Біздің ас үйдегі іс-əрекетіміз -
Midi
Microwave 38cm
Қысқаша нұсқаулық
KK
ол көрінбейтін тағамдар
ингредиенті. Олар
шабытты көтеріңкі
көңіл-күйге, ал көңіл-күйді шедеврге айналдырады.
Бəрінің мəні шеберлікпен
ұштасып жатыр, сондықтан
да біз оған үлкен мəн
беріп қараймыз.
Таңдауыңыз үшін рақмет
19
Қысқа нұсқаулық
Жаңа микротолқынды пешіңізді пайдаланбас бұрын Пайдалану
нұсқаулығындағы немесе www.kitchenaid.eu барлық қауіпсіздік нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз
Басқару тақтасы
A. Көп функциялы тұтқа: Түрлі функцияларды таңдау үшін.
B. Тоқтату түймешігі: Микротолқынды пешті қосу/өшіру үшін.
C. Қайту түймешігі: Алдыңғы параметрге өту үшін.
D. Дисплей
E. OK түймешігі: Таңдалған функция/параметрді растау үшін.
F. Бастау түймешігі: Пісіруді, қайта қыздыруды немесе ерітуді бастау үшін.
G. Басқару тұтқасы: Опцияларды орнату үшін.
Жұмысты бастау және микротолқынды пешті күнделікті пайдалану
Жаңа микротолқынды пешіңізді алғаш рет іске қосқан кезде сағатты орнату
қажет болады. Уақытты орнату барысында микротолқынды пештің есігін ашық ұстау
қажет және бұл баптауды орындау үшін 5 минут уақыт беріледі.
SETTINGS жазуы көрсетілмегенше, Көп функциялы тұтқаны бұраңыз да, Басқару
тұтқасын CLOCK параметріне бұрап, растау үшін OK түймешігін басыңыз. Сағатты
орнату үшін Басқару тұтқасын бұраңыз да, растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Минутты орнату үшін дәл осы әрекеттерді орындаңыз. Тиісті уақыт орнатылғаннан
кейін, оны растау үшін OK түймешігін басыңыз.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Микротолқынды пешті қосу және функцияны таңдау
1. Функциялар тізімін айналдырып шолу үшін Көп функциялы тұтқаны бұраңыз.
Қажет функцияны тапқаннан кейін растау үшін OK түймешігін басыңыз.
2. Ішкі мәзірлерді айналдырып шығу үшін Басқару тұтқасын бұрап, растау үшінOK
түймешігін басыңыз.
3. Дайындау уақытын және қажет температураны теңшеу үшін Басқару тұтқасын
бұрап, растау үшін OK түймешігін басыңыз.
4. Микротолқынды пештің пайдалануын бастау үшін Бастау түймешігін басыңыз.
20