HOTPOINT/ARISTON MS 998 IX HA Use & Care [kk]

Пайдалану және күтім нұсқаулығы
ҚАЗАҚ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4
2
KZ
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ және ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
HOTPOINT - ARISTON ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ
Қосымша көмек мен анықтама алу үшін өніміңізді wwwhotpoint-
aristoncom/register
торабында тіркеңіз
Мазмұны
Денсаулық пен қауіпсіздік нұсқаулығы
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ 4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 6 СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ 6
Пайдалану және күтім нұсқаулығы
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ 7
ТОРЛЫ СӨРЕ ДЕҢГЕЙІ ...........................................................7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ ................................................................8
ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ .....................................................8
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ................................................................9
ТОРЛЫ СӨРЕНІ ЖӘНЕ БАСҚА КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ЕНГІЗУ ...........................11
СӨРЕ БАҒЫТТАУЫШТАРЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ОРНАТУ ..............................11
ФУНКЦИЯЛАРЫ .................................................................12
ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСІ 14
ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ .............................................14
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ .........................................................15
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
ПІСІРУ КЕСТЕСІ .................................................................20
СЫНАЛҒАН ТҮРЛЕР .............................................................26
ҚҰРЫЛҒЫҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ........................27
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ ..........................................................29
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА .......................................................30
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ............................................30
Орнату нұсқаулығы 31
3
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін оңай жерге қойыңыз. Бұл нұсқауларда және құрылғыда барлық уақытта орындау қажет маңызды қауіпсіздік нұқсаулары берілген. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау, құрылғыны дұрыс қолданбау немесе басқару элементтерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулыққа қатысты жауапкершілікті мойнына алмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Енді жүретін сәбилерді (0-3 жас) және жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыға жолатпаңыз. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Тазалау және жөндеу жұмыстарын, егер жанында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балаларға орындауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қосалқы бөліктері пайдалану кезінде ыстық болады, үздіксіз бақылауда болмаса, 8 жастан төмен балаларды жақындатпау керек. ЕСКЕРТУ: Ыстық
элементтерін немесе ішкі бетін ұстамаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Барлық бөліктері толығымен суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа жанатын заттарды құрылғыдан әрі ұстаңыз. Тағамды құрғату барысында құралды ешқашан кездейсоқ қалдырмаңыз. Шамадан тыс қызған сұйық май және тоң май оңай тұтанады. Майы көп немесе арақ қосылған тағамды пісіргенде аса абай болу қажет (мысалы, ром, коньяк, вино), өрт қаупі болады. Кастрөлдер мен табаларды алу үшін пеш қолғаптарын пайдаланыңыз, қыздыру элементтеріне тиіп кетпеңіз. Тамақ пісіріп болған соң қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, пешті ашпас бұрын жайлап буды немесе ыстық ауаны шығарыңыз. Пештің алдыңғы жағындағы ауа желдеткіштерін бітемеңіз. Құрылғы зонд пайдалану үшін қолайлы болса, осы пеш үшін ұсынылатын зонд температурасын ғана қолданыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы кәсіби пайдалануға емес, тек тұрмыстық жағдайда пайдалануға арналады. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғының жанында аэрозоль бөтелкелері сияқты жарылатын немесе тұтанатын заттарды сақтамаңыз және оның қасында бензин немесе басқа жанатын заттарды қолданбаңыз: құрал кездейсоқ қосылған жағдайда өрт болуы мүмкін.
САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен пайдаланылуға арналмаған. Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту).
ОРНАТУ
Орнату және жөндеу жұмыстарын өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз. Орнату әрекеттерін балалар орындамауы керек. Орнату кезінде балаларды жақындатпаңыз. Орнату кезінде және одан кейін орам материалдарын (пластик дорба, пенопласт бөлшектері, тсс.) балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек. Құрылғыны орамынан шығару және орнату үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Орнату барысында, құрылғы қуат кабеліне
4
KZ
зақым келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз. Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап жойыңыз. Орнату аяқталғанда, құрылғының түбі толығымен жабық болуы тиіс. Пештің жұмыс бетпейі мен жоғарғы шеті арасындағы кішкентай саңылауды бітемеңіз. Тек орнату кезінде пешті пенополистирол негізінен алыңыз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнату үшін ең аз байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажыратып­қосқыш пайдаланылуы қажет және құрылғыны жерге тұйықтау қажет. Салынған аша розетка үшін қолайлы болмаса, білікті маманмен байланысыңыз. Қуат көзінің сымы корпусына салынған соң, құрылғыны негізгі қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті түрде ұзын болу қажет. Қуат көзі кабелін тартпаңыз. Қуат сымы зақымдалған болса, оны бірдей түрімен ауыстырыңыз. Қуат кабелін ауыстыру жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сай, білікті техник орындауы қажет. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз. Ашасы салынған құрылғылар үшін, аша розетка үшін қолайлы болмаса, білікті маманмен
байланысыңыз. Ұзартқыштарды, адаптерлерді немесе бірнеше көзді розеткаларды пайдаланбаңыз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз және аяқ киімсіз басқармаңыз. Пештің алдыңғы шетіндегі көрсеткіштер тақтасы (есік ашылған кезде көрінеді). Қуат сымын ауыстырған кезде, тек келесі түрін (түрлерін) қолданыңыз: H05 RR-F 3 x 1,5 мм2. Құрылғының ток айырына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда оны розеткадан суыру немесе ұлттық электр қауіпсіздігі стандарттарына сай розеткадан жоғары орнатылған қол жеткізуге болатын көп полюсті қосқыш көмегімен, құрылғыны қуат көзінен ажырату мүмкін болуы керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық күтім көрсету үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Кез келген қызмет көрсету жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Ток соғу қаупінің алдын алу үшін
шамды ауыстырмас бұрын құрылғының қуат көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. Есіктің шынысын тазалау үшін қырғыш губкаларды немесе өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шынының бетін сызып, оның шытынауына себеп болуы мүмкін. Тазалау немесе техникалық күтім көрсету жұмысын орындамас бұрын құрылғының салқындағанын тексеріңіз.
5
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
БУМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен белгіленген. (
) Буманың әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган реттеулеріне толығымен сәйкес және жауапкершілігіне берілуі қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАСТАУ
Құрылғыны тастаған кезде, қуат сымын кесіп тастау және балалар оңай мінбеуі және қысылып қалмауы үшін есіктері мен сөрелерін (бар болса) алып тастау арқылы оны қажетсіз етіңіз. Бұл құрылғы қайта өңделмелі
немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Жергілікті қалдықты тастау реттеулеріне сәйкес қолданыңыз.
Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу үшін, құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнің тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс әсерлерге жол бере аласыз, бұл әсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа тасталғанынан пайда болуы мүмкін. Құрылғыдағы немесе онымен берілген құжаттамадағы
белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық және электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына өткізілу керектігін көрсетеді.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ КЕҢЕСТЕРІ
Құрылғы іске қосылғанда пештің есігі толығымен жабылғандығына көз жеткізіп, оны пісіру кезінде мүмкін болғанша жабық ұстаңыз. Пісіру уақытын азайту және энергияны үнемдеу үшін өнімдерді кішкентай, тең көлемдегі кесектерге тураңыз. Пісіру уақыты ұзақ, 30 минуттан көп болғанда жалпы пісіру уақыты негізіндегі соңғы фаза барысында пештің температурасын ең төмен параметрге орнатыңыз (3-10 минут). Пештің ішінде қалған уақыт тағамды пісіруін жалғастырады.
СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бұл құрылғы EО директивасының қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасақталған, құрастырылған және таратылған: 2006/95/EC, 2004/108/ EC, 93/68/EEC және 2011/65/EU
KZ
6
Индезит Компани Спа - А. Мерлони даңғылы 47, 60044, Фабриано қаласы (An), Италия
(RoHS директивасы). Тамақ өнімдерімен байланысқа түсетін осы құрылғы n. 1935/2004/EC Еуропа ережесіне сай келеді. Құрал EN 60350-1 Еуропалық
стандартқа сәйкес Еуропалық реттеулер нөм. 65/2014 және 66/2014 эко дизайны талаптарына сәйкес келеді.
Пайдалану және күтім нұсқаулығы
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1
2
3
4
5
KZ
1 Басқару тақтасы 2 Шам
6
7
8
3 Асүй термометрі
жалғағышы
4 Сөре бағыттауыштары 5 Техникалық ақпарат тақт
асы
(алып тастауға болмайды)
9
Ескеріңіз: Энергия шығынын азайту үшін суыту желдеткіші пісіру барысында жиі аралықтарда қосылуы мүмкін. Пісіру аяқталып, пеш өшірілген кезде салқындату желдеткіші біраз уақытқа дейін жұмыс істеп тұруы мүмкін.
6 Температура датчигі 7 Бу кіретін саңылау 8 Су қоймасы 9 ЕСІК
ТОРЛЫ СӨРЕ ДЕҢГЕЙІ
Торлы сөре мен басқа да керек-жарақтарды қоюға болатын деңгейлер (сөре бағыттауыштары) нөмірленген, 1 - ең төменгісі және 4 - ең жоғарғысы.
4
3
2
1
7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
1 432 5 76 8
1 ҚОСУЛЫ / ӨШІРУЛІ / УАҚЫТША ТОҚТАТУ
Пешті өшіруге және қосуға және жұмысын кідірту немесе тоқтатуға арналған.
2 МӘЗІР
Негізгі мәзірге жылдам қатынасу үшін.
4 ҚАЙТУ
Алдыңғы мәзірге қайту үшін.
5 ДИСПЛЕЙ 6 НАВИГАЦИЯ ТҮЙМЕЛЕРІ
Мәзірлер ішінде ауысу, курсорды жылжыту және параметрлерді өзгерту үшін.
3 ТАҢДАУЛЫЛАР
Ең көп қолданылатын 10 функцияға қатынасу үшін.
ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ
МӘЗІР ДИСПЛЕЙІ
Параметрлер
1
Қолмен
Бумен жібіту
Қолмен дайындау
функциялары
2
3
4
7 OK / ТАҢДАУ
Функцияларды таңдау және параметрлерді растау үшін.
8 БАСТАУ
Таңдалған функцияларды іске қосу үшін.
1 Таңдалған функцияның
белгісі
2 Функция таңдалды 3 Таңдауға болатын басқа
қолжетімді функциялар
4 Бөлектелген функция
сипаттамасы
ПАРАМЕТРЛЕР ДИСПЛЕЙІ
180 °C
ТЕМПЕРАТУРА
1
Жоғары
БУ ДЕҢГЕЙІ
8
Күшті ауа + бу
5
00:20
ПІСІРУ УАҚЫТЫ
18:30
АЯҚТАУ УАҚЫТЫ
2
1 Функция параметрі
(температура, бу көлемі)
2 Курсор
3
4
(таңдалған параметрді
бөлектейді)
3 Ұзақтығы 4 Функция аяқталатын уақыт 5 Функцияның атауы
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
KZ
ТОРЛЫ СӨРЕ
Бұл ыстық ауаның тиімді түрде айналуына мүмкіндік береді. Өнімдерді тікелей торлы сөреге қойыңыз немесе оны пісіру табалары
мен қалыптарын немесе басқа да ыстыққа төзімді ыдыстарды тіреу үшін қолданыңыз. Тамақты тікелей торлы сөреде пісірген кезде тамшы науасын одан төмен деңгейге қойыңыз. Оны сондай-ақ тамшы науасының немесе буға пісіру науасының үстіне бір деңгейге қоюға болады.
ТАМШЫ НАУАСЫ
Оны “Конвекциялық пісіру” функциясымен ет, балық, көкөністер немесе түрлі нан және ұннан жасалған тағам түрлерін әзірлеу үшін
пісіру науасы ретінде пайдалануға болады. Ол сондай-ақ ыстыққа төзімді ыдыстарды ұстау үшін пайдалы болады, себебі заттардың пештің түбіне қою қажет болмайды. Ол торлы сөре немесе буға пісіру науасының астына қойылғанда сорпа жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.
СУ ҚОЙМАСЫ
Бу функцияларының бірін пайдаланған кезде әрқашан ауыз суымен толтырыңыз.
СҮҢГІ
Пісіру барысында тағам негізі температурасын өлшеуге арналған.
ЖӨКЕ
Пісіру барысында пайда
болатын конденсацияны алуға арналған
БУҒА ПІСІРУ НАУАСЫ
Бұл будың айналуын жеңілдетіп, тағамдарды бірқалыпты етіп пісіруге көмектеседі. Пісірген кезде май-сорпаны жинау үшін
тамшы науасын төмен деңгейге қойыңыз.
Керек-жарақтардың саны сатып алынған үлгіге байланысты өзгеруі мүмкін. ҚОСЫМША АКСЕССУАРЛАР: Қамтамасыз етілмеген басқа аксессуарларды Сатылымнан кейінгі қызмет ішінен бөлек сатып алуға болады.
Дүкенде сатылатын басқа аксессуарларды сатып алмастан бұрын олардың ыстыққа төзімді және буға пісіруге үйлесімді екендігін тексеріңіз
Будың жеткілікті түрде ағуы үшін кез келген ыдыстың беті мен пісіру бөлімінің қабырғалары арасында кем дегенде 30 мм аралық бар екендігіне көз жеткізіңіз
9
СУ ҚОЙМАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Су қоймасына есікті ашу арқылы оңай қол жеткізуге болады. Оны сәл жоғары көтеру және өзіңізге қарай тарту арқылы алыңыз.
Кез келген пісіру функцияларының бірін белсендіру алдында су қоймасын толтыру қажет: Су қоймасын “MAX” белгісіне жеткенге дейін ауыз суға толтырыңыз.
Су қоймасын “MAX” белгісіне дейін толтырып, оны ұяшығына қойыңыз: Оның дұрыс орналастырылғандығына көз жеткізіңіз: Су қоймасының жоғарғы және оң жағы ұяшықтың бүйірлеріне тиіп тұруы қажет.
Су қоймасын толығымен енгізіңіз және оны сырт етіп орныққанша төмен қарай басыңыз.
Әрбір қолданыстан кейін су қоймасын абайлап алыңыз және босатыңыз. Түтіктің ішіндегі суды да төгуді ұмытпаңыз.
Су қоймасын ұяшығына орнату алдында су түтігінің қойманың жоғарғы шетіндегі саңылауда дұрыс орналасқандығына көз жеткізіңіз.
10
Loading...
+ 23 hidden pages