Қысқаша нұсқаулық
HOTPOINT ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗҒА АЛҒЫС
БІЛДІРЕМІЗ.
Толық қолдау алу үшін құрылғыны
www.hotpoint.eu/register сайтында тіркеңіз
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
Аспапты пайдалану алдында Денсаулық пен Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият
оқыңыз.
Машинаны пайдалану алдында тасымалдау болттарын босату қажет. Оларды
босату туралы толық нұсқаулар алу үшін Орнату нұсқаулығы бөлімін көріңіз.
KZ
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
2. ОПЦИЯ түймелері және индикатор шамдары
3. ЖУУ ТӘРТІБІ түймесі
4. ЖУУ ТӘРТІБІ индикатор шамдары
5. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі
және индикатор шамы
6. ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ түймесі
7. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесі
8. СЫҒУ түймесі
9. ТЕМПЕРАТУРА түймесі
10. ЖУУ ЦИКЛІН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ
ЖУУ ЦИКЛДЕРІНІҢ КЕСТЕСІ
Максималды жүктеме 5,5 кг
Өшірілген режимдегі қуат тұтыну мөлшері: 0,5 Вт / қосылып тұрған күйдегі қуат тұтыну мөлшері: 8 Вт
Жуу циклі
1
Даққа қарсы
2 Ақ киімдер 60°C
3 Алдын ала жууы бар мақта циклы 90°C
4 Ақ мақта заттар 60°C (1) 60°C
5 Ақ мақта заттар 40°C (2) 40°C
6 Синтетика 60°C
7 Антиаллергиялық 60°C
8 Сәби циклы 40°C
9 Жүн 40°C
10 Нәзік киімдер 30°C
11 Аралас 60' 60°C
12 Мақта
13 Синтетика
14 Аралас 30’
Шаю
Температура
Әдепкі Ауқым
40°C
- 40°C 1000 3
- 60°C 1000 3 –
- 90°C 1000 5,5
- 90°C 1000 5,5 –
- 40°C 1000 5,5 –
- 60°C 1000 3 –
- 60°C 1000 3 –
- 40°C 1000 3 –
- 40°C 800 1 –
- 30°C 0 1 –
- 60°C 1000 3,5 –
Суық су
Суық су
Суық су
– – 1000 5,5 – –
Сығу + Ағызу * – – 1000 5,5 – – – – –
Қажетті мөлшерлеме Қосымша мөлшерлеме
Дисплейде немесе нұсқаулықта көрсетілген цикл ұзақтығы — стандартты шарттар
негізінде есептелген мөлшер. Іс жүзіндегі ұзақтық құбырдан алынатын судың
температурасы мен қысымы, қоршаған орта температурасы, жуғыш зат мөлшері,
жүктеме мөлшері мен түрі, жүктемені теңестіру және таңдалған кез келген қосымша
опциялар сияқты бірнеше факторға байланысты әр түрлі болады.
Максималды ай-
налу жылдамдығы
(айналым)
Максималды
жүктеме (кг)
1000 5,5 –
1000 2,5 –
800 2,5 –
Сынақтан өткізетін барлық мекемелер үшін:
1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 4 жуу циклын 60°C
температурасымен таңдаңыз.
2) Ұзақ мақта-мата циклі: 5-циклді 40°C температурасына орнатыңыз.
* циклін таңдап, сығу циклін алып тастасаңыз, кір жуғыш машина тек суды
ағызады.
1
10
Ұзақтығы
(минут)
Жуу циклдерінің ұзақтығын дисплейден көруге болады.
2
ДИСПЛЕЙ
9
8
7
Жуғыш заттар мен
қосындылар
Алдынала жуу
1
–
Кондици-
Жуу
2 3
онер
3
6
5
Ұнтақ Сұйықтық
Ұсынылған
жуғыш зат
–
–
–
–
–
–
–
–
– –
4
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1. Үсті
2. Жуғыш зат тартпасы
3. Басқару тақтасы
4. Тұтқа
5. Есік
6. Ағызу сорғысы (ернеулік артында)
7. Ернеулік (алынбалы)
8. Реттелетін аяқтар (2)
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
1.
2.
7.
8.
Бөлік 1:бөлік: Алдын-ала жууға арналған
жуғыш зат (ұнтақ)
3.
2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)
Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс
мөлшерлеу үшін алынбалы пластикалық А
4.
бөлігін қолданған жөн.
Ұнтақ жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті B
5.
ұясына қойыңыз.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер
6.
және т.б.)
! Кондиционер «MAX» деңгейінен аспауы тиіс.
Ақ заттар, алдын ала жуу және 60°С-тан асатын
температураларда жуу үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
! Жуғыш заттың орамасында берілген нұсқауларды орындаңыз.
ЖУУ ЦИКЛДЕРІ
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы
таңбалардағы нұсқауларды орындаңыз. Таңбада көрсетілген
мән — затты жууға ұсынылған максималды температура.
Даққа қарсы
Бұл бағдарлама 1 төзімді түстері бар қатты ластанған киімдер үшін
қолайлы. Ол стандартты сыныптан жоғары жуу сыныбын қамтамасыз етеді
(А деңгейі). Бағдарламаны іске қосқан кезде түстері әртүрлі киімдерді
араластырмаңыз. Ұнтақ жуғыш затты қолданған абзал. Кетпей қоятын
дақтар бар болса арнайы қосымша заттармен алдын ала өңдеген жөн.
Ақ киімдер
бұл циклды ақ киімдерді жуу үшін 2 қолданыңыз. Бағдарлама ақ
киімдердің ашықтығын сақтау үшін арналған. Ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
Алдын ала жууы бар мақта циклы
Өте кір ақ маталар үшін.
Ақ мақта заттар 60°C - 40°C
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 40°C және 60°C-та
бұл — мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты цикл, сондай-ақ
ол тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері тұрғысынан ең тиімді цикл.
Синтетика
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил, вискоза, т.б.)
немесе аралас синтетикалық-мақта-мата талшықтарынан жасалған,
орташа кірленген заттарды жууға жарамды.
Антиаллергиялық
Тозаң, кенелер және мысық не ит жүні сияқты негізгі аллергендерді
жоюға жарамды.
Сәби циклы
Бұл жуу циклын сәбилердің нәзік терісі аллергиялық реакция бермеуі
үшін жаялықтардан барлық жуғыш зат қалдықтары шығарылатынын
қамтамасыз ете отырып, сәбилердің киімінде әдетте болатын ластануды
жою үшін қолданылады. Цикл 8 суды көбірек мөлшерде қолдану және
жуғыш затқа қосылған арнайы зарарсыздандырғыш қоспалардың әсерін
оңтайландыру арқылы бактериялар мөлшерін азайту үшін жасалған.
Жүн - Woolmark Apparel Care - Green:
«Жүн» жуу циклі киім жапсырмасындағы нұсқаулар
және осы кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын
орындау шарты сақталған жағдайда, The Woolmark
Company тарапынан «қолмен жуылатын» деп
белгіленген жүн киімдерін жууға расталған.(M1128)
Нәзік киімдер
Асыл тас немесе жарқылдақтар тігілген өте нәзік киімдерді жуу үшін
бағдарламасын қолданыңыз.
Жібек киімдерді және перделерді жуу үшін циклды таңдап, “Деликатная”
(Нәзік) тәртібіндегі 10 қосымша қызметін іске қосыңыз .
Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа қарату және кіші заттарды
арнайы нәзік киімдерді жууға арналған сөмкеге салу жөн. Ең жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.
Аралас 60’
Қалыпты кірленген заттарды аз уақытта жууға арналған. Жүннен
немесе жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер
үшін жарамайды.
Эко циклдар:
Эко циклдар суды жылытуды қажет етпей қуат үнемдеуді қамтамасыз
етеді, ал бұл ток шоттарыңызға және қоршаған ортаға пайдалы
болады. Бұл инновациялық Эко бағдарламаларын (Мақта 12,
Синтетика 13, Аралас 30' 14) әртүрлі маталар мен киімдердің
әртүрлі мөлшеріне қолдануға болады; олар тіпті төмен
температурада жақсы тазалауға кепілдік беруге арналған және
оларды аздан орташа деңгейге дейін кірленген заттарға пайдалануға
болады. Эко циклдар қарқынды жуу әрекеттерінің, суды үнемдеудің
арқасында ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді және стандартты
циклдың орташа уақытында орындалады. Эко циклдармен ең жақсы
нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты қолданған абзал.
Шаю
Шаю және сығуға арналған.
Сығу + Aғызу
Сығуға және суды ағызуға арналған.
ДИСПЛЕЙ
Дисплей кір жуғыш машинаны бағдарламалаған кезде пайдалы
болады және ол өте көп ақпарат береді.
B
A
C
A бөлімінде қолдануға болатын әр түрлі жуу циклдерінің ұзақтығы
және цикл басталғаннан кейін, оның аяқталуына дейін қалған
уақытты көрсетеді (дисплей таңдалған циклдің максималды
ұзақтығын көрсетеді, іс жүзіндегі ұзақтық кір жүктемесіне және
таңдалған параметрлерге байланысты болатындықтан сол ұзақтық
бірнеше минуттан кейін азаюы мүмкін); КЕШІКТІРІП БАСТАУ
функциясы орнатылған болса, дисплей таңдалған жуу циклінің
басталуына дейін қалған уақытты көрсетеді.
Тиісті түймені басу арқылы орнатылған жуу циклі барысында
құрылғыда қолданылатын ең жоғары сығу жылдамдығы мен
температура мәндерін немесе орнатылған жуу циклімен үйлесімді
болса, ең соңғы таңдалған мәндерді көруге болады.
Таңдалған циклге қатысты «жуу кезеңдері» және орындалып жатқан
циклдің «жуу кезеңі» B бөлімінде көрсетіледі:
Негізгі жуу
Шаю
Сығу
Ағызу
C бөлімінде сол жақтан атап өткенде «температура», «сығу» және
«кешіктіріп бастау» параметрлеріне сәйкес келетін белгішелер
көрсетіледі.
«Температура» жолақтары таңдалған цикл үшін таңдауға
болатын ең жоғары температура деңгейін көрсетеді.
«Сығу» жолақтары таңдалған цикл үшін таңдауға болатын ең
жоғары сығу жылдамдығын көрсетеді.
Жанып тұрған кезде, «Кешіктіру» таңбасы таңдалған «Кешіктіріп
бастау» мәні дисплейде көрсетілгенін білдіреді.
Құлыптаулы есік индикаторы
Жанып тұрған кезде, таңба есіктің құлыптаулы екенін білдіреді. Кез
келген зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның
сөнгенін күтіңіз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесін басыңыз ; таңбасы өшсе, демек есікті ашуға
болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, «Өзін-өзі тазалау» циклін орнатып, кірлерді салмай-ақ, жуғыш
затпен жуу циклін іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
«АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР» бөліміндегі ұсыныстарды
орындау арқылы кірлерді дайындаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз; БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
функциясына сәйкес келетін индикатор шамы жасыл түспен баяу
жыпылықтайды.
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді
салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, «ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ» тарауында
айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
- Таңдалған циклдің ең жоғарғы температурасы мен сығу
жылдамдығының мәндерін немесе таңдалған циклмен үйлесімді
болса, ең соңғы рет қолданылған параметрлерді құрылғы автоматты
түрде көрсетеді. түймесі басылса, температура салқын сумен жуу
циклінің «OFF» параметріне дейін біртіндеп төмендейді. түймесі
басылса, сығу жылдамдығы толығымен өшкен күйге («OFF»
параметрі) дейін біртіндеп азаяды. Түймелер тағы басылса,
таңдалған циклдің рұқсат етілген максималды мәндері қалпына
келеді.
- Қажетті жуу циклын таңдаңыз.
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басыңыз; тиісті жасыл түсті индикатор шамы жасыл түспен бір
қалыпты жанып, есік құлыпталады ( таңбасы жанып тұрады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтата тұру үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. Жуу циклін тоқтатылған жерінен бастау үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕСІКТІ АШУ
Цикл басталғаннан кейін таңбасы есік ашылмайтынын білдіру
үшін жанады. Жуу циклі орындалып жатқан кезде есік құлыпталып
тұрады. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін, мысалы, тағы
зат салу немесе алу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басып, циклді тоқтатып қойыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен
жыпылықтайды. таңбасы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға
болады. Циклді жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін қайтадан басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (тиісті
индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды), одан кейін қажетті
циклді таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін қайта басыңыз.
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
басып тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.