ҚАЗАҚ
Техникалық жабдықты орнату
1. Екі AA батареясын тінтіуірге жəне екі AAA батареясын пернетақтаға
орнатыңыз.
2. USB қабылдағышын компьютердің USB портына жалғаңыз.
3. Дербес компьютерді іске қосыңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы орнату
Бағдарламалық жасақтаманы www.geniusnet.com веб-торабынан қотарып
алуыңызға болады. Қызмет көрсету жəне қолдау бөліміне өтіп,
“Драйверлер” тарауын таңдаңыз. Өнімдер тобынан “Пернетақта мен
тінтуір қиысымын” таңдаңыз, содан кейін “Үлгіні таңдау” бөліміне өтіңіз
де, “KB 600” таңдаңыз. Содан кейін өзіңіз пайдаланатын амалдық жүйені
таңдаңыз. Қотаруды бастау үшін файл атауын таңдаңыз. Драйверді өз
компьютеріңізге қотарып алғаннан кейін бағдарламалық жасақтаманы
орнатуды бастау үшін файл атауын шертіңіз. Орнатуды аяқтау үшін
бейнебетте көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
Маңызды ескерту
1. Əдепкі жылдам пернелер Windows XP немесе одан жаңарақ амалдық
жүйелері пайдаланылғанда дереу іске қосылады.
2. Тінтуір ұйқылық күйде (қуат үнемдеу режимі) болғанда, оны ояту
үшін тінтуірдегі кез келген батырманы басыңыз.
ID арнасы параметрі
Арна батырмалары зауытта алдын ала орнатылады. Пернетақта немесе
тінтуір қалыпты жұмыс істеп тұрғанда, қабылдағыштағы жасыл жарық
диоды, дерек беру айғақтауышы жанады. Егер пернетақта / тінтуір
жұмыс істемесе, онда ID арнасы параметрін қайта орнату керек. Əуелі
қабылдағыштағы қосу батырмасын басыңыз, содан соң 20 секунд ішінде
тінтуір мен пернетақтаның астындағы қосылым батырмаларын басыңыз.
Пернетақтаның жылдам перне айқындамасы
1. Stop (тоқтату): Медиа көздерін ойнатуды тоқтату.
2. Media Player: Media Player мүмкіндігін белсендіру.
3. Play/Pause: Медиа көздерін ойнату/ аялдату.
4. Volume Down: Үнділікті азайту.
5. Volume Up: Үнділікті көбейту.
6. Mail: Пошта қызметін ашу.
41
ҚАЗАҚ
7. WWW: Netscape немесе IE арқылы алдын ала орнатылған өзіндік
бет.
8. Refresh (жаңарту):
Интернет бетін жаңарту.
9. Previous Page: Алдыңғы
Интернет бетке оралу.
10. Next Page: Келесi Интернет
беттеріне өту.
11. Calculator: Есептегіш
жетесін іске қосу.
12. Sleep: Жүйені ұйқылық күйге ауыстыру.
Батареяны пайдалану туралы ескерімдер
Батареяны пайдаланған кезде, төменде келтірілген Қауіпсіздік
нұсқаулары мен ескерімдерді мұқият оқып шығып, қатаң ұстаныңыз.
Батареялардың жұмыс істеуіне олардың əр түрлі болуы жəне
айналадағы ауа температурасы əсер етуі мүмкін.
Батареяларды қоршаған орта шектен тыс суық болғанда
пайдаланбауға тырысыңыз, себебі төмен температура батареяның
жұмыс істеу уақытын қысқартуы жəне сымсыз құрылғының
жұмысына əсерін тигізуі мүмкін.
Егер сіз қайта зарядталатын жаңа батареяны немесе шамадан артық
уақыт бойы пайдаланылмаған қайта зарядталатын батареяларды
(жарамдылық мерзімі өтіп кеткен батаряеларды қоспағанда)
пайдалансаңыз, бұл құрылғы пайдалану мерзіміне əсер етуі мүмкін.
Сондықтан олардың жұмысын жəне жұмыс істеу уақытын барынша
ұзарту үшін батаряеларды пайдаланар алдында оларды кем дегенде
бір рет толық зарядтап, зарядын тауысуға кеңес береміз.
Сымсыз құрылғы шамадан артық уақыт бойы пайдаланылған
жағдайда немесе шам үздіксіз жыпылықтаған жағдайда батарея
жылып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жайт жəне ақаулық емес.
Сымсыз құрылғы үздіксіз немесе шамадан артық уақыт бойы
пайдаланылған жағдайда ол жылып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жайт
жəне ақаулық емес.
Егер сiз батареяларды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
оларды ағып кетуден немесе тот басудан сақтау үшiн сымсыз
құрылғыдан шығарып қойыңыз.
Ағытпаларды əрқашан таза ұстаңыз.
Ешқашан марганецті батареяларды пайдаланбаңыз.
Егер батареяны дұрыс емес түрімен ауыстырса, жарылыс қатері орын
алады.
Таусылған батареяларды қоқысқа нұсқауларға сəйкес тастаңыз.
42