INDESIT IDV 75 (EU) User Manual [kk]

Нұсқаулық
KZ
Қазақша
КЕПТІРГІШ
Мазмұны
Орнату, 62
Ескертулер, 64
Күтім және техникалық қызмет көрсету, 66
Кептіргіш сипаттамасы, 67
Кептіру параметрлері, 68
Ақаулықтарды жою, 69
Көмек және кепілдік, 70
www.indesit.com
Бұл таңба осы пайдаланушы
нұсқаулығын оқуды еске салады.
! Қажет болған кезде дереу қарап шығу мүмкін болуы үшін
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: төмендегі
беттерде орнатуға қатысты маңызды ақпарат пен құрылғы жұмысына байланысты пайдалы ұсыныстар қамтылған.
61
B
A
m
Орнату
KZ
Кептіргіш орнатылатын орын
Кептіргіш үстелдің үстіңгі тақтайының астына орнатылатын болса, кептіргіш үстіңгі панелімен одан жоғары орналасқан кез келген нысандар арасында 10 мм аралық және құрылғының бүйірлері мен қабырғалар немесе жиһаздар арасында 15 мм аралық болатынын қамтамасыз етіңіз. Бұл тиісті ауа айналымының болуын қамтамасыз етеді.
Желдету
Бұл құрылғы салқын, таза және салыстырмалы түрде құрғақ ауаны ішіне сорып, оны қыздырып, мата арқылы өткізіп кірлерді абайлап кептіреді. Кептіру үдерісін жеңілдету үшін ылғал ауа желдету түтігі арқылы артқы жақтан шығарылады. Кептіргіш пайдаланылған кезде басқа отынды жағатын құрылғылардан, оның ішінде каминнен, газдар бөлмеге кері тартылмауы үшін тиісті желдету болуы тиіс.
Жылжымалы желдету жүйесі
Кептіргішті жылжымалы желдету жүйесімен қолданған кезде, желдету түтігі қосылуы тиіс. Түтік құрылғының артындағы желдету тесігіне мықтап бекітілуі керек («Кептіргіш сипаттамасы» тарауын қараңыз). Мүмкін болса, түтікті кептіргішке жақын шығыс тесігіне жалғаған абзал. Тұрақты бір жерге орнату мүмкін болмаса, желдету түтігін жартылай ашылған терезе арқылы шығарып қойып, кептіргішті пайдалануға болады. Желдету түтігі құрылғының артқы жағында орналасқан ауаның кіріс саңылауына бағытталмағанына көз жеткізіңіз. Желдету түтігінің ұзындығы 2,4 метрден аспауы тиіс; ішіндегі кез келген түйіршік, шаң немесе су қалдықтарын шығару үшін оны жиі сілкілеп отыру керек. Түтікті қысып тастамаңыз. Орнату оңай болуы үшін түтіктің көлденең қимасы сопақ болып жасалған.
Тұрақты желдету жүйесі
Желдету түтігін құрылғыны сатқан сатушыдан немесе жергілікті қосалқы бөлшектер қоймасынан алуға болатын терезелерге немесе есіктерге арналған желдету жинағына қосуды ұсынамыз.
Қабырғадағы желдету тесігі
1. Қабырғада саңылау қалдырыңыз.
2. Ылғал конденсацияланып, құрылғыға кері ағып кетуіне жол бермеу үшін түтікті мүмкін болғанша қысқа және түзу қылыңыз.
3. Қабырғадағы тесік те түзу әрі төмен қарауы тиіс, солайша шығатын ауа ағыны
Түйіршіктер немесе қалдықтар жиналмауы үшін, әсіресе кептіргіш өте жиі қолданылса, А және В аумақтарын жиі тексеріп отыру қажет. Ылғал ауа бөлмеге кері кірмеуі үшін
бөгеттелмейді.
түтік адаптерін дұрыс орнату керек.
ЖЕЛДЕТУ ТҮТІГІН КЕПТІРГІШКЕ БЕКІТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Сопақ пішінді желдету түтігін қаптамадан шығарыңыз. Екі қысқыш қамытты да шығаруды ұмытпаңыз. Түтіктің ұзындығын азайту
үшін оны кесу керек болса, қолғап киіңіз.
Бекітуден бұрын, желдету қамытының шетін тартып, созыңыз. Түтік созылмаған болса, қысқыш қамыт түтікті адаптерге қыспайды.
Қысқыш қамыттардың бірін созылған желдету түтігінің бір ұшына орналастырыңыз. Екінші қысқыш
қамытты желдету түтігінің екінші ұшын қабырғаға орнату жинағына (бірге берілмейді) бекіту үшін қолдануға болады.
Қысқыш қамытты
бұрауышпен тартып
бекіту үшін желдету
түтігін артқы желдету
шығысына қысыңыз.
Түтік созылмаған
болса, қысқыш түтікті артқы желдету шығысына қыспайды. Кептіргіш үстелдің үстіңгі тақтайынан алға қарай шығып тұруы мүмкін. Кептіргішті артқа қарай тым көп итермеңіз.
Желдету тесігі
Түтікті мүмкін болғанша қысқа жасау үшін желдету тесігі кептіргіштің дәл артында болуы тиіс. Кептіргішті тым артқа итеріп жібермеңіз, себебі бұл желдету түтігінің қысылуына, майысуына немесе тіпті ағытылуына әкелуі мүмкін. Түтікте ешқандай қиылыстар, түйіндер немесе «U» тәріздес майысулар болмауы керек, өйткені олар желдетуді қиындатуы немесе конденсация жинауы мүмкін.
Желдету
Ыстық әрі ылғал ауа бөлмеде немесе кептіргіште конденсация түзбеуі үшін түтіктің шеті төмен қарауы тиіс. Кептіргіш тиісті түрде желдетілетініне және желдету түтігінің шеті құрылғының артқы жағындағы ауаның кіріс түтігіне қарап тұрмағанына көз жеткізіңіз. Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін желдету түтігі әрдайым бекітілген болуы керек. Түтікті кеңейтіп, кигізу және қысып қою керек.
Желдету түтігі, ауаның кіріс және шығыс саңылаулары бітелмегеніне немесе жабылмағанына көз жеткізіңіз.
Кептіргішке шығаратын ауаны қайта айналдыруға мүмкіндік бермеңіз.
62
Кептіргішті дұрыс қолданбау өрт шығу қаупіне әкелуі мүмкін. Кептіргіштен шығатын ауаны газ немесе басқа отынды жағатын құрылғылардың түтінін шығаруға пайдаланылатын түтікке жіберуге болмайды. Шығатын ауаны сорып алу жүйесіне немесе сорып алу желдеткіші бар кез келген түтікке жіберуге болмайды. Бұл температураны басқару құралдарының жұмысына әсер етіп, өрт шығу қаупіне әкелуі мүмкін.
Кептіргіш орнатылған бөлме дымқыл емес екеніне және тиісті вентиляция бар екеніне көз жеткізу қажет.
Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн емес, алайда оны құлыпталатын есік, сырғыйтын есік немесе топсасы кептіргіш есігінің топсасына қарама­қарсы жақта орналасқан есік артына ешқашан орнатуға болмайды.
Құрылғыны артын қабырғаға тигізіп орнату керек.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын төмендегі жағдайларды тексеріңіз:
Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.
Розетка техникалық деректер тақтасында көрсетілген құрылғының ең көп қуат шығысына төтеп бере алуы тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ток желісінің кернеуі техникалық деректер тақтасында көрсетілген мәндер ауқымында жатуы тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз. Қуат сымынан тартпаңыз. Құрылғы ашамен жабдықталған болса, бірнеше розеткалы тармақтауышты пайдаланбаңыз. Берілген аша өзінің розеткасымен үйлесімді болмаса, білікті маманға хабарласыңыз.
Жабық жер болса да, кептіргішті
сыртта орнатпау қажет.
Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін
ток сымы мен айыры қол жететін жерде болуы керек.
Ток сымын майыстыруға немесе оған
қысым түсіруге болмайды.
Ауыстырылатын айыр балқытып
орнатылған түрлі болса, оны қауіпсіз түрде тастау керек. Оны розеткаға қосуға болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ, себебі ток соғу қаупі бар.{}
Кабельді жүйелі түрде тексеріп отыру қажет. Ток кабелі зақымдалған болса, оның қызмет көрсету бойынша өкілі ауыстыруы тиіс. (Көмек алу тарауын қараңыз).
Осы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші барлық жауапкершіліктен бас тартады.
Жоғарыдағы көрсетілімдер туралы күмән бар болса, білікті электр маманға хабарласыңыз.
Кептіргішті түзулеу
Дұрыс жұмыс істеуі үшін кептіргішті түзу орнату керек. Кептіргішті тұрақты орнына орнатқаннан кейін оның түзу тұрғанына көз жеткізіңіз; алдымен бүйірлерінің түзулігін, одан кейін алды-арты түзулігін тексеріңіз. Кептіргіш түзу тұрмаса, алдыңғы екі аяғын қажетінше жоғары немесе төмен реттеген кезде, құрылғыны ұстап тұру үшін ағаш діңгекпен тіреңіз.
Бастапқы ақпарат
Кептіргіш орнатылғаннан кейін, оны қолданбас бұрын барабанының ішін тазалап, тасымалдау кезінде жиналған кез келген кірді жойыңыз.
Сақтау және көлікпен тасымалдау талаптары
Орамаланған құрғату машинасы табиғи желдетілген кезде үй-жайда 80 %-дан аса ауаның ылғалдығы кезінде сақталуы тиіс.
Егер құрғату машинасы ұзақ уақыттың ішінде қолданылмаса және от жағылмайтын үй-жайда сақталса, онда құрғату машинасынан барлық суды жою қажет.
Құрғату машинасын көлікпен тасымалдау тік тұрған жағдайда бекітумен, кез келген жабық автокөлікте кез келген зақымдалулардан, автомобильдің қозғалыс немесе ішіне құлаудан аулақ болуымен жүргізіледі
Көлікпен тасымалдау уақытында құрғату машинасын соққыға ұшыратуға тыйым салынады.
КАПТАМАЛЫК ЗАТТАЦБАДАТЫ БЕЛГІ КЕЛГЕН КАПТАМАЛЫК БѲЛШЕКТІЦ ТАГАММЕН ЖАНАСТЫРУГА АРНАЛМАГАНДЫГЫН БІЛДІ РЕДІ
КЕЗ
KZ
63
Loading...
+ 7 hidden pages