Nokia 1112 User's Guide [kk]

Nokia 1100i/1112
Пайдаланушының Нұсқаулығы
9255465
2-басылым
СӘЙКЕСТІК МАҒЛҰМДАМАСЫ
Осы қужат арқылы NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ RН-93 өнімі 1999/5/EC нұсқауларының маңызды талаптары мен басқа күрделі шарттарға сай екендігін мәлімдейміз. Сәйкестік мағлұмдамасының көшірмесін http://www.nokia.com/ phones/ declaration_of_conformity/ сайтынан табуға болады.
Доңғалақты қоқыс жәшігінің үстінен сызылған Еуропа Одағының аумағында бұл өнім қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін жеке қалдықтар жинайтын орынға апарып тасталуы тиіс екенін білдіреді. Бұл сіздің құрылғыңызға, сонымен қатар осы таңбамен белгіленген кез келген жасауларға қолданылады. Бұл өнімдерді сұрыпталмаған тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
Авторлық құқық© 2007 Nokia. Барлық құқықтары сақталған.
Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз осы құжатты немесе оның кез келген бөлігін кез келген түрде жаңғыртуға, табыстауға, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады.
US Patent No 5818437 and other pending patents. T9 text input software Copyright© 1997-2007. Tegic Communications, Inc. All rights reserved.
Nokia, Nokia Connecting People Nokia корпорациясының тауар
0434
белгілері немесе тіркелген тауар белгілері болып табылады. Осы құжатта көрсетілген басқа өнімдердің немесе компаниялардың атаулары тиісті иеленушілердің тауар белгілері немесе саудалық атаулары болуы мүмкін.
Nokia әуені Nokia корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады.
Nokia корпорациясы үздіксіз даму саясатын жүргізеді. Nokia корпорациясы осы құжатта суреттелген кез келген өнімді алдын ала құлақтандырусыз кез келген түрде өзгерту мен жетілдіру құқығын өзінде қалдырады.
Nokia корпорациясы кез келген деректер мен табыстардың жоғалғаны үшін немесе қандай себептен туындағанына қарамастан, кез келген қасақана, кездейсоқ, соңынан орын алған немесе жанама залал үшін жауапкершілік көтермейді.
Осы құжаттың мазмұны “сол күйінде” деген шартпен берілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, осы құжаттың дәлдігіне, сенімділігіне немесе мазмұнына қатысты басқа ешқандай айқын немесе болжалды кепілдіктер, соның ішінде (бірақ онымен шектелмей) коммерциялық құндылығы мен белгілі бір мақсатқа сайлығы жайында кепілдіктер берілмейді. Nokia корпорациясы осы құжаттың мазмұнын кез келген уақытта алдын ала құлақтандырусыз қайта қарау немесе өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Жекелеген өнімдердің бар-жоғы аймаққа байланысты болуы мүмкін. Nokia корпорациясының өзіңізге жақын орналасқан өкіліне хабарласыңыз.
Бұл құрылғының ішінде АҚШ және басқа елдердің экспорт заңдары мен ережелеріне бағынышты тауарлар, технология немесе бағдарламалық құрал болуы мүмкін. Заңға қайшы өзгерістерге тыйым салынады.
9255465/2-басылым
5
Мазмұны
Мазмұны
Қауіпсіздік талаптары ................................................... 7
Жалпы ақпарат .............................................................13
Ену кодтары....................................................................................13
Ортақ жад .......................................................................................14
1. Іске қосу ....................................................................15
Түймелер және бөлшектер ...........................................................15
SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз. .................................16
Аккумуляторды зарядтау ...............................................................17
Қосу немесе сөндіру ......................................................................18
Демонстрация режимі....................................................................19
Күту режиміндегі төте жолдар.......................................................19
Пернетақтаны құлыптаңыз ............................................................20
2. Телефон шалу функциялары ................................ 21
Телефон шалу және қоңырауды қабылдау .................................. 21
Дауыс зорайтқыш ...........................................................................22
3. Мәтін жазу ................................................................. 23
4. Меню функциялары
................................................ 25
Хабарлар .......................................................................................25
Контакттар ......................................................................................29
Қоңыр. тізілімі ................................................................................31
Баптаулар ......................................................................................32
6
Мазмұны
Сағат ..............................................................................................37
Ескертулер ....................................................................................38
Қосымшалар ..................................................................................39
SIM қызметтері .............................................................................. 41
5. Аккумулятор туралы ақпарат ............................... 42
Зарядтау және разрядтау. .............................................................42
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі
нұсқаулар ........................................................................................45
6. Жасаулар ..................................................................49
Күтім және қызмет көрсету ........................................ 50
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат ......................53
7

Қауіпсіздік талаптары

Қауіпсіздік талаптары
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Оларды орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ
Сымсыз телефонды пайдалануға тыйым салынған кезде немесе ол кедергі келтіруі, не болмаса қауіп төндіруі мүмкін болған кезде телефонды қоспаңыз.
АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ
Барлық жергілікті заңдардың талаптарын сақтаңыз. Көлік жүргізу кезінде оны басқару үшін қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі туралы ойлаңыз.
КЕДЕРГІ
Барлық сымсыз телефондар кедергіге сезімтал болуы мүмкін. Ол телефонның жұмысына әсер етуі мүмкін.
8
Қауіпсіздік талаптары
АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Медициналық жабдықтың жанында телефонды сөндіріңіз.
ҰШАҚТЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы мүмкін.
КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Телефонды май құю стансасында пайдаланбаңыз. Жанармай немесе химиялық заттардың жанында пайдаланбаңыз.
ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді орындаңыз. Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде пайдаланбаңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ОРНЫМЕН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Өнімнің құжаттамасында түсіндірілгендей тек қалыпты жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз. Антеннаға қажетсіз тие бермеңіз.
9
Қауіпсіздік талаптары
БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл бұйымды тек білікті қызметкер орнатуы немесе жөндеуі тиіс.
ЖАСАУЛАР МЕН АККУМУЛЯТОРЛАР
Тек қана рұқсат етілген жасаулар мен аккумуляторларды пайдаланыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
СУҒА ТӨЗІМСІЗДІК
Сіздің телефоныңыз суға төзімсіз. Оны құрғақ күйінде ұстаңыз.
ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР
Телефоныңызда сақтаулы барлық маңызды ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды ұмытпаңыз.
БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ
Кез келген басқа құрылғыға қосқан кезде қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар алу үшін бұйымның пайдалану жөніндегі нұсқаулығын оқыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
10
Қауіпсіздік талаптары
ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛУ
Телефонның қосулы болуын және жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етіңіз. Дисплейді тазалап, жұмысты бастау экранына оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз. Жедел қызмет нөмірін енгізіп, шақыру түймесін басыңыз. Қайда тұрғаныңызды хабарлаңыз. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
Қурылғыңыз туралы
Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы EGSM 900 және GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқалардың жеке өміріне қол сұқпауға қатысты және заңды құқықтарын сыйлаңыз.
Ескеру: Ескерту: Осы құрылғыдағы қоңыраулы сағаттан басқа қандай да бір мүмкіндіктерді пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға тиіс. Сымсыз құрылғыны пайдалану кедергі келтіруі
11
Қауіпсіздік талаптары
немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде телефонды қоспаңыз.
Желі қызметтері
Телефонды пайдалану үшін сізде сымсыз байланыс қызметін ұсынушының қызметі болуға тиіс. Осы құрылғыдағы мүмкіндіктердің көпшілігінің жұмыс істеуі сымсыз желідегі ерекшеліктерге байланысты. Аталмыш желі қызметтері желілердің барлығында бола бермеуі мүмкін немесе сіз желі қызметтерін пайдаланбастан бұрын қызмет ұсынушыңызбен арнайы келісім жасауыңыз керек болуы мүмкін. Қызмет ұсынушыңыз сізге оны пайдалану туралы қосымша нұсқаулар беріп, қандай тариф қолданылатынын түсіндіруі керек болуы мүмкін. Кейбір желілерде сіз желі қызметтерін қалай пайдалана алатыныңызға ықпалын тигізетін шектеулер болуы мүмкін. Мысалы, кейбір желілерде барлық тілдерге тән таңбалар мен қызметтер бола бермеуі мүмкін.
Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы кейбір мүмкіндіктердің пайдаланудан шығарылуын немесе іске қосылмауын талап етуі мүмкін. Ондай жағдайда олар құрылғының мәзірінде көрсетілмейді. Құрылғыңыз
12
Қауіпсіздік талаптары
сондай-ақ арнайы конфигурацияланған болуы мүмкін. Бұл конфигурацияның ішіне мәзір атауларының, мәзір тәртібінің және белгішелердің өзгерістері кіруі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Зарядтағыштар мен жасаулар
Аккумуляторды шығарып алар алдында әрдайым құрылғыны сөндіріп, зарядтағышты ажыратып алыңыз.
Осы құрылғымен бірге қолданар алдында кез келген зарядтағыштың моделінің нөмірін тексеріп алыңыз. Бұл ќұрылѓы AC-2, ACP-7 немесе АСР-12 зарядтаѓыштарынан ќорек алѓан кезде пайдалануѓа арналѓан.
Ескеру: Тек Nokia осы құрылғымен пайдалануға рұқсат берген аккумуляторларды, зарядтағыштарды және жасауларды ғана пайдаланыңыз. Кез келген басқа түрлерді пайдалану кез келген рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы және қауіпті болуы мүмкін.
Рұқсат етілген жасаулардың бар-жоғын білу үшін дилерден сұрап біліңіз.
13

Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

Ену кодтары

Телефон мен бірге берілген қауіпсіздік коды телефоныңыздың рұқсатсыз пайдаланылуынан қорғайді. Алдын-ала орнатылған коды - 12345
SIM картасымен бірге берілетін PIN код картаңызды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.
Баз біреу SIM карталарымен бірге берілетін PIN2 коды белгілі қызметтерге ену ушін қажет.
PUK мен PUK2 кодтары SIM картасымен бірге берілуі мүмкін. Егер PIN немесе PIN2 кодын қатарынан үш рет дұрыс енгізбесеңіз, сізден PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер олар сізде жоқ болса жергілікті қызмет ұсынушыңызбен байланысыңыз.
Телефоныңыз ену кодтары және қауіпсіздік баптамаларыдан пайдаланууны белгілеу ушін Меню >
Баптаулар > Қорғау баптаулары таңдаңыз.
14
Жалпы ақпарат

Ортақ жад

Осы құрылғыдағы келесі мүмкіндіктер жадты бірлесіп пайдалануы мүмкін: Хабарлар, Контакттар, және
Синтезатор. Бұл мүмкіндіктердің біреуін немесе
бірнешеуін пайдаланған кезде қалған мүмкіндіктерге арналған жад көлемі азаюы мүмкін. Мысалы, мәтітдерді көп сақталған кезде қолда бар жадтың барлық көлемі пайдаланылуы мүмкін. Ортақ жад ерекшелігін пайдалануға әрекеттенгеніңізде, құрылғыда жадтың толы екендігі туралы хабарлама көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда операцияны жалғастырар алдында ортақ жадта сақталған ақпараттың немесе жазбалардың біразын өшіріп тастаңыз. Контакттар сияқты кейбір мүмкіндіктерде басқа мүмкіндіктермен бірлесіп пайдаланатын жадтан басқа өздері үшін арнайы бөлінген жад орны болуы мүмкін.
15
Іске қосу

1. Іске қосу

Түймелер және бөлшектер

Телефон пайдалануға дайын тұрған кезде сіз қандай да бір таңбаларды енгізбестен бұрын ол күту режимінде тұрады.
Желі интенсивтігі (1) Аккумулятор зарядының
деңгейі (2) Таңдау түймелеріның
функциялары (3) Таңдау түймелері (4) Жылжу түймелері (5) Шақыру түймесі (6) Аяқтау түймесі мен қорек түймесі (7) Пернетақта (8)
16
Іске қосу

SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз.

Барлық SIM карталарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
SIM картасы қызметтерінің бар-жоғы және оны пайдалану туралы ақпарат алу үшін SIM картасын сатушыға хабарласыңыз. Бұл қызмет ұсынушы, желі операторы немесе басқа сатушы болуы мүмкін.
Бұл құрылғы BL-5CА аккумуляторымен бірге пайдалануға арналған.
Артқы қақпақты жиберетін түймені басып (1), соң артқы қақпақты ашып алыңыз (2, 3). Аккумуляторды телефонның тұтқасынан көтеріп шығарып алыңыз (4).
1.
17
Іске қосу
SIM картасының ұстағышын телефонның тұтқасынан абайлап көтеріп алыңыз (5). SIM картасының кетік жағын жоғарғы оң жаққа және жылтыратылған түйіспелі жағын төмен қаратып ұстауышға салыңыз (6). SIM картасының ұстағышын жауып (7), орнына бекіту үшін басыңыз. Аккумуляторды салыңыз (8, 9).

Аккумуляторды зарядтау

Зарядтағышты қабырға розеткасына қосыңыз.
Зарядтағышты телефонға қосыңыз. Аккумулятор көрсеткіштері шкаласы жылжій бастайды
Зарядталу мүмкін емес дислпейде көрсетілсе,
біраз күтіңіз, зарядтағышты ажыратып, және қосып қайталаңыз. Зарядтау сәтсіз болса дилерге хабарласыңыз.
2.
1.
2.
18
Іске қосу
Аккумулятор толыќ зарядталѓан кезде шкаланың жылжуі тоќтайды. Зарядтаѓышты телефон мен айнымалы токты ќабырѓа розеткасынан ажыратыңыз.

Қосу немесе сөндіру

Аяқтау түймесін басып бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.
Телефонды қалыпты жұмыс істеу күйінде пайдаланыңыз.
Құрылғыңыздың ішіне антенна орнатылған.
Ескертпе: Кез келген басқа радио таратушы құрылғы сияқты, осы құрылғы қосулы тұрған кезде де антеннаға қажетсіз тие бермеңіз. Антеннаға тию байланыс сапасына ықпал етеді және құрылғы әдеттегіден тыс жоғарырақ қуат деңгейінде жұмыс істейді. Құрылғы қосулы тұрған кезде антеннаның айналасына қол тигізбеуге тырысу антеннаның жұмысы мен аккумулятордың ұзақ қызмет етуін оңтайландырады.
3.
19
Іске қосу
Ескертпе: Бұл ұяға
тимеңіз, өйткені ол электростатикалық разрядтауға сезімтал.

Демонстрация режимі

Телефоныңыздың белгілі мүмкіндіктерін қалай істетуды көруіңіз мүмкін. SIM карта салынбаған болса Демо >
Негіздер, Әрі-қарай немесе Ойындар таңдаңыз.
SIM карта салынған болса Меню > Қосымшалар >
Демо > Негіздер немесе Әрі-қарай таңдаңыз.

Күту режиміндегі төте жолдар

Қоңыр. тізілімі-ге кіру үшін жоғары жылжыңыз. Контакттар-да сақталған аттар мен нөмірлерге ену
үшін төмен жылжыңыз. Хабаламаны жазу үшін солға жылыңыз. Демо режиміна кіру үшін оңға жылжыңыз Радионы активтендіру үшін * басып, ұстап тұрыңыз.
20
Іске қосу
Терілген нөмірлердің тізіміне кіру үшін шақыру түймесін бір рет басыңыз. Нөмірге телефон шалу үшін нөмірдің немесе аттың үстіне жылжып барып, шақыру түймесін басыңыз.

Пернетақтаны құлыптаңыз

Түймелер байқаусызда басылып кетпеуі үшін пернетақтаны құлыптап қою үшін
Меню таңдап жылдам * басыңыз;
пернетақта құлпын ашу үшін Бл. алу таңдап жылдам * басыңыз.
Пернетақта құлпы қосулы тұрған кезде құрылғыңызда бағдарламаланған ресми жедел қызмет нөміріне телефон шала беруге болады.
Жедел қызмет нөмірін енгізіп, шақыру түймесін басыңыз. Сіз енгізген жедел қызмет нөмірі экранда көрінбеуі мүмкін.
21
Телефон шалу функциялары

2. Телефон шалу функциялары

Телефон шалу және қоңырауды қабылдау

Қоңырауды соғу үшін келесілерді істеңіз:
Телефон нөмірді енгізіңіз, қажет болса аймақ менен. Ел кодын қажет болмаса енгізбеңіз.
Нөмірге телефон шалу үшін шақыру түймесін басыңыз. Байланыс кезінде динамик немесе құлақ аспабының даусыны көтеру үшін оңға төмендету үшін солға жылжыңыз
Кіретін қоңырауға жауап беру үшін шақыру түймесін басыңыз. Келіп түскен қоңырауды қабылдамау үшін аяқтау түймесін басыңыз.
1.
2.
22
Телефон шалу функциялары

Дауыс зорайтқыш

Егер бар болса байланыс кезінде дауыс зорайтқыш немесе құлақ аспабыдан пайдалану үшін Дб.күш. немесе Трубка таңдаңыз.
Ескеру: Дауыс зорайтқыш жұмыс істеп тұрған кезде телефонды құлағыңызға жақын ұстамаңыз, өйткені даусы тым қатты болуы мүмкін.
23
Мәтін жазу

3. Мәтін жазу

Мәтінды екі түрлі жолмен енгізуіңіз мүмкін: әдеттегі мәтін енгізу функциясының көмегімен немесе болжалды мәтін енгізу функциясын көмегімен .
Әдеттегі мәтін енгізу функциясыдан пайдаланған кезде керекті әріпі бар түймені әріп пайда болғанға дейін қайталап баса беріңіз.
Мәтін жазу кезінде болжалды мәтін енгізу функциясын қосу үшін Опц-р > Сөздік мен керекті тілді таңдап алыңыз, ал сөндіру үшін Опц-р > Сөздік өшірулі таңдаңыз.
Болжалды мәтін енгізу функциясын пайдалану үшін келесілерді істеңіз:
Керекті сөзді енгізу үшін әрбір түймені бір әріп үшін бір рет басыңыз.
Көрсетілген сөз сізге керекті болса 0 басып келесі сөзді жаза бастаңыз.
Сөзді өзгерту үшін * керекті сөз шыққані дейін қайталап баса беріңіз.
1.
2.
24
Мәтін жазу
Егер сөзден кейін ? белгісі пайда болса, сөздікте ондай сөздің болмағаны. Сөздікке сөзді қосу үшін
Жазыл. (жазылуын) таңдаңыз, сөзді (әдеттегі мәтін
енгізу арқылы) енгізіп, ОК таңдаңыз.
Әдеттегі мәтін енгізу функциясы және болжалды мәтін енгізу функциясы мен мәтін жазу бойынша кеңестер:
Бос орын қосу үшін 0 түймесін басыңыз. Мәтін енгізу методыны жылдам өзгерту үшін #
қайталап баса беріб дисплей жоғарысына қараңыз. Санды енгізу үшін керекті санды түймені басып,
ұстап тұрыңыз. Әдеттегі мәтін енгізу функциясын пайдалану кезінде
арнайы таңбалар тізімини алу үшін * басыңыз, не болмаса болжалды мәтін енгізу функциясын пайдалану кезінде * басып, ұстап тұрыңыз.
25
Меню функциялары

4. Меню функциялары

Күту режимінде Меню мен керекті меню және қосалқы менюді таңдаңыз. Ағымдағы менюден шығу үшін Шығу немесе Артқа таңдаңыз. Тікелей күту режиміне қайту үшін аяқтау түймесіне басыңыз.
Меню фунциялары немесе опциялары бәрісі бүл жерде сипатталмаған.

Хабарлар

Хабардың баптаулары
Хабарлама баптамаларыны редакциялау үшін Меню >
Хабарлар > Хабардың баптаулары таңдаңыз.
Мәтін және суретті хабарламаларды жіберу үшін керекті телефон нөмірлерді сақтау үшін Жіберу режимі > Хабар
орталығының нөмірі таңдаңыз. Бұл нөмірді қызмет
ұсынушыңыздан аласыз.
26
Меню функциялары
Мәтінды хабарламаны жіберуде толық немесе қысқа кодты орнату үшін Символдар кодтамасы (желі қызметі) > Толық немесе Қысқартылған таңдаңыз.
Сүзгіленген нөмірлер тізіміні көру немесе редакциялау үшін Тиым салу таңдаңыз.
Хабарды жазу
Құрылғыңызда бір хабарламаға арналған таңбалар шегінен тыс мәтінді хабарламалар жіберу қызметі бар. Ұзын хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар тізбегі түрінде жіберіледі. Қызмет ұсынушы соған сәйкес ақы алуы мүмкін. Екпін немесе басқа белгілер пайдаланылатын таңбалар мен қытай тілі сияқты кейбір тіл опцияларының таңбаларының алатын орны бір хабарламада жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Пайдалануға болатын таңбалардың саны мен көп бөлімді хабарламаның ағымдағы бөлігінің саны дисплейдің үстіңгі оң жағында көрсетіледі (мысалы, 917/1).
Меню > Хабарлар > Хабарды жазу таңдаңыз.
Хабарламаны жазыңыз.
1.
2.
27
Меню функциялары
Хабарламаны жіберу үшін Опц-р > Жіберу таңдап, алушының нөміріні енгізің да ОК таңдаңыз.
Ескертпе: Хабарламалар жіберіп жатқан кезде құрылғыда Хабар жіберілді деген жазу көрсетілуі мүмкін. Бұл хабарламаның сіздің құрылғыңызда бағдарламаланған хабарламалар орталығының нөміріне жіберілгендігін көрсетеді. Бұл хабарламаның жеткізілуі тиісті жерінде қабылданғандығын көрсетпейді. Хабарлама қызметтері туралы қосымша толық ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыдан сұрап біліңіз.
Мәтінды хабарламаны оқу
Сіз мәтінді хабарламалар алған кезде жаңа хабарламалардың саны және белгісі күту режимінде пайда болады.
Хабарламаларды дереу көру үшін Көрс. таңдаңыз не болмаса Меню > Хабарлар > Қабылдан-ғандар-де оларды кейінірек қөру үшін Шығу таңдаңыз.
3.
28
Меню функциялары
Жобалар және Жіберіл-гендер
Хабар. сақтау арқылы сақталған хабарламаларды Жобалар да көруіңыз мүмкін. Жіберілгендер-де сіз
жіберген хабарламалардың көшірмелеріні көруіңыз мүмкін.
Графикалық хабарлар
Ішінде суреттер бар хабарламаларды қабылдау және жіберуыңыз мүмкін (желі қызметі). Ішінде суреттер бар хабарламалар Қабылданғандар-да сақталған. Әр бір суретті хабарлама бірнеше мәтін хабарламаларыны енгизгеді. Сол себепті, бір суретті хабарламаның ақысы бір мәтін хабарламадан артық болуы мүмкін.
Ескертпе: Суретті хабарлама жіберу
функциясын тек желі операторында немесе қызмет ұсынушыда ондай қызмет болған жағдайда ғана пайдалануға болады. Суретті хабарламаларды тек суретті хабарлама мүмкіндіктері бар үйлесімді құрылғылар ғана қабылдап, көрсете алады. Хабарламаның көрінісі қабылдайтын құрылғыға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
29
Меню функциялары
Хабарларды жою
Оқылған хабарламалар барлығыны немесе папкадағы хабарламалар барлығыны өшіру үшін Меню >
Хабарлар > Хабарларды жою > Барл. оқылғ. немесе
керекті папканы таңдаңыз.

Контакттар

Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадына және SIM картасының жадына сақтауыңызға болады. Ішкі телефон кітапі 200 атқа дейін сақтай алады.
Атты немесе телефон нөмірді іздеу
Күту режимінде төмен жылжып аттың бірінші әріптерін енгізіңіз. Керекті аттқа шейін жылжыңыз.
Контакттар менюсында келесі опцияларды
пайдалануыңыз мүмкін:
Контактты қосу –Телефон кітапінда аттар мен
нөмірлерді сақтау үшін
30
Меню функциялары
Жою – аттарды және телефон нөмірлерді телефон
кітапындан бір-бірлеп немесе бірден өширу үшін.
Көшіру – аттар мен телефон нөмірлерін бірден немесе
бір-бірлеп ішкі телефон кітапынан SIM телефон кітапына көшіру үшін, немесе керісінше
Контактылер баптаулары
Меню > Контакттар > Баптаулар мен келесі
опциялардан таңдаңыз:
Ағымдағы жад – аттар және телефон нөмірлер Телефон
немесе SIM карта-да сақталуыны таңдаңыз. SIM картаны өзгертсеңіз SIM карта жад автоматты түрде таңдалады.
Контакттар көрінісі – аттар мен телефон нөмірлер
экранда қалай шығууны таңдау үшін. Жазбаның Ақпар-
т-ын Аттардың тізімі немесе Тек аты-ге орнатылған Контакттар көрінісі-да көрсеңіз, SIM карта жадында
сақталған ат немесе нөмір -де көрсетілген әрі телефон жадында сақталған ат немесе нөмір -де көрсетілген.
31
Меню функциялары
Жад қалпы – әр бір телефон кітапта неше ат бен
телефон нөмірлер сақталған және нешеуі сақталануы мүмкіндігіні тексеру үшін.

Қоңыр. тізілімі

Телефон жіберіп алған, қабылданған және терілген қоңыраулардың нөмірлері мен жіберіп алған және қабылданған хабарламадарың санын тіркеп отырады.
Телефон қосулы, желі қызмет аймағы ішінде болып және желі осы мүмкіндіктерді қолдаса телефон қабылданбаған және қабылданған қоңырауларды тіркеіді.
Қоңырау таймерлері
Соңғы телефон байланыстың, шалынған телефондардың бәрісінің немесе байланыстардың бәрісіның шамамен алынған ұзақтығыны көру үшін
Меню > Қоңыр. тізілімі > Байланыс ұзақтығы
таңдаңыз.
32
Меню функциялары
Таймерлерді бастапқы мәндеріне қою үшін Таймерлерді
нөлдеу таңдап, қауіпсіздік кодын енгізіп ОК таңдаңыз.
Ескертпе: Қызмет ұсынушы қамтамасыз
еткен байланыстар мен қызметтер үшін нақты төленетін ақы желі ерекшеліктеріне, есепті дөңгелектеу, салықтар және т.б. байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Баптаулар

Бұл менюда сіз әр түрлі телефон баптамаларіні реттеуыңыз мүмкін. Кейбір меню баптамаларіні бастапқы мәндеріне қою үшін Стд бапт-н қайтару таңдаңыз.
Үнді баптау
Меню > Баптаулар > Үнді баптау мен келесі
опциялардан таңдаңыз:
Қоңырау үні – кіретін қоңыраулардың үніні белгілеу үшін Қоңырау дауыс. – қоңырау және хабарламалар
белгісінің үнін даусын белгілеу үшін. Егер Қоңырау
дауыс. 2-ші деңгейге белгілесеңіз телефоныңыз даусы
33
Меню функциялары
1-ші деңгейден бастап кіретін қоңыраулардың деңгейіна шейін көтеріледі.
Виброқонырау –қоңырау немесе мәтінді хабарламаны қабылдағанда дірілдеуды белгілеу үшін
Хабар сигнал. үні –мәтінді хабарламаны қабылдағанда
дыбыс беруды баптау үшін
Ескерту үні –мысалы аккумулятор зарядкасы биткенде,
телефон дыбыс шығаруыны баптау
Дисплей баптаулары
Меню > Баптаулар > Дисплей баптаулары таңдаңыз.
Зарядты сақтау сағаты –телефонды цифрлы немесе
классикалық сағат бен бас меню иконкаларыны экран сақтағышда көрсетуды баптау үшін.
Режимдер
Қоңырау үндері мен экран сақтағышы сияқты белгілі мүмкіндіктер үшін өз қалауыңызға қарай профильдерді бейімдеуіңіз мүмкін.
34
Меню функциялары
Меню > Баптаулар > Режимдер мен өзгертірілетін
профильды және Баптау таңдаңыз.
Уақыт баптаулары
Сағатты көрсету немесе жасыру үшін, уақытты баптау немесе уақыт форматын редакциялау үшін Меню >
Баптаулар > Уақыт баптаулары > Сағат таңдаңыз.
Аккумулятор телефондан ажыратып алыңған болса уақыт бен күнды қайтадан баптауыңыз қажет болуы мүмкін.
Байланыс баптаулары
Меню > Баптаулар > Байланыс баптаулары таңдаңыз.
Кіретін қоңырауларды сіздің дауыстық пошта жәшігіңізге немесе басқа телефон нөмірге бұрып жіберу үшін
Қоңырауды аудару менен (желі қызметі) керекті бұрып
жіберу лпциясын таңдаңыз. Таңдалған бұрып жіберу опциясын орнату үшін Іске қосу және оны сөндіру үшін Болдырмау таңдаңыз; таңдалған опция белсенді болуын тексеру үшін Қалпын текс. таңдаңыз; белгілі бұрып жіберулердің кешігуын анықтап көрсету үшін
35
Меню функциялары
Кідірту уақыты таңдаңыз (бұрып жіберу опциялары
бәрісі үшін болмайды). Бір уақытта бірнеше бұрып жіберу опциялары істеуы мүмкін. Барл. дауыс
қоңырау-ы аудару активтендірілген болса күту
режимінде дисплейде көрсетіледі. Бұрып жіберу опциялардың бәрісіні сөндіру үшін Барлық аудармалар-
ды өшіру таңдаңыз.
Телефон нөміріңіз сіз телефон шалуатған кісіге көрінуыны немесе одан жасырынғаныны тексеру үшін
Өз нөміріңізді жіберу таңдаңыз (желі қызметі.
Телефон шалу әрекеті сәтсіз болғаннан кейін қайтадан байланысуға он ретге дейін әрекет жасау үшін телефонды баптау үшін Автоматты қайта теру таңдаңыз.
Сіз телефон арқылы сөйлесіп жатқан кезде желі келіп түскен қоңырау туралы сізді хабардар етуі үшін Қоңырау
күту қызметі таңдаңыз (желі қызметі).
Тіл баптаулары
Дисплейде шығатын мәтіндер үшін тілді таңдау үшін
Меню > Баптаулар > Тел. баптау-ры > Тіл таңдаңыз.
36
Меню функциялары
Құн баптаулары
Ескертпе: Қызмет ұсынушы қамтамасыз
еткен байланыстар мен қызметтер үшін нақты төленетін ақы желі ерекшеліктеріне, есепті дөңгелектеу, салықтар және т.б. байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Меню > Баптаулар > Құн баптаулары мен келесі
опциялардан таңдаңыз:
Төленг. кредит (желі қызметі) - алдындан төленген
кредит жөнінде ақпаратты көру үшін
Байланыс таймері - байланыс уақытыны көрсетуды
қосып-сөндіру үшін
Ұзақтығы - шамамен алынған байланыс уақытыны
белгілеуын қосып-сөндіру үшін
Ескертпе: Баланста тариф бірліктері немесе ақша бірліктері қалмаған кезде тек құрылғыда бағдарламаланған ресми жедел қызмет нөміріне ғана телефон шалуға болады.
37
Меню функциялары
Аксессуарлар баптауы
Меню > Баптаулар > Аксессуарлар баптауы >
Шағынгарн. немесе Тындауаппар. таңдаңыз.
Телефон кіретін қоңырауға 5 секундан соң автоматты түрде жауап беруі үшін Автоматты жауап таңдаңыз.
Аксессуарлар баптауларын менюдағы бөлігі олардан бірі телефонға қосылғаннан соң көрінеді.
Оңға таңдау түймесінің баптамалары
Күту режимінде сіз төте жолына кіру үшін Бару таңдауыңыз мүмкін. Төте жолдарда белгілеу немесе реттеу үшін Меню > Баптаулар > Оңға түйм-ң бапт-
уы таңдаңыз. Төте жол есепінде керекті функцияларды
таңдау үшін Таңдау опц. таңдаңыз; төте жолд тізімінде функциялар тәртібін өзгерту үшін Реттеу тағдағыз.

Сағат

Ояту уақытын орнату үшін Меню > Сағат >
Дабыл уақыты таңдаңыз. Ояту үнін орнату
үшін Дабыл үні таңдаңыз, ояту белгісі таңдап
38
Меню функциялары
алынған апта күндерінде бір рет немесе қайталап берілуы үшін Қайтал. дабыл таңдаңыз, және телефон уақытты сөйлеп айтуы үшін Сөйлейтін сағат таңдңыз. Ояту сигналы берілгенде оны сөндіру үшін Тоқт-у таңдаңыз немесе оны сөндіріп телефон 10 минуттан кейін дыбыстық сигналды қайтадан беруге баптау үшін
Кідірту таңдаңыз.
Құрылғы сөндірулі тұрған кезде қоңыраулы сағат шырылдайтын уақыт келгенде, ол өздігінен қосылып, қоңыраулы сағат дыбысын бере бастайды. Егер Тоқт-у таңдасаңыз, құрылғы құрылғыны байланыс үшін іске қосқыңыз келе ме деп сұрайды. Құрылғыны сөндіру үшін Жоқ опциясын таңдаңыз, не болмаса телефон шалып, қоңыраулар қабылдау үшін Иә опциясын таңдаңыз. Сымсыз телефонды пайдалану кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде Иә опциясын таңдамаңыз.

Ескертулер

Оятуда қысқаша мәтінді сақтау ушін Меню >
Ескертулер > Жаңасын қосу таңдаңыз.
Ескертуші уақыты жеткенде ояту дыбысыны сөндіру
39
Меню функциялары
үшін Шығу немесе телефон 10 минуттан кейін дыбыстық сигналды қайтадан беруы үшін Кейін таңдаңыз.

Қосымшалар

Калькулятор
Ескертпе: Калькулятордың дәлдігі шектеулі
және ол қарапайым есептеу амалдарын орындауға арналған.
Меню > Қосымшалар > Калькулятор таңдаңыз.
Цифрларды еңгізу үшін 0 ден 9 дейін басыңыз әрі ондық бөлшек үтірін қою үшін # басыңыз. Еңгізілген нөмірдің белгісіні қзгерту үшін * таңдаңыз.
+, -, x, немесе / енгізу үшін жоғары немесе төмен жылжыңыз.
Қажет болса 1 мен 2-қадамдарды қайталаңыз. Нәтижені көру үшін Тең таңдаңыз.
1.
2.
3.
4.
40
Меню функциялары
Аудару құралы
Турлі өлшем бірліктеріні аударуіңіз мүмкін.
Меню > Қосымшалар > Аудару құралы таңдаңыз. Соңғы
5 аударуларды көру үшін осын таңдаңыз Соңғы 5 ауд.. Алты алдын-ала анықталған бірлік катергорияларын таңдауыңыз мүмкін.
Өздік аударуларды қосу үшін Менің аударм. таңдаңыз. Аударуда аудару бірліктерінің орындарыны ауыстыру
үшін жоғары немесе төмен жылжыңыз.
Сазгер
Меню > Қосымшалар > Синтезатор
мен дыбысты таңдаңыз. Өз қоңырау үндеріңызды жасауығыз мүмкін. Мысалы f нотасы үшін 4 басыңыз. Нотаның немесе қалғандардың ұзақтығыны қысқарту (-) үшін 8 әрі ұзарту (+) үшін 9 басыңыз. Тынысты еңгізу үшін 0, октаваны баптау үшін *, әрі нотані көтеру үшін # басыңыз (e және b ноталары үшін болмайды).
41
Меню функциялары
Үн аяқталғанда Опц-р > Ойнату, Сақтау, Қарқыны,
Жіберу, Экран. босату немесе Шығу таңдаңыз.
Қолданбаларға қосалқы режимде жұмыс істетіп қою аккумулятор қуатының тұтынылуын арттырып, аккумулятордың қызмет ету мерзімін азайтады.

SIM қызметтері

Сіздің SIM картаңыз сізге қосымша қызметтерді ұсынуы мүмікн. Бұл меню тек сіздің SIM картаңызда бар болған жағдайда ғана көрсетіледі. Меню атауы мен мазмұны SIM картасына байланысты.
Бұл туралы толық ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызбен байланысыңыз.
42
Аккумулятор туралы ақпарат

5. Аккумулятор туралы ақпарат

Зарядтау және разрядтау.

Құрылғыңыз қайта зарядталатын аккумулятордан қуат алады. Жаңа батареяның толық өнімділігіне екі немесе үш рет толық зарядтау-разрядтау циклінен кейін қол жеткізіледі. Аккумуляторды жүздеген рет зарядтап, разрядтауға болады, бірақ ол ақырында тозады. Сөйлесу және күту режимдері әдеттегіден едәуір қысқа болған кезде аккумуляторды ауыстырыңыз. Тек Nokia рұқсат берген аккумуляторларды пайдаланыңыз және аккумуляторды тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырылмалы аккумулятор бірінші рет пайдаланылған немесе аккумулятор ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін алдымен зарядтағышты жалғап, содан ажыратып, қайтадан жалғау қажет болуы мүмкін.
43
Аккумулятор туралы ақпарат
Пайдаланылмаған кезде зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған аккумуляторды зарядтағышқа қосылған күйінде қалдырмаңыз, өйткені шамадан тыс зарядтау оның қызмет ету мерзімін азайтып жіберуі мүмкін. Егер пайдаланусыз қалатын болса, толық зарядталған аккумулятор уақыт өте келе өзінің зарядын жоғалтады.
Егер аккумулятордың заряды толығымен босаған болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін болғанша бірнеше минут керек болуы мүмкін.
Аккумуляторды тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған зарядтағышты немесе аккумуляторды пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды қысқаша тұйықтамаңыз. Кездейсоқ қысқаша тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе қалам сияқты металл зат аккумулятордың оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде орын алуы мүмкін. (Полюстер аккумулятордың үстіндегі металл жолақшаларға ұқсайды.) Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосалқы аккумулятор алып жүрген кезде орын алуы мүмкін.
44
Аккумулятор туралы ақпарат
Полюстерді қысқаша тұйықтау аккумуляторды немесе байланыстырғыш затты зақымдауы мүмкін.
Аккумуляторды жазғы немесе қысқы кездердегі жабық машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру аккумулятордың қуаты мен қызмет ету мерзімін азайтады. Аккумуляторды әрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) аралығындағы температурада сақтауға тырысыңыз. Ыстық немесе суық аккумулятор салынған құрылғы тіпті аккумулятор толық зарядталғанның өзінде уақытша жұмыс істей алмауы мүмкін. Аккумулятордың өнімділігі әсіресе қату нүктесінен төмен температураларда шектеледі.
Аккумуляторларды отқа тастамаңыз, өйткені олар жарылуы мүмкін. Аккумуляторлар сонымен қатар жарылған жағдайда да жарылуы мүмкін. Аккумуляторларды жергілікті ережелерге сәйкес пайдаға асырыңыз. Мүмкін болған кезде қайта пайдаланыңыз. Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
45

Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар

Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Nokia фирмалық аккумуляторын алғаныңызды тексеру үшін оны nokia уәкілетті дилерінен сатып алыңыз, орамынан «nokia original enhancements» (nokia фирмалық жасаулары) логотипін іздеңіз және голограммалы этикеткасын келесі қадамдарды орындай отырып тексеріңіз:
Төрт қадамның сәтті орындалуы аккумулятордың шынайылығының толық куәландырылғандығын көрсетпейді. Аккумуляторыңыз Nokia өзіндік аккумуляторы емес деп есептеуіңізге қандай да бір негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз және ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз жөн. Nokia уәкілетті қызмет көрсету орны немесе дилері аккумулятордың шынайылығын тексеріп береді. Егер шынайылығын куәландыру мүмкін болмаса, аккумуляторды сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.
46
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
Голограмманың шынайылығын растау
Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары қисайтқан кезде әрбір бұрышынан сәйкесінше 1, 2, 3 және 4 нүкте көруге тиіссіз.
20 санды кодты, мысалы 12345678919876543210, ашу үшін этикетканың жанын тырнаңыз. Аккумулятордың санды жағын жоғары қаратыңыз. 20 санды код үстіңгі қатардағы саннан бастап төменгі қатардағы санға қарай оқылады.
1.
2.
3.
47
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
20 санды кодтың жарамдылығын www.nokia.com/batterycheck сайт бетіндегі нұсқауларды орындай отырып растаңыз.
Мәтінді хабарлама құру үшін 20 санды кодты, мысалы, 12345678919876543210, енгізіп, +44 7786 200276 нөміріне жіберіңіз.
Жергілікті және халықаралық операторлар қызметтерінің ақылары алынады.
Кодтың шынайылығын растау мүмкін немесе мүмкін емес екендігі туралы хабарлама алуға тиіссіз.
Аккумулятор шынайы болмаса не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia аккумуляторының шынайылығын растай алмасаңыз, аккумуляторды пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Өндіруші мақұлдамаған аккумуляторды пайдалану қауіпті болуы және құрылғыңыз бен оның жасауларының жұмысының
4.
48
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
нашарлауына және зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл сондай-ақ құрылғыға қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Nokia корпорациясының фирмалық аккумуляторлары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/ battery бетін қараңыз.
49
Жасаулар

6. Жасаулар

Керек-жарақтар мен жасаулар туралы біраз пайдалы ереже:
Аксессуарлыр мен жасаулардың барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Кез келген керек-жарақты немесе жасауды қорек көзінен ажыратқан кезде, оның сымынан емес, ашасынан ұстап суырыңыз.
Көлікке орнатылған жасаулардың дұрыс орнатылып, жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
Кез келген күрделі көлік жасауларын білікті қызметкерлер орнатуға тиіс.
50

Күтім және қызмет көрсету

Күтім және қызмет көрсету
Құрылғыңыз және шеберлік өнімі болып табылады және ұқыпты ұстауды керек етеді. Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
Құрылғыны құрғақ күйінде ұстаңыз. Жауын­шашынның, ылғалдылықтың және сұйықтықтар мен ылғалдың басқа түрлерінің құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Құрылғы суланса, оны ауыстырар алдында аккумуляторды шығарып алып, құрылғыны әбден құрғатыңыз.
Құрылғыны шаң басқан, ластанған жерлерде пайдаланушы немесе сақтаушы болмаңыз. Оның ауыстырылмалы бөліктері мен электрондық компоненттері зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары температура электрондық құрылғылардың қызмет ету мерзімін қысқартуы, аккумуляторларды зақымдауы және кейбір пластмасса бөлшектердің қалпын бұзуы немесе оларды балқытып жіберуі мүмкін.
51
Күтім және қызмет көрсету
Құрылғыны суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температурасына қайтқан кезде құрылғының ішінде ылғал түзіліп, электрондық схема тақташаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Дөрекі ұстау салдарынан ішкі схема тақташалары мен жұқа механизмдер сынуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін қатты химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын пайдаланбаңыз.
Құрылғыны боямаңыз. Бояу құрылғының ауыстырылмалы бөлшектері мен дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Тек қана жинақпен жеткізілген немесе мақұлданған қосалқы антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсатсыз антенналар, түр өзгерістері немесе қосымшалар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларын пайдалануды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
Зарядтағыштарды жабық жайда пайдаланыңыз. Құрылғыны жөндеу орнына берер алдында әрдайым
сақтағыңыз келген ақпараттың (жазбалар мен
52
Күтім және қызмет көрсету
күнтізбе ескертушілері сияқты) қосалқы көшірмесін жасап жүріңіз.
Жоғарыдағы ұсыныстардың барлығы құрылғыға, аккумуляторға, зарядтағышқа немесе кез келген жасауға бірдей қолданылады. Егер қандай да бір құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрса, оны жөндеу үшін ең жақын орналасқан уәкілетті қызмет көрсету орнына апарыңыз.
53

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Құрылғыда немесе оның жасауларында ұсақ бөлшектер болуы мүмкін. Оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жұмыс істеу ортасы
Кез келген аймақта қолданылатын кез келген арнайы ережелердің талаптарын орындаңыз және құрылғыны пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде оны әрдайым сөндіріңіз. Құрылғыны қалыпты жұмыс істеу күйінде пайдаланыңыз. Бұл құрылғы не құлаққа қатысты қалыпты пайдалану жағдайында пайдаланылған, не денеден кемінде 1,5 сантиметр (0,6 дюйм) алшақ тұрған кезде радиожиілік әсері туралы нұсқауларға сай болады. Тасып жүрген кезде жұмыс істету үшін тасымалы сөмке, белдікке қыстырғыш немесе ұстағыш пайдаланылған кезде, оның құрамында металл болмауы тиіс және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстауға тиіс.
54
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Дерек файлдары мен хабарламалар алмасуы үшін құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын қажет етеді. Кейбір жағдайларда дерек файлдары немесе хабарламалары мұндай қосылу пайда болғанша кешігуі мүмкін. Деректер алмасуы аяқталғанға дейін жоғарыда аталған арақашықтық нұсқауларының орындалуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады. Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Кредит карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау құралдарын құрылғының жанына қоймаңыз, өйткені оларда сақтаулы ақпарат өшіріліп қалуы мүмкін.
Медициналық құрылғылар
Кез келген радио таратушы жабдықтың, соның ішінде сымсыз телефондардың жұмысы тиісті шамада қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғы сыртқы радиожиілік энергиясынан тиісті шамада қорғалғандығы туралы немесе сізде қандай да бір сұрақ бар болса, терапевт дәрігермен немесе құрылғының өндірушісімен кеңесіңіз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ілініп қойған ережелер бойынша осылай істеуге нұсқау
55
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
берілген болса, бұл жерлерде құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Ауруханаларда немесе денсаулық сақтау мекмелерінде сыртқы радиожиілік энергиясына сезімтал жабдық пайдаланылуы мүмкін.
Кардиостимуляторлар
Кардиостимулятор өндірушілері кардиостимулятордың кедергісі туындау мүмкіндігінен аман болу үшін сымсыз телефон мен кардиостимулятордың арасында кемінде 15,3 см (6 дюйм) арақашықтық сақталуын ұсынады. Бұл ұсыныстар сымсыз технологияларды зерттеу институты жүргізген тәуелсіз зерттеулерге және оның ұсыныстарына сай. Кардиостимуляторлары бар кісілер:
Әрдайым телефонды кардиостимулятордан 15,3 см (6 дюйм) қашықтықта ұстағандары;
Телефонды төс қалтаға салып жүрмегендері Кедергі әлеуетін азайту үшін телефонды
кардиостимуляторға қарама-қарсы құлағына ұстағандары жөн.
Егер кедергіден сезіктенсеңіз, құрылғыны сөндіріп, басқа жаққа әкетіңіз.
56
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Есту құралдары
Кейбір цифрлы сымсыз құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергі пайда болса, қызмет ұсынуға хабарласыңыз.
Көлік құралдары
Радио сигналдары моторлы көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе тиісті шамада қорғалмаған электрондық жанармай бүрку жүйелері, бұғатталуға қарсы тежеу жүйелері, электронды жылдамдық реттеу жүйелері, пневматикалық жастықша жүйелері сияқты электронды жүйелерге әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты үшін кез келген жабдықтың өндірушісінен немесе оның өкілінен тексеріп біліңіз.
Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетуі немесе оны көлікке орнатуы тиіс. Ақаумен орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы және құрылғыға қолданылуы мүмкін кез келген кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдық дұрыс орнатылып, жұмыс істеуін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз. Құрылғы, оның бөлшектері немесе жасаулары сақталған бөлімдерге жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе жарылғыш заттарды сақтап, тасымалдаушы
57
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
болмаңыз. Пневматикалық жастықшамен жабдықталған көліктерде пневматикалық жастықшалар үлкен күшпен үрленіп толатынын есте сақтаңыз. Заттарды, соның ішінде орнатылған немесе тасымалы сымсыз жабдықты пневматикалық жастықшадан жоғары жерге немесе пневматикалық жастықша орналасатын жерге қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс орнатылмаған болса, пневматикалық жастықша үрленген кезде ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде телеқұрылғыларды пайдалану ұшақтың жұмысына қауіп төндіріп, сымсыз телефон желісін үзуі және заңсыз болуы мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар
Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға әдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге
58
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары, оларды сақтау және тарату орындары, химиялық зауыттар немесе жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтардағы радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бұл аймақтарға кеме палубалары, химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау құрылыстары, сұйылтылған мұнай газымен (пропан немесе бутан сияқты) жүретін көлік құралдары және ауасының құрамында химиялық заттар немесе түйіршік, шаң немесе металл тозаңдары сияқты бөлшектер бар аймақтар жатады.
Жедел қызметіне қоңыраулар
Маңызды: Сымсыз телефондар, соның
ішінде осы құрылғы радиосигналдарды, сымсыз желіні, жер үсті байланыс желісін және пайдаланушымен бағдарланатын функцияларды пайдалана отырып қызмет етеді. Осыған байланысты барлық жағдайларда
59
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
байланыс орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес. Жедел медициналық жәрдем сияқты маңызды байланыстар үшін еш уақытта кез келген сымсыз құрылғыға сенім арта бермегеніңіз жөн.
Жедел телефон шалу үшін:
Қурылғы қосулы болмаса оны қосыңыз. Тиісті сигнал қарқындылығын тексеріңіз. Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасы тиісті түрде салынуын талап етуі мүмкін.
Дисплейді тазалап, жұмысты бастау экранына оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз.
Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері әр жерде әр түрлі болуы мүмкін.
Шақыру түймесін басыңыз.
Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді сөндіруіңіз қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін осы нұсқаулыққа немесе қызмет ұсынушыға жүгініңіз.
1.
2.
3.
4.
60
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Оқиға болған жерде сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс құралы болуы мүмкін. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
Сертификаттау туралы ақпарат (SAR)
БҰЛ ҚУРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРЫНЫҢ ӘСЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙ.
Сіздің құрылғыңыз радио сигналдарын жіберіп, қабылдайды. Ол халықаралық ережелерде (ICNIRP) ұсынылған радио толқындарның әсерінің шектерінен аспайтын етіп жобаланған. Бұл ережелер тәуелсіз ғылыми ұйымдар ICNIRP арқылы өнделген және жасына және денсаулық жағдайына қарамастан барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған елеулі сенімділік қорын қамтиды.
Тасымалы құрылғылар үшін әсер ету нормативі ретінде меншікті сәулелену коэффициенті немесе МСК деп аталатын өлшем бірлігі қолданылады. ICNIRP ережелериде көрсетілген МСК шегі дене тінінің 10
61
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
грамы бойынша орташаланған 2,0 ватт/килограмды (Вт/кг)* құрайды. МСК сынақтары барлық тексерілген жиілік ауқымдарында құрылғының ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейімен ол сигнал жіберіп жатқан кезде стандартты жұмыс істету жағдайларының көмегімен жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге қажетті қуатты ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп тұрған құрылғының нақты МСК деңгейі ең жоғарғы мәннен төмен болуы мүмкін. Бұл мөлшер сіздің желі негізгі стансасына қаншалықты жақын тұрғаныңыз сияқты бірнеше факторларға байланысты өзгеріп отырады. Өнімді құлаққа қойып сынау арқылы сертификаттау кезіндегі ICNIRP ережелері бойынша берілген ең жоғарғы МСК мәні 0,78 Вт/кг құрайды.
Құрылғының керек-жарақтары мен жасаулары пайдаланылған кезде МСК мәндері әр түрлі болуы мүмкін. МСК мәндері мемлекеттік деректер жіберу және сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік ауқымына қарай әр түрлі болуы мүмкін. МСК туралы қосымша ақпарат www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат бөлімінен алуға болады.
Loading...