Philips AJ3116/12 user manual [kz]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AJ3116
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
2 Ескерту 3
3 Сіздің
радиосағатыңыз 4
Кіріспе 4 Қораптың құрамы 4 Радиосағаттың жалпы шолуы 5
4 Жұмысты бастау 6
Батареяны салу 6 Қуатты қосу 6 Уақытты орнату 6
5 FM радиосын тыңдау 7
FM радио станцияларын реттеу 7 FM радио станцияларын қолмен сақтау 7 Алдан ала орнатылған радио станцияны таңдау 7 Дыбыс деңгейін реттеу 8
6 Басқа мүмкіндіктер 9
Оятқыш таймерін орнату 9 Ұйқы таймерін орнату 10
7 Өнім туралы ақпарат 11
Ерекшеліктер 11
8 Ақаулықтарды жою 12
1KK
1 Маңызды
ақпарат
Абайлаңыз
Бұл радио-сағаттың корпусын ешқашан алмаңыз.
Осы радио-сағаттың ешбір бөлігін ешқашан
майламаңыз.
Бұл радио-сағатты ешқашан басқа электр
құрылғының үстіне қоюшы болмаңыз.
Бұл радио-сағатты күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызатын жерлерден алыс ұстаңыз.
Радио-сағатты қуат көзінен ажырату үшін, қуат
сымына, ашаға немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.
Осы нұсқауларды оқыңыз.
Барлық ескертулерді ескеріңіз.
Барлық нұсқауларды орындаңыз.
Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер немесе жылу шығаратын басқа құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу көздеріне жақын орнатпаңыз.
Әсіресе қуат сымының ашаларын, электр розеткаларын және олардың радиосағаттан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/ қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсетуші мамандарға істетіңіз. Құрылғының қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, оған су тиіп немесе үстіне заттар түсіп кеткен болса, аппаратқа жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, ол дұрыс жұмыс
істемей тұрса немесе құлап қалған және тағы да басқаша зақымдалған болса, қызмет көрсетуді қажет етеді.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатын, мүліктің бүлінуін немесе радиосағаттың бүлінуін болдырмау үшін:
• Барлық батареяларды + және - полюстерін құрылғыда белгіленгендей дұрыстап алыңыз.
• Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде батареяларды шығарып алыңыз.
• Батареяны күн сәулесі, от немесе сол сияқты шамадан тыс қызудың әсеріне ұшыратуға болмайды.
Осы радиосағаттың үстіне су тамшылауына немесе шашырауына жол беруге болмайды.
Радиосағаттың үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық құйылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылатын жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға дайын болып қалуы керек.
2 KK

2 Ескерту

WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/ EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдардың қалдықтарын жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдарды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.) Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Bluetooth® сөз белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және мұндай белгілерді Philips әрдайым лицензияға сәйкес пайдаланады.
3KK
Loading...
+ 11 hidden pages