Philips AJ1050 User Manual [kk]

Көмектесу үшін әрдайым осындамын
Сұрағыңыз бар ма? Philips компаниясына хабарласыңыз
Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:
www.philips.com/support
AJ1050
Қолданушының нұсқасы
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат 2
Қауіпсіздік 2 Ескерту 2
2 Сіздің радиосағатыңыз 4
Кіріспе 4 Қораптың құрамы 4 Негізгі құрылғыны шолу 5
3 Жұмысты бастау 7
Қуатты қосу 7 Сағатты орнату 7
4 Радио тыңдау 8
Радио станцияға реттеу. 8 Дыбыс деңгейін реттеу 8
5 Оятар таймерін орнату 9
Дабыл уақытын қою 9 Дабыл таймерін қосу 9 Дабыл уақытын көру 9 Оятқышты қайталау 9 Дабыл шырылын тоқтату 9 Дабыл таймерін өшіру 9
6 Басқа мүмкіндіктер 10
Ұйқы таймерін орнату 10 Дисплей жарықтығын реттеу 10
7 Өнім туралы ақпарат 11
Ерекшеліктер 11
8 Ақаулықтарды жою 12
1KK
1 Маңызды
ақпарат

Қауіпсіздік

Желдету үшін өнім айналасында жеткілікті бос орын бар екендігін тексеріңіз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша құралдарды немесе аксессуарларды қолданыңыз.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе өнімнің зақымдалуын болдырмау үшін:
• Батареяларды өнімде белгіленгендей
+ және - белгілері бойынша дұрыстап салыңыз.
• Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
• Өнім ұзақ уақыт пайдаланылмаған
кезде батареяларды шығарып қойыңыз.
• Батареяларды күн сәулесі, от немесе
т.с.с сияқты артық қызу көзіне шығармау керек.
Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы тізімде берілген қуат көздерімен қолданыңыз.
Өнімге сұйықтық тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс.
Өнімнің үстіне қандай да бір қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде қолданылғанда ажырату құрылғысы жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Бұл құрылғының ешбір бөлігін майлаушы болмаңыз.
Құрылғыны басқа электр құрылғыларының үстіне
қоюшы болмаңыз.
Бұл құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.
Бұл құрылғыдағы лазер сәулесіне ешқашан
қарамаңыз.
Бұл құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат
сымына, штепсельге немесе адаптерге әрдайым оңай қол жетуін қамтамасыз етіңіз.

Ескерту

Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер немесе түрлендірулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден жасалған.
2 KK
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/ EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдардың қалдықтарын жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі бұйымдарды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
II сыныпты жабдық таңбасы
Бұл таңба осы өнімде екі еселік оқшауланған жүйенің бар екендігін көрсетеді.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған. Біз орамды үш материалға оңай ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: картон (қорап), көбік полистирол (буфер) және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания тарапынан бөлшектенген жағдайда қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын материалдардан тұрады. Орауыш материалдар, ресурсы біткен батареялар мен ескірген жабдықты тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.
3KK
Loading...
+ 11 hidden pages