HOTPOINT/ARISTON MP 996 IX HA Use & Care [kk]

Денсаулық пен қауіпсіздік, пайдалану және күтіп
ұстау және орнату нұсқаулығы
www.hotpoint.eu/register
ҚАЗАҚ .................................3
2
KZ
ҚАЗАҚ
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ жәнеОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
HOTPOINT - ARISTON ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ.
Толығырақ көмек алу үшін құрылғыңызды http://www.hotpoint.eu/register парақшасында тіркеңіз
Индекс
Денсаулық пен қауіпсіздік нұсқаулығы
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ .......................................................... 4
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ...................................................... 6
СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ .................................................... 6
Пайдалану және күтім нұсқаулығы
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ ............................................................. 7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ ................................................................. 7
ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ ...................................................... 8
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ................................................................. 9
ФУНКЦИЯЛАРЫ ...................................................................11
ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСІ ........................................................ 14
ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ .............................................. 14
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ .......................................................... 15
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
ПІСІРУ КЕСТЕЛЕРІ ............................................................... 19
СЫНАЛҒАН ТҮРЛЕР .............................................................. 25
ТАЗАЛАУ ....................................................................... 26
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ ......................................................... 27
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ ПАРАҚШАСЫ ............................ 28
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ............................................. 28
Орнату нұсқаулығы ............................................................. 29
3

ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ

ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін оңай жерге қойыңыз. Бұл нұсқауларда және құрылғыда барлық уақытта орындау қажет маңызды қауіпсіздік нұқсаулары берілген. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау, құрылғыны дұрыс қолданбау немесе басқару элементтерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулыққа қатысты жауапкершілікті мойнына алмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның
қосалқы бөліктері пайдалану кезінде ыстық болады, үздіксіз бақылауда болмаса, 8 жастан төмен балаларды жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Тазалау және жөндеу жұмыстарын, егер жанында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балаларға орындауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін немесе ішкі бетін ұстамаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. ЕСКЕРТУ: Есік немесе есікті тығыздауыштар зақымдалған болса, білікті адам ауыстырмайынша пешті пайдалануға болмайды. ЕСКЕРТУ: Сұйық және басқа тағам түрлерін нығыздап жабылған контейнерлерде ысытпау керек, атылу қаупі бар.
Микротолқынды пеш тағамды және сусындарды ысытуға арналған. Тағам немесе киімді құрғату және жылыту төсемдерін, жылжымалы негіздерді, губкаларды, дымқыл матаны және ұқсас затты қыздыру жарақат, өрт немесе лап ету қаупін тудыруы мүмкін. Тағамды пластикалық немесе қағаз контейнерлерде жылытқан кезде, тұтану қаупі болатындықтан, пешке қарап тұрыңыз. Сусындарды микротколқынды пеште жылытқан кезде, жайлап қайнап бастауы мүмкін, сондықтан контейнерді ұстаған кезде абайлау керек. Тағам беру бөтелкелері мен сәби тағамының ыдыстарындағы тағамды араластырыңыз немесе шайқаңыз және күйіп қалмауы үшін, ішпес бұрын температурасын тексеріңіз. Қабығындағы жұмыртқаны және қатты пісірлген жұмыртқаларды микротолқынды пештерде жылытпаңыз, микротолқынды пеш жылыту процесін аяқтаған соң да, олардың жарылуы мүмкін. Барлық бөліктері толығымен суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа жанатын заттарды құрылғыдан әрі ұстаңыз. Шамадан тыс қызған сұйық май және тоң май оңай тұтанады. Майы көп немесе арақ қосылған тағамды пісіргенде аса абай болу қажет (мысалы, ром, коньяк, вино), өрт қаупі болады. Шағын толқынды пешті майға тамақ қуыру үшін пайдалануға болмайды, себебі майдың температурасын бақылау мүмкін емес. Құрылғы үлгімен пайдалануға қолайлы болса, осы пеш үшін ұсынылатын температура үлгісін ғана қолданыңыз (бар болса). Кастрөлдер мен табаларды алу үшін пеш қолғаптарын пайдаланыңыз, қыздыру элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Тамақ пісіріп болған соң қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, пешті ашпас бұрын жайлап буды немесе ыстық ауаны шығарыңыз. Тек шағын толқынды пеште пайдалануға қолайлы құралдарды пайдаланыңыз. Пештің алдыңғы жағындағы ауа желдеткіштерін бітемеңіз. Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз немесе токтан ажыратыңыз және жалынды өшіру үшін есіктерді жауып қойыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы кәсіби пайдалануға емес, тек тұрмыстық жағдайда пайдалануға арналады. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғының жанында аэрозоль бөтелкелері сияқты жарылатын немесе тұтанатын заттарды сақтамаңыз және оның қасында бензин немесе басқа жанатын заттарды қолданбаңыз: құрал кездейсоқ қосылған жағдайда өрт болуы мүмкін. САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен пайдаланылуға арналмаған. Бұл құрылғы тұрмыстық және сәйкес қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы,
- дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары;
- шаруашылық ғимараттары;
- қонақ үйлердегі, мотельдердегі немесе басқа тұрғылықты орталардағы тұтынушылар арқылы;
- жатын және таңғы ас қызметі түріндегі орталарда. Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту).
ОРНАТУ
Орнату және жөндеу жұмыстарын өнім
4
жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз. Орнату әрекеттерін балалар орындамауы керек. Орнату кезінде балаларды жақындатпаңыз. Орнату кезінде және одан кейін орам материалдарын (пластик дорба, пенопласт бөлшектері, тсс.) балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек. Құрылғыны орамынан шығару және орнату үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Орнату барысында, құрылғы қуат кабеліне зақым келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз. Бұл құрал кірістіріліп пайдаланылуы керек. Бөлек пайдаланбаңыз. Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап жойыңыз. Орнату аяқталғанда, құрылғының түбі толығымен жабық болуы тиіс. Пештің жұмыс бетпейі мен жоғарғы шеті арасындағы кішкентай саңылауды бітемеңіз. Тек орнату кезінде пешті пенополистирол негізінен алыңыз. Құрылғыны қаптамадан шығарған соң, құрылғы есігі дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында
зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ағымдағы қауіпсіздік реттеулеріне сәйкес орнату үшін минималды байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажырату қосқышы пайдаланылуы қажет және құрылғыны жерге тұйықтау қа жет. Салынған аша розетка үшін қолайлы болмаса, білікті маманмен байланысыңыз. Қуат көзінің сымы корпусына салынған соң, құрылғыны негізгі қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті түрде ұзын болу қажет. Қуат көзі кабелін тартпаңыз. Қуат сымына зақым келтірілген болса, бірдей түрімен ауыстырыңыз. Қуат кабелін ауыстыру жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сай, білікті техник орындауы қажет. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз. Ашасы салынған құрылғылар үшін, аша розетка үшін қолайлы болмаса, білікті маманмен байланысыңыз. Ұзартқыштарды, адаптерлерді немесе бірнеше көзді розеткаларды пайдаланбаңыз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қа жет. Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз және аяқ киімсіз басқармаңыз. Пештің алдыңғы шетіндегі көрсеткіштер тақтасы (есік ашылған кезде көрінеді). Қуат сымын ауыстырған кезде, тек келесі түрін (түрлерін) қолданыңыз: H05 RR
F 3 x 1,5 мм
2
.
-
Құрылғының ток айырына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда
KZ
оны розеткадан суыру немесе ұлттық электр қауіпсіздігі стандарттарына сай розеткадан жоғары орнатылған қол жеткізуге болатын көп полюсті қосқыш көмегімен, құрылғыны қуат көзінен ажырату мүмкін болуы керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық күтім көрсету үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Кез келген қызмет көрсету жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Шағын толқын қуатынан қорғайтын панельдің алынуын қажет ететін техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын білікті маманнан басқа адамдар орындаса, бұл олар үшін қатерлі. ЕСКЕРТУ: Электр ток соғу қаупінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын, құрылғыны өшіргеніңізге қамтамасыз етіңіз. Пешті таза жағдайда сақтамау құралдың қызмет мерзіміне жағымсыз әсер ететін және қауіпті жағдайға әкелетін бет нашарлауына әкелуі мүмкін. Пешті жиі тазалауға және кез келген тағам қалдықтарын алып тастаңыз. Тазалау немесе техникалық күтім көрсету жұмысын орындамас бұрын құрылғының салқындағанын тексеріңіз. Есіктің шынысын тазалау үшін қырғыш губкаларды немесе өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шынының бетін сызып, оның шытынауына себеп болуы мүмкін.
5

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

БУМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен Буманың әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган реттеулеріне толығымен сәйкес және жауапкершілігіне берілуі қажет.
белгіленген.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАСТАУ
Құрылғыны тастаған кезде, қуат сымын кесіп тастау және балалар оңай мінбеуі және қысылып қалмауы үшін есіктері мен сөрелерін (бар болса) алып тастау арқылы оны қажетсіз етіңіз. Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Жергілікті қалдықты тастау реттеулеріне сәйкес қолданыңыз.
Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу үшін, құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрылғы электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2 0 1 2 / 1 9 / E U Е у р о п а л ы қ директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнің тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс әсерлерге жол бере аласыз, бұл әсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа тасталғанынан пайда болуы мүмкін.
Құрылғыдағы немесе онымен берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық және электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына өткізу керектігін көрсетеді.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ КЕҢЕСТЕРІ
Пісіру кестесінде немесе рецептте көрсетілген жағдайда ғана пешті алдын ала қыздырыңыз. Тек қара лак немесе эмаль жағылған пісіру қалыптарын пайдаланыңыз, себебі олар қызуды жақсырақ сіңіреді. Орнатылған пісіру уақытына дейін духовканы 10/15 минут өшіріп қойыңыз. Тағамды ұзақ уақыт бойына пісіру қажет болса, пешті өшірген соң да пісіруді жалғастырыңыз.

СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Бұл құрылғы келесі Еуропалық директиваларға сай жасалады, құрастырылады және таратылады: L V D 2 0 1 4 / 3 5 / E U , E M C 2 0 1 4 / 3 0 / E U ж ә н е R o H S 2 0 1 1 / 6 5 / E U .
Тамақ өнімдерімен байланысқа түсетін осы құрылғы № 1 9 3 5 / 2 0 0 4 / E C Е у р о п а ережесіне сай келеді.
Бұл құрылғы EN 60350 - 1 Еуропалық стандартқа сәйкес №65/2014 және №66/2014 Еуропалық ережелердің эко дизайны талаптарына сәйкес келеді.
6
Пайдалану және күтіп ұстау нұсқаулығы

ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ

KZ
1
5
2
6
3
7
4
Ескертпе: пісіру аяқталып, пеш өшірілген кезде салқындату желдеткіші біраз уақытқа дейін жұмыс істеп тұруы мүмкін.
1. Басқару панелі
2. Дөңгелек қыздырғыш
элемент
3. Деректер тақтасы
(алынбауы тиіс)
4. Е с і к
5. Жоғарғы қыздыру элементі/
гриль
6. Light (Шам)
7. Айналмалы табақ
(көрінбейді)

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

1 432 5 76 8
1. ҚОСУ/ӨШІРУ
Пешті қосып, өшіру үшін және белсенді функцияны тоқтатуға арналған.
2. МӘЗІР
Функциялар тізіміне қол жеткізуге арналған.
3. ТАҢДАУЛЫЛАР
Ең жиі пайдаланылатын функциялар тізіміне қол жеткізуге арналған.
4.АРТҚА
Алдыңғы мәзірге қайту үшін.
5. ДИСПЛЕЙ
6. НАВИГАЦИЯ ТҮЙМЕЛЕРІ
Функциялар тізімін айналдырып қарау, курсорды жылжыту және функцияның параметрлерін өзгертуге арналған.
7. РАСТАУ ТҮЙМЕСІ
Таңдалған функцияны немесе орнатылған мәнді растауға арналған.
8. БАСТАУ
Функцияны дереу іске қосуға арналған. Пеш өшірілген кезде мұнда пештің “Жылдам іске қосу микротолқынды функциясы белсендіріледі.
7

ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ

МӘЗІР ДИСПЛЕЙІ
1
Funzioni di cottura tradizionale
Traditional cooking functions
ПАРАМЕТРЛЕР ДИСПЛЕЙІ
Alto
High
GRILL POWER
POTENZA GRILL
5
TurboGrill + Microwave
TurboGrill + Microonde
350W
POWER
POTENZA
Settings
Impostazioni
Manuale
Manual
Sensor
Sensor Cooking
00:05
MM:SS
MM:SS
19:20
END TIME
TEMPO FINE
3
2
3
4
1
2
3
1. Таңдалған функцияның
белгісі
2. Функция таңдалды
3. Басқа қолжетімді және
таңдауға болатын функциялар.
4. Бөлектелген функция
сипаттамасы
1. К у р с о р
(таңдалған мәнді бөлектейді)
2. Ұ з а қ т ы ғ ы
3. Функция аяқталатын уақыт
4. Функцияның атауы
5. Функция мәндері
(қуат, температура, гриль деңгейі, салмақ және мөлшер, пісіру градусы...)
4
8

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР

KZ
Дүкеннен көптеген керек-жарақтарды сатып алуға болады. Оларды сатып алудың алдында микротолқынды пеште пайдалануға жарамды және пеш температураларына төзімді екеніне көз жеткізіңіз.
Микротолқынды пеште дайындау барысында тағамдар мен сусындарға арналған металл контейнерлерді ешқашан
АЙНАЛМАЛЫ ТАБАҚ
Тұғырына орнатылған кезде айналмалы табақ барлық тамақ пісіру жолдарында қолданыла алады.
Айналмалы табақты әрқашан да басқа ыдыстар мен керек-жарақтарға тұғыр ретінде пайдалану керек.
АЙНАЛМАЛЫ ТАБАҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ
Тұғырды тек әйнек айналмалы табақ үшін пайдаланыңыз. Тұғырға басқа керек-жарақтарды қоймаңыз.
ҚУЫРУ ТАБАҚШАСЫ
Тек арнайы “Динамикалық қытырлақ” функциясы үшін ғана пайдаланыңыз. Қуыру табағын әрқашан да
шыны айналмалы табақтың ортасына қою керек және оны тек осы мақсатқа арналған функцияның көмегімен бос күйінде алдын ала қыздырып алуға болады. тағамды тікелей қуыру тақтасына салыңыз. Қуыру тақтасының үстіне басқа аксессуарлар қоймаңыз, себебі тақта қызып кетіп, оларды зақымдауы мүмкін.
пайдалануға болмайды. Тағамдар пен керек-жарақтардың пеш қабырғаларымен жанаспайтынына әрқашан көз жеткізіңіз.
Пешті іске қосу алдында әрқашан бұрылмалы табақтың айнала алатынына көз жеткізіңіз. Басқа керек-жарақтарды салу немесе алу кезінде айналмалы табақтың орнынан алынбауын қамтамасыз етіңіз.
ҚУЫРУ ТАБАҒЫНА АРНАЛҒАН ТҰТҚА
Қуыру табағы тез арада аса ысып кетуі мүмкін: құрылғымен бірге келетін тұтқа оны пештің ішінен алып шығуға мүмкіндік береді.
Тұтқаны қуыру табағының жиегіне іліндіріңіз де, жақсы ұстасуы үшін қатты қысыңыз.
ТӨРТ БҰРЫШТЫ ПІСІРУ ТАБАҒЫ
Пісіру науасын тек желдетіп пісіруге мүмкіндік беретін функциялармен бірге пайдаланыңыз; оны ешқашан
микротолқындармен бірге пайдаланбаңыз. Пісіру табағын пештің ішіне көлбеу салып, пеш камерасының ішіндегі тиісті бағыттауыштың үстіне дәлдеп қойыңыз. Төрт бұрышты пісіру табағын пайдаланған кезде, айналмалы табақты пештің ішінде қалдыруға болады.
ТӨМЕНГІ ТОРЛЫ СӨРЕ
Ол тағамды грильге жақынырақ орналастыру, тағамыңызды қызарту және ыстық ауаның оңтайлы айналымын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Торлы сөрені айналмалы табаққа орналастырып, оның басқа беттермен жанаспайтынына көз жеткізіңіз.
9
БУ ПІСІРГІШ
Балық немесе
1
көкөністер сияқты тағамдарды бумен
2
пісіру үшін, оларды себетке (2) салып, будың қажет
3
көлеміне алу үшін бу пісіргішінің (3) түбіне ауыз суын (100 мл) құйыңыз.
Паста, күріш немесе картоп сияқты тағамдарды қайнату үшін, оны тікелей бу пісіргішінің түбіне салып (себет қажет емес), пісірілетін тағамның көлеміне сәйкес келетін судың мөлшерін құйыңыз. Бу сапасы барынша жақсы болып, тамақ пісіру нәтижесі өте жақсы болуы үшін бу пісіргіштің тиісті қақпағын жабыңыз (1).
Бу пісіргішін әрқашан айналмалы әйнек табағына орнатыңыз және сәйкес пісіру функцияларымен немесе микротолқынды пеш функцияларымен пайдаланыңыз.
ҚАҚПАҚ
Қақпақ тағамдарды пісіру немесе микротолқынды пеште жылыту барысында бетін жабу үшін ыңғайлы. Қақпақ шашырауларды азайтып, тағамдардың
ылғалын сақтайды және екі пісіру деңгейлерін жасау үшін де пайдаланыла алады. Ол желдетіп пісіру үшін немесе гриль функцияларының кез келгенімен (соның ішінде “Динамикалық қытырлақ”) бірге пайдалану үшін жарамайды.
Ескеріңіз: аксессуарлардың саны мен түрлері сатып алынған модельге байланысты өзгеруі мүмкін. Басқа аксессуарларды Сатылымнан кейінгі қызмет ішінен бөлек сатып алуға болады.
10

ФУНКЦИЯЛАРЫ

ҚОЛМЕН
MICROWAVE (МИКРОТОЛҚЫН)
Тағам мен сусындарды жылдам пісіру және жылытуға арналған.
ҚУАТ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫС
Сусындар немесе ылғалдығы
900 Вт
750 Вт 650 Вт
500 Вт
350 Вт
160 Вт
90 Вт
жоғары басқа тағамдарды жылдам қайта жылытуға арналған
Көкөністерді пісіру Ет және балықты пісіру Ет тұздықтарын немесе құрамында
ірімшік не жұмыртқа бар тұздықтарды пісіру. Бұқтырылған етті немесе тұмшалап пісірілген макарон тағамдарын демдеуге арналған
Баяу пісіру. Май немесе шоколадты еріту үшін оңтайлы
Мұздатылған тағамдарды еріту немесе май мен ірімшікті жұмсарту
Балмұздақты еріту
KZ
GRILL (ГРИЛЬ)
Қызарту, қуыру және бұқтыру. Пісіру барысында тағамдарды аударыстырып отырған дұрыс болады. Бұл тостердегі сыр, ыстық сендвичтер, картоп крокеттері, шұжықтар және көкөністер сияқты тағамдарды қоңырлатуға пайдалы. Тағамдарды сым сөреге орналастырып, пісіру барысында оларды аударыстырып отырған дұрыс болады. Пайдаланылатын ыдыс-аяқ қызуға төзімді болуға және пеште пісіру мақсаттарына сай келуге тиіс. Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін грильді 3-5 минут бойы қыздырыңыз.
Ұсынылатын керек-жарақтар: торлы сөре
GRILL + MW (ГРИЛЬ + МТ)
Микротолқын мен гриль екеуі бірдей қолданылатын тез пісірілетін тағамдар (тіпті гратин де) үшін. Лазаньи, балық және картоп бұқтырулары сияқты тағамды пісіруге пайдалы. Тағамдарды сым сөренің үстіне, шыны айналмалы табаққа немесе пеште қолдануға жарамды микротолқынға төзімді ыдыстарға орналастырыңыз.
Ұсынылатын керек-жарақ: қақпақ
DYNAMIC CRISP
Микротолқындар мен грильдің көмегімен қуыру табағы тағамның асты-үстін тамаша қызартып пісіретіндей ең жақсы температураға дейін тез қызады. Пицца немесе басқа қамыр негізіндегі тағамды пісіру және қайта қыздыру үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Сонымен қатар, май қоспасы шошқа етін, жұмыртқаларды, шұжықтарды, картоптарды, француз қуырмаларын және басқа еттерді жақсы қуыруға болады (немесе тек өте шектеулі май мөлшерін қосу арқылы). Бұл функцияны тек жинаққа кіретін арнайы қуыру табағымен бірге ғана пайдалану керек, ол шыны айналмалы табақтың ортасына қойылады. Пицца немесе десерттер сияқты ұзақ пісіруді талап етпейтін тағамдарды пісірерден бұрын табақты 2-3 минуттай алдын ала қыздырып алған жөн.
Қажет керек-жарақтар: Қуыру табағы, қуыру табағына арналған тұтқа
Ұсынылатын керек-жарақтар: торлы сөре
TURBOGRILL (ТУРБОГРИЛЬ)
Бұл функция гриль жұмыс істеп тұрған кезде ыстық ауаны пештің ішіне таратып, осылайша мал еті мен құс етінің үлкен кесектерін (сан еті, сиыр еті, т.б.) пісірген кезде оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тағамдарды сым сөреге орналастырып, пісіру барысында оларды аударыстырып отырған дұрыс болады. Пайдаланылатын керек-жарақтардың пеште пісіруге жарайтындығына көз жеткізіңіз. Пешті алдын ала қыздырудың қажеті жоқ.
Ұсынылатын керек-жарақтар: торлы сөре
11
TURBOGRILL + MICROWAVE
(ТУРБОГРИЛЬ + МИКРОТОЛҚЫН)
Микротолқындар, гриль мен пештің желдетіп пісіру функцияларын үйлестіру арқылы тағамдарды жылдам дайындау мен қызартуға арналған. Құс етін, фарш салынған көкөністерді және пісірілген картопты жылдам әзірлеуге жарайды. Тағамды сым сөреге немесе шыны дискіге салыңыз.
Ұсынылатын керек-жарақтар: торлы сөре
FORCED AIR (КҮШТІ АУА)
Коневекциялық пешпен бірдей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тағамдарды пісіруге арналған. Меренга, торттар, бисквиттер, суфле, құс еті және қуырылған етті (мысалы) пісіру үшін пайдалануға болады. Бұл функция максималды 250°C температурасында 30 минут пісіруге мүмкіндік береді; Осы уақыт өткеннен кейін температура 200°C градусқа дейін автоматты түрде төмендейді. Ауаның дұрыс айналуы үшін тағамдарды сым сөренің үстіне қойған дұрыс болады. Белгілі тағамдарды пісіру үшін нан пісіру науасы немесе басқа сәйкес келетін ыдыстар пайдаланыла алады.
Ұсынылатын керек-жарақ: Тік төртбұрышты нан пісіру науасы/торлы сөре
FORCED AIR + MICROWAVE
(ЖЕЛДЕТІП ПІСІРУ + МИКРОТОЛҚЫН)
Пеште пісірілетін тағамдарды қысқа уақытта дайындауға арналған. Бұл функция пеште тағамдарды жылдам пісіруге болатын шағын толқын және күштелген ауа функцияларын біріктіреді. Қуырылған еттерді, тауық етін, қабықты картоптар, қатырылған дәстүрлі тағамдар, бисквит, печенье, балық және пудингтер пісіруге пайдалы. Ауаның дұрыс айналуы үшін тағамдарды әрқашан да сым сөренің үстіне қойған дұрыс болады.
Ұсынылатын керек-жарақтар: торлы сөре
SENSOR COOKING
(СЕНСОРМЕН ПІСІРУ)
Сенсормен пісіру функциясы пісіру барысында үздіксіз бейімделіп отырып, тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы уақытқа дайындық немесе алдын ала қыздыру кезеңдері қосылмаған.
DYNAMIC REHEAT
Мұздатылған немесе бөлме температурасындағы дайын тағамдарды қайта жылытуға арналған. Пеш барынша азырақ уақыт ішінде мүмкіндігінше жақсы нәтижеге жету үшін қуат деңгейі мен қажетті уақытты автоматты түрде есептейді. Қою уақыты үнемі нәтижені жетілдіреді, әсіресе қатырылған тағам үшін. Тағамды қызу мен микротолқынға төзімді табаққа салыңыз да, мүмкін болса бетін жабыңыз.
DYNAMIC CRISP
Мұздатылған тағамдарды жылдам ысытып, пісіру үшін және олардың бетін қызартып, қытырлақ ету үшін. Осы функцияны тек жинақпен бірге берілген қуыру табағымен бірге ғана қолданыңыз. Қажет болса, тағамды салу алдында қуыру табағының алдын ала қыздырылуын күтіңіз.
Қажет керек-жарақтар: Қуыру табағы, қуыру табағына арналған тұтқа
DYNAMIC STEAM
Бұл функция будың өзінің сипаттарының арқасында денсаулыққа пайдалы әрі табиғи тағамдарды пісіруге мүмкіндік береді, бу жинаққа кіретін арнайы бу пісіргіштің көмегімен алынады. Бұл функцияны балық немесе көкөніс сияқты тағамдарды буға пісіру үшін пайдаланыңыз. Дайындау кезеңінде бу пісіргіштің түбіне құйылған су қайнайды да, автоматты түрде буды түзеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін. Бұдан кейін пеш тамақты орнатылған уақытқа сай буға пісіруді жалғастырады.
QUICK HEAT (ЖЫЛДАМ ЖЫЛЫТУ)
Пісіру циклін белсендіруден бұрын пешті жылдам қыздыруға арналған. Тағамды ішіне салу алдында функцияның аяқталуын күтіңіз.
12
Шамамен көрсетілген пісіру уақыттары келесідей:
балғын көкөністер (250-500 г): 4-6 минут;
мұздатылған көкөністер (250-500 г): 5-7
минут;
балықтың қоң еті (250-500 г): 4-6 минут.
Қажетті керек-жарақтар: Бу құралы
KZ
KEEP WARM (ЖЫЛЫ ҰСТАУ)
Жаңа пісірілген тағамды, соның ішінде ет, қуырылған тағамдар немесе торттарды ыстық әрі балғын күйде сақтауға арналған.
AUTOMATIC (АВТОМАТТЫ)
Автоматты функциялардың көмегімен ең үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жай ғана тағам салмағын немесе көлемін таңдаңыз. Пеш әрбір тағам түрі үшін сәйкес функция мен мәндерді автоматты түрде таңдайды.
DYNAMIC DEFROST
Салмағы 100 г - 3 кг арасындағы етті, құс етін, балықты, көкөністерді және нандарды жылдам ерітуге арналған. Тағам айналмалы әйнек табағына тікелей орнатылуы тиіс. Сұралған кезде тағамды аударыңыз. Қою уақыты үнемі нәтижені жетілдіреді.
SETTINGS (ПАРАМЕТРЛЕР)
Пеш параметрлерін (тіл, уақыт, дыбыс белгілерінің үнділігі, жарықтығы, эко режимі) өзгертуге арналған.
Ескеріңіз: Үнемдеу режимі белсенді болғанда, қуатты үнемдеу үшін дисплейдің жарықтығы бірнеше секундтан кейін азайтылады. Ол кез келген түймелер басылған кезде автоматты түрде белсендіріледі.
CRISPY BREAD DEFROST
(НАНДЫ ЖҰҚА ТАБАҚТА ЖІБІТУ)
Орамаларды, круассандарды және багеттерді жылдам жібіту және қыздыруға арналған. Бұл функция қуыру табағын оңтайлы температураға қыздыру үшін микротолқындар мен грильді бір уақытта іске қосады.
ҚАЖЕТТІ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР: Қуыру табағы, қуыру табағына арналған тұтқа
RECIPES (РЕЦЕПТТЕР)
Бұл оңтайлы пісіру үшін сізге бірқатар автоматты рецепттер мен алдын ала орнатылған мәндерді таңдауға мүмкіндік береді. Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін дисплейде берілген нұсқауларды орындаңыз.
Осы функцияны пайдалануға қатысты барлық көрсеткіштер, рецепттер мен ұсыныстарды арнайы әзірлеу кестесінде таба аласыз.
13
ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ
Please select language
Italiano
Português do Brasil
English
Premere per impostare il tempo, OK per terminare
HH MM
12:00
ӘДІСІ

ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ

1. ТІЛДІ ТАҢДАҢЫЗ
Құрылғыны алғаш рет қосқан кезде тіл мен уақытты орнату қажет: Дисплейде қолжетімді тілдер тізімі көрсетіледі.
Please select language
Қажетті тілді таңдау үшін немесе түймесін пайдаланыңыз және басып растаңыз.
Ескеріңіз: Тілді кейінірек мәзірдегі "Параметрлер" тармағы арқылы өзгертіле алады.
түймесін
Өнімді пайдаланбас бұрын қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
2. УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Тіл таңдалғаннан кейін ағымдағы уақытты орнату қажет: Дисплейде “12:00 ” жазуы жыпылықтайды.
HH MM
Press to set time, OK when done
Уақытты орнату үшін немесе пернесін пайдаланыңыз және растау үшін
Ескеріңіз: Ұзақ қуат іркілістері орын алғанда уақытты қайта орнату қажет болуы мүмкін.
басыңыз.
Зауытты жүргізілетін өндірістік операцияларға байланысты жаңа пештерден иіс шығуы мүмкін. Тамақ пісірмес бұрын, кез келген иістерді жою үшін пешті алдын ала қыздыру қажет.
Пештен кез келген қорғағыш картондарды немесе мөлдір таспаларды алыңыз және ішінен кез келген керек-жарақтарды шығарыңыз.
"Желдетіп пісіру" функциясын пайдаланып, пешті 200 °C температурада шамамен 1 сағат қыздырыңыз. Функцияны дұрыс орнату үшін нұсқауларды орындаңыз.
Пешті алғаш рет пайдаланған кезде және одан кейін бөлмені желдетіңіз.
14
Funzioni di cottura tradizionale
Sensor
Impostazioni
Manuale
Per cottura e riscaldamento cibi
Grill
Riscaldamento rapido
Microonde
POTENZA
350W
POTENZA GRILL
Alto
MM:SS
TEMPO FINE
19:20
00:05
TurboGrill + Microonde
POTENZA
350W
POTENZA GRILL
Alto
MM:SS
TEMPO FINE
19:20
00:05
TurboGrill + Microonde

КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

KZ
1. ФУНКЦИЯНЫ ТАҢДАУ
Пешті іске қосу үшін түймесін басыңыз: Дисплейде негізгі мәзір мен қолжетімді функциялар тізімі көрсетіледі.
Settings
Manual
Sensor Cooking
Traditional cooking functions
Негізгі мәзірді шарлап, қалаған элементті бөлектеу үшін
немесе түймесін басыңыз.
Таңдалатын тармақ дисплейде бөлектелгеннен кейін, таңдауыңызды растау үшін
басып, параметрлер мәзіріне (төменде көрсетілген) немесе функциялар тізіміне өтіңіз.
Quick Heat
Microwave
Grill
For cooking and reheating
Экрандағы тізімді шолып шығу үшін немесе параметрлер мәзіріне өту үшін
түймесін басыңыз. Растау және
басыңыз: Дисплейде функцияның негізгі параметрлері көрсетіледі.
2. ФУНКЦИЯНЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІРУ
Бастапқыда таңдалған функцияның мәндерін дисплейде берілген ретпен таңдауға болады. Мән жыпылықтаған кезде оны реттеу үшін
немесе түймесін және растау үшін
түймесін басыңыз.
High GRILL POWER
TurboGrill + Microwave
POWER
MM:SS
END TIME
Қажет болса, курсорды өзгерткіңіз келетін мәннің қасына апару үшін түймелерін басып,
түймесін басыңыз: Мән жыпылықтайды. Параметрді өзгерту үшін немесе
басып, растау үшін басыңыз.
немесе
Қажет функциялар көрсетілгеннен кейін функцияны белсендіру үшін
түймесін
басыңыз.
Ескеріңіз: Мүмкін болғанда кейбір мәндерді пісіру кезінде өзгертуге болады.
. ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЛПЫ
Бұл функция пештің кездейсоқ қосылуын болдырмау үшін автоматты түрде белсендіріледі.
High GRILL POWER
TurboGrill + Microwave
POWER
MM:SS
END TIME
Ескеріңіз: егер алдын ала орнатылған мәндер қалаулы мәндерге сәйкес келсе, түймесін басыңыз: функция дереу іске қосылады.
Safety lock is activated
Blocco di sicurezza attivato
Chiudere sportello, premere
Close the door and press
Есікті ашып-жабыңыз және таңдалған функцияны іске қосу үшін
басыңыз.
. КІДІРТУ
Мысалы, тамақты араластыру немесе аудару қажет болса, белсенді функцияны кідірту үшін есікті ашу жеткілікті.
900 W
POWER
POTENZA
Paused
In pausa
00:20
TEMPO COTTURA
COOK TIME
12:00
END TIME
TEMPO FINE
Оны қайта жалғастыру үшін, есікті жабыңыз да,
пернесін басыңыз
15
. ЖЫЛДАМ БАСТАУ
Blocco a chiave
Attiv.
Пеш өшірулі болғанда толық қуатты (900 Вт) микротолқынмен пісіру функциясын белсендіру үшін
пернесін 30 секунд бойы басып
тұрыңыз.
пернесі қайта әр басылған сайын пісіру
уақыты 30 секундтық қадаммен арттырылады.
ТАЙМЕР
Пеш өшірулі болғанда, дисплейді таймер ретінде пайдалануға болады. Функцияны белсендіру үшін пештің өшірулі екендігіне көз жеткізіп, таймер жыпылықтайды.
түймесін басыңыз: Дисплейде
. ТАҢДАУЛЫЛАР
Пеш автоматты түрде сіз жиі қолданатын функциялар тізімін құрастырады. Пешті іске қосу үшін қолданатын функциялар тізімін көру үшін
түймесін басып, сіз жиі
түймесін басыңыз.
Dynamic Crisp
Dynamic Crisp
Lasagna
Lasagne
Forced Air + Microwave
Ventilato + Microonde
Le funzioni di cottura utilizzate più di frequente
Your most used cooking functions
Қажетті функцияны таңдау үшін немесе
түймесін пайдаланып, түймесін басып растаңыз және одан кейін, қажет болса, параметрлерді қажеттіліктеріңізге сай өзгертіңіз (ұсынылғандар негізгі параметрлер болып табылады). Аяқтаған кезде функцияны белсендіру үшін
басыңыз.
. ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУ
Көп жағдайларда пеш пісіру процесі аяқталғаннан кейін салқындату процедурасын орындайды. Бұл күй дисплейде көрсетіледі.
168°C
00 : 01 : 00
HH MM SS
HH MM SS
Premere per impostare il timer, OK per avviare
Press to set timer, OK to start
Қажет уақыт ұзақтығын орнату үшін немесе
пайдаланып, таймерді белсендіру үшін түймесін басыңыз. Таңдалған уақыт санауы біткеннен кейін таймер аяқталып, дыбыстық сигнал беріледі.
Ескеріңіз: Таймер ешбір пісіру циклдерін белсендірмейді. Таймерді кез келген уақытта тоқтату үшін басыңыз
. KEY LOCK (ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ)
Пернетақтаны құлыптау үшін бір уақытта және бойы басып ұстап тұрыңыз.
Пернетақтаны құлыптан босату үшін айтылған процедураны қайталаңыз.
түймелерін кем дегенде бес секунд
Key lock has been activated
Rareddamento
Cooling Down
Осы процесс кезінде сағатты көру үшін түймесін басыңыз
Ескеріңіз: Есікті ашу бұл процесті уақытша тоқтатады.
16

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

KZ
ПІСІРУ КЕСТЕСІН ОҚУ
Кестеде берілген тағамдарды пісіру үшін ең ыңғайлы функциялар көрсетілген. Қыздырып алу кезеңін қоспағанда (қажет болғанда), пісіру уақыты пештің ішіндегі тамақ пісіру циклына байланысты болады. Пісіру мәндері мен уақыты үлгі ретінде беріледі, және тағамның мөлшеріне және пайдаланылатын ыдыс-аяққа байланысты болады. Тамақ пісіру үшін минималды пісіру уақытын қолданыңыз, одан кейін піскенін тексеріңіз. Барынша жақсы нәтижеге жету үшін керек­жарақтарды таңдаған кезде пісіру кестесінде жазылған ұсыныстамаларды мұқият орындаңыз.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ПІСІРУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
Микротолқындардың тамақтың тереңдігіне жетуі шектеулі болғандықтан, бір мезетте бірнеше кесекті пісіру қажет болса, кесектерді шеңбер бойымен орналастырыңыз. Шағын кесектер ірі кесектерден жылдамырақ піседі: Тамақ біркелкі пісуі үшін, азық-түлікті бірдей мөлшерде турау керек.
Микротолқынды пеште пісіру барысында бу шығады: микротолқынға төзімді қақпақ ылғалдың ысырабын азайтады.
Шағын толқынмен пісіру аяқталған кезде көптеген тағамдарды пісіруді жалғастырыңыз. Сол себепті, пісіруді аяқтау үшін үнемі күту уақытына мүмкіндік беріңіз.
Микротолқынды пеште пісіру барысында тағамды аударыстырып отырған дұрыс болады. Араластыру кезінде піскен бөліктерін ортасынан шеттеріне қойып, ал аз піскен орталық бөліктерін сыртына қойыңыз.
Еттің жұқа кесектерін бірінің үстіне немесе қабаттастырып салыңыз. Қоң ет немесе шұжық сияқты қалың кесектерді бірінің қасына бірін салыңыз.
ЖАБЫСҚАҚ ҮЛДІР ЖӘНЕ ҚАПШЫҚТАР Қағаз немесе пластик қапшықтарды
микротолқынды пешке салардан бұрын олардың сым бауларын алып тастаңыз. Пісіру барысында пластик үлдірдің қысымын шығарып, шыққан буға күйіп қалуға жол бермеу үшін оны шанышқымен түйреу немесе тесу қа жет.
СҰЙЫҚ ЗАТТАР Сұйықтықтар қайнау нүктесінен көбіксіз асып
кетуі мүмкін. Бұл ыстық сұйықтықтардың тасуына себеп болады. Осы ықтималдықты болдырмау үшін: Аузы тар ыдысты пайдаланбаған жөн.. Ыдысты микротолқынды пешке салып, қасықты ішінде қалдырудан бұрын сұйылтады. Жылытудан кейін шағын толқынды пештен ыдысты мұқият алу алдында тағы араластырыңыз.
ҚАТЫРЫЛҒАН ТАҒАМ Үздік нәтижелер үшін шыны дискіде тікелей
еріту ұсынылады. Егер керек болса, шағын толқынға үйлесімді жеңіл пластик ыдысты пайдалануға болады. Қайнатылған тағам, буға пісірілген ет және ет дәмдеуіштері араластырған жағдайда жақсы ериді. Азық-түлік жіби бастаған кезде оларды бір бірінен ажыратыңыз: бөлінген кесектер тезірек жібиді.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАМАҚ Бала тағамын немесе сұйықтықты құмырада
немесе құтыда жылытқан соң, жақсылап шайқап, ұсынуға дейін температурасын тексеріңіз. Бұл қызудың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, суға не ыстыққа күю қатеріне жол бермейді. Жылытуға дейін, қақпақ пен емгіні алу қажет.
17
ТОРТТАР және НАН
Торттар мен нан үшін "Желдетіп пісіру" функциясын пайдалану ұсынылады. Немесе пісіру уақытын қысқарту үшін пайдаланушы “Желдетіп пісіру + микротолқын” функциясын пайдалан алады, бұл орайда тағам жұмсақ әрі дәмді болуы үшін микротолқын қуатын 160 Вт мәнін аспайтын шамаға орнату керек. "Желдетіп пісіру" функциясы үшін қара түсті металл торт пішіндерін пайдаланыңыз және оларды әрқашан берілген сым сөреге қойыңыз. Болмаса, бисквит немесе тоқаш сияқты белгілі бір тағам түрлерін пісіру үшін пісіру науасын немесе басқа сәйкес келетін ыдыстарды пайдалануға болады. Егер “Желдетіп пісіру + микротолқын” функциясы пайдаланылса, тек микротолқынды пешке жарамды ыдысты пайдаланыңыз және оларды әрқашан берілген сым сөреге қойыңыз.
Әзірленіп жатқан тағамның піскендігін тексеру үшін ортасына шанышқы салыңыз: Егер ол таза болып шықса, торт немесе нан пісті.
Егер асты жабыспайтын тоқаш қалыптарын пайдаланып жатсаңыз, оның жиектеріне сары май жақпаңыз, себебі оның жиегі біркелкі көтерілмеуі мүмкін.
Егер пісіру кезінде тағам “ісіп кетсе”, келесі жолы төменірек температура қолданыңыз және қосатын сұйықтық көлемін қарастырыңыз немесе қоспаны жақсырақ былғаңыз.
Қамыр асты шикі болса, сөрені төмендетіп, қоспа қосу алдында пирог астына бисквит ұнтақтарын себіңіз.
ПИЦЦА
Пицца қамыры қысқа уақытта біркелкі пісіп, қытырлақ болып шығуы үшін “Динамикалық қытырлақ” функциясын жинаққа кіретін арнайы керек-жарақпен бірге пайдаланған жөн. Немесе үлкен көлемді пицца үшін төрт бұрышты пісіру науасын "Желдетіп пісіру" функциясымен бірге пайдалануға болады: бұндай жағдайда пешті 200° C дейін қыздырып алыңыз да, пісіру уақытының үштен екі бөлігінде пиццаның үстіне моцарелла себіңіз.
ЕТ ПЕН БАЛЫҚ
Ет немесе балықтың ішкі бөлігін жұмсақ және шырынды күйінде сақтай отырып, қысқа уақыт ішінде тағамның бетін күңгірттендіру үшін "Турбо-гриль + микротолқын" немесе "Күшейтілген ауа + микротолқынды" сияқты күшейтілген ауа функциясын микротолқындармен біріктіретін функцияларды пайдалану ұсынылған. Барынша жақсы пісіру нәтижелеріне жету үшін микротолқынды пештің қуат деңгейін 350 Вт мәніне орнатыңыз.
18

ПІСІРУ КЕСТЕЛЕРІ

KZ
ТАҒА М ФУНКЦИЯЛАРЫ
АЛДЫН
АЛА
ЖЫЛЫТУ
ТЕМП. (°C)/
ГРИЛЬ
ДЕҢГЕЙІ
ҚУАТ (ВТ) УАҚЫТ
160-180 30-60
Бисквит пирогтар
160-180 90 25-50
Салындысы бар десерт
(чизкейк, струдель, алмадан
Иә 160-190 35-70
жасалған бәліш)
Пісіру жұмыстары Иә 170-180 10-20
Безе Иә 100 -120 40-50
Ролдар Иә 210-220 10-12
Нан бөлкесі Иә 180-200 30-35
Пицца/фокаччо Иә 190-220 20-40
Пицца(0,4-0,5 кг) 14 -16 Татымды бәліштер (көкөніс
бәліші, киш-лорен)
Иә 180-190 40-55
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
Киш лорен (1-1,2 кг) 18-20
Лазанья/паста
Қуырылған қой немесе шошқа еті / қуырылған сиыр еті
(1,3-1,5 kg)
Қуырылған сиыр еті, орташа
(1,3-1,5 кг)
Қуырылған тауық / Қоян / Үйрек
(тұтас 1-1,2 кг)
Тауық / Қоян / Үйрек
(филе / кесектер)
170-180 70-80*
160-180 160 50-70*
170-180 40-60*
210-220 50-70*
210-220 350 45-60*
Medium
(Орташа)
Орташа -
Жоғары
350-500 15-40
350-500 20-40*
Тауық еті (0,4-1 кг) 12-18
ФУНКЦИЯЛАРЫ
Crisp Grill (Гриль)
Grill + MW
(Гриль + ШТ)
Turbo Grill
(Турбо гриль)
Forced Air
(Желдетіп пісіру )
Forced Air +
Microwave
(Желдетіп пісіру +
микротолқын)
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
Микротолқынды
пеште пайдалану
үшін жарамды
жылуға төзімді
табақ/контейнер
Төменгі торлы
сөре
Қуыру табағы
Төрт бұрышты
пісіру табағы
19
ТАҒА М ФУНКЦИЯЛАРЫ
АЛДЫН
АЛА
ЖЫЛЫТУ
ТЕМП. (°C)/
ГРИЛЬ
ДЕҢГЕЙІ
ҚУАТ (ВТ) УАҚЫТ
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
Пісірілген балық (тұтас) Жоғары 160-350 20-40
Балық еті/бөліктер Иә Жоғары 15-30* Толтырмасы бар көкөніс
(қызанақтар, кәділер, баялдылар)
Medium
(Орташа)
500-650 25-50
Қытырлақ нан Жоғары 3-6
Шұжықтар/кәуап/ қабырғалар/гамбургерлер
Орташа -
Жоғары
20-40*
Шұжық / гамбургер (0,2-1 кг) Иә** 6 -16
Пісірілген картоп Қуырылған картоп тілімдері
(0,3-0,8 кг)
Пісірілген жеміс
Көкөністі көміш
10-20
Medium
(Орташа)
Medium
(Орташа) Жоғары -
Орташа
350-500 20-40*
160-350 15 -25
15-25
Қуырылған көкөніс (0,3-0,8 кг) Иә** 8-18
* Пісіру барысында тағамды жартылай аударыңыз ** Қуыру табағы 3-5 минут қыздырып алыңыз
Forced Air +
ФУНКЦИЯЛАРЫ
Crisp Grill (Гриль)
Grill + MW
(Гриль + ШТ)
Turbo Grill
(Турбо гриль)
Forced Air
(Желдетіп пісіру )
Microwave
(Желдетіп пісіру +
микротолқын)
ЖАРАҚТАР
20
КЕРЕК-
Микротолқынды
пеште пайдалану
үшін жарамды
жылуға төзімді
табақ/контейнер
Төменгі торлы
сөре
Қуыру табағы
Төрт бұрышты
пісіру табағы
FULLY AUTOMATIC RECIPES (ТОЛЫҒЫМЕН АВТОМАТТЫ РЕЦЕПТІЛЕР)
KZ
РЕЦЕПТ МӨЛШЕРІ
ПІСІРУ УАҚ ЫТЫ (мин:сек)
Паста 1 - 4 порция
Лазанья
Мұздатылған
Лазанья
4 - 10
бөлік
500 г - 1,2
кг
22:00 -
30:00
16:13 - 27:04
Күріш ботқа 2 - 4 порция
ПАСТА ЖӘНЕ КҮРІШ
Күріш
100 - 400
мл
Сұлы
жармасының
1 - 2 порция
ботқасы
Қуырылған
картоп
4 - 10
бөлік
26:00 -
36:00
Пісірілген картоп 200 г - 1 кг 5:49 - 21:33
Орап пісірілген
мұздатылған
көкөністер
400 - 800 г
13:00 -
24:00
Қызанақ 300 - 800 г 11:00 - 17:00
ВЕГЕТАРИАНДЫҚ ТАҒАМДАР
Баялды 300 - 800 г 8:15 - 12:00 Иә
Қуырылған
бұрыш
Хот- дог,
пісірілген
200 - 500 г 6:52 - 11:55
4 - 8 кесек
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
АЛДЫН
АЛА
ЖЫЛЫТУ
Иә
Иә Иә
ҚОСУ
ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН
КЕҢЕСТЕР
Пастаны пісіру уақытын
орнатыңыз. Сұралған кезде паста салыңыз.
Бу науасына күріш пен су
қосып, қақпағын жабыңыз.
Сұралған кезде сүт
қосыңыз.
Күрішті пісіру уақытын
орнатыңыз. Бу науасына
күріш салып, су құйыңыз.
Піспеген картопты кесіп,
пиязбен араластырыңыз.
Тұз, бұрыш және май қосып дәмдеп, үстіне
қаймақ құйыңыз. Үстіне
ірімшік себіңіз.
Картоптарды жуып,
ұсақтап тураңыз.
Ортасынан бөліңіз,
дәмдеуіштер қосыңыз
және ірімшік себіңіз.
Ортасынан бөліп,
тұздаңыз; тұндырып
қойыңыз.
Болгар бұрышының
кесектеріне дәмдеуіш
сеуіп, маймен
безендіріңіз.
Суға салып қойыңыз.
Шұжық 200 - 800 г 6:14 - 10:26 Иә
Мұздатылған
гамбургер
100 - 500 г 5:48 - 10:20
Котлеттер 700 г - 1,2 кг
Рулет 4 - 8 порция
ЕТ
Антрекот 2 - 6 бөлік
Қойдың
қабырғалары
Қуырылған қозы
еті
Қуырылған сиыр
еті
2 - 8 бөлік
1 кг - 1,5 кг
800 г - 1,5 кг
Қуырылған бұзау 800 г - 1,5 кг
19:00 -
26:00
22:00 -
33:00
18:00 -
21:00
17:44 -
22:56
52:30 -
65:00
34:45 -
59:50
42:20 -
63:20
Иә Иә
Алдын ала дәмдеуіш
себіңіз.
Иә
Иә Иә
Иә Иә
Иә
Иә
Соңында дәмдеуіш
қосыңыз.
Соңында дәмдеуіш
қосыңыз.
21
РЕЦЕПТ МӨЛШЕРІ
Буға пісірілген
филе
300 - 800 г
ПІСІРУ УАҚ ЫТЫ (мин:сек)
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
АЛДЫН
АЛА
ЖЫЛЫТУ
ҚОСУ
ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН
КЕҢЕСТЕР
100 мл су құйыңыз.
Қуырылған филе 300 г - 1 кг 9:59 - 15:56 Иә Иә
Қуырылған
ҮЙ ҚҰСЫ
тауық еті
Тауық кесектері
Буға пісірілген
котлеттер
800 г - 1,5 кг
500 г - 1,2
кг
300 - 800 г
27:09 -
38:35
12:29 - 20:13
Иә
Балық еттері 300 - 800 г
Мұздатылған
балық
300 - 800 г 7:15 - 12:15
Иә Иә
таяқшалары
Мұздатылған
балық еті
Буға пісірілген
FISH (БАЛЫҚ)
бүтін балық
Пісірлген тұтас
балық
Мұздатылған
тағамды қуыру
Қатырылған
көкөністер
200 - 600 г 8:30 - 16:30
600 г - 1,2
кг
600 г - 1,2
кг
600 г - 1,2
кг
13:20 - 20:14
15:47 -
30:59
22:28 -
35:10
300 - 800 г
Иә Иә
Табаны майлаңыз.
Дәмдеуіштер қосып, жұқа
табаққа терісін жоғары
қаратып салыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
Табаны майлаңыз.
Табаны майлаңыз.
Суытып, 100 мл балық
сорпасын қосыңыз.
Дәм-татымын келтіріп,
үстіне шамалы сары май
жағыңыз.
100 мл су құйыңыз.
Қайнаған
картоптар
Брокколи 200 - 500 г
Сәбіз 200 - 500 г
Гүл ді
орамжапырақ
Жүгері сопағы 300 г - 1 кг
Жасыл
баданалар
ГАРНИРЛЕР
Буға пісірілген
бұрыштар
Буға пісірілген
кәді
Картоп
таяқшалары
Мұздатылған
фри
Ыстық пен
микротолқындарға
төзімді таба /
ыдыс
300 г - 1 кг
200 - 500 г
200 - 500 г
200 - 500 г
200 - 500 г
300 - 800 г 9:45 - 18:00
300 - 600 г
Сөре Қуыру табағы
Қақпағы мен
себеті жоқ бумен
пісіргіш
Қақпағы бар,
бірақ себеті жоқ
бумен пісіргіш
Толық бумен
пісіргіш
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
100 мл су құйыңыз.
Қабығын аршып, таяқша
түрінде тураңыз.
Дәмдеуіштер қосып, жұқа
табаққа шамалы май
құйыңыз және картоптың
үстіне май тамызыңыз.
Сұратылған кезде
араластырыңыз.
Пісірместен бұрын тұз
Пісірме табақ
себіңіз.
Микротолқын
қақпағы
22
РЕЦЕПТ МӨЛШЕРІ
Қатырылған
қалың пицца
300 - 800 г
ПІСІРУ УАҚ ЫТЫ (мин:сек)
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
АЛДЫН
АЛА
ЖЫЛЫТУ
ҚОСУ
KZ
ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН
КЕҢЕСТЕР
Қатырылған
жұқа пицца
Салқындатылған
пицца
Үйде жасалған
пицца
250 - 500 г
200 - 500 г 5:33 - 9:06
2 - 6 порция
Киш-лорен 1 топтама 18:00
ПИЦЦА ЖӘНЕ ТҰЗДЫ БӘЛІШТЕР
12:00 -
16:00
Иә
Иә
Қатырылған киш 200 - 800 г 7:55 - 15:55
Бөлке нан 1 - 2 кесек
25:00 -
29:00
Иә
Ролдар 1 топтама 10:00 Иә
Қатырылған
орамалар
1 топтама 10:00
Иә
Алдын ала
пісірілген
1 топтама 9:00
Иә
орамалар
Жартылай
дайын ролдар
1 топтама 10:00
Иә
Қамыр дайындап (250 г
ұн, 150 г май + 2½ қасық
су), оны қуыру тақтасына
тегістеп салыңыз; ортасын
тесіп қойыңыз. Қамырды
алдын ала пісіріңіз.
Сұратылған кезде салма
қосып (200 г шошқа еті,
175 г ірімшік және 3
көпіршітілген жұмыртқа
мен 300 мл қаймақ).
Қамыр жасап, оны нан
пісіру қалыбына салыңыз
және көтерілгенше күтіңіз.
Пісіру
жұмыстары
НАН/КЕКСТЕР
1 топтама 12:00
Безе 1 топтама 35:00
Маффиндер 1 топтама 16:00 Иә
Бисквит 1 топтама 24:00
Лепёшкалар 1 топтама 10:00
Мұздатылған
Баффало
300 - 600 г
қанаттары
Мұздатылған
наггетс
250 - 600 г 7:38 - 12:36
Попкорн 90 - 100 г
ЖЕҢІЛ ТАҒАМДАР
Қуырылған
жаңғақтар
50 - 200 г 5:12 - 7:02
Иә
Иә
Иә
Иә Иә
Иә Иә
2 жұмыртқа ағын,
80 г қант және 100 г
құрғатылған кокосты
араластырыңыз. Ваниль
мен бадам эссенциясын
қосыңыз. Жылтыр қағазда
немесе май жағылған
пісіру науасында 20 - 24
домалақ жасаңыз.
16 - 18 маффинге сұйық
қамыр дайындаңыз және
қағаз ыдыстарға құйыңыз.
Жалпы салмағы 700
- 800 г сұйық қамыр дайындаңыз.
Қуыру табасын майлаңыз.
Қалтаны бұрылмалы
табаққа қойыңыз.
23
РЕЦЕПТ МӨЛШЕРІ
ПІСІРУ
УАҚ ЫТЫ
(мин:сек)
КЕРЕК-
ЖАРАҚТАР
АЛДЫН
АЛА
ЖЫЛЫТУ
ҚОСУ
ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН
КЕҢЕСТЕР
Жеміс компоты 300 - 800 г
Алдын ала
пісірілген
қатырылған
300 - 8000 г 7:15 - 11:00
Иә
жеміс бәліші
Жеміс бәліші 1 топтама 15:00
ДЕСЕРТ
Суфле 2 - 6 порция
Пісірілген
алмалар
4 - 8 кесек
30:00 -
40:00
14:00 -
20:00
Крем-карамель 2 - 6 порция 13:00 - 17:00
Иә
100 мл су құйыңыз.
180 г ұн, 125 г сары май
және 1 жұмыртқаны
пайдаланып нан негізін
дайындаңыз. Қамырды
қуыру тақтасына тегістеп салып, бетіне қант және даршынмен
араластырылған 700 - 800
г туралған алма салыңыз.
Лимон, шоколад немесе
жеміс қоспасын дайындап,
оны қырлары биік пісіру
науасына салыңыз.
Өзектерін алып, марципан
немесе дәмқабық, қант
және сары май қоспасына
толтырыңыз.
Ыстық пен
микротолқындарға
төзімді таба / ыдыс
24
Сөре Қуыру табағы
Қақпағы мен
себеті жоқ бумен
пісіргіш
Қақпағы бар,
бірақ себеті жоқ
бумен пісіргіш
Толық бумен
пісіргіш
Пісірме табақ
Микротолқын
қақпағы

СЫНАЛҒАН ТҮРЛЕР

IEC 60705 және IEC 60350-1 стандартына сай сертификаттау органдары үшін құрастырылған.
KZ
ГРИЛЬ
ТЕМП. /
Д Е ҢГ.
ҚУАТ
(ВТ)
ЖЫЛЫТУ
ТАҒА М ФУНКЦИЯ
Қамыр кремі
Бисквит
Рулет
САЛМАҒЫ
(г)
ПІСІРУ УАҚЫТЫ
(мин:сек)
1000 12:00 - 13:00 650
475 5:30 650
900 13:00 - 14:00 750
Картоп гратині 110 0 28:00 - 30:00 190 350
Кекс 700 28:00 - 30:00 175 90
Балапан 1200 35:00 - 40:00 210 350
Етті жібіту (жібіту
ортасында
ортасынан
500 10:30 160
аударыңыз)
АЛДЫН
АЛА
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Шағын толқынды ыдыс
(Pyrex 3.227)
Шағын толқынды ыдыс
(Pyrex 3.827)
Шағын толқынды ыдыс
(Pyrex 3.838)
Шағын толқынды ыдыс
(Pyrex 3.827)
Шағын толқынды ыдыс
(Pyrex 3.828)
Шағын толқынды ыдыс
(Pyrex 3.220)
Айналмалы табақ
Қатырылған
сэндвичтер
Құм печеньесі
4:00 - 6:00 Жоғары
30:00 - 35:00 160 Жоқ
Кішкентай кекстер 18:00 - 20:00 170 Иә
Майсыз бисквит 33:00 - 35:00 180 Жоқ
Алма бәліші 65:00 - 70:00 180 Иә
Төменгі торлы сөре
Төрт бұрышты пісіру
табағы
Төрт бұрышты пісіру
табағы
Төменгі торлы сөре
Төменгі торлы сөре
ФУНКЦИЯЛАРЫ
Microwave (Микротолқын) Grill (Гриль) Forced Air (Желдетіп пісіру )
Forced Air + Microwave
(Желдетіп пісіру +
микротолқын)
25

ТАЗАЛАУ

Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе тазалаудан бұрын құрылғының суығанына көз жеткізіңіз.
Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БЕТТЕР
Беттерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Олар қатты кір болса, бейтарап тазалағыштың бірнеше тамшысын қосыңыз. Құрғақ матамен аяқтаңыз.
Есіктің шынысын тиісті тазалау сұйықтығымен тазалаңыз.
Жүйелі түрде немесе шашыраулар жағдайында пештің астыңғы бөлігін сүрту үшін айналмалы табақты және оның тірегін алып, кірді тазалаңыз.
Ысқыш, қатты тазалағыштарды немесе абразивті/коррозиялық тазалау заттарын пайдаланбаңыз, бұлар құрылғының бетін зақымдауы мүмкін.
Гриль тазалауды қажет етпейді, себебі қарқынды жылу кез келген кірді күйдіре алады: Бұл функцияны жүйелі түрде пайдаланыңыз.
Қатып қалған тамақ қалдықтарын кетіру үшін бір шыныаяқ суды микротолқынды пешке қойып, ең үлкен қуатпен бірнеше минут қайнату ұсынылады: судан шыққан бу тамақ қалдықтарын жібітеді де, оларды кетіруді оңайлатады.
Ескеріңіз: суға лимон шырынын қоссаңыз, піскен тамақтың иісін кетіруге көмектеседі.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Қуыру табағынан басқа ыдыс-аяқтың барлығын ыдыс жуғыш машинада жууға болады. Қуыру табағын бейтарап жуғыш құралды пайдаланып суға жуу керек. Қатып қалған ласы болса, шүберекпен абайлап ысқылаңыз.. Тазалау алдында әрқашан да қуыру табағын суытып қойыңыз.
26
KZ

АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ

Туындайдын қандай да бір мәселелер немесе ақаулықтарды көбінесе оңай шешуге болады. Сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуге хабарласу алдында келесі кестені қарап, мәселелі өзіңіз шеше алатындығыңызды тексеріңіз. Егер мәселе шешілмесе, жақын жердегі Сатылымнан кейінгі қызмет көрсету желісіне хабарласыңыз.
Келесі операцияларды орындамастан бұрын қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып
шығыңыз
Ақаулық Мүмкін себебі Шешімі
Розеткада ток бар-жоғын
Пеш жұмыс істемейді
Қуат іркілісі.
Қуат көзінен ажыратылды.
Ақаулық.
және духовка электр көзіне жалғанғанын не жалғанбағанын тексеріңіз. Пешті өшіріңіз және қайта қосыңыз, сосын ақаулықтың кеткенін не кетпегенін тексеріңіз.
Дисплей іске қосылмайды Пеш өшіп тұр
Пеш өшіп тұр.
Түймелер жұмыс істемейді
Уақыт индикаторы жыпылықтайды
Дисплейде “F” әрпінен кейін сан көрсетіледі
Дисплейдің жарықтылығы азайды
Пеш өшірілген кезде де шу шығарады
Пернетақта құлпы қосылған.
Басқару панелі кірлеген.
Қуат іркілісі.
Бағдарламалық жасақтамасының ақаулығы.
ECO функциясы іске қосулы.
Суыту желдеткіші белсенді.
Пешті ҚОСУ үшін басыңыз.
Пештегі және мәселенің шешілгендігін тексеріңіз.
және түймелерін бір уақытта басып пернетақта құлпын өшіріңіз. Басқару панелінің бетін микроталшықты шүберекпен сүртіңіз (“Тазалау” бөлімін қараңыз).
Уақытты ырыруыңыз қажет: “Құрылғыны бірінші рет пайдалану” бөлімінде берілген нұсқауларды орындаңыз.
Ең жақын Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласып, “F” әрпінен кейін көрсетілген санды хабарлаңыз.
Оны өшіру үшін “Параметрлер” ­“ECO” бөлімінен, “Жоқ” нұсқасын таңдаңыз.
Есікті ашыңыз немесе суыту процесі аяқталмағанша күте тұрыңыз.
қосқышын басыңыз
түймесін
27

ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ ПАРАҚШАСЫ

WWW
Өнімнің толық сипаттамасын, соның ішінде осы пешке арналған энергияны түрлендіру
коэффициентін www.hotpoint.eu сайтынан қарауға және жүктеп алуға болады

КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСУ АЛДЫНДА
ЖОҒАРЫДАҒЫ ТЕКСЕРІСТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН ОРЫНДАҒАННАН КЕЙІН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛМЕСЕ, ЖАҚЫН ЖЕРДЕГІ КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.
1. Мәселені “Ақаулықтарды жою” бөліміндегі
шараларды қолданып өзіңіздің шеше алатындығыңызды тексеріңіз.
2. Пешті өшіріңіз және қайта қосыңыз, сосын
ақаулықтың кеткенін не кетпегенін тексеріңіз.
Көмек алу үшін өнімнің қаптамасына салынған кепілдік кітапшасында берілген нөмірге қоңырау шалыңыз немесе вебсайттағы нұсқауларды орындаңыз. Келесі ақпаратты беруге дайын болыңыз:
Ақаулықтың қысқаша сипаттамасы
Өніміңіздің нақты түрі және моделі
Көмек алу коды (ӨНІМГЕ ЖАПСЫРЫЛҒАН
тақтадағы SERVICE сөзінен кейінгі сан, оны пештің есігін ашып, сол жақ ішкі қырынан көруге болады).
Толық мекенжайыңыз
Байланыс телефон нөмірі
Өнім жасаушысы: Виерлпул Юроп с.р.л. - Социо Унико Viale Guido Borghi 27 21025 Комерио (VA) Италия
28
XXXXXXXXXXXX XXXXXXXXXXXX
Ескеріңіз: Егер жөндеу қажет болса, түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланатын және жөндеуді дұрыс орындайтын өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кепілдік туралы толығырақ ақпарат алу үшін ішіне салынған кепілдік кітапшасын оқыңыз.
XXX/XXX
KZ
A
B
C
x 2
x 2
90°C
29
553 мм
140 мм
20 мм
95
455 мм
391 мм
545 мм
356
447 мм
5,5 мм
8 мм
595 мм
40 мм
мин. 550 мм
560 мм
40 мм
мин. 450 мм
B
X2
A
30
KZ
=
=
31
32
001
400010849045
Loading...