HOTPOINT/ARISTON MWHA 1332 B User Manual [kk]

KZ Пайдалану туралы нұсқаулар
KZ
ОРНАТУ
Қуат көзіне жалғамас бұрын
Техникалық дерек тақтасындағы кернеу үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Пештің жұмыс камерасының бүйір қабырғасында орналасқан микротолқындарға арналған кіріс каналдарының қалқаншаларын алып тастамаңыз. Олар микротолқынды пештің кіріс каналдарына май мен тамақ қалдықтарының кіріп кетуіне жол бермейді.
Пешті және оның ішіне салынған ас үй құралдарын ұстап тұра алатындай мықты, тегіс жерге қойыңыз. Пайдалану кезінде мұқият болыңыз.
Пешті жылу көздерінен алшақ орналастырыңыз. Ауа айналымы
жеткілікті болуы үшін, пештің үстіңгі жағында кемінде 30 см бос кеңістік болуы
қажет. Құрылғының астыңғы, жоғарғы жағында және екі қапталынан ауа өтіп тұратындай кеңістік қалғанына көз жеткізіңіз. Микротолқынды
пешті шкафтың ішіне қоюға болмайды.
Құрылғының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Пештің есігі есік жақтауына нық жабылатынын тексеріңіз. Пештің ішін босатып, ішін жұмсақ, дымқыл матамен тазалаңыз.
Пештің электрлік сымы немесе ашасы
зақымдалған болса, пеш тиісті түрде жұмыс істемейтін болса немесе зақымдалған не жерге құлап кеткен жағдайда, құрылғыны пайдаланбаңыз. Электрлік сымды немесе ашаны суға салмаңыз. Электрлік сымды ыстық заттардан алыс ұстаңыз. Ток соғу, өрт шығуы немесе басқа да қауіп-қатерге себеп болуы мүмкін.
Ұзартқышты пайдаланбаңыз: Егер қуат
көзінің сымы тым қысқа болса, құрылғының жанында розетка орнату үшін, білікті электршіге немесе монтерге хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны жерге қосу КЕРЕК немесе
бұл ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін. Оны тиісті түрде орнатылған жерге қосылған розеткаға немесе сақтандырғышы бар жерге қосылған коммутациялық қорапқа жалғау КЕРЕК. Жерге тұйықтау нұсқауларын дұрыс түсінбесеңіз немесе микротолқынды пештің жерге дұрыс тұйықталғанына күмәніңіз болса, білікті электршіге немесе монтерге хабарласыңыз.
ҚОСҚАННАН КЕЙІН
Пешті есігі нық жабылғанда ғана пайдалануға болады.
Егер пеш теледидарға, радиоға немесе антеннаға жақын орналастырылса, теледидарлық қабылдау нашарлап, радио кедергілері пайда болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл талаптарды орындамау себебінен туындаған адамдардың, жануарлардың дене жарақаттарына немесе заттардың зақымдалуына өндіруші жауап бермейді.
Бұл талаптарды сақтамаудан пайда болатын кез келген мәселе үшін өндірушілер жауапты емес.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА ҚАРАУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
Пештің ішінде немесе жанында ыстық немесе жанғыш материалдарды пайдаланбаңыз. Газдар өрт немесе жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Пешті текстиль материалдарын, қағазды, тұздықтарды, өсімдіктерді, ағашты, гүлдерді немесе басқа өртенгіш материалдарды құрғату үшін пайдаланбаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
Егер пештің ішкі / сыртқы жағындағы материал өртенсе немесе түтін шықса, пештің есігін жауып, пешті өшіріңіз. Қуат сымын ажыратыңыз немесе сақтандырғыштағы қуатты немесе автоматтық ажыратқыш панелін өшіріңіз.
Тағамды шамадан тыс қыздырмаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
Әсіресе, тағам дайындау барысында қағаз, пластик немесе басқа да тұтанғыш материалдарды
22
KZ
пайдалансаңыз, пешті қараусыз қалдырмаңыз. Тағамды қыздыру кезінде, қағаз күйіп немесе жанып кетуі мүмкін, ал пластик материалдар еріп кетуі мүмкін. Май немесе сұйық майды көп мөлшерде пайдаланған кезде, пешті қараусыз қалдырмаңыз, себебі олар шамадан тыс қызып кетіп, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Бұл құрылғыда күйдіретін химиялық заттарды немесе буларды пайдаланбаңыз. Пештің бұл түрі тек тағамды ысытуға немесе тамақ дайындауға арналған. Ол өндірістік және зертханалық қолданысқа арналмаған.
Пештің есігіне ауыр заттар ілмеңіз немесе оларды есіктің үстіне қоймаңыз, себебі олар есікті немесе есіктің топсаларын зақымдауы мүмкін. Есіктің тұтқасына да ештеңе ілуге болмайды.
Микротолқынды пеш тағам мен сусындарды жылытуға арналған. Тағам не киімді құрғату және жылыту жастықшаларын, шәрке, ысқыштарды, ылғалды мата мен бірдей заттарды жылыту жарақат алу, оталу не өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған балаларға және физикалық және сезу мүмкіндігі шектеулі немесе ақыл-есі толыспаған не тәжірибесі мен білімі аз адамдарға құрылғыны қауіпсіз түрде пайдалану
туралы нұсқаулар мен оны пайдаланудағы қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда ғана қолдануға болады, балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Балалар 8 жасқа толмаса және үлкендер тарапынан қадағаланып тұрмаса, тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырмауы қажет. Құрылғы мен оның электрлік сымын 8 жасқа толмаған балалардан алшақ ұстаңыз.
Физикалық, сезу мүмкіндіктері шектеулі немесе ақыл-есі толыспаған немесе тәжірибесі мен білімі аз адамдардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам қадағаламайынша немесе құрылғыны пайдалану туралы нұсқаулар бермейінше олардың құрығыны пайдалануына болмайды.
Балалар құрылғымен ойнамайтындай үлкендер тарапынан қадағалануы қажет.
Микротолқынды пешті ауа өткізбейтіндей жабылған контейнердегі затты қыздыру үшін пайдаланбаңыз. Қысым деңгейі жоғарылап, ашқан кезде зақым келтіруі мүмкін немесе жарылуы мүмкін.
Есіктің тығыздауыш резеңкелерінің немесе
hotpoint.co.eu
33
KZ
оның айналасының зақымдалмағаны жүйелі түрде тексеріліп тұруы қажет. Егер ол жер зақымдалған болса, қызмет көрсету орталығының білікті маманы жөндемейінше, құрылғыны пайдалануға болмайды.
Құрылғылар сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы басқаруға арналмаған.
Микротолқынды пешті қабығы бар немесе қабықсыз жұмыртқаны пісіру немесе жылыту үшін пайдаланбаңыз, себебі ол микротолқынды жылыту аяқталғаннан кейін де жарылуы мүмкін.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ЖАЛПЫ
Бұл құрылғы тек үй жағдайында қолдануға арналған!
Микротолқындарды пайдаланған кезде, құрылғының ішіне тағам салмай пайдалануға болмайды. Ол құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Пештегі вентиляциялық саңылаулар жабық тұрмауы қажет. Ауа кіретін немесе шығатын саңылауларды бекіту нәтижесінде, пеш зақымдалып, дұрыс ысытпауы мүмкін.
Пешті пайдалану әдісін үйреніп жатсаңыз, ішіне бір стакан су қойыңыз. Су микротолқынды қуатты өзіне сіңіріп алады және пеш зақымдалмайды.
Құрылғыны далаға қоймаңыз немесе далада пайдаланбаңыз.
Өнімді ас үйдің шұңғылшасының, дымқыл жердің немесе бассейннің тағы сол сияқты ылғалдығы жоғары жерде пайдаланбаңыз.
Сақтау мақсатында қуыс жерді пайдаланбаңыз.
Қағаз немесе пластик дорбаны пешке салған кезде, дорбаның бауын алып тастаңыз.
ҚАТТЫ ҚУЫРУ
Пешті қатты қуыру мақсатында пайдаланбаңыз, себебі майдың температурасын басқару мүмкін емес.
Тамақ әзірлеп болған соң контейнерлерді, пеш бөліктерін және табаны ұстаған кезде күйіп қалуды болдырмау үшін, ыстық өткізбейтін қолғаптарды немесе тұтқыштарды пайдаланыңыз. Пайдаланған кезде қолжетімді бөлшектері ыстық болуы мүмкін, балалар алшақ болуы қажет.
СҰЙЫҚТЫҚТАР
мысалы, сусындар немесе су. Сұйықтықтың қайнау нүктесінен тыс қызып кетуі көпіршу белгісінсіз орын алуы мүмкін. Бұл ыстық сұйықтықтың кенеттен қайнап кетуіне себеп болуы мүмкін.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін, төменде көрсетілген қадамдар орындалуы қажет:
1. Мойны жіңішке тік қабырғалы контейнерлерді пайдаланбаңыз.
2. Контейнерді пешке қоймас бұрын, сұйықтықты араластырыңыз да, шай қасығын контейнерде қалдырыңыз.
3. Қыздырған соң, біраз күтіңіз, пештен контейнерді алмас бұрын, тағы бір рет араластырыңыз.
Сәбилерге арналған шөлмектегі немесе ыдыстағы сәбилерге арналған тамақты немесе сұйықтықты жылытқан соң, әрдайым араластырыңыз және сәбиіңізге бермес бұрын, температурасын тексеріңіз. Бұл ыстықтың түгелдей араласуына мүмкіндік беріп, күйіп қалу қаупінің алдын алады.
Ысытпас бұрын, қақпағы мен емізігін алып тастаңыз!
44
Loading...
+ 8 hidden pages