Пешті орамынан алғаннан кейін, оған
тасымалдау барысында зақым келмегеніне
және есігінің дұрыс жабылатынына көз
жеткізіңіз.
Ақау пайда болған кезде дилерге немесе
жақын жердегі тұтынушыларға қолдау
көрсету қызметіне хабарласыңыз. Зақым
келуге жол бермеу үшін пештің полистирол
тағанын пешті орнату кезінде ғана алыңыз.
Ас үй қаптамасын дайындау
• Ас үйдегі пешке жанасып тұратын
жиһаздар қызуға төзімді (кемінде 90°C)
болуы керек.
• Қаптаманы кесу жұмыстарының
барлығын пешті ас үй қаптамасына
орнату алдында орындаңыз және
ағаштың жаңқалары мен үгінділерін
тазалаңыз.
• Орнатып болғаннан кейін пештің
астыңғы жағына қол тимейтіндей болуы
керек.
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін жұмыс алаңы мен
пештің үстіңгі қырының арасындағы ең
кемінде сақталуға тиіс саңылауды
сақтаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғының техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген қуат кернеуінің
электр желісіндегі қуат кернеуіне сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз. Техникалық ақпарат
тақтайшасы пештің алдыңғы жағында
(есікті ашқан кезде көрінеді) орналасқан.
• Қуат сымын (H05 RR-F 3 x 1.5 мм
тұрпатты
2
) білікті электрші ғана
ауыстыруы керек. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЖАЛПЫЛАМА ҰСЫНЫСТАР
Қолданар алдында:
• Пештің және оның керек-жарақтарының
картоннан жасалған қорғағыштарын,
таспаларын және жабысқақ
жапсырмаларын алыңыз.
• Пештің керек-жарақтарын алып, қорғау
үшін жағылған майлары мен оқшаулау
материалдарының иістері мен түтінін
арылту үшін 200°C градусқа қойып,
шамамен бір сағат қыздырыңыз.
Пайдалану кезінде:
• Есікке ауыр заттарды қоймаңыз, зақым
келтіруі мүмкін.
• Есікке артылмаңыз немесе тұтқасына
ешбір зат ілмеңіз.
• Пештің ішкі жағын алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз.
• Ыстық пештің ішіне су құймаңыз, себебі
эмаль қаптамаға зақым келтіруі мүмкін.
• Пештің табанына кәстрөл немесе таба
қойып, сырғытып сүйремеңіз, себебі
эмаль қаптамаға зақым келтіруі мүмкін.
• Басқа электр құрылғыларының қуат
сымдарының пештің ыстық
бөлшектеріне тиіп, есігіне қыстырылып
қалуына жол бермеңіз.
• Пешті атмосфералық құбылыстар
әсерінен қорғаңыз.
Орнату
8