KITCHENAID KRVF 6035 L User Manual [kk]

Қолдану нұсқаулықтары
Құрылғыны қолданар алдында 4
Қоршаған ортаны сақтау 4
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6
Негізгі сипаттамалары 7
Негізгі құрамдас бөлшектері 7
Электрондық басқару 8
Басты басқару панелі 8
Температураны түрлі қажеттіліктерге сай реттеу 11
Дисплейдегі ақпарат және ақаулық сигналдары 11
Баптау және тіл реттеулері 12
Мәзір арқылы іске қосылатын ерекше қызметтер 13
Мәзірдің негізгі реттеулері 15
Ішкі құрылымы (орналастыру, реттеу, алып шығу) 18
Жарықтандыру 18
Көп температуралы бөлімшені қолдану 19
Шараптарды сақтау - Жалпы кеңестер 19
Шараптарды сақтау - Шарапты сақтау температурасы 20
Шараптарды сақтау - Сақтау уақыты 21
Шараптарды сақтау - Қолдану температурасы 21
Шараптарды сақтау - Құмыраларды жайғастыру 22
Балғын тағамдарды сақтау кеңестері 23
Мұздатылған тағамдарды сақтау кеңестері 23
Тағамды сақтау уақытына қатысты кеңестер 24
Күту және тазалау 26
Желдету торын, сүзгіні және конденсаторды тазалау 26
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы 27
Дисплейде пайда болатын ақаулықтар белгілері 28
Кепілді қызмет көрсету 29
Мәзір картасы - Қызметтері 30
Мәзір картасы - Реттеулер 31
4
• Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға жəне төмендегі орталарда қолдануға арналған:
- дүкендерде, кеңселерде жəне басқа жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер аймағында;
- фермаларда жəне конақ үй, мейманхана жəне басқа да тұрғын үй тектес мекемелердің клиенттеріне;
- жатақ жəне таңғы ас тектес орындарда;
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз. Болашақта қолдану үшін осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның зақымданбағанына жəне есігінің дұрыс жабылатындығына көз
жеткізіңіз. Кез келген зақым жайлы, құрылғы жеткізілгеннен кейін, сатушыға 24 сағат ішінде хабарлау қажет.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай дайындығына сенімді болу үшін, құрылғыны екі сағаттан соң ғана іске қосыңыз.
3. Құрылғыны орнатуды жəне электр желісіне жалғауды өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техник маман іске асыруға тиіс.
4. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін тазалап алыңыз.
Құрылғыны қолданар алдында
1. Қаптау
Қаптау материалы 100% қайта өңделмелі жəне қайта өңдеу белгісімен таңбаланған . Жою барысында жергілікті нормативтік ережелерді сақтаңыз. Орауыш материалдарын (пластмасса қаптар, полистиролдан жасалған бөлшектер, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі олар ықтимал қатер көзі болып табылады.
2. Арылу/Жою
Құрылғы өңделетін материалдан жасалған. Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы 2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сəйкес таңбаланған. Осы құрылғыдан дұрыс арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына келтірілетін ықтимал кері əсерді азайтуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе оған қоса берілетін құжаттардағы мына белгі осы құрылғының тұрмыстық қалдық ретінде тасталмауға тиіс екенін, электрлік жəне электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына тапсырылуға тиіс екенін білдіреді. Құрылғыдан арылған кезде балалар ішіне оңай кіріп қамалып қалмас үшін, оның есіктерін, сөрелерін жəне қуат сымын жарамсыз етіп кесіп тастаңыз. Құрылғыдан арылған кезде, қалдықты жоюға қатысты жергілікті нормативтік ережелерді сақтап, арнайы жинау орталығына өткізіңіз; құрылғыны бірнеше күнге де қараусыз қалдырмаңыз, себебі ол балалар үшін ықтималды қауіп көзі болып табылады. Осы құрылғыны қолдану, қалпына келтіру жəне қайта өңдеу туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті құзырлы мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе осы құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Ақпарат:
Бұл құрылғының құрамында хлорфтор көміртегі жоқ. Тоңазытқыш зат айналымының құрамына R134a (HFC) немесе R600a (HC) кіреді (құрылғының ішіндегі техникалық кестені қараңыз). Изобутаны (R600a) бар құрылғы: изобутан қоршаған ортаға ықпал етпейтін табиғи газ болып табылады, бірақ ол жанғыш болып келеді. Сол себепті, тоңазытқыш зат айналымының түтіктерінің зақымданбағандығына көз жеткізіңіз. Бұл өнімнің құрамында Киото протоколында қарастырылған Фторлы Жылыжай Газы болуы мүмкін; тоңазытқыш газ саңылаусыз түрде жабылған жүйе ішінде орналасқан.Тоңазытқыш газ: R134a газының Жаһандық Жылыну Шамасы (ЖЖШ) бойынша көрсеткіші - 1300.
Қоршаған ортаны сақтау
Сәйкестік сертификаты
• Бұл құрылғы тағам сақтау үшін құрастырылған жəне № 1935/2004 Ережесіне (CE) сəйкес
өндірілген.
• Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға сəйкес жасақталған, жасап шығарылған жəне нарыққа
ұсынылған:
- “Төмен кернеу” туралы 2006/95/CE нұсқауларының (73/23/CEE жəне оның кейінгі өзгертулерінің орнына жүреді) қауіпсіздік нысаналары;
- “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының қауіпсіздік талаптары.
Құрылғы мақұлданған жерге тұйықтау жүйесіне дұрыс жалғанған кезде ғана электрлік қауіпсіздікке кепіл беруге болады.
Қоршаған ортаны сақтау
5
6
ОРНАТУ
• Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы жəне орнатуы тиіс.
• Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз.
• Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз.
• Құрылғының жылу көзінің жанында орналаспағанына көз жеткізіңіз.
• Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғының екі жағында жəне төбесінде бос кеңістік қалдырыңыз жəне орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
• Құрылғының желдету қуыстарын ашық күйде қалдырыңыз.
• Құрылғының тоңазытқыш затының айналым түтіктерін зақымдап алмаңыз.
• Құрылғыны оның салмағын көтере алатын мейілінше мықты еденге жəне оның көлемі мен қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
• Құрылғыны құрғақ əрі жақсы желденетін жерге орнатыңыз. Бұл құрылғы техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа сəйкес төмендегі ауқымдағы температурасы бар жерлерде жұмыс істеуге арналып жасалған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Техникалық кестеде көрсетілген кернеу мөлшері сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз.
• Суды жалғау үшін жаңа құрылғымен бірге жүретін түтікті қолданыңыз; əуелгі құрылғының түтігін қолданбаңыз.
• Қуат сымын өзгертуді немесе ауыстыруды білікті қызметкерлер немесе Кепілді қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғыны қуат көзінен ашасын суыру арқылы немесе ұяшықтың жоғары жағынан орнатылған электр желісінің екі полюсті қосқышының көмегімен ажырату мүмкін болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК
• Ішінде жанғыш заты бар бүріккіш қалбырлар сияқты жарылғыш заттарды осы құрылғының ішінде сақтауға болмайды.
• Осы немесе өзге де электр құрылғыларының айналасында жанармайды, тұтанғыш сұйықтықтарды немесе газдарды сақтамаңыз жəне қолданбаңыз.
Бұлар өрттің немесе жарылыстың түрткісі болуы мүмкін.
• Жібіту үрдісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық, электрлік немесе химиялық құралдарды қолдануға болмайды.
• Егер Өндіруші электр аспаптарының белгілі бір түрлерін арнайы рұқсат етпеген болса, оларды құрылғы камераларының ішінде қолдануға немесе қоюға болмайды.
• Бұл құрылғы іс-қимыл, сезіну, ойлау қабілеті мен мүмкіндіктері шектелген немесе тəжірбиесі мен білімі жоқ адамдардың (балалар) қолданысы үшін арналмаған, олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы қолданысына қатысты нұсқау беріп, қадағалаған жағдайда ғана олардың қолдануына рұқсат етіледі.
• Балалардың қамалып қалуын жəне тұншығып қалуын болдырмас үшін, оларға құрылғымен ойнауға жəне оның ішіне тығылуға тыйым салынады.
• Мұз сауыттарының ішіндегіні (уытты емес) жұтып қоюға болмайды (кейбір үлгілерде).
• Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын мұздатқыштан алған бетте пайдалануға болмайды, себебі олар үсік шалуға əкелуі мүмкін.
ҚОЛДАНЫС
• Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғы істікшесін суырып, қуат көзінен ажыратыңыз.
• Автоматты мұз жасағышымен жəне су диспенсерімен жабыдқталған барлық құрылғылар тек ауыз суын қамтамасыз ететін су құбырына жалғануы тиіс (су желісінің қысымы 0,17 жəне 0,81 МПа (1,7 жəне 8,1 бар) аралығында болуы тиіс). Су құбырына тікелей жалғанбаған автоматты мұз жасағыштарына жəне/немесе су диспенсерлеріне тек ауыз суын ғана құю қажет.
• Тоңазытқыш бөлімше тек жас тағамды сақтау үшін, ал мұздатқыш бөлімше тек мұздатылған азық-түлікті сақтау, жас тағамды мұздату үшін жəне мұз текшелерін қатыру үшін пайдаланылады.
• Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі олардың сынып кетуі мүмкін.
• Оралмаған азық-түлікті тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлімшелердің ішкі беттеріне тікелей жанастырып сақтамаңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген кеңес пен сақтық шаралары орындалмаса, Өндіруші кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
Климаттық класс Қорш. Т. (°C) Қорш. Т. (°F)
SN 10 - 32 50 - 90
N 16 - 32 61 - 90
ST 16 - 38 61 - 100
T 16 - 43 61 - 110
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
7
• Эксклюзивті пішін
• Үш деңгейлі тоңазыту жүйесі жəне ішкі бөлімшелердің тиімді бөлінуі арқылы əр бөлімшеде оңтайлы сақтау жағдайлары қамтамасыз етіледі
• Электрондық басқару жүйесі температура мен ылғал деңгейлерін пайдаланушының таңдаған түрінде тұрақты түрде сақтап тұрады
• Екі компрессор орнатылған температура мен ылғалдылықты үш бөлімшенің əрқайсысында бөлек басқаруға мүмкіндік береді: Тағамдар бары, Шарап қоймасы жəне көп температуралы бөлім
• Соңғы бөлімшеде үш түрлі қызмет режимдері бар: мұздату, тоңазыту жəне Динамикалық 0° бөлімшесі
• Жеке немесе кіріктіріп орнату
• Интерактивті мəзір құрылғы қызметтерін ерікті түрде басқаруға мүмкіндік береді жəне олардың жұмысына қатысты хабарламарды көрсетеді
• Мерекелер/ұзақ уақыт бой қолданылмаған кездегі қуат тұтынысын оңтайландыру
• Сапалы алюминий жиектерімен əрленген тот баспайтын болат беттер
• Патенттелген құлыптау жүйесі есіктің автоматты түрде жабылуын қамтамасыз етеді
• Жайлап жабу жүйесі бар көп температуралы тартпа
• Жарық диод жүйесі бар бағытталған жарықтандыру
• Қабырғаға бекітілетін тіреулері бар түзеткіш жүйесі.
Негізгі сипаттамалар
1 Шарап қоймасы жəне мəзірі
бар Үш режимді басқару панельдері
2 Дөңгелектерге орнатылған
жеңіл суырылатын сырғымалы құмыра сөрелері
3 Тағамдар бары аймағын
басқару панелі
4 Шарап қоймасы 5 Көп температуралы тартпа
Мұздатқыш, Тоңазытқыш немесе Динамикалық 0° бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады
6 Температура дисплейі 7 Акустикалық дыбыс
белгілері
8 Инновациалық
жарықтандыру
9 Есіктің жəне тартпаның
автоматты жабылуы
Тағамдар барыШарап қоймасы
Негізгі құрамдас бөлшектері
Көп температуралы бөлімше
8
Басқару панелінде температура диспейлі бар инновациалық электрондық басқару жүйесі үш бөлімшедегі температураны тұрақты етіп ұстап тұрады. Ол сондай-ақ, пайдаланушыға түрлі қызметтерді қалауынша реттеу арқылы басқару жүйесімен өзара əрекеттесуіне жəне/немесе құрылғы зақымданған кезде əртүрлі аудио/визуалды дабылдарды жасап шығаруына мүмкіндік береді.
Электрондық басқару
Басты басқару панелі
1
Құрылғы түймесі
Құрылғыны толықтай өшіруге жəне қосуға мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
2
Тағамдар бары
Тағамдар барын жеке түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді (3 секунд бойы басыңыз)
3
Мəзір
Құрылғының қызметтер мəзірін ашуға болады.
4
Жоғары/төмен Шарап қоймасы
Жоғары жəне Төмен түймелерін қолданып, тоңазытқыштың орнатылған температурасын өзгертуге жəне интерактивті мəзірді шарлауға болады.
5
Дисплей
Шарап қоймасының температурасын, көп температуралы бөлімшенің температурасын, күнді, уақытты, мəзір қызметтерін жəне визуалды хабарламаларды көрсетеді.
6
Жоғары/Төмен (Үш режимі)
Жоғары/Төмен түймелерін таңдау арқылы орнатылған температураны таңдалған қызмет режиміне сəйкес өзгертуге болады (мұздату, тоңазыту, Динамикалық 0°).
7
Енгізу
Мəзірде жасалған іске қосу немесе істен шығару таңдауын растайды.
8
Дабыл
Мұзды автоматты түрде өндіру қызметін іске қосуға немесе істен шығаруға мүмкіндік береді.
9
Жарық
Шарап қоймасын жəне тағамдар барын есік жабылып тұрған кезде жарықтандыруға мүмкіндік береді. Іске қосылғаннан кейін, жоғарғы бөлімшенің жарығы 6 сағаттан соң автоматты түрде өшеді.
9
Басты басқару панелі
10
Дисплей
Шарап қоймасы бөлімшесінің температурасын көрсетеді.
11
Жоғары/Төмен Шарап қоймасы
Жоғары жəне Төмен түймелерін қолданып, Тағамдар барында орнатылған температураны өзгерту мүмкін.
12
Шарап қоймасы
Тек қана Шарап қоймасы бөлімшесін жеке түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
13
Ылғалдылық
Шарап қоймасы бөлімшесінің ішіндегі ылғалдылықты баптауға мүмкіндік береді; үш реттеулер таңдауы: Жоғары (HI), Орташа (A), Төмен (LO).
10
Қосу және өшіру
Алғашқы іске қосу
Құрылғы электр тоқ көзіне жалғанып, бірақ іске қосылмай тұрған кезде, дисплей келесі хабарламаны көрсетеді
Бұл панельдегі барлық түймелер өшіп тұрған кездегі, тоқтың беріліп жатқанын хабарлайтын қауіпісіздік хабарламасы. Құрылғының барлық бөлімшелерін іске қосу үшін Құрылғы түймесін үш секунд бойы басыңыз.
Шарап қоймасы бөлімшесін өшіру
Құрылғының барлық бөлімшелерін іске қосқаннан кейін, сіз қажетті түймені үш секунд бойы басып, тек қана шарап қоймасы бөлімшесін өшіре аласыз. Көп температуралы бөлімшені тек қана құрылғыны толықтай өшіру арқылы өшіруге болады.
Шарап қоймасы бөлімшесін қайта қосу
Қажетті түймені үш секунд бойы қайта басыңыз.
Толықтай өшіру
Тазалау немесе күтіп ұстау шаралары үшін құрылғыны толықтай өшіру қажет болса, Құрылғы түймесін үш секунд бойы басыңыз. Сонымен қатар, істікшені ұяшықтан суырыңыз жəне оны қуаттандырып тұрған көп полюсті ауыстырғышты өшіріңіз.
Ұзақ уақытқа өшіргенде
Құрылғыны толықтай өшіргеннен кейін жəне тоқ көзінен ажыратқаннан соң, ішін толықтай босатыңыз, тазалаңыз жəне құрғатып алыңыз. Жағымсыз иістердің қалыптасуын болдырмас үшін есіктер мен тартпаларды жартылай ашық тастаңыз.
Реттеулердің абайсызда өзгеруін болдырмас үшін, белгілі бір уақыттан соң пернетақта автоматты түрде бұғатталады жəне дисплей “пернетақта бұғатталды” хабарламасын көрсетеді. Оны қайта іске қосу үшін, Мəзір жəне Жоғары/Төмен (Төмен) түймелерін бір уақытта үш секунд бойы басып тұрыңыз. Егер алғашқы қосу кезінде, Күту режимінің хабарламасы пайда болмаса, ол құрылғының салқындату жұмысын бастап кеткенін білдіреді. Егер осы жағдай орын алса, Дабыл түймесін басып, кез-келген акустикалық дыбыс белгілерін өшіріңіз, есікті жабыңыз да, орнатылаған температураға жеткенше күтіңіз. Алғашқы қосылу кезінде, өндірістік реттеулерді өзгерту үшін əдепкі температура орнағанша Мəзірді қолдану мүмкін емес болады. Дегенмен, уақытты жəне күнді бірден реттеп алуға болады; бұл параметрлер кейбір ерекше қызметтерді іске қосу үшін қажет. Егер Тағамдар Бары немесе Шарап Қоймачы бөлімшесі өшіп тұрса ғана, тиісті желдеткіш жағымсыз иістер мен зеңнің қалыптасуының алдын алу үшін, өз бетімен жұмыс істеп тұрады.
Loading...
+ 22 hidden pages