INDESIT ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.
Толық қолдау алу үшін құрылғыны
www.indesit.com/register сайтында тіркеңіз
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
KZ
Аспапты пайдалану алдында Денсаулық пен Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият
оқыңыз.
Машинаны пайдалану алдында тасымалдау болттарын босату қажет. Оларды
босату туралы толық нұсқаулар алу үшін Орнату нұсқаулығы бөлімін көріңіз.
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
2. ТЕМПЕРАТУРА тұтқасы
3. Индикатор шамдары бар ФУНКЦИ түймелері
4. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі
және индикатор шамы
5. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесі
6. СЫҒУ тұтқасы
7. ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасы
8. ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
8
ЖУУ ЦИКЛДЕРІНІҢ КЕСТЕСІ
Максималды жүктеме — 6 кг
Өшірілген режимдегі қуат тұтыну мөлшері: 0,5 Вт / қосылып тұрған күйдегі қуат
тұтыну мөлшері: 8 Вт
2.
7.
Максималды
айналу
жылдамдығы
(айналым)
8.
Максималды
жүктеме (кг)
(макс.
2 жұп)
1.
3.
4.
5.
6.
Ұзақтығы
(минут)
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
1-бөлік: алдын ала жууға арналған жуғыш
құрал (ұнтақ)
Кір жуғыш ұнтақты салар алдында ағартқышқа арналған
4-бөлімшенің орнатылмағанына көз жеткізіңіз.
2-бөлік: кір жууға арналған жуғыш құрал
(ұнтақ немесе сұйық)
Кір жууға арналған сұйық құрал машинаны іске
қосардың алдында құйылады.
3-бөлік: Қосындылар (жұмсартқыштар, хош
иістендіргіштер және басқа)
Шайғыштарға арналған 3-бөлімшені
торшасынан жоғары толтырмаңыз.
Қосымша 4-бөлімше: Ағартқыш немесе жеңіл
ағартқыш.
! Ақ заттар, алдын ала жуу және 60°С-тан асатын температураларда
жуу үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
! Жуғыш заттың орамасында берілген нұсқауларды орындаңыз.
Ағарту
! Әдеттегі ағартқышты мықты ақ матадан жасалған бұйымдарды жуғанда
пайдаланады; жеңіл ағартқышты түрлі-түсті, синтетикалық және жүн
бұйымдар үшін пайдалануға болады.
Ағартқышқа арналған 4-науа жуғыш құралдарды
бөлгіштің 1-бөлімшесіне қойылады. 4-науаны max
белгісінен жоғары толтырмаңыз (сур. қара.).
Тек қана ағарту жүргізу үшін ағартқышты қосымша
4-науаға құйыңыз, «Шаю» программасын
таңдап, «Ағарту» функциясын іске қосыңыз. Кір
жуу барысында ағарту жүргізу үшін кір жуғыш
ұнтақ пен жұмсартушы қосыңыз, қажетті
программаны таңдаңыз және «Ағарту»
функциясын іске қосыңыз.
Қосымша 4-науаны пайдалану алдын ала жууды
пайдалану мүмкіндігін тоқтатады.
Жуу циклі
Алдын ала жууы бар
1
2
2
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Қажетті мөлшерлеме Қосымша мөлшерлеме
Дисплейде немесе нұсқаулықта көрсетілген цикл ұзақтығы — стандартты шарттар
негізінде есептелген мөлшер. Іс жүзіндегі ұзақтық құбырдан алынатын судың
температурасы мен қысымы, қоршаған орта температурасы, жуғыш зат мөлшері,
жүктеме мөлшері мен түрі, жүктемені теңестіру және таңдалған кез келген
қосымша опциялар сияқты бірнеше факторға байланысты әр түрлі болады.
Сынақтан өткізетін барлық мекемелер үшін:
1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 2 жуу циклын 60°C
температурасымен таңдаңыз.
2) Ұзақ мақта-мата циклі: 2-циклді 40°C температурасына орнатыңыз.
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы
таңбалардағы нұсқауларды орындаңыз. Таңбада
көрсетілген мән — затты жууға ұсынылған
максималды температура.
Алдын ала жууы бар Мақта
Суға жібітіп қою арқылы жуу
Мақта 90°
Қатты кірлеген ақ бұйым
Мақта (1-2)
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 60°C мен
40°C-та бұл — мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты
цикл, сондай-ақ ол тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері
тұрғысынан ең тиімді цикл.
Мақта 60°
Қатты кірлеген ақ және мықты боялған түрлі-түсті бұйым
түрлі-түсті мақта
Түстерді сақтауға, түрлі-түсті мақта-мата немесе синтетикалық
заттарға жарамды 40°C циклі. Ол жақсы жуу нәтижесін
қамтамасыз ете отырып, электр тогын тұтыну мөлшерін азайтуға
мүмкіндік береді. Аздап кірленген киімдерді жуу үшін жарамды.
Синететика 60°
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил,
вискоза, т.б.) немесе аралас синтетикалық-мақта-мата
талшықтарынан жасалған, орташа кірленген заттарды жууға
жарамды.
Синететика 40°
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил,
вискоза, т.б.) немесе аралас синтетикалық-мақта-мата
талшықтарынан жасалған, кішкентай кірленген заттарды жууға
жарамды.
Жүн
Кір жуғыш машинаның 7-программа режимінде кез келген жүн
бұйымдарды, соның ішінде «тек қолмен жуу» этикеткасы бар
бұйымдарды да жууға болады. Кір жуу нәтижесі жақсы болу үшін
арнайы жуғыш құралдарды пайдаланыңыз және 1 кг артық бұйым
салмаңыз.
Жібек
Барлық жібек бұйымдарды жууға арналған 8-программаны
пайдаланыңыз. Нәзік маталарға арналған арнйаы кір жуғыш
заттарды пайдалану ұсынылады.
джинса
Бұйымды жуар алында теріс айналдырыңыз және сұйық жуғыш
құралды пайдаланыңыз.
Экспресс 15’
қатты кірлемеген бұйымдарды тез жууға арналған, цикл бар-жоғы
15 минутқа созылады, бұл уақыт пен электр қуатын үнемдеуге
мүмкіндік береді. Бұл программамен (10, 30°С) әр түрлі матадан
тігілген бұйымдарды максималды 1,5 кг жүктей отырып, бірге
жууға болады (мұнда жүн мен жібектен тігілген бұйымдар
кірмейді).
Спорт интенсив
Өте кір спорт киімдерін жууға арналған (спорттық костюмдер,
шұлықтар және т.Б.); Жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін
«программалар кестесінде» көрсетілген жүктеу шегінен аспауды
ұсынамыз.
Спорт
Аса қатты кірлемеген спорт киімдерін (спорттық костюмдер,
шұлықтар және т.Б.) Жууға арналған; жақсырақ нәтижеге қол
жеткізу үшін «программалар кестесінде» көрсетілген жүктеу
шегінен аспауды ұсынамыз. Жартылай жүктеуге сәйкес көлемде
сұйық жуғыш құралдарды пайдалануды ұсынамыз.
Спорттық аяқ киім
Спорттық аяқ киімдерді жууға арналған; жақсырақ нәтижеге қол
жеткізу үшін бір ретте 2 жұптан артық аяқ киім жумауды ұсынамыз.
Шаю
Шаюға Арналған
Сығу
айналдыруға арналған
Сығусыз суын ағызу
суды басуға және ағызуға арналған.
ДИСПЛЕЙ
Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы және өте көп
ақпарат береді.
B
Бар бағдарламалардың мерзімі мен іске қосылған циклдың
аяқталуына дейін қалған уақыт A бөлімінде көрсетіледі; КЕШІКТІРІП
БАСТАУ опциясы орнатылған болса, таңдалған бағдарламаның
басталуына дейінгі кері санақ көрсетіледі. Тиісті түйме басылғанда,
таңдалған циклдың ең жоғарғы температурасы мен сығу
жылдамдығының мәндерін немесе, таңдалған циклмен үйлесімді
болса, ең соңғы рет қолданылған параметрлерді құрылғы автоматты
түрде көрсетеді.
Таңдалған бағдарламаға қатысты «бағдарлама кезеңдері» және
орындалып жатқан «бағдарлама кезеңі» B бөлімінде көрсетіледі:
Жуу
Шаю
Сығу
Ағызу
«Температура» , «Бағдарламаланған басталу» және «сығу»
опцияларына сәйкес келетін белгішелер C бөлімінде жоғарыдан
төмен қарай көрсетіледі.
таңбасы жанса, дисплейде орнатылған «температура» мәні
көрсетіледі.
«Кешіктіріп бастау» орнатылған болса, таңбасы жанады.
таңбасы жанса, дисплейде орнатылған «сығу» мәні көрсетіледі.
ҚҰЛЫПТАУЛЫ ЕСІК ИНДИКАТОРЫ
Жанып тұрған кезде, таңба есіктің құлыптаулы екенін білдіреді. Кез келген
зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның сөнгенін күтіңіз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз ; таңбасы өшсе, демек есікті ашуға болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, «2» циклін орнатып, кірлерді салмай-ақ, жуғыш затпен жуу
циклін іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
«АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» бөліміндегі ұсыныстарды
орындау арқылы кірлерді дайындаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны
қосыңыз. Барлық индикатор шамдары бірнеше секундқа жанады,
одан кейін таңдалған жуу цикліне сәйкес келетін шамдар жанып
тұрады; БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы да
жыпылықтайды.
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді
салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ДИСПЕНСЕРІНІҢ
ТАРТПАСЫ» тарауында айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке
құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- ЖУУ ЦИКЛІ тұтқасын қажетті циклге орнатыңыз.
- Қажетті температураны орнатыңыз.
- Қажетті сығу жылдамдығын орнатыңыз.
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басыңыз; тиісті жасыл түсті индикатор шамы жасыл түспен бір
қалыпты жанып, есік құлыпталады ( индикатор шамы жанып
тұрады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтата тұру үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. таңбасы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға
болады. Жуу циклін тоқтатылған жерінен бастау үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕСІКТІ АШУ
Цикл басталғаннан кейін таңбасы есік ашылмайтынын білдіру үшін
жанады. Жуу циклі орындалып жатқан кезде есік құлыпталып
тұрады. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін, мысалы, тағы
зат салу немесе алу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басып, циклді тоқтатып қойыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. таңбасы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға
болады. Циклді жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін қайтадан басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (тиісті
индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды), одан кейін қажетті
циклді таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін қайта басыңыз.
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басып тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
ЦИКЛДІҢ СОҢЫ
Мұны дисплейдегі «END» сөзі білдіреді; таңбасы өшкеннен кейін
есікті ашуға болады. Есікті ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны
өшіріңіз. Егер ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін баспасыңыз, жуғыш машина
жарты сағаттың ішінде автоматты түрде сөнеді.
CA
ФУНКЦИЯ
- Таңдалған функция бағдарламаланған жуу циклымен үйлесімді
болмаса, тиісті индикатор шамы жыпылықтайды және функция
қосылмайды.
- Таңдалған функция оған дейін таңдалған функциямен үйлесімді
болмаса, таңдалған бірінші функцияға тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және екінші функция қосылады; қосылған опцияға
сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады.
Бұл опцияны таңдау барабан айналымын, температура мен суды аз
ластанған мақта мен синтетикалық талшықтарлың аз жүгіне қолайлы
түрде реттеуге мүмкіндік береді.
«» су мен токты үнемдеп, аз уақытта жууға мүмкіндік береді. Жүк
мөлшеріне сәйкес өлшенген сұйық жуғыш затты пайдаланған жөн.
Дақтарды кетіру (пятна)
Кетпей қоятын дақтарды кетіруге арналған ағарту циклы.
Ағартқышты қосымша 4-бөлікке құюды ұмытпаңыз («Ағарту циклы»
тарауын қараңыз).
Қосымша шаю (Доп. Полоскание)
Бұл опцияны таңдау арқылы шаюдың тиімділігі артады және жуғыш
затты оңтайлы түрде шығару орындалады. Ол әсіресе сезімтал тері
үшін пайдалы.
Оңай үтіктеу (Легкая глажка)
Бұл функцияны таңдау арқылы жуу және сығу циклдары
тыртыстардың пайда болуын азайтатындай өзгертіледі. Циклдың
аяғында кір жуғыш машинаның барабаны баяу айналады; ОҢАЙ
ҮТІКТЕУ және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ опцияларының индикатор
шамдары жыпылықтайды (біріншісі жасыл, екіншісі қызғылт сары
түспен).
Циклды аяқтау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін немесе
ОҢАЙ ҮТІКТЕУ түймесін басыңыз.
8 жуу циклы үшін, құрылғы циклды кірлер әлі суға салынып тұрғанда
аяқтайды және ОҢАЙ ҮТІКТЕУ мен БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамдары жыпылықтайды. Кірлерді алу мақсатында суды
ағызу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін немесе ОҢАЙ
ҮТІКТЕУ түймесін басыңыз.
Кешіктіріп бастау (Таймер Отсрочки)
Таңдалған бағдарлама үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін, қажетті
кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті түймені қайта-қайта
басыңыз. Бұл опция қосылғанда, дисплейде таңбасы жанады.
Кешіктіріп бастау опциясын алып тастау үшін дисплейде «OFF»
мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.
Температура
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген температурасы бар.
Температураны өзгерту үшін түймесін басыңыз. Мән дисплейде
көрсетіледі.
Сығу
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген сығу жылдамдығы
бар. Сығу жылдамдығын өзгерту үшін түймесін басыңыз. Мән
дисплейде көрсетіледі.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер). Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті
заттардан бөлу, жаңа түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек). Нәзік заттар
(кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ ілмектері бар заттар,
мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа салу керек).
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және қуат жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жабыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның
ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып
кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасын тазалау
Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл әрекетті жиі қайталап тұру керек.
Есікке және барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар
(мысалы, тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы
қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. қақпақ панелін алдымен ортасынан басу және одан кейін шығарып
алынатындай оны екі жағынан ұстап, төмен қарай тарту арқылы
панельді шешіп алыңыз;
2. ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. панельді құрылғыға итеріп кіргізбес бұрын, ілмектер орнына
түскеніне көз жеткізіп, панельді орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол
шытынаған немесе сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері
орындалған кезде судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде
жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
ЖҮКТІ ТЕҢЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын шамадан тыс
дірілдеудің алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан
жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс
теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін
жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы
жағына бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп,
кептіргішті салу және шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және жуғыш
зат диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су құю
түтігін су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу түтігін ағытыңыз.
Түтіктерде қалған суды төгіп, оларды тасымалдау кезінде
зақымдалмайтындай етіп бекітіңіз. Тасымалдау болттарын қайта
орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары» тарауында сипатталған тасымалдау
болттарын шешіп алу процедурасын керісінше орындаңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін,
ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым
келмеуі үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге
бекіту керек. Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез
келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген кездегі қалпы)
тасымалдануы тиіс. Тиеген және түсірген кезде кір жуғыш машинаға
механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Техникалық деректері
ҮлгіIWSE 6105
ені 59,5 см
Өлшемдері
Сыйымдылығы1 - 6 кг
биіктігі 85 см
тереңдігі 42 см
Электр
қосылымдары
Су қосылымдары
Айналдыру
жылдамдығы
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына
стандартқа сәйкес:
EN 60456
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 40 литр
1000 айналым/мин мәніне дейін
2 бағдарламасы; температура 60°C;
6 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- EMC - 2014/30/EU (Электр магниттік
үйлесімділік)
- LVD - 2014/35/EU (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU (WEEE)
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын («Қызмет көрсету»
тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып, ақаулық оңай жөнделмейтініне көз жеткізіңіз.
Әдеттен тыс жағдайларЫқтимал себептері / шешімі
Кір жуғыш машина
қосылмайды.
Жуу циклі басталмайды.
Кір жуғыш машинаға
су толтырылмайды
(дисплейде «H2O»
таңбасы жыпылықтайды).
Кір жуғыш машина суды
толтырып, оны ағызып
тұра береді.
Кір жуғыш машина суды
ағызбайды не сықпайды.
Кір жуғыш машина сығу
циклі барысында көп
дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су
ағады.
«Функция» және БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамдары
жылдам жыпылықтайды
және дисплейде қате коды
көрсетіледі (мысалы,
F-01, F-..).
Тым көп көбік болады.
Құрылғы розеткаға қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
Үйде ток жоқ.
Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі басылмаған.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Су шүмегі ашылмаған.
Бастау уақыты үшін кешіктіріп бастау уақыты орнатылған.
Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
Түтік майыстырылған.
Су шүмегі ашылмаған.
Үйде су жоқ.
Қысым тым төмен.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
Ағызу түтігі еденнен 65–100 см биіктікте орналастырылмаған.
Түтіктің бос шеті суға батып тұр.
Қабырғадағы канализация жүйесінде сапун құбыры жоқ.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де,
Техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын
болсаңыз, суды қайта тартуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның салдарынан кір жуғыш
машина суға толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде су тартуға жол бермейтін арнайы
клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
Циклде ағызу кезеңі жоқ: кейбір циклдерде оны қолмен қосу керек.
Ағызу түтігі майысқан.
«Оңай үтіктеу» опциясы қосылған: Жуу циклын аяқтау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз.
Ағызу түтігі бітелген.
Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған.
Кір жуғыш машина түзу қойылмаған.
Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған.
Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасына бірдеңе кедергі жасап тұр.
Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген.
Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут күтіңіз де, оны қайтадан
қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш машиналарға арналған», «қолмен
жууға және кір жуғыш машинаға арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
Тым көп жуғыш зат қолданылған.
DEMO MODE: Бұл мүмкіндікті өшіру үшін, құрылғыны өшіріңіз. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймешігін басып ұстап тұрып, сондайақ, 5 секунд үшін ҚОСУ/ӨШІРУ басыңыз және екі 2 секунд басылса, оларды ұстап.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫН, ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫН, ТЕХНИКАЛЫҚ
ДЕРЕКТЕР ПАРАҒЫН және ҚУАТ ДЕРЕКТЕРІН келесі жолдармен жүктеп алуға болады:
xxxx
xxxxxxxxxxxx
• Мына вебсайтқа кіру: http://docs.indesit.eu.
• QR кодын қолдану.
• Немесе біздің Техникалық көмек көрсету қызметімізге хабарласыңыз (телефон нөмірі кепілдік
кітапшасында көрсетілген). Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласқан кезде, есіктің ішіне
жабыстырылған жапсырмада көрсетілген кодтарды айтып беріңіз.
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.