HOTPOINT/ARISTON MP 676 IX HA Use & Care [kk]

Пайдалану және күтіп ұстау нұсқаулығы
www.hotpoint.eu/register
ҚАЗАҚ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
2
KZ
ҚАЗАҚ
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕЖӘНЕ ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
HOTPOINT - ARISTON ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ
Қосымша көмек пен анықтама алу үшін өніміңізді www.hotpoint.eu/register торабында тіркеңіз
Индекс
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ .........................................................4
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ .....................................................6
СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ....................................................6
Пайдалану және күтім нұсқаулығы
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ ............................................................7
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ ................................................................7
ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ .....................................................8
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ................................................................9
ФУНКЦИЯЛАРЫ .................................................................11
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ ...........................................14
ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ .............................................14
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ .........................................................15
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
ПІСІРУ КЕСТЕЛЕРІ ..............................................................19
СЫНАЛҒАН ТҮРЛЕР .............................................................21
ТАЗАЛАУ ......................................................................22
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ ..........................................................23
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ ПАРАҚШАСЫ ...........................24
КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ............................................24
Орнату нұсқаулығы ............................................................25
3

ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ

ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін оңай жерге қойыңыз. Бұл нұсқауларда және құрылғыда барлық уақытта орындау қажет маңызды қауіпсіздік нұқсаулары берілген. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау, құрылғыны дұрыс қолданбау немесе басқару элементтерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулыққа қатысты жауапкершілікті мойнына алмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның
қосалқы бөліктері пайдалану кезінде ыстық болады, үздіксіз бақылауда болмаса, 8 жастан төмен балаларды жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Тазалау және жөндеу жұмыстарын, егер жанында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балаларға орындауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Ыстық элементтерін немесе ішкі бетін ұстамаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. ЕСКЕРТУ: Есік немесе есікті тығыздауыштар зақымдалған болса, білікті адам ауыстырмайынша пешті пайдалануға болмайды. ЕСКЕРТУ: Сұйық және басқа тағам түрлерін нығыздап жабылған контейнерлерде ысытпау керек, атылу қаупі бар. Микротолқынды пеш тағамды
және сусындарды ысытуға арналған. Тағам немесе киімді құрғату және жылыту төсемдерін, жылжымалы негіздерді, губкаларды, дымқыл матаны және ұқсас затты қыздыру жарақат, өрт немесе лап ету қаупін тудыруы мүмкін. Тағамды пластикалық немесе қағаз контейнерлерде жылытқан кезде, тұтану қаупі болатындықтан, пешке қарап тұрыңыз. Сусындарды микротколқынды пеште жылытқан кезде, жайлап қайнап бастауы мүмкін, сондықтан контейнерді ұстаған кезде абайлау керек. Тағам беру бөтелкелері мен сәби тағамының ыдыстарындағы тағамды араластырыңыз немесе шайқаңыз және күйіп қалмауы үшін, ішпес бұрын температурасын тексеріңіз. Қабығындағы жұмыртқаны және қатты пісірлген жұмыртқаларды микротолқынды пештерде жылытпаңыз, микротолқынды пеш жылыту процесін аяқтаған соң да, олардың жарылуы мүмкін. Барлық бөліктері толығымен суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа жанатын заттарды құрылғыдан әрі ұстаңыз. Шамадан тыс қызған сұйық май және тоң май оңай тұтанады. Майы көп немесе арақ қосылған тағамды пісіргенде аса абай болу қажет (мысалы, ром, коньяк, вино), өрт қаупі болады. Шағын толқынды пешті майға тамақ қуыру үшін пайдалануға болмайды, себебі майдың температурасын бақылау мүмкін емес. Құрылғы үлгімен пайдалануға қолайлы болса, осы пеш үшін ұсынылатын температура үлгісін ғана қолданыңыз (бар болса). Кастрөлдер мен табаларды алу үшін пеш қолғаптарын пайдаланыңыз, қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеңіз. Тамақ пісіріп болған соң қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, пешті ашпас бұрын жайлап буды немесе ыстық ауаны шығарыңыз. Тек шағын толқынды пеште пайдалануға қолайлы құралдарды пайдаланыңыз. Пештің алдыңғы жағындағы ауа желдеткіштерін бітемеңіз. Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз немесе токтан ажыратыңыз және жалынды өшіру үшін есіктерді жауып қойыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
Бұл құрылғы кәсіби пайдалануға емес, тек тұрмыстық жағдайда пайдалануға арналады. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғының жанында аэрозоль бөтелкелері сияқты жарылатын немесе тұтанатын заттарды сақтамаңыз және оның қасында бензин немесе басқа жанатын заттарды қолданбаңыз: құрал кездейсоқ қосылған жағдайда өрт болуы мүмкін. САҚ ТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен пайдаланылуға арналмаған. Бұл құрылғы тұрмыстық және сәйкес қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы,
- дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары;
- шаруашылық ғимараттары;
- қонақ үйлердегі, мотельдердегі немесе басқа тұрғылықты орталардағы тұтынушылар арқылы;
- жатын және таңғы ас қызметі түріндегі орталарда. Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту).
ОРНАТ У
Орнату және жөндеу
4
жұмыстарын өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман орындауы керек. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз. Орнату әрекеттерін балалар орындамауы керек. Орнату кезінде балаларды жақындатпаңыз. Орнату кезінде және одан кейін орам материалдарын (пластик дорба, пенопласт бөлшектері, тсс.) балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек. Құрылғыны орамынан шығару және орнату үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Орнату барысында, құрылғы қуат кабеліне зақым келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз. Бұл құрал кірістіріліп пайдаланылуы керек. Бөлек пайдаланбаңыз. Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап жойыңыз. Орнату аяқталғанда, құрылғының түбі толығымен жабық болуы тиіс. Пештің жұмыс бетпейі мен жоғарғы шеті арасындағы кішкентай саңылауды бітемеңіз. Тек орнату кезінде пешті пенополистирол негізінен алыңыз. Құрылғыны қаптамадан
шығарған соң, құрылғы есігі дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнату үшін ең аз байланыс аралығы 3 мм болатын барлық полюсті ажыратып-қосқыш пайдаланылуы қажет және құрылғыны жерге тұйықтау қажет. Салынған аша розетка үшін қолайлы болмаса, білікті маманмен байланысыңыз. Қуат көзінің сымы корпусына салынған соң, құрылғыны негізгі қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті түрде ұзын болу қажет. Қуат көзі кабелін тартпаңыз. Қуат сымына зақым келтірілген болса, бірдей түрімен ауыстырыңыз. Қуат кабелін ауыстыру жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сай, білікті техник орындауы қажет. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз. Ашасы салынған құрылғылар үшін, аша розетка үшін қолайлы болмаса, білікті маманмен байланысыңыз. Ұзартқыштарды, адаптерлерді немесе бірнеше көзді розеткаларды пайдаланбаңыз. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз. Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Құралды дененің су бөлігімен түртпеңіз және аяқ киімсіз басқармаңыз. Пештің алдыңғы шетіндегі көрсеткіштер тақтасы (есік ашылған кезде көрінеді).
Қуат сымын ауыстырған кезде, тек келесі түрін (түрлерін) қолданыңыз: H05 RR-F 3 x 1,5 мм2. Құрылғының ток айырына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда оны розеткадан суыру немесе ұлттық электр қауіпсіздігі стандарттарына сай розеткадан жоғары орнатылған қол жеткізуге болатын көп полюсті қосқыш көмегімен, құрылғыны қуат көзінен ажырату мүмкін болуы керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық күтім көрсету үшін қорғаныс қолғаптарын киіңіз. Кез келген қызмет көрсету жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет. Бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз. ЕСКЕРТУ: Шағын толқын қуатынан қорғайтын панельдің алынуын қажет ететін техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын білікті маманнан басқа адамдар орындаса, бұл олар үшін қатерлі. ЕСКЕРТУ: Электр ток соғу қаупінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын, құрылғыны өшіргеніңізге қамтамасыз етіңіз. Пешті таза жағдайда сақтамау құралдың қызмет мерзіміне жағымсыз әсер ететін және қауіпті жағдайға әкелетін бет нашарлауына әкелуі мүмкін. Пешті жиі тазалауға және кез келген тағам қалдықтарын алып тастаңыз. Тазалау немесе техникалық күтім көрсету жұмысын орындамас бұрын құрылғының салқындағанын тексеріңіз. Есіктің шынысын тазалау үшін қырғыш губкаларды немесе өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шынының бетін сызып, оның шытынауына себеп болуы мүмкін.
KZ
5

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

БУМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен белгіленген. Буманың әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган реттеулеріне толығымен сәйкес және жауапкершілігіне берілуі қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРАЛД АРДЫ ТАСТАУ
Құрылғыны тастаған кезде, қуат сымын кесіп тастау және балалар оңай мінбеуі және қысылып қалмауы үшін есіктері мен сөрелерін (бар болса) алып тастау арқылы оны қажетсіз етіңіз. Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған.
Жергілікті қалдықты тастау реттеулеріне сәйкес қолданыңыз. Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастау бойынша қосымша ақпарат алу үшін, құзыретті жергілікті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/ EU Еуропалық директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнің тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс әсерлерге жол бере аласыз, бұл әсерлер осы өнімнің дұрыс емес қоқысқа тасталғанынан пайда болуы мүмкін. Құрылғыдағы
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ КЕҢЕСТЕРІ
Пісіру кестесінде немесе рецептте көрсетілген жағдайда ғана пешті алдын ала қыздырыңыз. Тек қара лак немесе эмаль жағылған пісіру қалыптарын пайдаланыңыз, себебі олар қызуды жақсырақ сіңіреді. Орнатылған пісіру уақытына дейін духовканы 10/15 минут өшіріп қойыңыз. Ұзақ пісіру уақытын талап ететін тағам пеш өшірілген кезде де пісіру жалғасады.
немесе онымен берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық және электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына өткізу керектігін көрсетеді.

СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Бұл құрылғы EО директивасының қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасақталған, құрастырылған және таратылған: 2006/95/EC, 2004/108/EC, 93/68/EEC және 2011/65/EU (RoHS директивасы).
Тамақ өнімдерімен байланысқа түсетін осы құрылғы n. 1935/2004/EC Еуропа ережесіне сай келеді. Құрал EN 60350-1 Еуропалық стандартқа сәйкес Еуропалық
реттеулер нөм. 65/2014 және 66/2014 эко дизайны талаптарына сәйкес келеді.
6

Пайдалану және күтім нұсқаулығы

ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ

KZ
1
2
3
4.
Ескертпе: Пісіру аяқталып, пеш өшірілген кезде салқындату желдеткіші біраз уақытқа дейін жұмыс істеп тұруы мүмкін.
1. Басқару тақтасы
2. Дөңгелек қыздырғыш
5
6
7
элемент (көрінбейді)
3. Нөмірлік тақтайша
(алып тастамаңыз)
4. Есік
5. Жоғарғы қыздыру
элементі/гриль
6. Light (Шам)
7. Айналмалы табақ

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

1. ҚОСУ/ӨШІРУ
Пешті қосып, өшіру үшін және белсенді функцияны тоқтатуға арналған.
2. АВТОМАТТЫ
Автоматты функциялардың тізімін айналдырып шығуға арналған.
3. ҚАЙТУ
Алдыңғы мәзірге қайту үшін.
1 432 5 76
4. ҚОЛМЕН
Қолмен орнатылатын функциялардың тізімін айналдырып шығуға арналған.
5. ДИСПЛЕЙ
6. НАВИГАЦИЯ ТҮЙМЕЛЕРІ
Функцияның параметрлері мен мәндерін өзгертуге арналған.
8
7. РАСТАУ ТҮЙМЕСІ
Таңдалған функцияны немесе орнатылған мәнді растауға арналған.
8. БАСТАУ
Функцияны іске қосу үшін. Пеш өшірілген кезде мұнда пештің “Жылдам іске қосу” функциясы белсендіріледі.
7

ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ

2
1
7
3 4
5
6
1. Таңдалған функцияның
белгісі
2. Жібіту функциясы
3. Сағат; ақпарат және
функцияның ұзақтығы
4. Функцияның мәндері
(мысалы, температура, тағам түрі, гриль деңгейі)
5. Автоматты
6. Микротолқын қуаты
7. Таймер параметрлері,
ұзақтығы және сағат.
8

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР

KZ
Дүкеннен көптеген керек-жарақтарды сатып алуға болады. Оларды сатып алудың алдында микротолқынды пеште пайдалануға жарамды және пеш температураларына төзімді екеніне көз жеткізіңіз.
Микротолқынды пеште дайындау барысында тағамдар мен сусындарға арналған металл контейнерлерді ешқашан пайдалануға болмайды.
АЙНАЛМАЛЫ ТАБАҚ
Тұғырына орнатылған кезде айналмалы табақ барлық тамақ пісіру жолдарында қолданыла
алады. Айналмалы табақты әрқашан да басқа ыдыстар мен керек-жарақтарға тұғыр ретінде пайдалану керек.
АЙНАЛМАЛЫ ТАБАҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ
Тұғырды тек әйнек айналмалы табақ үшін пайдаланыңыз. Тұғырға басқа керек­жарақтарды қоймаңыз.
Тағамдар пен керек-жарақтардың пеш қабырғаларымен жанаспайтынына әрқашан көз жеткізіңіз.
Пешті іске қосу алдында әрқашан бұрылмалы табақтың айнала алатынына көз жеткізіңіз. Басқа керек-жарақтарды салу немесе алу кезінде айналмалы табақтың орнынан алынбауын қамтамасыз етіңіз.
CRISP ТАБАҚҚА АРНАЛҒАН ТҰТҚА
Crisp табақ тез арада аса ысып кетуі мүмкін: құрылғымен бірге келетін тұтқа оны пештің ішінен алып шығуға мүмкіндік береді.
Тұтқаны Crisp табақтың жиегіне іліндіріңіз де, жақсы ұстасуы үшін қатты қысыңыз.
ТӨРТ БҰРЫШТЫ ПІСІРУ ТАБАҒЫ
Пісіру науасын тек желдетіп пісіруге мүмкіндік беретін функциялармен бірге пайдаланыңыз; оны ешқашан микротолқындармен бірге пайдаланбаңыз.
CRISP ТАБАҚШАСЫ
Тек арнайы “Dynamic Crisp”
функциясы үшін ғана
пайдаланыңыз.
Crisp табағын әрқашан
да шыны айналмалы табақтың ортасына қою керек және оны тек осы мақсатқа арналған функцияның көмегімен бос күйінде алдын ала қыздырып алуға болады. тағамды тікелей crisp тақтасына салыңыз. Crisp табаққа басқа керек-жарақтарды қоймаңыз, себебі қызу қарқыны оларға нұқсан келтіруі мүмкін.
Пісіру табағын пештің ішіне көлбеу салып, пеш камерасының ішіндегі тиісті бағыттауыштың үстіне дәлдеп қойыңыз. Төрт бұрышты пісіру табағын пайдаланған кезде, айналмалы табақты пештің ішінде қалдыруға болады.
ТОРЛЫ СӨРЕ
Ол тағамды грильге жақынырақ орналастыру, тағамыңызды қызарту және ыстық ауаның
оңтайлы айналымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Торлы сөрені айналмалы табаққа орналастырып, оның басқа беттермен жанаспайтынына көз жеткізіңіз.
9
Loading...
+ 18 hidden pages