Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан
балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі
адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан
келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса
және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана
алады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
• 3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды
жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс
ұстау керек.
ҚАЗАҚ3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
www.electrolux.com4
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
• АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
• ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін пеш үстінің
элементін, ыдыс анықтағышқа сүйенбей, оның
басқару тетігімен сөндіріңіз.
• Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚ5
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыс құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
• Жұмыс алаңы мен оның астындағы
құрылғының алдыңғы жағында 2 мм
ауа алмасып тұратын саңылаудың
бар екеніне көз жеткізіңіз. Ауа
алмасып тұруға қажетті
саңылаудың жеткіліксіз болуына
байланысты орын алған ақауларға
өндіруші жауапты емес.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа
көз жеткізіңіз. Босап қалған және
дұрыс жалғанбаған электр сымы
немесе ашасы (бар болса)
ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
• Дұрыс электр сымын
пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы
немесе ашасы (бар болса) ыстық
құрылғыға немесе ыстық ыдысқа
тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе
ашасына (бар болса) зақым
келтірмеу үшін абай болыңыз.
Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті
қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және
оқшаулағышы бар бөлшектердің
электр қатерінен сақтандырғышын,
www.electrolux.com6
саймансыз алынбайтын етіп бекітіп
қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған
ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды
ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез
келген полюсте ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш
құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм
болуға тиіс.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу
және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында
барлық орам материалын,
жапсырмасын және қорғау
таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған
сайын "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
• Ыдыс анықтағышқа сенбеңіз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын
немесе кәстрөлдердің қақпақтарын
қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
• Кардиостимуляторы бар адамдар
құрылғы іске қосылып тұрған кезде
индукциялық пісіру алаңдарынан
кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.
• Тағамды ыстық майға салғанда,
май шашырауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Өрт және жарылыс пайда
болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің
ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе
ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетне зақым келуі
мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
145 mm
180 mm
210 mm
180 mm
1
1
11
2
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны / шыны
керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының
бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
2.4 Күту менен тазалау
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
ҚАЗАҚ7
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
2.6 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі
Индукциялық пісіру алаңы
1
Басқару панелі
2
124
3
56
7
8
10
9
www.electrolux.com8
3.2 Басқару панелінің көрінісі
Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер,
индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын
көрсетеді.
Сенсо
ФункцияТүсіндірме
рлық
өріс
1
2
3
-Қыздыру параметрінің
4
-Пісіру алаңдарының
5
-Таймер бейнебетіУақытты минут бойынша көрсетуге
6
7
8
9
10
ҚОСУ / СӨНДІРУПештің үстін қосуға және сөндіруге
арналған.
Құлып / Бала
қауіпсіздігінің құралы
Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын
ағытады.
STOP+GOФункцияны іске қосады және сөндіреді.
Қыздыру параметрін көрсетуге
бейнебеті
арналған.
Уақыттың қай пісіру алаңы үшін
индикаторлары
орнатылғанын көрсетуге арналған.
арналған.
-Пісіру алаңын таңдауға арналған.
-Уақытты көбейтуге немесе азайтуға
/
-Қызу параметрін орнатуға арналған.
/
арналған.
Қуат функциясыФункцияны іске қосады және сөндіреді.
3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері
ДисплейСипаттама
Пісіру алаңы сөндірулі.
ДисплейСипаттама
- / -
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
Нүкте қыздыру деңгейінің жартысы бойынша өзгеруді
білдіреді.
STOP+GO функциясы жұмыс істейді.
Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.
Қуат функциясы жұмыс істейді.
ҚАЗАҚ9
+ сан
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы жұмыс істейді.
Пісіру алаңына жарамсыз ыдыс немесе тым кішкене ыдыс
қойылған не мүлдем ыдыс қойылмаған.
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.
3.4 Қалдық қызу индикаторы
ЕСКЕРТУ!
Қалдық қызуға күйіп
қалу қаупі бар.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
4.1 Іске қосу және сөндіру
Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.
4.2 Автоматты түрде сөндіру
Функция пештің үстін келесі
жағдайларда автоматты түрде
сөндіреді:
• барлық пісіру алаңдары сөндірулі
болса,
• пештің үстін іске қосқан соң қызу
параметрін орнатпасаңыз,
• басқару панеліне бір нәрсе төгіліп
қалса немесе ол 10 секундтан
артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық
Индукциялық пісіру алаңдары тағам
пісіру үшін қажет қызуды ыдыс түбінен
тура жібереді. Ыдыстағы қалдық қызу
пештің керамика бетін қыздырады.
қалса. Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді. Заттарды
алыңыз немесе басқару панелін
тазалаңыз.
• пештің үсті қатты қызып кетсе
(мысалы, кәстрөлдің ішіндегісі
сарқылғанша қайнаса). Пештің үстін
қайта қолдану алдында пісіру
алаңын салқындатыңыз.
• егер сай келмейтін ыдыс
пайдаланылса. белгісі жанып,
пісіру алаңы 2 минуттан кейін
автоматты түрде сөнеді.
• пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе
қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Шамалы уақыттан кейін жанады
да, пеш жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі
уақыт пен қызу параметрінің
арасындағы байланыс:
www.electrolux.com10
Қызу параметріПештің үсті
, 1 - 2
3 - 45 сағаттан кейін
54 сағаттан кейін
6 - 91,5 сағаттан кейін
мына уақыттан
кейін сөнеді:
6 сағаттан кейін
4.3 Қызу параметрі
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін
белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін белгісін түртіңіз. Пісіру
алаңын сөндіру үшін
белгісін бір уақытта басыңыз.
және
4.4 Автоматты түрде қыздыру
Егер осы функцияны іске қоссаңыз,
қысқа уақыт ішінде қажетті қызу
параметріне қол жеткізесіз. Бұл
функция біраз уақыт қыздыру
параметрінің ең жоғары мәнін
орнатады да, содан кейін дұрыс
қыздыру параметріне дейін түсіреді.
Бұл функцияны іске қосу
үшін, пісіру алаңы суық
болуы керек.
Функцияны пісіру алаңы үшін
қосқыңыз келсе:
басыңыз ( жанады). Дереу
түймешігін түртіңіз ( жанады). Дұрыс
қызу параметрі жанғанша, тетігін
дереу басыңыз. 3 секундтан кейін
жанады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз.
түймешігін
4.5 Қуат функциясы
Бұл функция индукциялық пісіру
алаңдарына көп қуат береді. Функция
шекті уақыт аралығында индукциялық
пісіру алаңдары үшін ғана іске
қосылуы мүмкін. Осы уақыт өткеннен
кейін, индукциялық пісіру алаңы
автоматты түрде ең үлкен қыздыру
параметріне қойылады.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
Функцияны пісіру алаңы үшін іске
қосу: белгішесін басыңыз.
белгішесі жанады.
Функцияны сөндіру үшін: немесе
түймешігін басыңыз.
4.6 Таймер
Кері санақ таймері
Бұл функцияны қолданып пісіру
алаңының бір пісіру циклы кезінде
қанша уақыт жұмыс істейтінін
көрсетіңіз.
Алдымен пісіру алаңы үшін қыздыру
параметрін, содан кейін функцияны
орнатыңыз.
Функцияны іске қосу немесе
уақытты өзгерту үшін: таймердің
немесе түймешігін басып уақытты
(00 - 99 минут) орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы баяу
жыпылықтай бастаған кезде, уақыт
кері санала бастайды.
Қалған уақытты қарау үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз. Пісіру
алаңының индикаторы жылдам
жыпылықтай бастайды. Бейнебетте
қалған уақыт көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін: пісіру
алаңын арқылы орнатыңыз және
белгішесін басыңыз. Қалған уақыт 00ге кері санайды. Пісіру алаңының
индикаторы сөнеді.
Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп,
00 жыпылықтайды. Пісіру
алаңы сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
Минут операторы
Бұл функцияны пісіру алаңдары
жұмыс істемей, пеш іске қосылып
тұрғанда Минут операторы ретінде
қолдануға болады. Бейнебетте
қыздыру параметрі көрсетіледі .
ҚАЗАҚ11
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
Пешті сөндірген кезде, осы
функция да сөнеді.
Функцияны қосу үшін: түймешігін
басыңыз. Уақытты орнату үшін
таймердің
басыңыз. Уақыт аяқталған кезде,
дыбыстық сигнал естіліп, 00
жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:
түймешігін басыңыз.
немесе түймешігін
Бұл функция пісіру
алаңдарының жұмысына
еш әсер етпейді.
4.7 STOP+GO
Бұл функция ең төмен қыздыру
параметрі бойынша жұмыс істейтін
пісіру алаңдарының барлығын
орнатады.
Функция жұмыс істеп тұрғанда, қызу
параметрін өзгерте алмайсыз.
Функция таймер функцияларын
тоқтатпайды.
Функцияны қосу үшін: белгішесін
басыңыз. белгішесі жанады.
Функцияны сөндіру үшін:
түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу
параметрі жанады.
4.8 Құлып
Басқару панелін пісіру алаңдары
жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға
болады. Ол қызу параметрінің
кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.
Әуелі қыздыру параметрін
орнатыңыз.
Функцияны қосу үшін:
басыңыз. белгішесі 4 секунд
жанады.Таймер қосулы күйде қалады.
белгішесін
4.9 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ
қосылып кетуіне жол бермейді.
Функцияны қосу үшін: пештің үстін
көмегімен қосыңыз. Қызу
параметрін орнатпаңыз.
4 секунд басыңыз. белгішесі
жанады. Пештің үстін көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны сөндіру үшін: пештің
үстін көмегімен қосыңыз. Қызу
параметрін орнатпаңыз. белгішесін
4 секунд басыңыз.
жанады. Пештің үстін көмегімен
сөндіріңіз.
Функцияны бір пісіру уақыты үшін
ғана қайта орнату: пештің үстін
көмегімен іске қосыңыз. белгішесі
жанады. белгішесін 4 секунд
басыңыз. Қызу параметрін 10 секундішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске
қосуға болады. Пешті
сөндірген кезде, функция қайта жұмыс
істейді.
белгішесін
белгішесі
көмегімен
4.10 Қуатты басқару
функциясы
• Пісіру алаңдары пештегі фаза
санымен және орналасқан
орындарына қарай
топтастырылған. Суретке қараңыз.
• Әр фаза ең көбі 3700 Вт электр
жүктемесін көтере алады.
• Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының арасындағы
қуат мөлшерін бөледі.
• Бұл функция бір фазаға қосылған
пісіру алаңдарының жалпы электр
жүктемесі 3700 Вт-тан артқанда іске
қосылады.
www.electrolux.com12
• Бұл функция бір фазаға қосылған
басқа пісіру алаңдарының қуат
мөлшерін төмендетеді.
• Қуаты азайған алаңдардың қызу
параметрін көрсететін дисплейде
екі деңгей кезек-кезек көрсетіліп
тұрады.
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру
алаңдарында, электрмагнитті өріс ыдыс ішінде
жылдам қызу пайда
болдырады.
Индукциялық пісіру
алаңына дұрыс ыдыс
қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
• жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын
темір, табаны көп қабаттан тұратын
ыдыс (өндіруші тарапынан
жарамдылығы көрсетілген).
• жарамсыз: алюминий, мыс, сары
мыс, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына
сай келеді, егер:
• жоғары қызу параметрі орнатылған
пісіру алаңына аз су қойылса,
жылдам қайнап кетеді.
• ыдыстың түбіне магнитке жабысса.
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне белгілі бір
шамада автоматты түрде бейімделеді.
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай
алады.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
5.2 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер келесі шуыл естілсе:
• сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс
әр түрлі материалдардан жасалған
(көп қатпарлы құрылым).
• ысқырған дыбыс: сіз пісіру алаңын
жоғары қуат деңгейіне қойып
пайдаланасыз, және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
• гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
• шыртылдау: электр тоғы қосылыпажыратылады.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш
жұмыс істейді.
Бұл шуыл қалыпты болып
есептеледі және пештің ақаулығына
жатпайды.
Ыдыстардың өлшемдері
5.3 Тағам пісіру
бағдарламаларының үлгілері
Қызу параметрі мен пісіру алаңының
қуатты тұтыну мәні өзара тура
байланысты емес. Қызу параметрінің
мәнін көбейткен кезде, пісіру алаңы
пайдаланатын қуаттың мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
ҚАЗАҚ13
Сондықтан да, орташа қызу
параметрін қолданатын пісіру алаңы,
өз қуатының жартысынан азын
жұмсайды.
Кестедегі деректер
жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
Қызу
параметрі
- 1
1 - 2.Голланд тұздығы,
1 - 2.Қойылту: шайқалған омлет,
2. - 3.Күріш және сүтке пісірілген
3. - 4.Буға піскен көкөністер,
4. - 5.Буға піскен картоптар.20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
4. - 5.Көп мөлшердегі тағамдар,
5. - 7Баппен қуыру: эскалоп,
7 - 8Қатты қуыру, қуырылған
9Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
Суды көп мөлшерде қайнатыңыз. Қуат функциясы қосылып тұр.
(мин.)
қажетін
е орай
5 - 25Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
60 150
қажетін
е орай
5 - 15Орта тұсында аударыңыз.
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын
жабыңыз.
мөлшерінен екі есе артық
су құйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз.
қосыңыз.
су пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және
құраластар.
Орта тұсында аударыңыз.
www.electrolux.com14
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ақпарат
• Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
6.2 Пештің үстін тазалау
• Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
және қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
• Пештің үсті жеткілікті түрдесуыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Жылтыраған металл дақтарынкетіріңіз: сірке суы қосылған
ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
7.1 Не істерсіңіз, егер...
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Сақтандырғыш жанып
Пешті қайта іске қосыңыз
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе
теріс қосылған.
кеткен.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосылым
сызбасын қайта қараңыз.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайтақайта жанып кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
да, қызу параметрін 10
секундтан аз уақыт
ішінде орнатыңыз.
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Бір уақытта 2 немесе
одан да көп сенсорлық
Бір ғана сенсорлық өрісті
басыңыз.
өрістерді басып
қойғансыз.
STOP+GO функциясы
жұмыс істейді.
Басқару панеліне су
немесе май шашыраған.
Дыбыстық сигнал естіліп,
пештің үсті сөнеді.
Пеш сөнген кезде
Бір немесе бірнеше
сенсорлық өріске зат
қойылған.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
Басқару панелін
тазалаңыз.
Сенсорлық өрістердегі
затты алыңыз.
дыбыстық сигнал
естіледі.
Пештің үсті сөнеді.
Қалдық жылу индикаторы
жанбай тұр.
Сенсорлық өріске бір
зат қойылған.
Алаң ыстық емес, себебі
ол аз уақыт ғана қосылып
тұрған.
Сенсорлық өрістердегі
заттарды алыңыз.
Егер алаң қызу үшін
едәуір ұзақ жұмыс істесе,
уәкілетті қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
Автоматты қыздыру
функциясы жұмыс
Алаң ыстық.Алаңды әбден
салқындатып алыңыз.
істемейді.
Қызу параметрінің ең
жоғары мәні орнатылған.
Ең жоғары қызу
параметрінің қуаты,
функциясының қуатымен
бірдей.
Екі қызу параметрі
ауысып көрсетіледі.
Қуатты басқару
функциясы жұмыс
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
істейді.
Сенсорлық өрістер қызып
кетеді.
Тым үлкен ыдыс
қолданылған немесе
ыдыстар басқару
Үлкен ыдыстарды артқы
пісіру алаңдарына
қойыңыз.
құралдарына тым жақын
қойылған.
жанады.
жанады.
Автоматты сөндіру
құралы қосылады.
Бала қауіпсіздігінің
құралы немесе Құлып
Пешті ажыратыңыз да,
қайта қосыңыз.
"Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз.
функциясы іске
қосылады.
жанады.
Алаңда ешбір ыдыс жоқ.Алаңға ыдыс қойыңыз.
ҚАЗАҚ15
www.electrolux.com16
АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Ыдыс дұрыс
Ыдыс түбінің диаметрі
және сан жанады.
жанады.
қолданылмаған.
алаң үшін тым кішкене.
Пеште ақау бар.Пешті электр желісінен
Пеште ақау пайда болды,
себебі ыдыстың ішіндегісі
таусылғанша қайнаған.
Автоматты қосқыш
сөндірулі және
алаңдардың қатты
қызудан қорғау құралы
іске қосылады.
Дұрыс ыдысты
пайдаланыңыз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
Өлшемі сай келетін
ыдысты пайдаланыңыз.
“Техникалық ақпарат”
тарауын қараңыз.
біраз уақыт ажырата
тұрыңыз.
Сақтандырғышты электр
желісінен ағытып
қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер қайта көрініс
берсе, уәкілетті қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Пешті сөндіріңіз. Ыстық
ыдысты алыңыз.
Шамамен 30 секунд
өткеннен кейін алаңды
қайта қосыңыз. Мәселе
ыдысқа байланысты
болса, ақау хабары
көрінбей кетеді. Қалдық
қызу индикаторы
қосылып тұруына
болады. Ыдысты әбден
салқындатып алыңыз.
Ыдыстың пештің үстіне
сай келетін-келмейтінін
тексеріңіз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын
қараңыз.
7.2 Ақаулықты түзету шешімін
өзіңіз таба алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы деректерді беріңіз.
Сонымен қоса, шыны керамиканың үш
саннан тұратын нөмірін, (шынының
бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.
Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз
жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет,
кепілдік мерзімі кезінде де ақылы
болуы мүмкін. Қызмет көрсету
орталығына қатысты нұсқаулар мен
кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
8. ОРНАТУ
min.
50mm
min.
500mm
min.
2mm
ҚАЗАҚ17
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................
8.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
8.4 Құрастыру
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
8.3 Қосылым сымы
• Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
• Зақымданған қуат сымын ауыстыру
үшін келесі сымның түрлерін
(немесе жоғары) қолданыңыз:
H05V2V2-F T кемінде 90°C.
Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min
30 mm
min. 500 mm
< 20 mm
> 20 mm
min. 2 mm
A
B
A
12 mm
28 mm
38 mm
B
57 mm
41 mm
31 mm
min. 500 mm
R 5mm
min.
55mm
560+1mm
490+1mm
min.
38 mm
min.
2 mm
min.
12 mm
min.
2 mm
www.electrolux.com18
8.5 Қорғаныс қорабы
9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
9.1 Техникалық ақпарат
тақтайшасы
Үлгі IPE644RCCӨнім нөмірі PNC 949 596 550 00
Түрі 58 GAD D5 AU220 - 240 В 50 - 60 Гц
Индукция 7.4 кВтГерманияда жасалған
Сер.№. .................7.4 кВт
ELECTROLUX
ҚАЗАҚ19
Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз
(қосымша керек-жарақ), пештің
алдыңғы жағынан ауа алмасуға 2 мм
орын қалдырудың және астыңғы
жағына қорғаныш тақтасын орнатудың
қажет жоқ. Керек-жарақ болып
есептелетін қорғаныс қорабы кей
елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті
жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Егер құрылғыны
тұмшапештің үстіне
орнатсаңыз, қорғаныс
қорабын пайдалана
алмайсыз.
9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы
Пісіру алаңы Номинальды
Алдыңғы сол
жақ
Артқы сол жақ 1800280010145 - 180
Алдыңғы оң
жақ
Артқы оң жақ1800280010145 - 180
Пісіру алаңдарының қуаты кестеде
көрсетілген мәндерден сәл ғана
өзгеше болуы мүмкін. Бұл мәндер
ыдыстың материалы мен өлшемдеріне
байланысты өзгереді.
қуат (ең
жоғары қызу
параметрі)
[Вт]
2300370010180 - 210
140025004125 - 145
Қуат
функциясы
[Вт]
Жақсы пісіру нәтижелеріне жету үшін
табанының диаметрі кестеде
көрсетілген диаметрлерден үлкен
емес ыдысты қолданыңыз.
Қуат
функциясы
ең көп
ұзақтық [мин]
Ыдыстың
диаметрі [мм]
www.electrolux.com20
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
10.1 Құрылғы ақпараты EU 66/2014 стандартына сай берілген
Үлгінің техникалық
параметрлері
Пеш үстінің түріКіріктірілген пеш
Пісіру алаңдарының
саны
Қыздыру технологиясыИндукция
Дөңгелек пісіру
алаңдарының диаметрі
(Ø)
Әр пісіру алаңының
пайдаланатын қуат
мөлшері (EC electric
cooking)
Пештің пайдаланатын
қуат мөлшері (EC
electric hob)
EN 60350-2 - Тұрмыстық тағам
пісіретін электр құрылғылары - 2-ші
бөлім: Пештің үсті - Жұмыс тиімділігін
өлшеу тәсілдері
10.2 Қуатты үнемдеу
Төмендегі кеңестерді орындасаңыз,
күнделікті тағам пісірген кезде қуатты
үнемдеуге болады.
• Суды тек қажетті мөлшерде ғана
ысытыңыз.
IPE644RCC
4
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ
173,3 Вт/сағ / кг
• Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
• Пісіру алаңын іске қосу алдында
оған ыдыс қойыңыз.
• Шағын ыдысты шағын пісіру
алаңдарына қойыңыз.
• Ыдыстарды пісіру алаңының тура
ортасына қойыңыз.
• Тағамды жылы ұстау немесе жібіту
үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
21,0 см
18,0 см
14,5 см
18,0 см
176,9 Вт/сағ / кг
169,2 Вт/сағ / кг
178,1 Вт/сағ / кг
169,2 Вт/сағ / кг
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Loading...
+ 44 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.