Philips AJ4300B/12 user manual [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AJ4300
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2
2 Сіздің радиосағатыңыз 3
Кіріспе 3 Қораптың құрамы 3 Радиосағаттың жалпы шолуы 4
3 Жұмысты бастау 5
Батареяны салу 5 Қуатты қосу 5 Сағатты орнату 5
4 FM радионы тыңдау 6
FM радио станцияларын реттеу 6 FM радио станцияларын автоматты түрде сақтау 6 FM радио станцияларын қолмен сақтау 6 Алдан ала орнатылған радио станцияны таңдау 6 Дыбыс деңгейін реттеу 6
5 Оятқыш таймерін орнату 7
Оятқышты орнату 7 Оятар таймерін іске қосу/ажырату 7 Оятқышты кейінге қалдыру 7
6 Басқа мүмкіндіктер 8
Ұйқы таймерін орнату 8 Құрылғыны зарядтау 8 Дисплей жарықтығын реттеу 8
7 Өнім туралы ақпарат 9
Ерекшеліктер 9
8 Ақаулықтарды жою 10
9 Ескерту 11
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Абайлаңыз
• Бұл радио-сағаттың корпусын ешқашан алмаңыз.
• Осы радио-сағаттың ешбір бөлігін ешқашан
майламаңыз.
• Бұл радио-сағатты ешқашан басқа электр
құрылғының үстіне қоюшы болмаңыз.
• Бұл радио-сағатты күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызатын жерлерден алыс ұстаңыз.
• Радио-сағатты қуат көзінен ажырату үшін, қуат
сымына, ашаға немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Мына нұсқауларды оқып, орындаңыз.
Желдету үшін өнім айналасында жеткілікті бос орын бар екендігін тексеріңіз.
Әсіресе қуат сымының ашаларын, электр розеткаларын және олардың радиосағаттан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Радиосағаттың қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, оған су тиіп немесе үстіне зат құлаған болса, оған жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе құлап қалған және басқаша бүлінген болса, оны жөндеу қажет.
Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/ қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағанда, осы радиосағатты ток көзінен ажыратыңыз.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатын, мүліктің бүлінуін немесе радиосағаттың бүлінуін болдырмау үшін:
• Батареяны радиосағатта көрсетілгендей, + және - белгісімен дұрыс салыңыз.
• Батареяларды араластырып пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Радиосағат ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяны шығарып қойыңыз.
• Батареяларды күн сәулесі, от немесе т.с.с сияқты артық қызу көзіне шығармау керек.
Осы радио-сағат үстіне судың тамшылауына немесе шашырауына жол беруге болмайды.
Радиосағаттың үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық құйылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
2 KK
2 Сіздің
радиосағатыңыз
Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www. philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Кіріспе
Осы радиосағат беретін мүмкіндіктер:
FM радиосын тыңдау;
екі оятқышты орнату;
зуммермен немесе радиомен ояту.
Қораптың құрамы
Қораптың ішіндегілерді тексеріп, түгендеңіз.
Радиосағат
Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы
Қауіпсіздік және ескерту парақшасы
3KK
Loading...
+ 9 hidden pages