамигінде түймесін басыңыз.
» Дисплей панелінде Bluetooth
көрсеткіші жыпылықтайды.
2 Портативті құрылғыда Bluetooth
функциясын қосыңыз.
• Әр түрлі құрылғыларда Bluetooth
функциясын белсендірудің әр түрлі
жолы болуы мүмкін.
Кеңес
• Қосымша мәліметтер алу үшін www.philips.com/
exidock бетіне өтіңіз.
6KK
3 Портативті құрылғымен жұптастыруға
болатын Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.
Page 8
4 Құрылғыда [PHILIPS AS111]
көрсетілгенде қосылымды бастау үшін
оны таңдаңыз.
» Егер қосылым сәтті орнатылса, қос
дыбыстық сигнал растауын естисіз
және экранның жоғарғы жағында
басқа Bluetooth белгішесін табасыз.
5 Портативті құрылғының мультимедиа
ойнатқышы көмегімен дыбыс ойнатыңыз.
Кеңес
• Док динамигі мен жұптастырылған құрылғы
арасындағы тиімді жұмыс ауқымы шамамен 10 метр
(30 фут) болады.
• Динамик пен құрылғы арасындағы қандай да бір
кедергі жұмыс ауқымын төмендетуі мүмкін.
Philips DockStudio
қолданбасының көмегімен
автоматты Bluetooth
қосылымы арқылы дыбысты
ойнату
Philips DockStudio қолданбасы док
динамигіне жаңа мүмкіндіктер жиынтығын
береді, соның ішінде, автоматты Bluetooth
қосылымы, Songbird музыка ойнатқышы,
интернет радиосы және көп функциялы
оятқыш. Қосымша мүмкіндіктерді пайдалану
үшін тегін қолданбаны жүктеу және орнату
ұсынылады.
DockStudio қолданбасын Android
құрылғысына орнату
Android құрылғысына Philips DockStudio
қолданбасын орнатудың екі жолы бар.
DockStudio қолданбасын QR коды
арқылы орнату
» Док динамигінен дыбыс шығады.
Ескертпе
• Android құрылғысы интернетке қосылғанын
тексеріңіз.
• Құрылғыда «QR Droid» сияқты штрихкод сканері
бар екенін тексеріңіз. Олай болмаса, оны Android
market сайтынан жүктеңіз.
1 Штрихкод сканерін пайдаланып
орауыштағы немесе жылдам бастау
нұсқаулығындағы QR кодын сканерлеңіз.
7KK
Page 9
2 Экрандағы нұсқауларды орындап, Philips
DockStudio қолданбасын орнатыңыз.
DockStudio
» Портативті құрылғыда DockStudio
белгішесі пайда болады.
The Philips DockStudio app brings a suite of
cool, new features to your Philips DockStudio
docking speaker, including automatic Bluetooth
connection, Songbird music player,
worldwide Internet radio, sound settings
3 Орнату аяқталғанда [Done] (дайын)
түймесін түртіңіз.
8KK
DockStudio
DockStudio қолданбасын Android
Market арқылы орнату
Сондай-ақ, Philips DockStudio қолданбасын
тікелей Android Market сайтында іздеп,
орнатуға болады.
The Philips DockStudio app brings a suite of
cool, new features to your Philips DockStudio
docking speaker, including automatic Bluetooth
connection, Songbird music player,
worldwide Internet radio, sound settings
6 Орнату аяқталғанда [Done] (дайын)
түймесін түртіңіз.
DockStudio
9KK
Page 11
DockStudio қолданбасының
көмегімен Bluetooth функциясын
белсендіру
Philips DockStudio қолданбасы Android
құрылғысын және док динамигін Bluetooth
арқылы автоматты түрде қосуға мүмкіндік
береді.
Ескертпе
• Android құрылғысы интернетке қосылғанын
тексеріңіз.
Бірінші рет іске қосу
1 Bluetooth функциясын белсендіру үшін
док динамигінде түймесін басыңыз.
» дисплей панелінде жыпылықтайды.
2 Құрылғының басты экранында
қолданбаны іске қосу үшін DockStudio
белгішесін түртіңіз.
» Құрылғы автоматты түрде
жұптастыруға болатын Philips
құрылғыларын іздей бастайды.
DockStudio
» Сізден Songbird қолданбасын
жүктеуді сұрайтын хабар пайда
болады.
3 [Cancel] (бас тарту) түймесін түртіңіз.
10KK
4 Құрылғыда [PHILIPS AS111]
көрсетілгенде қосылымды бастау үшін
оны таңдаңыз.
» Қосылымды орнатуға бірнеше секунд
кетуі мүмкін.
Page 12
» Bluetooth қосылымы орнатылғаннан
кейін экранның жоғарғы жағында
басқа Bluetooth белгішесін табуға
болады.
5 Портативті құрылғының мультимедиа
ойнатқышы көмегімен дыбыс ойнатыңыз.
» Енді динамик арқылы дыбысты
тыңдауға болады.
Келесі іске қосу
Сіз DockStudio қолданбасын келесі іске
қосқанда, док динамигіне Bluetooth арқылы
төмендегідей қосылыңыз.
1 Док динамигінің Bluetooth функциясын
белсендіріңіз.
2 Мәзіріне қол жеткізу үшін Philips
DockStudio қолданбасын іске қосыңыз.
11KK
Page 13
» Док динамигінен дыбыс шығады.
Уақытты автоматты түрде
синхрондау
Bluetooth қосылымын Philips DockStudio
арқылы белсендіргеннен кейін док динамигі
уақытты Bluetooth қолдайтын құрылғымен
автоматты түрде синхрондайды.
3 Автоматты Bluetooth қосылымын
белсендіру үшін [Speaker Connection]
(Динамикті қосу) пәрменін түртіңіз.
» Қосылымды орнатуға бірнеше секунд
кетуі мүмкін.
4 Портативті құрылғыдағы дыбысты
ойнатыңыз.
Android телефонын докқа
қою және зарядтау
Android телефонын докқа қою
Android телефонын зарядтау үшін алдымен
оны док динамигіне қойыңыз.
1 Android телефонындағы micro USB
коннекторының бағытын тексеріңіз. USB
коннекторында қақпақ бар болса, оны
ашыңыз.
2 Қажет болса, док динамигінде USB
коннекторын бұрыңыз, одан кейін
Android телефонын докқа қойыңыз.
12KK
Page 14
3 Телефонды тұрақтандыру үшін
коннектордың екі жағындағы
амортизаторларды реттеңіз.
Кеңес
• Егер micro USB коннекторы жоғарғы жақта
орналасқан болса және Android жүйесінің 2.3 немесе
одан жоғары нұсқасын пайдаланып жатсаңыз,
экранды автоматты бұру қол жетімді болады.
Док ұзартқышын пайдалану
Егер телефондағы USB коннекторы жиекке
жақын болса, жинақтағы док ұзартқышы
докқа қойылған телефонды көрсетілгендей
теңестіре алады.
1 Екі жақтағы амортизаторларды ең төмен
күйге реттеңіз.
2 Док ұзартқышын докқа қойыңыз.
3 Android құрылғысын докқа қойыңыз.
4 Телефонды док динамигінің ортасына
қою үшін коннекторды сырғытыңыз.
Android телефонын зарядтау
Док динамигі қуатқа қосылған болса,
докқа қойылған телефон автоматты түрде
зарядтала бастайды.
13KK
Page 15
Кеңес
• Бұл функция сонымен бірге micro USB коннекторы
бар Android емес құрылғы үшін қол жетімді.
Philips Songbird көмегімен
дыбысты ойнату
Philips Songbird — қарапайым, пайдалану
оңай ДК бағдарламасы және Android
қолданбасы. Ол компьютердегі
мультимедианы оңай табуға, ойнатуға және
Android құрылғыларымен синхрондауға
мүмкіндік береді.
Songbird қолданбасын Android
құрылғысында орнату
1 Android құрылғысында DockStudio
белгішесін түртіңіз.
DockStudio
» DockStudio мәзірі көрсетіледі.
2 [Songbird] қолданбасын түртіңіз.
» Сізден Songbird қолданбасын жүктеу
сұралады.
3 Қолданбаны жүктеу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
14KK
Page 16
4 Орнатудан кейін [Open] (Ашу) пәрменін
түртіп Songbird мәзірін ашыңыз.
5 Жолды таңдаңыз, одан кейін музыканы
ойнату үшін пәрменін түртіңіз.
Songbird қолданбасын компьютерге
орнату
1 www.philips.com/songbird бетіне өтіңіз.
2 Songbird қолданбасын іздеңіз.
songbird
3 Соңғы Songbird қолданбасын жүктеңіз.
15KK
Page 17
4 Компьютерде Philips Songbird
қолданбасын орнату үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді Philips Songbird
арқылы синхрондау
Ескертпе
• USB жады қосылғанын тексеріңіз.
Егер автоматты синхрондауды таңдамасаңыз,
Songbird қолданбасымен қолмен
синхрондауға болады.
бірінші рет жалғап жатсаңыз,
қалқымалы экран пайда болады.
Автоматты синхрондауды таңдау
сұралады.
2 Manual (Қолмен) немесе Auto
(Автоматты) режимін таңдаңыз.
3 Sync (Синхрондау) пәрменін түртіңіз.
» Егер автоматты синхрондауды
таңдасаңыз, автоматты синхрондау
құрылғыны компьютерге қосқанда
автоматты түрде іске қосылады.
» Құрылғы мен Philips Songbird
автоматты түрде синхрондалады.
16KK
Page 18
5 DockStudio
көмегімен
қосымша
мүмкіндіктерді
пайдалану
Philips DockStudio көмегімен сонымен бірге
интернеттен радио тыңдауға, дабыл таймерін
және ұйқы таймерін орнатуға болады.
Ескертпе
• Портативті құрылғы интернетке қосылғанын
тексеріңіз.
Интернеттен радио тыңдау
1 Android құрылғысын және док жүйесін
Bluetooth арқылы қосыңыз.
2 Басты мәзірге өту үшін Philips
DockStudio қолданбасын ашыңыз.
3 Экранда [Radio] (Радио) тармағын
түртіңіз.
4 Іздеу жолында радиостанцияны іздеңіз.
5 Іздеу нәтижелерінің тізімінен
радиостанцияны таңдаңыз.
» Радиостанция таратыла бастайды.
Ұйқы таймерін орнату
1 Philips DockStudio қолданбасын іске
қосыңыз.
17KK
Page 19
2 Ұйқы таймерінің мәзіріне қол жеткізу
үшін белгішесін түртіңіз.
3 Ұйқы таймерінің уақыт кезеңін таңдаңыз
да, [Start] (Бастау) пәрменін түртіңіз.
Ескертпе
• Бұл функция тек Philips Songbird қолданбасымен
бірге жұмыс істейді.
Оятқыш таймерін орнату
Philips DockStudio көмегімен бірнеше
дабылды орнатуға және соңғы ауа райын
білуге болады. Ол тіпті ауа райы жағдайлары
таңдаулы сырттағы әрекет үшін қолайлы
болғанда ескертеді.
1 Қолданбаны іске қосыңыз.
18KK
Page 20
2 Сағат орнату мәзірін ашу үшін
белгішесін түртіңіз.
4 Дабылды орнату мәзірін ашу үшін
түртіңіз.
3 [Alarm settings] (Дабыл параметрлері)
тармағын түртіңіз.
5 Дабылды орнатып, экранның жоғарғы
оң жағында [Save] (Сақтау) пәрменін
түртіңіз.
» Жаңа дабыл сақталады және экранда
көрсетіледі.
19KK
Page 21
Ескертпе
• [Lifestyle] (Өмір салты) қойындысынан таңдаулы
спортты және ауа райын (тамаша, жақсы немесе
орташа) таңдауға болады. Ауа райы жеткілікті жақсы
болмаса шырылдамайды.
20KK
Page 22
6 Өнім туралы
ақпарат
Ескертпе
• Өнім туралы ақпарат алдын ала ескертусіз
өзгертіледі.
Ерекшеліктер
Күшейткіш
Салмағы негізгі құрылғы 0,605 кг
Номиналды
шығыс қуаты
Сигнал-шу
арақатынасы
Жалпы ақпарат
Айнымалы ток
қуаты (қуат
адаптері)
Жұмыс үшін
қуат тұтынуы
Күту режимінде
қуат тұтынуы
Зарядтау
(micro USB
коннекторы
арқылы)
Өлшемдер негізгі құрылғы
(Е x Б x Қ)
2 x 2 Вт ОКМ
75 дБФ
AS150-059-AA240(Philips);
AS150-059-AI240(Philips);
AS150-059-AE240(Philips);
кіріс: 100-240 В~, 50/60 Гц,
0,7 A;
шығыс: 5,9 В 2,4 A
S018KU0590240 (Philips);
S018KV0590240 (Philips);
S018KB0590240 (Philips);
S018KS0590240 (Philips);
кіріс: 100-240 В~, 50/60 Гц,
500 мА;
шығыс: 5,9 В 2,4 A
8 Вт
<1 Вт
Ең жоғарғы 1A
171 X 102,6 X 171 мм
21KK
Page 23
7 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
• Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веббетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips
компаниясына хабарласқанда, құрылғының
жақында болуын және үлгі нөмірі мен
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз
етіңіз.
Қуат жоқ
•Құрылғының АТ қуат адаптерінің дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
•АТ розеткасында қуаттың бар екендігін
тексеріңіз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
• Док жүйесінің дыбыс деңгейін реттеңіз.
• Телефонның дыбыс деңгейін реттеңіз.
Құрылғыдан жауап жоқ
•Айнымалы ток қуат штепселін ажыратып,
қайта қосыңыз, одан кейін жүйені
қайтадан қосыңыз.
22KK
Page 24
8 Ескерту
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Осы құжат арқылы WOOX Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны
www.philips.com/support сайтынан
табуыңызға болады.
Қайта өңдеу
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта
өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар мен
ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
Bluetooth® сөз белгісі мен
логотиптері Bluetooth SIG,
Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген
сауда белгілері болып табылады және мұндай
белгілерді WOOX Innovations компаниясы
әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық
2002/96/EC директивасына кіретінін білдіреді.
Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық
қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және
электрондық өнімдердің бөлек жиналуы
туралы жергілікті ережелермен танысыңыз.
Ескі өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау
арқылы қоршаған ортаны және адам
денсаулығын сақтап қалуға болады.