KITCHENAID KRXF 9035 User Manual [kk]

Қолдану нұсқаулықтары
Құрылғыны қолданар алдында 4 Қоршаған ортаны сақтау 4 Мұз және/немесе су диспенсерін тазалау, залалсыздандыру және күтіп
ұстау (егер бар болса) 4 Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6 Су жүйесін жалғау 7 Негізгі сипаттамалары 7 Негізгі құрамдас бөлшектері 8 Электрондық басқару 9 Басты басқару панелі 9 Динамикалық 0° басқару панелі 10 Қосу және өшіру 11 Температураны түрлі талаптарға сай реттеу 12 Мұз жасағышты іске қосу 12 Дисплейдегі ақпарат және ақаулық хабарламалары 12 Баптау және тіл реттеулері 13 Мәзір арқылы іске қосылатын ерекше қызметтер 14 Мәзірдің негізгі реттеулері 18 Ішкі құрылымы (орналастыру, реттеу, алып шығу) 21 Мұз жасағышты іске қосу және қолдану 22 Су сүзгісі 23 Жарықтандыру 23 Жалпы кеңестер 24 Көп температуралы бөлімше 24 Тағамның жақсы қасиеттерін сақтау 25 Балғын тағамдарды сақтау кеңестері 26 Мұздатылған тағамдарды сақтау кеңестері 27 Тағамды сақтау уақытына қатысты кеңестер 27 Күту және тазалау 28 Желдету торын, сүзгіні және конденсаторды тазалау 29 Ішкі тазалау 29 Ақаулықтарды жою нұсқаулығы 30 Дисплейде пайда болатын ақаулық хабарламалары 31 Кепілді қызмет көрсету 32 Мәзір картасы - Қызметтері 33 Мәзір картасы - Реттеу 34
4
• Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға жəне төмендегі орталарда қолдануға арналған:
- дүкендерде, кеңселерде жəне басқа жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер аймағында;
- фермаларда жəне конақ үй, мейманхана жəне басқа да тұрғын үй тектес мекемелердің клиенттеріне;
- жатақ жəне таңғы ас тектес орындарда;
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз. Болашақта қолдану үшін осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның зақымданбағанына жəне есігінің дұрыс жабылатындығына көз
жеткізіңіз. Кез келген зақым жайлы, құрылғы жеткізілгеннен кейін, сатушыға 24 сағат ішінде хабарлау қажет.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай дайындығына сенімді болу үшін, құрылғыны екі сағаттан соң ғана іске қосыңыз.
3. Құрылғыны орнатуды жəне электр желісіне жалғауды өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техник маман іске асыруға тиіс.
4. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін тазалап алыңыз.
Құрылғыны қолданар алдында
1. Қаптау
Қаптау материалы 100% қайта өңделмелі жəне қайта өңдеу белгісімен таңбаланған . Жою барысында жергілікті нормативтік ережелерді сақтаңыз. Орауыш материалдарын (пластмасса қаптар, полистиролдан жасалған бөлшектер, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі олар ықтимал қатер көзі болып табылады.
2. Арылу/Жою
Құрылғы өңделетін материалдан жасалған. Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сəйкес таңбаланған. Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері əсерді азайтуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе оған қоса берілетін құжаттардағы мына белгі осы құрылғының тұрмыстық қалдық ретінде тасталмауға тиіс екенін, электрлік жəне электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына тапсырылуға тиіс екенін білдіреді. Құрылғыдан арылған кезде балалар ішіне оңай кіріп қамалып қалмас үшін, оның есіктерін, сөрелерін жəне қуат сымын жарамсыз етіп кесіп тастаңыз. Құрылғыдан арылған кезде, қалдықты жоюға қатысты жергілікті нормативтік ережелерді сақтап, арнайы жинау орталығына өткізіңіз; құрылғыны бірнеше күнге де қараусыз қалдырмаңыз, себебі ол балалар үшін ықтималды қауіп көзі болып табылады. Осы құрылғыны қолдану, қалпына келтіру жəне қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті құзырлы мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе осы құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Ақпарат:
Бұл құрылғының құрамында хлорфтор көміртегі жоқ. Тоңазытқыш зат айналымының құрамына R134a (HFC) немесе R600a (HC) кіреді (құрылғының ішіндегі техникалық кестені қараңыз). Изобутаны (R600a) бар құрылғы: изобутан қоршаған ортаға ықпал етпейтін табиғи газ болып табылады, бірақ ол жанғыш болып келеді. Сол себепті, тоңазытқыш зат айналымының түтіктерінің зақымданбағандығына көз жеткізіңіз. Бұл өнімнің құрамында Киото протоколында қарастырылған Фторлы Жылыжай Газы болуы мүмкін; тоңазытқыш газ саңылаусыз түрде жабылған жүйе ішінде орналасқан.Тоңазытқыш газ: R134a газының Жаһандық Жылыну Шамасы (ЖЖШ) бойынша көрсеткіші - 1300.
Қоршаған ортаны сақтау
5
Сәйкестік сертификаты
• Бұл құрылғы тағам сақтау үшін құрастырылған жəне № 1935/2004 Ережесіне (CE) сəйкес
өндірілген.
• Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға сəйкес жасақталған, жасап шығарылған жəне нарыққа
ұсынылған:
- “Төмен кернеу” туралы 2006/95/CE нұсқауларының (73/23/CEE жəне оның кейінгі өзгертулерінің орнына жүреді) қауіпсіздік нысаналары;
- “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының қауіпсіздік талаптары.
Құрылғы мақұлданған жерге тұйықтау жүйесіне дұрыс жалғанған кезде ғана электрлік қауіпсіздікке кепіл беруге болады.
Қоршаған ортаны сақтау
Зарарсыздандыруға қатысты нұсқауларды орындамау берілетін судың тазалық тұрғысынан қауіпсіз болуына кері әсер етуі мүмкін.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланған кезде жəне сүзгіні ауыстырған сайын суды 6-7 минут ағызуға тең келетін алғашқы 9-14 литрін төгіп тастаңыз (міндетті түрде кезегімен емес, бірақ алғаш тұтынардан бұрын) да, алғашқы 24 сағатта қатқан мұзды төгіп тастаңыз.
• Егер су диспенсері 4/5 күннен астам пайдаланылмаған болса, айналымды тазалап, судың алғашқы литрін төгіп тастаған дұрыс.
• Алмалы су диспенсерін (егер бар болса) таза қолмен қайта орнатыңыз.
• Мұз шелегін немесе тартпасын тек ауыз суын қолданып жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
• Сүзгі басқару панелінде көрсетілген кезде немесе мұз/су диспенсері 30 күннен астам уақыт бойы пайдаланылмаған кезде сүзгіні ауыстыру қажет.
• Сүзгіні ауыстырған сайын тағам өнімдеріне жарайтын зарарсыздандырғыш заттың (құрамында натрий гипохлорит бар) көмегімен (ол материалдардың сипаттарын өзгертпейді) мұз жəне/немесе су тарату жүйесін тазалаңыз немесе кепілді қызмет көрсету орталығынан алуға болатын “Зарарсыздандыру жинағын” пайдаланыңыз. Қолданбас бұрын кем дегенде 2 литр сумен шайыңыз.
• Мұз бен су диспенсеріндегі құрамдас бөлшектерді ауыстырған кезде, тек өндіруші жеткізетін қосалқы бөлшектерді пайдалану қажет.
• Құрылғыда жүргізілетін кез келген жұмысты білікті техник немесе кепілді қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Мұз және/немесе су диспенсерін тазалау, залалсыздандыру және күтіп ұстау
(егер бар болса)
6
ОРНАТУ
• Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы жəне орнатуы тиіс.
• Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз.
• Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз.
• Құрылғының жылу көзінің жанында орналаспағанына көз жеткізіңіз.
• Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғының екі жағында жəне төбесінде бос кеңістік қалдырыңыз жəне орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
• Құрылғының желдету қуыстарын ашық күйде қалдырыңыз.
• Құрылғының тоңазытқыш затының айналым түтіктерін зақымдап алмаңыз.
• Құрылғыны оның салмағын көтере алатын мейілінше мықты еденге жəне оның көлемі мен қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
• Құрылғыны құрғақ əрі жақсы желденетін жерге орнатыңыз. Бұл құрылғы техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа сəйкес төмендегі ауқымдағы температурасы бар жерлерде жұмыс істеуге арналып жасалған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Техникалық кестеде көрсетілген кернеу мөлшері сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз.
• Суды жалғау үшін жаңа құрылғымен бірге жүретін түтікті қолданыңыз; əуелгі құрылғының түтігін қолданбаңыз.
• Қуат сымын өзгертуді немесе ауыстыруды білікті қызметкерлер немесе Кепілді қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғыны қуат көзінен ашасын суыру арқылы немесе ұяшықтың жоғары жағынан орнатылған электр желісінің екі полюсті қосқышының көмегімен ажырату мүмкін болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК
• Ішінде жанғыш заты бар бүріккіш қалбырлар сияқты жарылғыш заттарды осы құрылғының ішінде сақтауға болмайды.
• Осы немесе өзге де электр құрылғыларының айналасында жанармайды, тұтанғыш сұйықтықтарды немесе газдарды сақтамаңыз жəне қолданбаңыз.
Бұлар өрттің немесе жарылыстың түрткісі болуы мүмкін.
• Жібіту үрдісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық, электрлік немесе химиялық құралдарды қолдануға болмайды.
• Егер Өндіруші электр аспаптарының белгілі бір түрлерін арнайы рұқсат етпеген болса, оларды құрылғы камераларының ішінде қолдануға немесе қоюға болмайды.
• Бұл құрылғы іс-қимыл, сезіну, ойлау қабілеті мен мүмкіндіктері шектелген немесе тəжірбиесі мен білімі жоқ адамдардың (балалар) қолданысы үшін арналмаған, олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы қолданысына қатысты нұсқау беріп, қадағалаған жағдайда ғана олардың қолдануына рұқсат етіледі.
• Балалардың қамалып қалуын жəне тұншығып қалуын болдырмас үшін, оларға құрылғымен ойнауға жəне оның ішіне тығылуға тыйым салынады.
• Мұз сауыттарының ішіндегіні (уытты емес) жұтып қоюға болмайды (кейбір үлгілерде).
• Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын мұздатқыштан алған бетте пайдалануға болмайды, себебі олар үсік шалуға əкелуі мүмкін.
ҚОЛДАНЫС
• Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғы істікшесін суырып, қуат көзінен ажыратыңыз.
• Автоматты мұз жасағышымен жəне су диспенсерімен жабыдқталған барлық құрылғылар тек ауыз суын қамтамасыз ететін су құбырына жалғануы тиіс (су желісінің қысымы 0,17 жəне 0,81 МПа (1,7 жəне 8,1 бар) аралығында болуы тиіс). Су құбырына тікелей жалғанбаған автоматты мұз жасағыштарына жəне/немесе су диспенсерлеріне тек ауыз суын ғана құю қажет.
• Тоңазытқыш бөлімше тек жас тағамды сақтау үшін, ал мұздатқыш бөлімше тек мұздатылған азық-түлікті сақтау, жас тағамды мұздату үшін жəне мұз текшелерін қатыру үшін пайдаланылады.
• Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі олардың сынып кетуі мүмкін.
• Оралмаған азық-түлікті тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлімшелердің ішкі беттеріне тікелей жанастырып сақтамаңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген кеңес пен сақтық шаралары орындалмаса, Өндіруші кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
Климаттық класс Қорш. Т. (°C) Қорш. Т. (°F)
SN 10 - 32 50 - 90
N 16 - 32 61 - 90
ST 16 - 38 61 - 100
T 16 - 43 61 - 110
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
7
Құрылғыны тек қана ауыз суымен қамтамасыз ету қажет.
Орнату жұмысы құрылғымен бірге жүретін арнайы орнату нұсқамасында көрсетілген нұсқаулықтарға сай дұрыс жасалғанына көз жеткізіңіз.
Мұз жасағышпен жабдықталған үлгілер ішкі су құбыры жүйесіне жалғануды талап етеді. Оны 3/4” бұрандасымен жабдықталған су құбыршегін қолданып жасауға болады.
Жүйе қысымы 0,05 МПа жəне 0,5 МПа (0,5 Бар жəне 5 Бар аралығында) аралығында болуы тиіс. Əр түрлі қысымдар ақаулықтардың немесе су жүйесінде су ағып кететін орындардың пайда болуына себепкер болуы мүмкін.
Құрылғыны тек қана ауыз суымен қамтамасыз ету қажет.
Су жүйесін жалғау
• Үш деңгейлі тоңазыту жүйесі жəне ішкі бөлімшелерді бөлу мүмкіндігі тағамдарды əр бөлімшеде ең қолайлы жағдайда сақтауды қамтамасыз етеді: тоңазытқыш, Динамикалық 0° жəне мұздатқыш
• Əдетте мұздатқыш ретінде қолданылатын бөлімшені тоңазытқыш бөлімшесі немесе тіпті Динамикалық 0° бөлімшесі ретінде қолдануға болады. Бұл мүмкіндік құрылғының қолданыс икемділігін едəуір өсіре түседі
• Төмен температура жəне ылғалдылықты басқару мүмкіндігі арқылы Динамикалық 0° бөлімшесі балғын тағамдарды қауіпсіз түрде сақтауды мүмкін етеді
• Электрондық басқару жүйесі температура мен ылғал деңгейлерін пайдаланушының таңдаған түрінде тұрақты түрде сақтап тұрады
• Интерактивті мəзір құрылғы қызметтерін ерікті түрде басқаруға мүмкіндік береді жəне олардың жұмысына қатысты хабарламарды көрсетеді
• Мерекелер/ұзақ уақыт бой қолданылмаған кездегі қуат тұтынысын оңтайландыру
• Динамикалық 0° бөлімшесіндегі автоматты жұмсақ жабылу жүйесі бар кең тартпалар
• Мұз текшелерін қалаулы өлшемде өндіретін автоматты мұз жасағышы (тек таңдаулы үлгілерде)
• Тоңазытқыш ішінде орнатылған жеңіл ауысатын су сүзгісі (тек таңдаулы үлгілерде)
• Сапалы алюминий жиектерімен əрленген тот баспайтын болат беттер
• Есіктің автоматты түрде жабылуы үшін арналған патенттелген құлыптау жүйесі
• Жұмсақ жабылу жүйесі бар үлкен сыртқы тартпалар
• Қос жарық диод жүйесі бар бағытталған жарықтандыру
• Қабырғаға бекітілетін тіреулері бар түзеткіш жүйесі.
Негізгі сипаттамалар
8
1 Мəзірі бар басқару панелі
2 Су сүзгісі (*)
3 Реттемелі сөрелер
4 Динамикалық 0° басқару
панелі
5 Ылғалдылықты басқару (*)
қызметі бар Динамикалық 0° бөлімшесі
6 Температура бақылауы (*)
бар Төмен Температуралы тартпалар
7 Автоматты мұз жасағыш(*)
8 Температура дисплейі
9 Акустикалық дабылдар
10 Кең есік науалары
11 Инновациялық
жарықтандыру
12 Өздігінен жабылатын
есіктер мен тартпалар
13 Тоңазытқыш бөлімшесі жəне
Динамикалық 0° (Көп температуралы қызмет) бөлімшесі ретінде қолдануға болатын Мұздатқыш бөлімше
(*) тек таңдаулы үлгілер
ТоңазытқышДинамикалық 0°
Көп температуралы бөлімше
Негізгі құрамдас бөлшектері
Тоңазытқыш
Төмен Температура
Көп температуралы бөлімше
9
Инновациялық электрондық басқару жүйесі үш бөлімшеде де тұрақты температураны ұстап тұрады жəне оны басқару панелінде көрсетеді; оған қоса, ол пайдаланушының басқару жүйесімен əртүрлі қызметтерді қалауынша реттеуі арқылы əрекеттесуіне мүмкіндік береді, жəне де, құрылғының зақымдануы кезінде аудио/визиялық дабылдарды шығара алады.
Электрондық басқару
Негізгі компоненттер
1
Құрылғы түймесі
Құрылғыны толықтай өшіруге жəне қосуға мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
2
Тоңазытқыш
Тек қана тоңазытқыш бөлімшесін жеке түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
3
Мəзір
Құрылғының қызметтер мəзірін ашуға болады.
4
Жоғары/Төмен Тоңазытқыш
Жоғары жəне Төмен түймелерін қолданып, тоңазытқыштың орнатылған температурасын өзгерутуге жəне интерактивті мəзірді шарлауға болады.
5
Дисплей
Тоңазытқыш пен мұздатқыш бөлімшелерінің температурасын, күнді, уақытты, мəзір қызметтерін жəне визуалды хабарламаларды көрсетеді.
6
Жоғары/Төмен (Көп температуралы)
Жоғары/Төмен түймелерін таңдау арқылы орнатылған температураны таңдалған қызмет режиміне сəйкес өзгертуге болады (мұздату, тоңазыту, Динамикалық 0°).
7
Енгізу
Мəзірде жасалған іске қосу немесе істен шығару таңдауын растайды.
8
Мұз жасағыш
Мұзды автоматты түрде өндіру қызметін іске қосуға немесе істен шығаруға мүмкіндік береді.
9
Дабыл
Ықтимал зақымдануды білдіру үшін жыпықтайды, сондай-ақ, дыбыс дабылымен бірге жүреді, оны түймені басу арқылы тоқтатуға болады.
10
Динамикалық 0° басқару панелі
10
Дисплей
Динамикалық 0° бөлімшесінің температурасын көрсетеді.
11
Жоғары/Төмен
Жоғары жəне Төмен түймелерін қолданып, Динамикалық 0°бөлімшесінде орнатылған температураны өзгертуге болады.
12
Динамикалық 0°
Тек қана Динамикалық 0°бөлімшесін жеке түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
11
Қосу және өшіру
Алғашқы іске қосу
Құрылғы электр тоқ көзіне жалғанып, бірақ іске қосылмай тұрған кезде, дисплей келесі хабарламаны көрсетеді
Бұл құрылғының тоқ желісіне қосылып тұрғандығын жəне панел түймелерінің барлығы өшіп тұрғандығын білдіретін қауіпсіздік хабарламасы. Құрылғының барлық бөлімшелерін іске қосу үшін Құрылғы түймесін үш секунд бойы басыңыз. Құрылғы алғаш рет іске қосылғанда, Көп температуралы бөлімше “мұздату” режиміне реттеліп тұрады.
Тоңазытқыш пен Динамикалық 0°бөлімшесін өшіру
Қосылғаннан соң ол үнемі қосылып тұра береді оны құрылғыны толық өшіру арқылы ғана істен шығаруға болады. Құрылғы түймесін үш секунд басып тұрыңыз.
Қайта қосу
Қайта қосу үшін де сол түймелерді қолданыңыз. Мұздатқыш бөлімшесі əрқашан қосылып тұрады жəне оны құрылғы түймесін үш секунд басып, құрылғыны толықтай өшіріп қана істен шығаруға болады.
Ұзақ уақытқа өшіріп қою
Ұзақ уақыт болмаған кезде, Құрылғы түймесін
үш секунд басып, тоңазытқышты өшіру керек жəне электр істекшесін немесе ұяшықты басқаратын көп-полюсті ауыстырғышты ажыратыңыз.
Тоңазытқышты толық босатыңыз, тазалаңыз, құрғатыңыз жəне жағымсыз иістерді болдырмас үшін есіктер мен тартпаларды жартылай ашық қалдырыңыз.
Егер алғашқы қосу кезінде, Күту режимінің хабарламасы пайда болмаса, бірақ басқа хабарлама пайда болса, ол құрылғының салқындату жұмысын бастап кеткенін білдіреді. Осы жағдай орын алса, Дабыл түймесін , басып, кез-келген дыбыс белгілерін өшіріңіз, есікті жабыңыз да орнатылаған температураға жеткенше күтіңіз.
Алғашқы қосылу кезінде, өндірістік реттеулерді өзгерту үшін əдепкі температура орнағанша Мəзірді қолдану мүмкін емес болады.
Құрылғы қосылған сайын, ол толық қосылмас бұрын, өзін-өзі үш минут тексерістен өткізеді.
Егер тек тоңазытқыш бөлімшесі немесе Динамикалық 0°бөлімшесі өшіріліп тұрса ғана, тиісті желдеткіш жағымсыз иістер мен зеңнің қалыптасыуын болдырмас үшін жұмыс істей береді.
Құрылғыны ұзақ уақытқа өшірмес бұрын, оның ішіндегі барлық заттарды алып шығыңыз жəне жағымсыз иістер мен зеңнің қалыптасуын болдырмас үшін, есіктер мен тартпаларды ашық қалдырыңыз.
Loading...
+ 25 hidden pages