INDESIT өнімін сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
Толық қолдау алу үшін құрылғыны
www.indesit.com/register сайтында тіркеңіз
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
2. Индикатор шамдары бар ФУНКЦИЯ
түймелері
3. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі және
индикатор шамы
4. ЦИКЛ/ҚОСУ фазаларын тоқтатып орындау
индикаторлары
5. ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы
6. СЫҒУ реттеуші
7. ТЕМПЕРАТУРА реттеуші
8. Программаларды таңдау тұтқасы
ЖУУ ЦИКЛДЕРІНІҢ КЕСТЕСІ
Аспапты пайдалану алдында Денсаулық пен Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият
оқыңыз.
Машинаны пайдалану алдында тасымалдау болттарын босату қажет. Оларды
босату туралы толық нұсқаулар алу үшін Орнату нұсқаулығы бөлімін көріңіз.
1
8
2
7
6
3
5
KZ
4
Максималды жүктеме — 6 кг
Өшірілген режимдегі қуат тұтыну мөлшері: 0,5 Вт / қосылып тұрған күйдегі қуат тұтыну мөлшері: 8 Вт
Максималды
айналу
жылдамдығы
(айналым)
- 40°C
- 60°C
- 40°C
- 60°C
- 30°C
- 20°C
- 40°C
- 30°C
- 40°C
- 30°C
- 40°C
- 30°C
60°C10006250’–
40°C10006240’–
- 90°C
1000659’–
1000659’–
1000345’–
1000359’–
800330’–
8001,520’–
6002,585’–
600
800285’–
10001100’–
800
0
10006155’
Максималды
жүктеме (кг)
Ең көбі
1 жұп
1
1
Жуу циклі
Аралас түрлі-түсті заттар 59 мин
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Мақта заттар 59 мин
Мақта заттар 45 мин
Синтетика 59 мин
Аралас заттар 30 мин
Тез 20 мин
Спорттық киім мен орамалдар
Спорттық аяқ-киім
Балалар киімі
Шаю
Сығу + Ағызу *
Мамық көрпелер
Жүн
Жібек/перделер
Мақта 60° (1-2)
Алдын ала жууы бар Мақта 90°
Температура
ӘдепкіАуқым
40°C
60°C
40°C
40°C
30°C
20°C
40°C
30°C
40°C
––1000650’––
––1000610’–––––
30°C
40°C
30°C
60°C
90°
Қажетті мөлшерлеме Қосымша мөлшерлеме
Дисплейде немесе нұсқаулықта көрсетілген цикл ұзақтығы — стандартты шарттар
негізінде есептелген мөлшер. Іс жүзіндегі ұзақтық құбырдан алынатын судың
температурасы мен қысымы, қоршаған орта температурасы, жуғыш зат мөлшері,
жүктеме мөлшері мен түрі, жүктемені теңестіру және таңдалған кез келген
қосымша опциялар сияқты бірнеше факторға байланысты әр түрлі болады.
Сынақтан өткізетін барлық мекемелер үшін:
1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 15 жуу циклын 60°C
температурасымен таңдаңыз.
2) Ұзақ мақта-мата циклі: 15-циклді 40°C температурасына орнатыңыз.
* 11 бағдарламасын таңдап, сығу циклын алып тастасаңыз, құрылғы сықпай, тек
суды ағызады.
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1. Үсті
2. Жуғыш зат тартпасы
3. Басқару тақтасы
4. Тұтқа
5. Есік
6. Ағызу сорғысы (ернеулік артында)
7. Ернеулік (алынбалы)
8. Реттелетін аяқтар (2)
2.
7.
8.
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
1-бөлік: Алдын-ала жууға арналған жуғыш
зат (ұнтақ)
2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш
зат (ұнтақ немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас
бұрын сәл уақыт қалғанда құю керек.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер
және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
1.
! Ақ заттар, алдын ала жуу және 60°С-тан
асатын температураларда жуу үшін ұнтақ жуғыш затты
3.
пайдаланыңыз.
! Жуғыш заттың орамасында берілген нұсқауларды орындаңыз.
! «Таблетка түрінде жуғыш зат» қолданылса, әрқашан
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
4.
5.
6.
Ұзақтығы
(минут)
50’–
65’–
55’–
Жуғыш заттар мен
қосындылар
Алдын
ала
Жуу Кондиционер
жуу
123
Ұсынылған жуғыш
зат
ҰнтақСұйықтық
–
–
–
–
–
–
–
––
–
–
–
Page 2
ЖУУ ЦИКЛДЕРІ
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы
таңбалардағы нұсқауларды орындаңыз. Таңбада
көрсетілген мән — затты жууға ұсынылған максималды
температура.
Аралас түрлі-түсті заттар 59 мин
аралас және түрлі-түсті бұйымдарды бірге жуу үшін.
Мақта заттар 59 мин
мақта киімдерді жууға арналған цикл: негізінен ақ түсті бұйымдар үшін.
Оны ұнтақ жуғыш затпен қолдануға болады.
Мақта заттар 45 мин
нәзік мақта бұйымдарды жууға арналған қысқа цикл.
Синтетика 59 мин
синтетикалық бұйымдарға арналған. Кірді кетіру қиын болса,
температураны 60° дейін көтеріп, ұнтақ жуғыш зат та қолдануға болады.
Аралас заттар 30 мин
мақта және синтетикалық маталарды бірге жууға арналған қысқа цикл: ақ
түсті және түрлі-түсті бұйымдарды бірге жууға болады.
Тез 20 мин
бұл бағдарлама бұйымдарды жаңғыртып, 20 минут ішінде-ақ олардың
хош иісін қалпына келтіреді.
Спорттық киім мен орамалдар
бұл цикл барлық спорттық бұйымдардың, оның ішінде спортзалда
қолданылған орамалдардың талшықтарына зақым келтірмей, оларды
жууға қолайлы (бұйым жапсырмасындағы нұсқауларды орындаңыз).
Спорттық аяқ-киім
спорттық аяқ киімдерді жууға арналған; жақсырақ нәтижеге қол жеткізу
үшін бір ретте 1 жұптан артық аяқ киім жумауды ұсынамыз.
Аяқ киімді барабанға салмас бұрын, олардың бауларын байлап қойғанды
жөн санаймыз.
Балалар киімі
әдетте балалардың киімдерінде болатын кірді кетіруге арналған цикл, ол
жуғыш заттың қалдықтарын тиімді түрде кетіреді.
Шаю
Шаю және сығуға арналған.
Сығу + Ағызу
Сығу және суды ағызуға арналған.
Мамық көрпелер
Бір адамға арналған мамық көрпені (оның салмағы 1 кг-нан аспауы тиіс),
жастықтарды немесе мамық курткалар сияқты қаз мамығы бар киімдерді
жуу үшін арнайы 12 жуу циклын қолданыңыз. Мамық көрпелерді шеттерін
ішке қайырып (суретті қараңыз) және барабанды 3/4 көлеміне ғана
толтырып барабан ішіне салыңыз. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін
сұйық жуғыш қолданылып, жуғыш зат тартпасына құйылғаны абзал.
Жүн
тіпті жапсырмасында «тек қолмен жуу» жазуы бар жүн киімдерін
қоса, барлық жүн киімдерін 13-бағдарламамен жууға болады. Ең жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы жуғыш затты қолданыңыз және 1 кг кір
салмағынан аспаңыз.
Жібек
жібек киімдерді жуу үшін арнайы 14-жуу циклын қолданыңыз. Нәзік
киімдерді жууға арналған арнайы жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер
перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе тор сөмкеге салыңыз. 14-жуу
циклын қолданыңыз.
Мақта 60°
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 40°C және 60°C-та
бұл — мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты цикл, сондай-ақ ол
тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері тұрғысынан ең тиімді цикл.
Алдын ала жууы бар Мақта 90°
өте қатты кірленген ақ киімдер.
ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ
Индикаторлар пайдаланушыға маңызды мәліметтерді хабарлайды.
Индикаторлардың мәні:
Жуу
Шаю
Сығу
Суды ағызу
Циклдің аяғы
Кейінге қалдыру таймері
Егер «Кейінге қалдыру» функциясы қосылған болса (қара.:
«Персонализацияланған бейімдеулер»), программа іске қосылғаннан
кейін кейінге қалдырылған уақытқа сәйкес келетін индикатор жанып-өше
бастайды:
3Ч
6Ч
9Ч
12Ч
Уақыт есептелген сайын, сәйкес индикатордың жанып-өшуімен бірге
қалған уақыт көрсетіледі.
3Ч
6Ч
9Ч
12Ч
Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін берілген программа іске қосылады.
ҚҰЛЫПТАУЛЫ ЕСІК ИНДИКАТОРЫ
Индикатор шамы жанып тұрған кезде, ашылмауы үшін есік құлыптаулы
болады; есікті ашпас бұрын индикатор шамының сөнгеніне көз жеткізіңіз
(шамамен 3 минут күтіңіз).
Жуу циклы барысында есікті ашу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз; индикатор шамы өшкен кезде есікті ашуға болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас бұрын,
2-жуу циклын қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ, жуу
циклын іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
«АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» бөліміндегі ұсыныстарды орындау
арқылы кірлерді дайындаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны қосыңыз.
Барлық индикатор шамдары бірнеше секундқа жанады, одан кейін
таңдалған жуу цикліне сәйкес келетін шамдар жанып тұрады; БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы да жыпылықтайды.
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ» тарауында
айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- ЖУУ ЦИКЛІ тұтқасын қажетті циклге орнатыңыз.
- Жуу температурасын орнатыңыз.
- Жуу сығу орнатыңыз
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз;
тиісті жасыл түсті индикатор шамы жасыл түспен бір қалыпты жанып, есік
құлыпталады ( индикатор шамы жанып тұрады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтата тұру үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы
бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды.
индикатор шамы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға болады (шамамен 3
минут күтіңіз). Жуу циклін тоқтатылған жерінен бастау үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕСІКТІ АШУ
Цикл басталғаннан кейін индикатор шамы есік ашылмайтынын білдіру
үшін жанады. Жуу циклі орындалып жатқан кезде есік құлыпталып
тұрады. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін, мысалы, тағы зат
салу немесе алу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басып, циклді
тоқтатып қойыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды.
индикатор шамы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға болады (шамамен 3
минут күтіңіз). Циклді жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін қайтадан басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (тиісті индикатор
шамы сарғылт түспен жыпылықтайды), одан кейін қажетті циклді таңдап,
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін қайта басыңыз.
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып
тұрыңыз.
Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
ЦИКЛДІҢ СОҢЫ
Цикл тоқтағаннан кейін “END” индикатор шамы жанады; индикатор
шамы сөнген кезде есікті ашуға болады (шамамен 3 минут күтіңіз). Есікті
ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз. Егер ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін баспасыңыз, жуғыш машина жарты сағаттың ішінде автоматты
түрде сөнеді.
ОПЦИЯЛАР
- Егер таңдалып алынған функция берілген программамен
үйлеспейтін болса, сәйкес индикатор өшіп-жана бастайды да,
мұндай функция іске қосылмайды.
- Егер алдында таңдалып алынған функциямен сәйкес келмейтін
функция таңдалса, онда алдыңғы таңдалып алынған функцияның
индикаторы өшіп-жана бастайды да, екінші қосымша функция ғана
қосылады, қосылған функцияның индикаторы жанады.
қолдануға болатын жағдайларда, өте кір бұйымдар үшін
опциясын қосыңыз. Осы опцияны басып, циклге барлық жуу параметрлерін
автоматты түрде қайта реттеп, ұзағырақ орындалуына мүмкіндік беріңіз.
Бұл опция температураны өзгертпейді, ал сығу циклін автоматты түрде ең
жоғары деңгейге реттейді. Пайдаланушы сығу циклін кез келген уақытта
қажетті мәнге қайта реттей алады.
Page 3
Қосымша шаю
Бұл функцияны таңдағанда шаю тиімділігі жоғарылайды, кір жуғыш құрал
барынша кетіріледі. Бұл құрал кір жуғыш құралдарға сезімтал терілі
адамдар үшін өте қолайлы.
опциясы мақта және синтетикалық бұйымдарды жуып, қуат
үнемдеу арқылы қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі. Қуат үнемдеу
кезінде салқын сумен жуу циклі қолданылады, ал күшейтілген механикалық
шаралар мен су мөлшерін оңтайлы қолдану арқасында қажетті нәтижеге
қол жеткізіледі. Сәл кірленген киімдерді жуу үшін қолданған жөн. Сұйық
жуғыш зат қолданған жөн.
Кейінге қалдыру таймері
Циклді қосуды 12 сағатқа дейін тоқтата алады.
Тоқтатудың қажетті мәніне сәйкес келетін индикатор жанғанға дейін
батырманы бірнеше рет басыңыз. Бесінші рет басқанда функция
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ батырмасын басу арқылы кейінге
қалдыру мәнін азаю жағына қарай өзгертуге болады.
Температура
Кір жуу температурасын реттеу ТЕМПЕРАТУРА реттегіш көмегімен
жүргізіледі («Программалар кестесін» қара.).
Температура мәні суық суда жууға дейін төмендетілуі мүмкін ( ).
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды мәннен артық
мәнді автоматты түрде жібермейді.
Сығу
Таңдалып алынған программаның сығу жылдамдығын таңдау СЫҒУ
жылдамдығын реттегіштің көмегімен жүргізіледі. Әр түрлі программалар
үшін сығудың әр түрлі максималды жылдамдығы қарастырылған.
Сығу жылдамдығы төмендетілуі мүмкін немесе реттегішті қалпына
бұрағанда мүлде тоқтатылуы мүмкін.
Машина әрбір программа үшін көзделген максималды жылдамдықтан
артық жылдамдыққа автоматты түрде жібермейді.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер). Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті
заттардан бөлу, жаңа түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек). Нәзік заттар
(кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ ілмектері бар заттар,
мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа салу керек).
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және қуат жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жабыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның
ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып кетудің
алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас бөліктерін
жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға болады.
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасын тазалау
Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл әрекетті жиі қайталап тұру керек.
Есікке және барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін,
өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар (мысалы,
тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы қорғау
камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. қақпақ панелін алдымен ортасынан басу және одан кейін шығарып
алынатындай оны екі жағынан ұстап, төмен қарай тарту арқылы панельді
шешіп алыңыз;
2. ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. панельді құрылғыға итеріп кіргізбес бұрын, ілмектер орнына түскеніне
көз жеткізіп, панельді орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол шытынаған
немесе сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері орындалған
кезде судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
ЖҮКТІ ТЕҢЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі
айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер
бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген
сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса,
құрылғы сығу орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды
ұсынамыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы жағына
бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп, кептіргішті салу және
шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және жуғыш зат
диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су құю түтігін
су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу түтігін ағытыңыз. Түтіктерде
қалған суды төгіп, оларды тасымалдау кезінде зақымдалмайтындай етіп
бекітіңіз. Тасымалдау болттарын қайта орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары»
тарауында сипатталған тасымалдау болттарын шешіп алу процедурасын
керісінше орындаңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін, ылғалдығы 80
%-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым келмеуі
үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге бекіту керек. Кір
жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез келген жабық көлікпен тік
қалыпта (жұмыс істеген кездегі қалпы) тасымалдануы тиіс. Тиеген және
түсірген кезде кір жуғыш машинаға механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
Page 4
Техникалық деректері
ҮлгіMSC 615
ені 59,5 см
Өлшемдері
Сыйымдылығы1 - 6 кг
биіктігі 85 см
тереңдігі 42 см
Электр
қосылымдары
Су қосылымдары
Айналдыру
жылдамдығы
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына
стандартқа сәйкес:
EN 60456
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 40 литр
1000 айналым/мин мәніне дейін
15 бағдарламасы; температура 60°C;
6 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- EMC - 2014/30/EU (Электр магниттік
үйлесімділік)
- LVD - 2014/35/EU (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU (WEEE)
Page 5
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын («Қызмет көрсету»
тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып, ақаулық оңай жөнделмейтініне көз жеткізіңіз.
Әдеттен тыс жағдайларЫқтимал себептері / шешімі
Кір жуғыш машина
қосылмайды.
Жуу циклі басталмайды.
Кір жуғыш машина су
алмайды (жуу циклының
бірінші кезеңінің
индикатор шамы жылдам
жыпылықтайды).
Кір жуғыш машина суды
толтырып, оны ағызып
тұра береді.
Кір жуғыш машина суды
ағызбайды не сықпайды.
Кір жуғыш машина сығу
циклі барысында көп
дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су
ағады.
«Функциялар» индикатор
шамдары мен БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамы
жыпылықтайды, ал
«орындалып жатқан
кезең» индикатор
шамдарының бірі мен
«есік құлыптаулы»
индикатор шамы қалыпты
түрде жанып тұрады.
Тым көп көбік болады.
Тым көп көбік болады.
Құрылғы розеткаға қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
Үйде ток жоқ.
Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі басылмаған.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Су шүмегі ашылмаған.
Бастау уақыты үшін кешіктіріп бастау уақыты орнатылған.
Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
Түтік майыстырылған.
Су шүмегі ашылмаған.
Үйде су жоқ.
Қысым тым төмен.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Ағызу түтігі еденнен 65–100 см биіктікте орналастырылмаған.
Түтіктің бос шеті суға батып тұр.
Қабырғадағы канализация жүйесінде сапун құбыры жоқ.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де,
Техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын
болсаңыз, суды қайта тартуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның салдарынан кір жуғыш
машина суға толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде су тартуға жол бермейтін арнайы
клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
Циклде ағызу кезеңі жоқ: кейбір циклдерде оны қолмен қосу керек.
Ағызу түтігі майысқан.
Ағызу түтігі бітелген.
Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған.
Кір жуғыш машина түзу қойылмаған.
Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған.
Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасына бірдеңе кедергі жасап тұр.
Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген.
Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут күтіңіз де, оны қайтадан
қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш машиналарға арналған», «қолмен
жууға және кір жуғыш машинаға арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
Тым көп жуғыш зат қолданылған.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫН, ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫН, ТЕХНИКАЛЫҚ
ДЕРЕКТЕР ПАРАҒЫН және ҚУАТ ДЕРЕКТЕРІН келесі жолдармен жүктеп алуға болады:
• Мына вебсайтқа кіру: http://docs.indesit.eu.
• QR кодын қолдану.
• Немесе біздің Техникалық көмек көрсету қызметімізге хабарласыңыз (телефон нөмірі кепілдік
кітапшасында көрсетілген). Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласқан кезде, есіктің ішіне
жабыстырылған жапсырмада көрсетілген кодтарды айтып беріңіз.
xxxx
xxxxxxxxxxxx
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.