Жалпы қауіпсіздік
Қоқысқа тастау
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу
Орнату - көмек, 3-4-5
Орнату және түзулеу
Су мен токты қосу
Техникалық деректері
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
көмек
Құрылғы сипаттамасы, 6
Жалпы шолу
Басқару тақтасы
Тартпаларды жүктеу, 7-8
Төменгі тартпа
Ыдыс-аяқ себеті
Жоғарғы тартпа
Жоғарғы тартпаны реттеу
Қосу және пайдалану, 9
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
Жуғыш затты өлшеу
Жуу циклдары, 10
Жуу циклдарының кестесі
Арнайы жуу циклдары мен опциялары, 11
Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз, 12
Шаюға көмекші затты өлшеу
Тазаланған тұзды өлшеу
Күтім көрсету және техникалық қызмет
көрсету, 13
Су мен токты өшіру
Ыдыс жуу машинасын тазалау
Жағымсыз иістердің алдын алу
Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау
Судың кіріс сүзгісін тазалау
Сүзгілерді тазалау
Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға қалдыру
Ақаулықтарды жою, 14
Қазақша, 1
Пайдалану нұсқаулығы
ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫ
UA
Українська, 15
KZ
Сақтық шаралары мен кеңес
Бұл құрылғы ағымдағы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай құрылған және өнідірілген.
Төмендегі ақпарат қауіпсіздік мақсатында берілген,
сондықтан оны мұқият оқып шығу қажет.
Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып
қалмайтындай бір жерге сақтап қойыңыз. Құрылғы
сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулық
машинамен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.
Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде
орнату, пайдалану және қауіпсіздік туралы ақпарат бар.
Бұл құрылғы үйде немесе соған ұқсас жағдайда
қолдануға арналған, мысалы:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс
орындарындағы қызметкерлердің ас бөлмесінде;
- фермадағы үйлер;
- қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да қонақ
күту орындарындағы қонақтардың пайдалануы үшін;
- кіші қонақ үйлерінде.
Жалпы қауіпсіздік
• Қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны қолдану
бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда
физикалық, сезімталдық және психикалық
қабілеттері төмен адамдар (оның ішінде балалар),
тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген
адам құрылғыны қолданбауы тиіс.
• Құрылғымен ойнауға мүмкіндік бермейтін ересек
адам балаларды әрдайым бақылауы тиіс.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда қолдануға
болмайды.
• Құрылғы үйдегі ыдыс-аяқты осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сәйкес жуу үшін ересек адамдармен
қолданылуға арналған.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны жауын мен найзағай астында
қалдыру өте қауіпті
• Жалаң аяқ болған кезде құрылғыға тимеңіз.
• Құрылғыны токтан ажыратқан кезде, розеткадан
әрдайым айырынан ұстап тартыңыз. Кабелінен
ұстап тартпаңыз.
• Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес
бұрын су шүмегін жабу және айырды розеткадан
ағыту керек.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз
бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші
болмаңыз.
• Құрылғының ашық есігіне сүйенбеңіз немесе оған
отырмаңыз: бұл құрылғыны аударып түсуі мүмкін.
• Есікті ашық қалдырып кетуге болмайды, себебі ол
қауіпті кедергі болып табылады.
• Жуғыш зат пен шаюға көмекші затты балалардан
аулақ ұстаңыз.
• Орама материалын бала ойыншығы ретінде
қолдануға болмайды.
Қоқысқа тастау
• Орама материалын қоқысқа тастау: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
• Қоқыс электр және электрондық жабдыққа (WEEE)
қатысты 2012/19/EC Еуропалық директива үй
құрылғылары әдеттегі қала қоқысына тасталмауын
мәлімдейді. Қоршаған орта мен халық денсаулығына
тиетін зиянның алдын ала отырып, машина
ішіндегі материалдарды қайта пайдалану мен
өңдеу дәрежесін оңтайландыру мақсатында
жарамсыз құрылғылар бөлек жиналуы керек.
Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі белгісі
өнім иелерінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа тастау
туралы қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар тиісті
мекемеге немесе жергілікті құрылғы сатушысына
хабарласуы мүмкін.
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны
құрметтеу
Су мен қуатты үнемдеу
• Ыдыс жуу машинасы толған кезде ғана жуу циклын
бастаңыз. Ыдыс жуу машинасының толуын күту
барысында жағымсыз иістердің алдын алу үшін Суға
салып қою циклын қолданыңыз
бөлімін қараңыз)
• Жуу циклдарының кестесін пайдалана отырып,
ыдыс-аяқ түріне және ластану дәрежесіне қолайлы
жуу циклын таңдаңыз:
- орташа ластанған ыдыстар үшін Эко жуу циклын
пайдаланыңыз, ол қуат пен судың төмен деңгейі
қолданылатынын қамтамасыз етеді.
- Жүктеме әдеттегіден аз болса, Жартылай жүктеу
опциясын*
.
қосыңыз («Қосу және пайдалану» бөлімін
(«Жуу циклдары»
қараңыз).
• Егер ток жеткізу келісім-шартында токты үнемдеуге
арналған уақыт аралықтары болса, төмен баға
қолданылатын кезде жуу циклдарын орындаңыз.
Кешіктіріп бастау түймесі *
бөлімін қараңыз)
ұйымдастыруға көмектеседі.
жуу циклдарын тиісті түрде
(«Қосу және пайдалану»
Фосфат пен хлорды қамтымайтын,
құрамында ферменттері бар жуғыш заттар
• Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш
заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер
қоршаған ортаға зиянды.
• Ферменттер 50°C шамасындағы температураларда
ең тиімді түрде әрекет етеді. Сондықтан, қалыпты
65°C жуу циклындағыдай нәтижеге қол жеткізу
үшін ферменттер қамтитын жуғыш заттарды
температурасы төмен жуу циклдарында қолдануға
болады.
• Жуғыш зат ысырап болмауы үшін өнідірушінің
кеңестеріне, су қаттылығы, ластану деңгейі және
жуылатын ыдыс-аяқ мөлшеріне байланысты өнімді
тиісті мөлшерлерде пайдаланыңыз. Биологиялық
түрде ыдырайтын болса да, табиғаттың тепетеңдігіне
әсер етуі мүмкін
заттарды қамтиды.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
2
KZ
Орнату - Көмек
Құрылғыны жылжыту керек болса, оны тік ұстаңыз; аса
қажет болса, оны артқа қарай еңкейтуге болады.
Орнату және түзулеу
1. Құрылғыны барлық орамасынан босатыңыз және ол
тасымалдау кезінде зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол
зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және орнату
үдерісін тоқтатыңыз.
2. Ыдыс жуу машинасының жандары немесе артқы панелі
жақындағы шкафтармен немесе қабырғамен тиетіндей
реттеңіз. Бұл құрылғыны тіпті бір үстелдің үстіңгі тақтайының
астына да кіргізуге болады
*
(Орнату бойынша нұсқаулық
парағын қараңыз).
3. Ыдыс жуу машинасын тегіс әрі қалыпты еденге
орналастырыңыз. Еден тегіс болмаса, құрылғының алдыңғы
аяқтарын реттеп, оны көлденең қалыпқа жеткізу керек.
Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол қалыпты болады және жұмыс
істеп тұрған кезде жылжу немесе діріл мен шуыл шығару
мүмкіндігі аз болады.
4
*. Артқы аяқтың биіктігін реттеу үшін ыдыс жуу машинасының
құрылғының алдыңғы жағындағы төменгі орта бөлігінде 8 мм
тесігі бар алты бұрышты гайка кілтін (қызыл түсті) бұраңыз.
Сағат тілі бағытымен бұрсаңыз биіктік артады, ал сағат тіліне
қарсы бағытта бұрсаңыз, биіктік азаяды
(осы құжаттамада
берілген Ендіру нұсқаулығын қараңыз.)
Су мен токты қосу
Су мен токты тек білікті маман қосуы тиіс.
Судың шығыс түтігін жалғау
Шығыс түтігін (майыстырмай) диаметрі ең азында 4 см
болатын су ағызу түтігіне жалғаңыз.
Шығыс түтігі еденнен немесе ыдыс жуу машинасы тұрған
беттен 40-80 см аралығында болуы тиіс (А).
Судың шығыс түтігін шұңғылшаның ағызу түтігіне қоспас
бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).
Су алып кетуден қорғау
Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:
- қалыпсыз жағдайларда немесе құрылғының ішінен су
ағып кеткен кезде су көзін бұғаттайтын арнайы жүйемен
жабдықталған.
Сондай-ақ, кейбір үлгілер New Acqua Stop
қосымша қауіпсіздік құралымен жабдықталған, ол тіпті кіріс
түтігінің жыртылып кеткенінде де су алып кетуден қорғайды.
* деп аталатын
ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!
Ыдыс жуу машинасы су түтіктерінің немесе ток
сымдарының үстінде тұрмауы керек.
Құрылғыны су жеткізу желісіне жаңа түтіктермен қосу
қажет.
Ескі түтіктерді қолданбаңыз.
Судың кіріс және шығыс түтіктерін, сондай-ақ, ток сымын ең
жақсы орнатуға қол жеткізу үшін құрылғының оң немесе сол
жағынан өткізуге болады.
Судың кіріс түтігін жалғау
• Қолайлы суық суды жалғау нүктесіне: түтікті жалғамас
бұрын, судағы қалдықтар құрылғыны бітеп тастамауы үшін,
су тап-таза болғанша, оны ағызып алыңыз; бұл әрекетті
орындағаннан кейін, кіріс түтігін шүмекке ¾ газдық бұранда
қосылымымен мықтап бұраңыз.
• Қолайлы ыстық суды жалғау нүктесіне: температурасы
60°C-тан аспаса, ыдыс жуу машинасына желіден ыстық
су беруге болады (радиаторлары бар орталық жылыту
жүйеңіз болса).
Суық суды қосуда айтылғандай, түтікті шүмекке бұраңыз.
Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, мамандырылған
дүкенге немесе куәландырылған маманға хабарласыңыз
(
«Көмек» бөлімін қараңыз.)
Судың қысымы Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс
(қасындағы
ақпаратты қараңыз.)
Түтікті майыстыруға немесе оған қысым салуға болмайды.
Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз, себебі
онда ток өтетін электр бөліктер бар.
Токқа жалғау
Айырды розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз
жеткізіңіз:
• Розетка жерге тұйықталған және ағымдағы ережелерге
сәйкес келеді.
• розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай алады. Бұл
мән есіктің ішкі жағында орналасқан деректер тілімшесінде
көрсетілген (
(«Құрылғы сипаттамасы» бөлімін қараңыз);
• Ток желісінің кернеуі деректер тілімшесінде көрсетілген
мәндер ауқымында жатыр.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді.
Олай болмаса, куәландырылған маманды шақыртып,
айырды ауыстырыңыз (
кабельдерін немесе бірнеше розетканы қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Ток сымы зақымдалса, барлық ықтимал қатерлерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе оның Техникалық көмек
көрсету қызметі ауыстыруы керек
«Көмек» бөлімін қараңыз
(«Көмек» бөлімін қараңыз.)
); ұзарту
* Тек кейбір үлгілерде бар.
3
KZ
Конденсациядан қорғайтын лента*
Ыдыс жуу машинасын орнатқаннан кейін, есікті ашып,
түзілуі мүмкін конденсациядан қорғау үшін желімді мөлдір
лентаны ағаш тартпаның астына жабыстырыңыз.
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
Орнатқаннан кейін тартпалардан тығындарды және
бар болса, жоғарғы тартпада қалған эластикалық
элементтерді алып тастаңыз.
Алғашқы рет жуудан бұрын, тұз диспенсерін сумен толық
толтырыңыз да, содан кейін ғана оған шамамен 1 кг тұз
қосыңыз («Шаюға көмекші зат және тұз» деп аталатын тарауды қараңыз). Су асып төгілуі мүмкін: бұл қалыпты
жағдай және проблема емес. Су қаттылығының мәнін
таңдаңыз («Шаюға көмекші зат және тұз» деп аталатын тарауды қараңыз). - Тұз машинаға құйылғаннан кейін,
ТҰЗ АЗ индикатор шамы
Тұз контейнері толтырылмаса, нәтижесінде су
жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.
* сөнеді.
Құрылғыда пайдаланушыға пәрмен қолданылғанын
білдіруге арналған сигнал/үндер жиыны бар
машинасының үлгісіне байланысты
Басқару тақтасындағы/дисплейдегі таңбалардың/
индикатор шамдарының/диодтардың түсі әр түрлі және
жыпылықтай немесе тұрақты жарығы болуы мүмкін
(ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты)
Дисплейде жуу циклының түрі, кептіру/жуу циклының
кезеңі, қалған уақыт, температура және т.б. қатысты
пайдалы ақпарат беріледі.
): қосу, цикл соңы, т.б.
(ыдысы жуу
.
Көмек
Көмек қызметіне хабарласпас бұрын:
• Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығын
қолдана отырып шешуге болатынын, не
болмайтынын тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз).
• Бағдарламаны қайта іске қосыңыз да, проблема
кеткенін тексеріңіз.
• Проблема шешілмесе, Куәландырылған техникалық
көмек беру қызметіне хабарласыңыз.
Куәландырылмаған мамандарға қызмет
көрсеткізбеңіз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Проблеманың түрі
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпаратты құрылғының деректер тілімшесінде
табуға болатын («Құрылғының сипаттамасы» бөлімін қараңыз).
* Тек кейбір үлгілерде бар.
4
KZ
Құрал:Ыдыс жуу машинасы
Сауда атауы
Өндірушінің сауда белгісі
ҮлгіLFF 8M132
ДайындағанIndesit Company
Өндірілген еліПольшада жасалған
Сыйымдылығы14 дастархан жабдығы
Ені 60 см
Өлшемдері
Биіктігі 85 см
Тереңдігі 60 см
Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер
ауқымының номиналды мәні
Электр токтың стандартты түрі немесе
айнымалы токтың номиналды жиілігі
Су қысымы
220-240 В ~
50 Гц
0,05-1 МПа (0,5-10 бар) 7,25-145 фунт/шаршы дюйм
СақтандырғышЖабдықтың техникалық деректер кестесін қараңыз
Жуу сыныбы
A
Кептіру сыныбыA
Қуат тұтыну сыныбыA
Электр ток тұтынуы0,83 кВт/сағат
Стандартты жуу циклының су тұтынуы9 литр
Электр токтан қорғау сыныбыI қорғау сыныбы
IPX0
Қарастырылудағы құрал бойынша сәйкестік
куәліктері туралы қосымша ақпарат немесе сәйкестік
куәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit.com
электрондық пошта мекенжайына сұрау жіберуіңізге
болады.
Осы құралдың өндірілген күнін штрих-кодта
көрсетілген сериялық нөмірден табуға болады (S/N
XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX), яғни:
Өндіруші:
Импорттаушы:
Сұрақтарыңыз бар болса, мына мекенжайға
хабарласыңыз (Ресейде):
Жабдық төмендегі Еуропа экономикалық
қауымдастығының директиваларына сәйкес келеді:
- 2012/19/ЕU («Қоқыс электр және электрондық жабдық»)
«Орама мен оның бөлшектері тағамға тимеуі тиіс»
- Сериялық нөмірдегі 1-сан жылдың соңғы санын білдіреді.
- Сериялық нөмірдегі 2- және 3-сан айдың реттік нөмірін
білдіреді.
- Сериялық нөмірдегі 4- және 5-сан айтылған ай мен
жылдың күнін білдіреді.
Indesit Company S.p.A.
Viale A. Merloni 47, 60044 Fabriano (AN), Италия
ООО Indesit RUS
01.01.2011 күніне дейін: Павильон 46, ВВЦ, проспект
Мира, 129223 Мәскеу, Ресей
01.01.2011 күнінен кейін: корпус 1, 12-үй, Двинцев көшесі,
127018 Мәскеу, Ресей
5
KZ
Құрылғы сипаттамасы
Жалпы шолу
1. Жоғарғы тартпа
2. Жоғарғы тозаңдатқыш өзекше
3. Қайырмалы диспенсерлер
4. Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
5. Төменгі тартпа
6. Төменгі тозаңдатқыш өзекше
7. Жуу сүзгісі
8. Тұз диспенсері
9. Жуғыш зат диспенсері, шаюға көмекші зат
диспенсері және озон құралы*
10. Деректер тілімшесі
11. Басқару панелі***
12. Turbo dry*
Бірнеше функциясы бар
таблеткалар опциясының
түймесі (таблеткалар)
Түйме және
индикатор шамы
Қосу-өшіру/қайта
орнату
Қосымша кептіру опциясының
түймесі
Бөліп жуу опциясының түймесі
Дисплей
Жуу және кептіру индикатор шамдары
Шаюға көмекші зат аз индикатор шамы
Жуу циклын таңдау түймелері
Жуу циклын таңдау түймелері
Тұз аз индикатор шамы
Басқару тақтасы
Дисплей
Қалған уақыт индикаторы
Сүзгі бітелген индикатор шамы
Шүмек өшірулі индикатор шамы
Бастау/Тоқтата
тұру түймесі
және индикатор
шамдары
Кешіктіріп бастау
түймелері
опциясының түймесі
Short time
Жуу циклы индикатор шамдары
Бөліп жуу индикатор шамдары
Қосымша кептіру индикатор шамы
Бірнеше функциясы бар таблеткалар индикатор шамдары
(таблеткалар)
Жуу циклы индикатор шамдары
Кешіктіріп бастау индикатор шамы
индикатор шамы Short time
*** Тек толығымен ішке салынатын үлгілерде * Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
6
KZ
Тартпаларды жүктеу
Кеңестер
Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық тамақ
қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен ыдыстардан
сұйықтықтарды төгіңіз. Ағын су астында алдын ала
шаюдың қажеті жоқ.
Ыдыс-аяқ мықтап орнында ұсталып тұратындай және құлап
кетпейтіндей орналастырыңыз; және ыдыстарды ауызын
төмен қаратып, дөңес бөліктерін еңкейтіп қойыңыз, сонда
су барлық беттерге тиіп, еркін түрде ағады.
Қақпақтар, тұтқалар, науалар және табалар тозаңдатқыш
өзекшелердің бұрылуына кедергі келтірмейтініне көз
жеткізіңіз. Кіші заттарды ыдыс-аяқ себетіне қойыңыз.
Пластмасса ыдыстар мен жабыспайтын табаларда су
тамшылары көбірек қалатындықтан, олар керамикалық
немесе тот баспайтын болаттан жасалған ыдыстарға
қарағанда сондай жақсы кеппейді.
Пластмассадан жасалған ыдыстар сияқты жеңіл заттарды
жоғарғы тартпаға қойып, жылжымайтындай орналастырылуы
тиіс.
Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер еркін
жылжи алатынына көз жеткізіңіз.
Төменгі тартпа
Төменгі тартпаға кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді,
салат ыдыстарын және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер
мен қақпақтарды тартпаның шет жақтарына қойған жөн.
Бірнеше ыдыс жуу машинасы қайырмалы бөлімшелермен
жабдықталған*.
Оларды табақтарды орналастырған кезде тік күйде немесе
табалар мен салат ыдыстарын оңай орналастыру үшін
көлденең күйде (төменгі) қолдануға болады.
Ыдыс-аяқ себеті
Ыдыс-аяқ себеті ыдыс-аяқты орналастыруды жеңілдететін
үстіңгі торлармен жабдықталған. Оны тек төменгі тартпаның
алдыңғы жағына қоюға болады.
Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдерді төменгі тартпаға
қою керек, себебі бұл жерде су қатты шашырайды да, жуу
өнімділігі жоғары болады.
Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар төмен
қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе оларды
жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге көлденең қоюға
болады.
Жоғарғы тартпа
Бұл тартпаға стақандар, шыныаяқтар, табақшалар мен тайпақ
салат ыдыстары сияқты нәзік әрі жеңіл ыдыс-аяқтар салыңыз.
Бірнеше ыдыс жуу машинасы қайырмалы бөлімшелермен
жабдықталған
кезде оларды тік күйде немесе кеселер мен тағам
контейнерлерін салу үшін төменгі қалыпта қолдануға болады.
*. Шай/десерт табақшаларын орналастырған
*Нөмірлері мен позициялары әр түрлі таңдаулы үлгілерде
ғана бар.
7
KZ
Позициясы реттелетін қайырмалы бөліктер
Ыдыс-аяқты тартпа ішінде оңтайлы түрде реттеу үшін шеткі
қайырмалы бөліктерді үш биіктікке орналастыруға болады.
Шарап бокалдарын аяғын тиісті тесікке салу арқылы
қайырмалы бөліктерге қауіпсіз түрде орналастыруға болады.
Ыдыс-аяқ науасы*
Кейбір ыдыс жуу машина үлгілері ас құралдарын
немесе кіші шыныаяқтарды ұстап тұруға қолданылатын
сырғымалы науамен жабдықталған. Жуу өнімділігі
оңтайлы болуы үшін үлкен ыдыс-аяқты науаның дәл
астына қоймаңыз.
Ыдыс-аяқ науасын алып тастауға болады
(Суретті көріңіз).
Жоғарғы тартпаның биіктігін қажеттіліктерге қарай реттеуге
болады: үлкен ыдыс-аяқты төменгі тартпаға қою үшін жоғарғы
позиция және жоғары жақта көбірек орын қалдыру арқылы
қайырмалы бөліктерді барынша пайдалану үшін төменгі
позиция.
Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны
жоғары немесе төмен жылжытуға болады.
Жоғарғы тартпаның биіктігі ТАРТПА БОС БОЛҒАНДА
реттелуі керек.
Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп
қоюшы болмаңыз.
Науаға ыдыс қоймас бұрын
тіректер жоғарғы тартпаға
дұрыс бекітілгеніне көз
жеткізіңіз
(Суретті көріңіз).
Тартпа Көтеруқұралымен*
болса, оны екі жағынан ұстап көтеріңіз. Төменгі позицияға
қайтадан қою үшін тартпаның шеттеріндегі тұтқаларды (A)
басып, тартпаны төмендетіңіз.
(суретті қараңыз)
жабдықталған
Лайықсыз ыдыс-аяқ
• Ағаштан жасалған ыдыс-аяқ пен ас құралдары.
• Безендірілген нәзік стақандар, қолдан жасалған бұйымдар
және көне ыдыс-аяқ. Олардың әшекейі төзімді емес.
• Жоғары температураға төзімді емес синтетикалық
материалдан жасалған бөліктер бар ыдыс-аяқ.
• Мыс пен қалайыдан жасалған ыдыс-аяқ.
• Күл, балауыз, майлайтын май немесе сиямен ластанған
ыдыс-аяқ.
Жуу процесі барысында әсем шыны мен алюминий/күміс
заттардың түсі өзгеріп, өңіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, бірнеше
рет жуғаннан кейін кейбір шыны түрлері (мысалы, хрусталь)
бұлыңғыр болып кетуі мүмкін.
Шыны мен ыдыс-аяқтың зақымдалуы
Себебі:
• Шыны мен шыны шығару процесінің түрі.
• Жуғыш заттың химиялық құрамы.
• Шаю циклындағы су температурасы.
Кеңестер:
• Өндіруші ыдыс жуу машинасында жууға болатынына
кепілдік берген шыны мен фарфорды қолданыңыз.
• Ыдыс-аяққа қолайлы нәзік жуғыш зат қолданыңыз.
• Стақандар мен ыдыс-аяқ жуу циклы аяқталған кезде дереу
ыдыс жуу машинасынан шығарып алыңыз.
8
KZ
Қосу және пайдалану
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз: ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор
шамы мен дисплей жанады.
3. Есікті ашып жуғыш заттың қолайлы мөлшерін құйыңыз
(төменнен қараңыз).
4. Тартпаларды жүктеңіз
қараңыз)
5. Жуу циклын таңдау түймелерін басу арқылы ыдыс-аяқ түрі
мен оның ластану дәрежесіне сәйкес жуу циклын таңдаңыз
, одан кейін есікті жабыңыз.
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
6. Жуу опцияларын таңдаңыз
қараңыз).
7. Бастау/тоқтата тұру түймесін басу арқылы циклды
бастаңыз: Жуу индикатор шамы жанады және дисплейде
циклдың соңына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
8. Циклдың соңында дисплейде СОҢЫ сөзі көрсетіледі.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз, одан
кейін шүмекті жабыңыз да, құрылғының айырын розеткадан
ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен бастап
босатыңыз.
- Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы ұзақ
белсенсіздік кездерінде автоматты түрде өшеді.
АВТОМАТТЫ ЖУУ ЦИКЛДАРЫ*:кейбір ыдыс жуу
машиналары ластану деңгейін анықтап, ең тиімді әрі үнемді
жуу циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін
арнайы датчикпен жабдықталған. Датчиктің жұмысына
байланысты авто жуу циклдарының ұзақтығы әртүрлі болуы
мүмкін.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:
жуу циклын өзгерту үшін, жуу циклы басталғаннан кейін
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұру арқылы құрылғыны
өшіріңіз. Сол түйменің көмегімен оны қайтадан қосып, қажетті
жуу циклы мен опцияларды таңдаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Қосу/тоқтата тұру түймесін басып, шыққан буға тимеуге
тырысып есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу
машинасының ішіне қойыңыз. Бастау/тоқтата тұру түймесін
басыңыз: Ұзақ сигнал берілгеннен кейін цикл қайтадан
басталады.
Кешіктіріп бастау орнатылған болса, кері санақтың
соңында жуу циклы басталады. Ол Тоқтап тұру режимінде
қалады.
Құрылғыны тоқтатып қою үшін Бастап/тоқтата тұру; жуу
циклы тоқтайды.
Бұл кезде жуу циклын өзгерту мүмкін емес.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.
(«Тартпаларды жүктеу» бөлімін
.
*
(қасындағы ақпаратты
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады.
Белгіленген мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін
арттырмайды және қоршаған ортаны көбірек
ластауға әкеледі.
Заттардың ластану дәрежесіне байланысты, ұнтақ
немесе сұйық жуғыш заттардың мөлшерін реттеп отыруға
болады.
Орташа ластанған заттар үшін шамамен 35 г (ұнтақ
жуғыш зат) немесе 35 мл (сұйық жуғыш зат) қолданыңыз.
Таблеткалар қолданылса, біреуі жеткілікті.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш
заттың мөлшерін азайтыңыз.
Жуу нәтижесі жақсы болуы үшін жуғыш зат қорабындағы
нұсқауларды да орындаңыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жуғыш зат өндірушісінің
тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Жуғыш зат тартпасын ашу үшін «А» ашу құралын
пайдаланыңыз.
Жуғыш затты тек «В» құрғақ тартпаға салыңыз. Алдын
ала жууға арналған жуғыш затты тікелей құрылғының
ішіне салыңыз.
1. Жуғыш зат мөлшерін өлшеген кезде, дұрыс мөлшерін қосу
үшін Жуу циклдарының кестесін қараңыз. В бөлігінде әрбір
циклда қосуға болатын сұйық немесе ұнтақ жуғыш мөлшерін
ең көп мөлшерін көрсететін белгі бар.
2. Тартпаның шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып,
қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
3. Жабу құралы орнына бекітілгенше жуғыш зат тартпасының
қақпағын жоғары көтеріп жабыңыз.
Жуғыш зат тартпасы жуу циклына сәйкес тиісті уақытта
автоматты түрде ашылады.
Әмбебап жуғыш заттар қолданылса, TABS опциясын
пайдаланған жөн, себебі ол циклды әрдайым ең жақсы жуу
және кептіру нәтижелеріне қол жеткізетіндей реттейді.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда
құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін.
Таблеткаларды тек БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР
ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған жөн.
Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы нәтиже алу
үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші сұйықтық пен тұз
қолданылуы керек.
9
Loading...
+ 19 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.