
ҚАЗАҚ
Техникалық жабдықты орнату
1. Тінтуір мен пернетақтаның ішіне екі AA батареясын салыңыз.
2. USB қабылдағышын компьютердің USB портына жалғаңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы
орнату
1. Бағдарламалық жасақтаманы орнату
үшін драйвер жазылған ықшам дискіні
компьютердегі дискіенгізгіге салыңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы орнату
үшін бейнебеттегі нұсқауларды
орындаңыз.
Батареяларды ауыстыру
Егер тінтуір немесе пернетақта дұрыс жұмыс істемесе, демек,
батареялардың қорегі таусылған, сондықтан оларды ауыстырыңыз.
Ескерту: Тұрпаты əр түрлі батареяларды араластырмаңыз
немесе бір мезгілде қатар пайдаланбаңыз.
ID арнасы параметрі
Арна ID нөмірі зауытта алдын ала орнатылады. Жасыл түсті жарық
диоды (дерек беру айғақтауышы) сымсыз құрылғы қалыпты жұмыс
істеп тұрған кезде үнемі жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар жұмыс
істемесе, ID арнасын төмендегілер арқылы қайта орнатыңыз:
1. Қабылдағыштағы қосу батырмасын басыңыз, сонда жарық
диоды қосылу үшін жыпылықтай бастайды.
81

ҚАЗАҚ
2. Əр сымсыз құрылғыдағы қосу батырмасын 20 секунд ішінде бір
рет басыңыз да, қабылдағыштағы жарық диодының сөнгенін
байқап қараңыз.
Егер сөнсе, бұл сымсыз құрылғы пайдалануға дайын дегенді
білдіреді.
Ескерту (Ақаулықтарды анықтау)
1. Сымсыз үстелдік құрылғылар жинағы 256 сəйкестендіру кодын
қамтамасыз етеді, ол сымсыз құрылғылар үшін сəйкестендіру
кодының нөмірін таңдайды. Бір мезгілде бір ғана сымсыз
үстелдік құрылғылар жинағын орнатуға болады. Егер 10 шаршы
метр ауданда тағы бір 27 МГц сымсыз үстелдік құрылғылар
жинағы болса, сымсыз құрылғылар арасында бөгеуіл пайда
болуы мүмкін.
2. Драйвер орнатылмайынша кейбір пернетақта батырмалары
жұмыс істемеуі мүмкін. Осы құрылғыны пайдаланардан бұрын
əуелі драйверді орнатып алуға кеңес береміз.
3. Басқа мультимедиа бағдарламаларын қайта бағдарламалау
үшін бағдарламалық жасақтаманы орнату қажет.
Мақсатты батырмалар
1. Сол жақ батырма: Шерту, қос шертім жасау жəне жылжытып
апару сияқты тінтуірдің əдеттегі жетелерін қамтамасыз етеді.
2. Оң жақ батырма: Тінтуірмен əдеттегідей шертуді қамтамасыз
етеді.
3. Сиқырлы аунақша: Интернет пен Windows құжаттарында кезек
жылжу үшін осы батырманы айналдырыңыз.
82

Пернетақтаның жылдам перне айқындамасы
Жылдам
Суреттеме
перне
4D pad: Айналдыру үшін
жоғары/төмен/солға/оңға басу
Дыбыс немесе бейне көздерін ойнатуды
басқару.
Дыбыс немесе бейне көздерін ойнату жəне
аялдату.
Дыбыс немесе бейне ықшам дискілерін
ойнатуды тоқтату
Үнділік деңгейін көтеру.
ҚАЗАҚ
Үнділік деңгейін төмендету.
MS Office Word файлына қатынау
MS Office Excel файлына қатынау
MS Office Power Point файлына қатынау.
Messenger құралын іске қосу.
Шолғышты Netscape немесе IE
бағдарламасында ашу.
Пошта қалтасын ашу.
Файлды немесе қалтаны іздеу.
Ағымдық терезені жабу.
* Windows Vista – Фотосуреттер жинағы
файлын ашу.
83

ҚАЗАҚ
*Windows XP/2000 – Менің суретім файлын
ашу.
Батареяны пайдалану туралы ескерімдер
Батареяны пайдаланған кезде, төменде келтірілген Қауіпсіздік
нұсқаулары мен ескерімдерді мұқият оқып шығып, қатаң
ұстаныңыз.
Батареялардың жұмыс істеуіне олардың əр түрлі болуы жəне
айналадағы ауа температурасы əсер етуі мүмкін.
Батареяларды қоршаған орта шектен тыс суық болғанда
пайдаланбауға тырысыңыз, себебі төмен температура
батареяның жұмыс істеу уақытын қысқартуы жəне сымсыз
құрылғының жұмысына əсерін тигізуі мүмкін.
Егер сіз қайта зарядталатын жаңа батареяны немесе шамадан
артық уақыт бойы пайдаланылмаған қайта зарядталатын
батареяларды (жарамдылық мерзімі өтіп кеткен батаряеларды
қоспағанда) пайдалансаңыз, бұл құрылғы пайдалану мерзіміне
əсер етуі мүмкін. Сондықтан олардың жұмысын жəне жұмыс
істеу уақытын барынша ұзарту үшін батаряеларды пайдаланар
алдында оларды кем дегенде бір рет толық зарядтап, зарядын
тауысуға кеңес береміз.
Сымсыз құрылғы шамадан артық уақыт бойы пайдаланылған
жағдайда немесе шам үздіксіз жыпылықтаған жағдайда батарея
жылып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жайт жəне ақаулық емес.
Сымсыз құрылғы үздіксіз немесе шамадан артық уақыт бойы
пайдаланылған жағдайда ол жылып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты
жайт жəне ақаулық емес.
Егер сiз батареяларды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын
болсаңыз, оларды ағып кетуден немесе тот басудан сақтау үшiн
сымсыз құрылғыдан шығарып қойыңыз.
Ағытпаларды əрқашан таза ұстаңыз.
Егер батареяны дұрыс емес түрімен ауыстырса, жарылыс қатері
орын алады.
Таусылған батареяларды қоқысқа нұсқауларға сəйкес тастаңыз.
*Windows Vista – Бейнебетті үш өлшемдік
режимге ауыстырыңыз.
*Windows XP/2000 – Бағдарламаларды
ауыстырып-қосу режимі.
Жүйені Бейнебетті құрсаулау режиміне
ауыстыру.
84