PHILIPS 47PFL3188H, 47PFL3198H, 32PFL3168H, 40PFL3148H, 40PFL3138H, 39PFL3088H User Manual [kk]
KK Пайдаланушы нұсқаулығы
Register your product and get support at
www.philips.com/welcome
PFL3xx8H/T
PFL4398H/T
Мазмұндар кестесі
1 Маңызды ақпарат3
Қауіпсіздік 3
Күтім 5
Заңды 6
Тұрақтылық 8
Анықтама және қолдау 10
2 Теледидарды пайдалану11
Теледидардың басқару
элементтері 11
ТД көру 12
Бағдарламалық нұсқаулықты көру 15
3D көру 16
Мультимедиа файлдарын ойнату 17
3Теледидардың қосымша
мүмкіндіктерін пайдалану 20
Телемәтінді көру 20
Блоктау мен таймерлерді орнату 21
4Теледидар параметрлерін
өзгерту 23
Сурет пен дыбыс 23
Каналдар 25
Тіл параметрлері 27
Басқа параметрлер 28
Бағдарламалық жасақтаманы
жаңарту 29
Барлығын қайта орнату 30
5 Теледидарды қосу31
7 Ерекшеліктер46
Қуат және қабылдау 46
Дисплей және дыбыс 46
Экран ажыратымдылығы 47
Мультимедиа 47
Байланыс мүмкіндігі 48
Анықтама нұсқасы 48
8 Индекс49
Кабельдер туралы 31
Антеннаны қосу 32
Құрылғылар жалғау 32
Қосымша құрылғыларды қосу 37
Жалғаулы құрылғыларды көру 38
EasyLink құрылғыларын орнату 38
CAM (Шартты кіру модулі)
модулін қосу 40
6 Ақаулықтарды жою42
Жалпы мәселелер 42
Арналарға қатысты ақаулықтар 43
Сурет ақаулары 43
Дыбыс ақаулары 44
Байланысқа қатысты ақаулықтар 44
Philips компаниясына хабарласу 45
KK 2
Қазақ
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Сақтандыру шаралары
Теледидарды пайдаланардың алдында
барлық нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз.
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
Теледидарды жаңбырға немесе суға
шығармаңыз. Теледидардың жанына ваза
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды
қоймаңыз. Егер сұйықтық теледидардың
үстіне немесе ішіне төгілсе, теледидарды
қуат розеткасынан бірден ажыратыңыз.
Пайдаланбас бұрын теледидарды тексеру
үшін Philip теледидары тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ешқашан теледидарды, қашықтан
басқару пультін немесе батареяларды
жалаңаш жалынның немесе басқа
қызу көздерінің жанына, оның ішінде
тікелей күн шуағына қоймаңыз.
Өрттің жайылып кетуіне жол бермеу
үшін шырағданды немесе басқа
жалынды теледидардан, қашықтан
басқару пультінен және
батареялардан барлық уақытта алыс
ұстаңыз.
Ешқашан теледидардың желдеткіш
тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
Қашықтан бақылау немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе
тым көп қызулы жерлерге
шығармаңыз.
Қуат розеткасына қатты күш
салмаңыз. Қуат розеткасының қуат
көзіне толық қосылғанын тексеріңіз.
Бос тағылған қуат розеткасы күюге
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Теледидар айналмалы етіп
орнатылғанда, электр шнурының
тартылып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Тоқ сымындағы дәнектер байланысты
нашарлатуы және күюіне себеп болуы
мүмкін.
Телдидарды ток көзінен ажырату
үшін теледидардың электр шнуры
ажыратылуы керек. Электр шнурын
ажыратқанда, шрундан емес, әрдайым
ашасынан тартып суырыңыз. Барлық
уақытта электр ашасына, электр
шнурына және ток көзіне оңай қол
жеткізе алатыныңызға көз жеткізіңіз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан
асатын теледидарды екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
Теледидарды тіреуіне орнатқан
кезде тек жинақтағы тіреуді
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді
қауіпсіз етіп орнатыңыз. Теледидар
мен тіреудің салмағын біркелкі ұстап
тұра алатын тегіс, жазық жерге
теледидарды орналастырыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнатқан
кезде теледидардың салмағын ұстап
тұра алатын қабырға тіреуін ғана
пайдаланыңыз. Қабырға тіреуін
теледидар мен қабырға тіреуінің
салмағын біркелкі ұстап тұра алатын
қабырғаға орнатыңыз. TP Vision
компаниясы қабырғаға дұрыс
орнатпау салдарынан орын алған
келеңсіз жағдайларға, дене
жарақатына немесе зақымдануға
жауап бермейді.
KK 3
Теледидарды сақтау қажет болса,
тіреуді теледидардан алып тастаңыз.
Тіреу орнатылған кезде теледидарды
артқы жағымен қоймаңыз.
Теледидарды ток көзіне қосардың
алдында, электр кернеуінің теледидар
артындағы мәнге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа
болса, теледидарды ешқашан ток
көзіне қоспаңыз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап
ұстаңыз.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап,
олардың жарақаттануына жол бермеу үшін
мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
Ешқашан теледидарды сырғанап
тұрмайтын жапқыш немесе басқа
материал жабылған жерге қоймаңыз.
Теледидардың ешқандай бөлігінің
шетінен салбырап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға,
кітап шкафы сияқты қабырғаға жиһаз
бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
Теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны
туралы балаларды хабардар етіңіз.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Бұйымда немесе қашықтан басқару
құрылғысында жұтуға болатын тиынға
ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық
жағдайда батареяны балалардан
аулақ ұстаңыз!
Қатты қызып кету қаупі бар!
Ешқашан теледидарды тар жерге
орнатпаңыз. Әрқашанда
теледидардың желдетілуіне
айналасынан кемінде 4 дюймдей
немесе 10 сантиметрдей бос орын
қалдырыңыз. Теледидардың
желдеткіш тесіктерін перделердің
немесе басқа заттардың жауып
қалмауын қадағалаңыз.
Тоқ сымының зақымдану немесе өртену
қауіпі!
Ешқашан теледидарды немесе басқа
заттарды электр шнурының үстіне
қоймаңыз.
Найзағай алдында теледидарды қуат
көзінен және антеннадан ажыратып
қойыңыз. Найзағай кезінде
теледидардың кез келген бөлігіне,
қуат сымына немесе антенна кабеліне
тиіспеңіз.
Есту қабілеті зақымдану қауіпі!
Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде
немесе ұзақ уақыт пайдаланудан
сақтаныңыз.
Төмен температуралар
Егер теледидар 5°C немесе 41°F
мәнінен төмен температурада
тасымалданса, теледидарды қуат
көзіне жалғаудан бұрын, оны
қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме
температурасымен сәйкес келгенше
күтіңіз.
3D денсаулыққа зияндығын ескерту
Тек 3D теледидарлары үшін.
Сіз немесе сіздің отбасыңыз қояншық
немесе жарық сезгіштіктен
ауырсаңыз, жарық көздеріне, жылдам
кескін ретіне шықпастан бұрын
немесе 3D көрместен бұрын
медицина қызметкерімен кеңесіңіз.
Бастың айналуы, бастың ауыруы
немесе бағдардың бұзылуы сияқты
ыңғайсыздықты болдырмау үшін ұзақ
уақыт 3D көрмеуіңізді ұсынамыз. Кез
келген ыңғайсыздықты сезінсеңіз, 3D
көруді тоқтатыңыз және симптомдар
кетпейінше, кез келген ықтималды
қаупі бар әрекетпен (мысалы, көлік
жүргізумен) бірден айналыспаңыз.
Симптомдар бар болса, бірінше
медицина қызметкерімен
кеңеспейінше, 3D көруді
жалғастырмаңыз.
KK 4
Қазақ
3D көру кезінде ата-аналар өздерінің
балаларын қадағалауы қажет және
жоғарыда айтылған
ыңғайсыздықтарды сезінбейтіндеріне
көз жеткізуі қажет. Көру қабілеті әлі
толық жетілмегендіктен, алты жасқа
толмаған балаларға 3D көру
ұсынылмайды.
3D көзілдірігін осы 3D теледидарын
көруден басқа ешқандай мақсатқа
пайдаланбаңыз.
Күтім
Экран
Теледидардың экранына зақым келу
қаупі бар! Ешқашан экранды
ұстамаңыз, баспаңыз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нысанмен
қырмаңыз.
Тазалау алдында теледидардың
шнурын ажыратыңыз.
Теледидар мен жақтауын жұмсақ, әрі
дымқыл шүберекпен тазалаңыз және
жайлап сүртіңіз. Ешқашан алкоголь,
химиялық заттар немесе тұрмыстық
тазалағыштар сияқты заттарды
теледидарға пайдаланбаңыз.
Сызылуын және түсінің кетуін
болдырмау үшін, мүмкідігінше су
тамшыларымен сүртіп тұрыңыз.
Мүмкіндігінше негізгі суреттерді
қолданбаңыз. Қозғалмайтын
кескіндер дегеніміз экран бетінде
ұзақ уақыт сақталатын кескіндер.
Қозғалмайтын кескіндерге экрандық
мәзірлер, қара жолақтар, уақыт
дисплейлері және т.б. жатады. Егер
қозғалмайтын кескіндерді пайдалану
керек болса, экранның зақымдануын
болдырмау үшін экран контрасты мен
жарықтығын азайтыңыз.
3D көзілдірігі
3D көзілдірігі берілген құрылғылар үшін.
Көзілдірікті күту үшін мына нұсқауларды
орындаңыз:
Линзада жарық түсуін болдырмас
үшін таза жұмсақ матаны
(микроталшықты немесе мақталы
фланель) пайдаланыңыз. Тазалауға
арналған құралды тікелей 3D
көзілдірігіне шашпаңыз. Күннен
қорғайтын көзілдіріктер шығаратын
ең танымал өндірушілер шығарған
алдын ала дымқылданған тазалағыш
маталарды пайдалануға болады.
3D көзілдірігін тікелей күн сәулесіне,
ыстыққа, отқа немесе суға
шығармаңыз. Ол өнімнің жұмыс
істемеуіне немесе өрттің шығуына
әкелуі мүмкін.
3D көзілдірігінің линзасын түсіріп
алмаңыз, майыстырмаңыз немесе күш
түсірмеңіз.
Құрамында спирт, еріткіш, беттік
активті заттар немесе балауыз,
бензол, сұйылтқыш, масадан
қорғайтын зат немесе май бар
тазалағыш химиялық заттарды
пайдаланбаңыз. Осы химиялық
заттарды пайдалану түссізденуге
немесе жарық түсуіне әкеледі.
Орнату кеңестері
Теледидарды экранына жарық
тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
Бұл теледидарды көру үшін ең
ыңғайлы қашықтығы — үш еселік
экран диагоналы. Мысалы, егер
теледидар экранының диагоналы 81
см / 32 дюйм болса, теледидарды
көру үшін ең ыңғайлы қашықтық
экран алдынан шамамен 2,5 м / 92
дюйм болады.
Отырған кезде көздеріңіз экранның
ортасымен бір деңгейде болуы керек.
KK 5
Теледидарды орнату
Теледидарды орнатуды (қабырғаға орнату
немесе тірекке орнату) таңдау арқылы
теледидардың ең жақсы дыбыс
параметрлерін қолдана аласыз.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау]опциясын таңдап, одан кейін OKтүймесін басыңыз.
Бұл бұйым саудаға TP Vision Netherlands
B.V. компаниясы немесе оның
бөлімшелерінің бірі, әрі қарай осы
құжаттағы бұйымның өндірушісі болып
келетін TP Vision компаниясы шығарған.
TP Vision компаниясы осы кітапша бірге
қапталған ТД-ға қатысты кепілгер болып
табылады. Philips және Philips Shield
Emblem - Koninklijke Philips N.V.
компаниясының тіркелген сауда белгілері
болып табылады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз
өзгертіледі. TP Vision кез келген уақытта
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісті
түрде реттеу міндетінсіз өнімдерді
өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
ТД-мен бірге қапталған жазулы материал
және ТД-дың жадында сақталған немесе
Philips веб-торабынан жүктелген
нұсқаулық жүйіні мақсатты пайдалануға
сәйкес келеді. Егер бұйым осы жерде
көрсетілгеннен басқа мақсатта
пайдаланылған болса, TP Vision
компаниясы бұйымның дұрыс жұмыс
істеуіне және қауіпсіздігіне кепілдік
бермейді.
TP Vision осы құжат мазмұнындағы кез
келген қателерге немесе осы құжат
мазмұнының нәтижесі ретінде шыққан кез
келген ақауларға жауапты емес. TP Vision
компаниясына жазылған қателер Philips
қолдау көрсету веб-торабына
мүмкіндігінше қысқа мерзімде орнатылады
және жарияланады.
Кепілдік шарттары
Кепілдеме шарттарын Philips қолдау
көрсету веб-торабынан жүктеуге
болады. ТД-ды өз бетіңізбен
жөндеуге әрекет етпеңіз, себебі
жарақат алу, ТД-ды зақымдау қаупі
бар немесе кепілдік күшін жояды!
KK 6
Қазақ
Теледидар мен аксессуарларды
өндіруші көрсеткен мақсаттарға ғана
пайдаланыңыз.
Теледидардың артқы жағындағы
ескерту белгісі ток соғу қаупінің бар
екенін білдіреді. Теледидардың артқы
қақпағын ешқашан алып тастамаңыз.
Қызмет көрсету немесе жөндеу үшін
әрқашан тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Осы нұсқаулықта нақты тыйым
салынған кез келген әрекет немесе
осы нұсқаулықта ұсынылмаған немесе
рұқсат берілмеген реттеу немесе
жинау процедуралары кепілдікті
жарамсыз етеді.
Пиксель сипаттамалары
Бұл СКД/ЖД өнімінде түрлі түсті
пикселдердің саны жоғары. Оның тиімді
пикселдері 99999% не одан көп
болғанымен, экранға қара дақтардың
немесе жарықтың ашық нүктелерінің
(қызыл, жасыл немесе көк) үнемі шығуы
мүмкін. Бұл дисплейдің құрылымдық
сипаты (жалпы өнеркәсіп стандарттары
шеңберінде) және ол ақаулық болып
саналмайды.
CE белгісімен үйлесімділік
Бұл өнім 2006/95/EC (төмен кернеу),
2004/108/EC (EMC) және 2011/65/EU
(ROHS) директиваларының тиісті
талаптары мен басқа да сәйкес
ережелеріне сәйкес келеді.
Электр магнитті өріспен (ЭМӨ)
үйлесімділігі
TP Vision тұтынушыларға арналған, басқа
электрондық құрылғылар сияқты, негізінде,
электр магнитті сигналдар шығаратын
және қабылдайтын қабілеті бар көп
өнімдер жасайды және сатады.
TP Vision компаниясының негізгі жұмыс
ұстанымдарының бірі біздің өнімдерімізге
барлық қажетті денсаулық және қауіпсіздік
шараларын сақтау, қолданыстағы барлық
заң талаптарын ұстану және өнімді жасау
кезінде қолданылатын ЭМӨ ішінде
сақтану болып табылады.
TP Vision компаниясына денсаулыққа кері
әсерлері жоқ өнімдерді дамыту, жасау
және сату тапсырылған. TP Vision
компаниясы өнімдер арналған мақсатқа
дұрыс пайдаланылса, олардың қазіргі
таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес
пайдалануға қауіпсіз екенін растайды.
Philips және TP Vision компаниясы
халықаралық ЭМӨ және қауіпсіздік
стандарттарын дамытуда белсенді рөл
атқарып, Philips компаниясының өз
өнімдеріндегі алдыңғы тұтастығы үшін
стандарттауды әрі қарай дамытуға
қатысуына мүмкіндік береді.
Ашық бастапқы бағдарламалық құрал
TP Vision Netherlands B.V. осы құжатпен
авторлық құқықтармен қорғалған берілген
өнімде пайдаланылатын ашық бастапқы
бағдарламалар пакеттеріне тиесілі толық
ресурстық кодтың көшірмесін сұрау
бойынша ұсынады. Бұл ұсыныс тиісті
лицензиялармен сұралады. Бұл ұсыныс осы
ақпаратты алу кезінде кез келген адамға
бұйым сатылған күннен бастап үш жылға
дейін жарамды. Бастапқы кодты алу үшін
ағылшынша мына мекенжайға жызыңыз:
«Intellectual Property Department, TP Vision
Netherlands B.V., P.O. Box 80077, 5600 KA
Eindhoven, The Netherlands».
KK 7
Сауда белгілер мен авторлық
құқықтар
Windows Media - тіркелген сауда белгісі
немесе Microsoft Корпорациясының
Америка Құрама Штаттарында
және/немесе басқа елдерде сауда белгісі.
Dolby зертханаларынан алынған лицензия
бойынша жасалған. «Dolby» және қос «D»
таңбасы – Dolby зертханаларының сауда
белгілері.
HDMI мен HDMI High-Definition
Multimedia Interface сөз тіркестері және
HDMI белгісі Америка Құрама
Штаттарындағы немесе басқа елдердегі
HDMI Licensing ЖШҚ сауда белгілері
немесе тіркелген сауда белгілері.
Kensington және Micro Saver — дүниежүзі
бойынша басқа елдерде берілген
тіркеулері және қарастырылып жатқан
өтініштері бар ACCO World Corporation
корпорациясының АҚШ-та тіркелген
сауда белгілері.
Барлық басқа тіркелген және тіркелмеген
сауда белгілері олардың тиісті иелерінің
меншігі болып табылады.
Тұрақтылық
Электр энергиясын үнемдеу
Бұл теледидар қуатты тиімді пайдалану
мүмкіндіктерімен жасалған. Осы
мүмкіндіктерге кіру үшін, қашықтан
басқару пультіндегі Жасыл түсті түйме
түймесін басыңыз.
Қуатты үнемдейтін сурет
параметрлері: қуатты үнемдейтін
сурет параметрлерінің жиынтығын
қолдануға болады. Теледидарды
көріп отырған кезде, Жасыл түсті
түйме түймесін басып, [Қоректі
үнемдеу] опциясын таңдаңыз. Одан
кейін, [Қоректі үнемдеу] сурет
параметрін таңдаңыз.
Экранды өшіру: теледидардан тек
дыбысты ғана тыңдағыңыз келсе,
теледидардың экранын өшіруге
болады. Басқа функциялар
әдеттегідей жұмыс істеуді
жалғастырады. Теледидарды көріп
отырған кезде, Жасыл түсті түйме
түймесін басып, [Экран өшірулі]
опциясын таңдаңыз.
Автоматты түрде өшіру: Қуатты
үнемдеу үшін, әрекетсіз күйден кейін
теледидарды автоматты түрде
өшіреді. Теледидарды көріп отырған
кезде, Жасыл түсті түйме түймесін
басып, [Автоматты өшіру] опциясын
таңдаңыз. Одан кейін теледидар
автоматты түрде өшірілетін кезеңді
таңдаңыз.
Белсенді емес құрылғыларды өшіру:
Қосылған белсенді емес EasyLink
HDMI-CEC (тұтынушыға арналған
электрондық басқару құралы)
үйлесімді құрылғыларын өшіреді.
Теледидарды көріп отырған кезде,
Жасыл түсті түйме түймесін басып,
[Әрекетсіз құрылғы өшірулі]
опциясын таңдаңыз.
KK 8
Қазақ
Қайта өңдеу
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымдың
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес
оралғанын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтыру жергілікті ережелерімен танысып
алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі
бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС
Еуропалық директивасына
сәйкестендірілген қондырылған қайта
жандандыруға болатын батарея бар, оны
кәдімгі тұрмыстық қалдық ретінде
лақтыруға болмайды. Батареяларды
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды
қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
көрсететін кері әсерлерден сақтайды.
Қуат белгісіl
Еуропалық қуат белгісі өнімнің қуат тұтыну
тобы туралы мәліметтер береді. Өнімнің
қуат тұтыну тобы тым жасыл болса, бұл
оның төмен деңгейде қуат тұтынатынын
білдіреді.
Белгіден қуатты тиімді тұтыну тобын,
қолданыстағы өнімнің қуат тұтынудың
орташа мәні мен 1 жылдық қуат
тұтынудың орташа мәнін табуға болады.
Өнімнің қуат тұтыну мәндерін, сондай-ақ,
еліңізге тиісті Philips веб-торабынан, яғни
www.philips.com/TV, табуға болады.
KK 9
Анықтама және қолдау
Philips веб-торабына кіру
Қосымша ақпарат алу үшін келесі Philips
қолдау веб-торабына кіріңіз:
www.philips.com/support.
Сондай-ақ, Philips компаниясының
тұтынушыларға техникалық қызмет
көрсету веб-торабынан келесі әрекеттерді
орындауға болады:
жиі қойылатын сұрақтардың
жауаптарын табу;
осы пайдаланушы нұсқаулығының
басып шығаруға болатын PDF
нұсқасын жүктеп алу;
электрондық пошта арқылы бізге
нақты сұрақ жіберу;
Philips TV тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығымен онлайн
режимінде сөйлесіңіз (тек белгілі
елдерде бар).
Philips байланыс мүмкіндігі
нұсқаулығын пайдалану
Пайдалануға оңай байланыс мүмкіндігі
нұсқаулығы теледидарды басқа
құрылғыларға қосу жолы бойынша бағыт
береді.
http://www.connectivityguide.philips.com
торабына кіріңіз.
Philips компаниясына хабарласу алдында,
теледидардың үлгісі мен сериялық нөмірін
жазып алыңыз. Бұл мәліметтерді
теледидардың артқы жағынан немесе
оның қорабынан таба аласыз.
ТД форумын іздеу
Сұрағыңызға пайдаланушылардың Philips
ТД қауымдастығымен бұрын жауап
қайтарылғаны мүмкін.
www.supportforum.philips.com торабына
кіріңіз.
Philips компаниясына хабарласу
Қолдау немесе күтім үшін еліңіздегі Philips
теледидары тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына хабарласуыңызға
болады. Нөмірі осы өніммен бірге
берілген қағазда жазылған не болмаса
www.philips.com/support торабында
көрсетілген.
KK 10
Қазақ
2 Теледидарды
пайдалану
Теледидардың басқару
элементтері
Сенсорлар және көрсеткіштер
1. (Күту режимі): теледидарды қосу
немесе оны күту режиміне ауыстыру.
1. Күту режимі көрсеткіші және
қашықтықтан басқару пультінің сенсоры
Күту ЖШД теледидар күту режимінде
тұрғанын көрсетеді. Қашықтан басқару
пультін сенсорға қарай бағыттаңыз.
Қашықтан басқару пульті мен теледидар
арасындағы жолда кедергінің жоқтығын
тексеріңіз.
Қашықтан басқару пульті
9. LIST: теледидар арнасы тізіміне кіру.
10. INFO: ағымдағы әрекет туралы
мәліметтерді көрсету.
11. ADJUST: теледидар параметрлерін
реттеу.
12. OPTIONS: ағымдағы қол жетімді
опцияларға кіру.
KK 11
13. (Арты): алдыңғы мәзір бетіне қайтып
оралады немесе теледидар функциясынан
шығады.
14. CH - / CH +: арналарды ауыстыру.
15. +/-(Дауысы): дыбыс деңгейін реттеу.
16. (Дауыссыз): дыбысты өшіру немесе
деңгейін қалпына келтіру.
17. Түрлі түсті түймелер: тапсырмаларды
не опцияларды таңдау.
Қызмет провайдері ұсынған қызметтерге
сәйкес келетін түймелер функциясы.
18. SUBTITLE: субтитрлерді қосу не өшіру.
19.0-9 (Санды түймелер): теледидар
арналарын таңдау не мәтін енгізу.
20.TEXT: телемәтінді қосу немесе
ажырату.
EasyLink басқару элементтері
Теледидарды HDMI-CEC арқылы
қосылатын құрылғыларға жалғасаңыз,
мысалы, Blu-ray ойнатқышы немесе үй
кинотеатры, оларды бір уақытта бір
қашықтан басқару құралымен басқаруға
болады. Қосылғаннан соң жай ғана
EasyLink торабына ауысып қосылыңыз.
ТД көру
Теледидарды қосу немесе өшіру
Теледидарды қосу
Теледидарды қуат розеткасына
қосып, желі қуатын қосыңыз.
Күту ЖШД жанып тұрса, қашықтан
басқару пультіндегі түймесін
басыңыз.
Ескертпе. Теледидар жауап беруден
бұрын қысқа кідіріс болады.
Кеңес. Қашықтан басқару пультін таба
алмай, теледидарды күту режимінен
қосқыңыз келсе, теледидардағы
түймесін басыңыз.
Теледидарды күту режиміне ауыстыру
Қашықтан басқару құралындағы түймесін
басыңыз.
Теледидардағы күту ЖШД қызыл түске
ауысады.
Ескертпе. Теледидар күту режимінде
болғанда не өшіп тұрғанда аз мөлшерде
қуат тұтынса да, ол біраз қуат жұмсайды.
Теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
оны негізгі қуат көзінен суырып алыңыз.
KK 12
Қазақ
Теледидардың дыбыс деңгейін
дұрыстау
Теледидардың дыбыс деңгейін
жоғарылату немесе төмендету
Сурет және дыбыс алдын ала
орнатылған параметрлерін пайдалану
Теледидар алдын ала анықталған сурет
және дыбыс параметрлерімен келеді. Осы
параметрлерді қолдануға немесе теңшеуге
болады.
Қалаған сурет параметрін таңдау
1. Теледидарды көріп отырған кезде
OPTIONSтүймесін басыңыз.
2. [Сурет және дыбыс] > [Сурет мәнері]
опцияларын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Опцияны таңдап, OK түймесін басыңыз:
[Жеке]: жеке сурет параметрлерін
қолдану.
[Жарқын]: күндіз көруге ең қолайлы
толыққанды әрі динамикалық
параметрлер.
[Табиғи]: табиғи сурет параметрлері.
[Стандартты]: көптеген орталарға
және бейне түрлеріне сәйкес келетін
әдепкі параметрлер.
[Фильм]: фильмдер үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Фотосурет]: фотосуреттер үшін ең
қолайлы параметрлер.
[Қоректі үнемдеу]: қуатты тиімді
үнемдейтін параметрлер.
Қалаған дыбыс параметрін таңдау
1. Теледидарды көріп отырған кезде
OPTIONSтүймесін басыңыз.
2. [Сурет және дыбыс] > [Дыбыс мәнері]
опцияларын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Опцияны таңдап, OK түймесін басыңыз:
[Жеке]: Жекелеген дыбыс
параметрлерін қолдану.
[Түпнұсқа]: көптеген орталарға және
дыбыс түрлеріне сәйкес келетін
параметрлер.
[Фильм]: фильмдер үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Музыка]: Музыка тыңдауға қолайлы
параметрлер.
[Ойын]: ойындар үшін ең қолайлы
параметрлер.
[Жаңалықтар]: жаңалықтар сияқты
ауызша дыбыс үшін ең қолайлы
параметрлер .
Сурет форматын өзгерту
Бейне көзіне сәйкестендіру үшін, сурет
форматын өзгертуге болады.
1. FORMAT түймесін басыңыз.
2. Сурет форматын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Қол жетімді сурет форматтары бейне
көзіне байланысты болады.
[Авто]: Сурет сапасын кіріс көзіне
сай реттеңіз.
[Қосымша ұлғайту] 4:3
таратылымдарының жан-жағындағы
қара жолақтарды кетіру. Қатты
дискіге немесе компьютерге
ұсынылмаған.
[Кино кеңейтімі 16:9]: 4:3 форматын
16:9 масштабына өзгерту. Қатты
дискіге немесе компьютерге
ұсынылмаған.
[Кең бейнебет]: Кең экранды формат
мазмұнын созбай көрсетеді. Қатты
дискіге немесе компьютерге
ұсынылмаған.
[Ауқымы анықталмаған]: Компьютер
үшін барынша толық мәлімет беру.
Сурет мәзірінде компьютер режимі
таңдалғанда ғана қол жетімді болады.
[4:3]: классикалық 4:3 форматында
көрсету.
Бағдарламалық
нұсқаулықты көру
Не істеуге болады
Хабар таратушылар берген бағдарлама
нұсқаулықтарын пайдаланып сандық
телеарналардың арна кестелерін және
бағдарлама синопсистерін қарай аласыз.
Бағдарлама нұсқаулығының қол жетімділігі
хабар таратушыға байланысты болады.
Арнаның бағдарлама нұсқаулығын келесі
жағдайда қарай алмайсыз:
KK 15
арнаның жас шектеуі теледидарда
орнатылған жас шектеуіне тең
немесе одан жоғары.
арна құлыптанған.
Хабар таратушыдан
Хабар таратушының бағдарлама
нұсқаулығына кіру
1. түймесін басыңыз.
2. [Теледидар нұсқаулығы]опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Бағдарламалық нұсқауды алғаш рет
қарап отырсаңыз, нұсқаулықты жаңарту
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Хабар таратушының бағдарлама
нұсқаулығын теңшеу
Көрсетілетін мәліметті реттеуге болады:
Бағдарламалар басталғанда еске салу.
Тек қалаған арналарды көрсету.
Дисплей күнін өзгерту.
Ескертпе: Параметрлер хабар
таратушыдан қол жетімді бағдарлама
ақпаратына байланысты әртүрлі болуы
мүмкін.