HOTPOINT/ARISTON HB 4860B NE User Manual [kk]

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
KK
ОҚУ ЖӘНЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ
http:// docs . hotpoint . eu сайтынан толық пайдаланушы
нұсқаулығын жүктеп алыңыз немесе кепілдеме кітапшасында көрсетілген телефон нөміріне қоңырау соғыңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
ЕСКЕРТУ: Егер пісіретін беткі қабат шытынап кетсе, пешті пайдаланбаңыз электр тоғы соғу мүмкіндігі бар.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: заттарды пісіру
беттеріне қойып сақтамаңыз.
САҚТАНЫҢЫЗ: Пісіру процесі басқарылады. Қысқа пісіру процесі үздіксіз басқарылу керек.
ЕСКЕРТУ: Тоң немесе сұйық маймен тамақ пісірген кезде пешті қараусыз қалдыру қауіпті болуы және өртке себеп болуы мүмкін. Отты ЕШҚАШАН сумен өшіруге әрекеттенбеңіз: құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт сөндіру жапқышы сияқты нәрсемен бүркеңіз.
Пешті жұмыс беті немесе тіреуіш ретінде пайдаланбаңыз. Барлық бөліктері толығымен суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа жанатын заттарды құрылғыдан аулақ ұстаңыз ­өрт туу қаупі.
Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты металл заттарды пеш бетіне қоюға болмайды, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауына болмайды.
Қолданыстан кейін пешті басқару тетіктері арқылы өшіріңіз, таба детекторына сенім артпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрал және оның қолжетімді бөліктері пайдалану барысында қызады. Қыздырушы элементтерді түртпес үшін абай болу керек. Үздіксіз қарап отырмаған жағдайда 8 жасқа толмаған балаларды құрылғыдан алыс ұстау керек.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
САҚТАНЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы,
бөлмелерді жылыту).
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
ОРНАТ У
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса) және электр сымдарын жалғауды білікті техник маман жүзеге асыруы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақау пайда болған кезде дилерге немесе жақын жердегі тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз ­өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату аяқталған соң іске қосыңыз.
Құрылғыны жиһазға салмас бұрын, барлық шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш қиқымдары мен ұнтақтарын алып тастаңыз.
Құрлығы пештің алданыда орнатылмаған кезде,оның астындағы бөлікке бөлгіш тақта (құрылғымен бірге келмейді) орнату қажет.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы немесе электр сымдар жүйесі ережесімен бойынша ол розеткадан жоғары орнатылған көп полюсті қосқыштың көмегімен қуат көзінен ажыратыла алатын болуы керек және ұлттық
электр қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз
Егер ұзартқыштар зақымдалса, қатерді
.
болдырмау мақсатында, өндіруші, оның қызмет көрсетуші персоналы немесе сондай білікті маманы соған ұқсас ұзартқышпен алмастыруы тиіс - электр тоғымен зақымдану қаупі бар.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
- электр тоғымен зақымдану қаупі бар бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз- электр тоғымен зақымдану қаупі бар.
Абразивті немесе коррозиялы өнімдерді, хлор негізіндегі тазалау құралдарын немесе табаларды пайдаланбаңыз.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орам материалы 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу таңбасымен белгіленген . Буманың әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган реттеулеріне толығымен сәйкес және жауапкершілігіне берілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрал қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін құзыретті жергілікті билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген. Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз.
СӘЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бұл құрылғы EN 60350-2 Еуропалық стандартына сәйкес, №66/2014 Еуропалық ереженің үнемді дизайн талаптарына сәйкес келеді.
ЕСКЕРТПЕ
Денесінде жүрекширатқыш немесе соған ұқсас құрылғылар бар адамдар қосулы индукциялық пісіру панелінің жанында тұрғанда абай болуы керек. Электрмагниттік өріс жүрекширатқыш немесе соған ұқсас құрылғыға әсер етуі мүмкін. Пісіру панелінің электрмагниттік өрісінің жүрекширатқыш немесе соған ұқсас құрылғыға қалай әсер ететіндігі туралы толық ақпаратты алу үшін, дәрігеріңізден немесе сол құрылғылардың өндірушілерінен кеңес алыңыз.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғы тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі керек және электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ КЕҢЕСТЕРІ
Ыстық табақтың қалдық температурасың пайдалану үшін, тамақ пісіру аяқталуына бірнеше минут қалғанда пешті сөңдіріңіз. Кастрөлдердің немесе табалардың асты ыстық табақты толығымен жабу керек; контейнер ыстық табақтан кішілеу болса, ол ыстықты жояды. Кастрөлдерді немесе табаларды пісіру барысында тығыз жабылатын қақпағымен жабыңыз және суды мүмкіндігінше аздау қолдаңыз. Пісіру қақпасыз энергия шығынын айтарлықтай арттырады. Тек түбі жалпақ кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.
ОРНАТУ
0
+
2
560 mm
R = Max. 10 mm
Min. 35 mm
560 mm
0
+
2
R = 11.5 mm
593 mm
0
+
2
0
+
2
513 mm
Min. 480 mm Max. 492 mm
50 mm
6mm
kit 4801 211 00112
A
A
R = Max. 10 mm
R = 11.5 mm
4 mm
551 mm
510 mm
479 mm
590 mm
Min. 480 mm Max. 492 mm
x4
2
1
2mm
x4
3
90°C
1
2
3
4
2
1
x4
i
Min. 35 mm
L
Min. 400 mm
Min.100 mm
KK
min. 45 mm
min. 550 mm
28 mm­No Max.
min. 20 mm
min. 10 mm
60 mm
min. 20 mm
120 mm
90 mm
min. 45 mm
min. 550 mm
45 mm
12 mm­No Max.
Loading...
+ 7 hidden pages