Electrolux EWF1287 User Manual

EWF 1287 EMW
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 29
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................6
5. БАҒДАРЛАМАЛАР ........................................................................................... 8
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................11
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................12
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................14
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................15
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................15
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 19
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 21
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................25
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................27
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан
балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылауда
болмаса, құрылғыдан алыс ұстау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп 8 кг салмақ көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың
жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) аралығында болуы керек.
www.electrolux.com4
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем, төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік
жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.
Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында
құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/
немесе буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының және тасымал тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал болттарын сенімді жерде сақтаңыз. Кейін құрылғыны көшірген кезде, ішкі бөліктеріне зақым келмес үшін барабанды бекіту үшін оларды қайта салу керек.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылған еден тегіс, орнықты, қызуға төзімді және таза болуға тиіс.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында тиісті орын қалдыру үшін өзгермелі тіректерді реттеңіз.
• Құрылғыны құрылғының есігі толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.

2.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

2.3 Суға қосу

• Су түтіктеріне зақым келтірмеңіз.
• Жаңа түтіктерді немесе ұзақ уақыт қолданылмаған түтіктерді орнату алдында, жөндеу жұмыстарын орындағаннан кейін немесе жаңа құралдарды орнатқаннан кейін (су өлшегіш құрал, т.б.) суды таза және тұнық су аққанша ағызыңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында немесе бірінші рет қолданғаннан кейін ешбір су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

2.4 Пайдалану

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу және өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
ҚАЗАҚ 5
• Жуғыш заттың орамындағы қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірден барлық темір заттардың алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек­жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.
• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде шыны есікті ұстамаңыз. Шыны ысып кетуі мүмкін.

2.5 Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

2.6 Құрылғыны тастау

ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр және сумен жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары барабанға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
• Құрылғыны Ескірген электр және электроника құрылғыларын тастауға (WEEE) арналған жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз.
• Бұл үйде ғана қолдануға арналған құрылғы.
1 2 3
5
6
7
4
Джинсы
Полоскание
Одеяла
Отжим/
Слив
Спортивная
одежда
14 МИН.
Хлопок
Хлопок
Хлопок Eco
Синтетика
Синтетика
Tонкие
ткани
Шерсть/
Ручная стирка
Освежить
Пар
Вкл/выкл
Температура
Отжим
Доп.
полоскание
Отсрочка
старта
Легкая глажка
Предварит.
стирка
Старт/Пауза
53 4
1012 11
8
7
9
6
1 2
www.electrolux.com6

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Құрылғының жалпы көрінісі

Жұмыс тақтасы
1
Жуғыш зат үлестіргіші
2
Басқару панелі
3
Есіктің тұтқасы
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Су төгетін сорғының сүзгісі
6
Құрылғыны деңгейлеуге арналған
7
тіректер

3.2 Орнатуға арналған жинақ (4055171146)

Уәкілетті дилерден алуға болады. Егер құрылғыны плинтусқа
орнатсаңыз, құрылғыны орнату тақтайшасына бекіту керек.

4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

4.1 Басқару панелінің сипаттамасы

1
Қосу Өшіру түймешігі (Вкл/ Выкл)
Керек-жарақтармен бірге берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Бағдарлама түймешесі
2
Айналдыруды азайтатын
A B C D
EFGI HJ
3
сенсорлық перне (Отжим)
4
Температура сенсорлық пернесі (Температура)
Дисплей
5
Алдын ала жуу сенсорлық пернесі
6
(Предв. стирка)
Кешіктіріп бастау сенсорлық
7
пернесі (Oтсрочка старта) Қосымша шаю сенсорлық пернесі
8
(Доп. полоскание)

4.2 Дисплей

Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
9
(Легкая глажка)
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
10
(Старт/Пауза)
11
Таймер сенсорлық пернесі (TimeManager)
12
Таңдаулы бағдарлама пернесі (My favourites)
ҚАЗАҚ 7
A. Температура аумағы:
: Температура индикаторы
: Суық су индикаторы
B. : Time Manager индикаторы C. Уақыт аумағы:
: Бағдарламаның ұзақтығы
: Кешіктіріп бастау
: Ескерту кодтары
: Ақаулық хабары
: Бағдарлама аяқталды.
D. : Кешіктіріп бастау индикаторы E. : Тұрақты қосымша шаю
индикаторы
F. : Бала қауіпсіздігі құлпының
индикаторы
G. : Есік құлыптаулы индикаторы
• Белгіше көрсетіліп тұрғанда құрылғының есігін аша алмайсыз.
• Есікті белгіше көрінбей кеткенде ғана аша аласыз.
H. Жуу индикаторлары:
: Жуу циклы
: Шаю циклы
: Айналдыру циклы
: Бу циклы
www.electrolux.com8
Бағдарлама орнатылған кезде, бағдарламаның циклдарына қатысты индикаторлардың барлығы жанады. Бағдарлама басталғанда, тек орындалып тұрған циклдің индикаторы ғана жыпылықтайды. Цикл аяқталған кезде циклдың индикаторы жанған қалпы тұрады. Бағдарлама аяқталғанда, соңғы циклдің белгішесі жанып тұрады.

5. БАҒДАРЛАМАЛАР

5.1 Бағдарлама кестесі

Бағдарлама Температура ауқымы
Жуу бағдарламалары
Хлопок 90°C- Суық
Хлопок Eco 60°C - 40°C
Синтетика 60°C- Суық
Тонкие ткани 40°C- Суық
Шерсть/Ручная стирка 40°C- Суық
1)
Ең үлкен салмақ Ең үлкен айналдыру жылдамдығ ы
8 кг 1200 мин/айн
8 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
1.5 кг 1200 мин/айн
I. : Eco Info индикаторы J. Айналдыру аумағы:
: Айналдыру жылдамдығының индикаторы
: Айналдырмау индикаторы
: Шаюды кідірту индикаторы
: Өте шуылсыз режим индикаторы
Бағдарлама сипаттамасы (Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір.
Ақ және бояуы қанық мақта мата. Орташа кірлеген. Қуатты пайдалану азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар. Орташа кірлеген.
Акрил, вискоза, полиэстер сияқты биязы матадан жасалған заттар. Орташа кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар және қолмен жууға болатын жүн маталар
2)
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ Ең үлкен
Бағдарлама сипаттамасы (Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
айналдыру жылдамдығ ы
Джинсы
8 кг 1200 мин/айн
Джинс және джерсиден жасалған заттар. Баран түсті заттарға да арналған.
60°C- Суық
Полоскание
8 кг 1200 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық маталар, жүн мата мен өте нәзік матадан басқа. Айналдыру жылдамдығын матаның түріне қарай азайтыңыз.
Отжим/Слив
Одеяла 60°C - 30°C
Спортивная одежда
8 кг 1200 мин/айн
3)
2.5 кг 800 мин/айн
1.5 кг 800 мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге арналған. Жүн мата мен өте нәзік маталардан басқа барлық маталар..
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе,
төсек жабдығы т.с.с. заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама.
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін заттар.
30°C
1.5 кг
14 МИН.
800 мин/айн
30°C
Бу бағдарламалары
4)
Синтетика және аралас матадан жасалған
заттар. Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін заттар.
Бу циклін кепкен, жуылған немесе бір рет жуылған кір үшін қолдануға болады. Бұл бағдарламалар кірдің қыжымдануын және иісін азайтып, матаны барынша жұмсартады.
Ешбір жуғыш зат қолданбаңыз. Егер қажет болса, дақты жуу немесе жумай тұрып тазарту арқылы кетіріңіз.
Бу бағдарламалары ешбір зарарсыздандыру циклін орындамайды.
Мына заттар үшін Бу бағдарламасын орнатпаңыз:
• 40°C градустан төмен температурада жуылатын заттар.
• затбелгісінде кептіргіш машинада кептіруге болады деп көрсетілмеген заттар.
• Пластик, темір, ағаш немесе т.б. тағылған заттардың барлығы.
www.electrolux.com10
Бағдарлама Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ Ең үлкен
Бағдарлама сипаттамасы (Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
айналдыру жылдамдығ ы
1,5 кг Мақта мата және синтетика заттарға
Пар - Освежить
арналған бу бағдарламасы. Бұл цикл киімнің иісін кетіреді.
5)
1,5 кг Синтетикалық заттарға арналған бу
Пар ­Синтетика
бағдарламасы. Бұл цикл кірдің бырысын жазуға көмектеседі.
1,5 кг Мақта маталарға арналған бу бағдарламасы.
Пар - Хлопок
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 8 кг салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін.
3)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
4)
Бу бағдарламасын кепкен кір үшін орнатқан кезде, цикл соңында кір дымқыл болуы мүмкін. Кірді кептіріп алу үшін таза ауаға шамамен 10 минут жаю керек. Бағдарлама аяқталған кезде кірді барабаннан дереу алыңыз. Бу циклі аяқталғаннан кейін, заттарды бәрібір үтіктеу керек, бірақ ол жеңіл үтіктеледі.
5)
Бу жануарлардың иістерін арылтпайды.
Бұл цикл кірдің бырысын жазуға көмектеседі.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
1)
ҚАЗАҚ 11
Бағдарлама
1)
Айналдыру жылдамдығын орнатыңыз. Жуылып жатқан кірдің түріне сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер Айналдырмау циклын орнатсаңыз, су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
5.2 Woolmark Apparel Care ­Көк
Woolmark компаниясы бұл машинаның жүн матаны жуу бағдарламасын

6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ

Осы кестеде орташа мәндер көрсетілген. Түрлі айнымалы шамалар деректерді өзгертуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталғанда дисплейде кірдің ең көп мөлшеріне арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі. Жуу циклы кезінде бағдарламаның уақыты автоматты түрде есептеледі, егер кірдің мөлшері ең көп кірдің мөлшерінен аз болса барынша азая түсуі мүмкін (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп мөлшері 8 кг, бағдарламаның уақыты 2 сағаттан асса; салынған кірдің нақты салмағы 1 кг болса, бағдарламаның уақыты 1 сағатқа жетпейді). Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда дисплейде нүкте жыпылықтайды.
сертификаттаған, дегенмен бұл компанияның талабы бойынша «қолмен жуу» деген затбелгісі бар заттарды, осы кір жуғыш машинаны өндірушінің нұсқауларын сақтап жуу керек. Киімді кептіру және басқа нұсқауларды күтім көрсету белгісінен қараңыз. M1380
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг пен Индияда Woolmark белгісі ­сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
www.electrolux.com12
Бағдарламалар Салма
Мақта мата 60°C 8 1.56 65 240
Мақта мата, үнемді 60 °C бағдарламасы
Мақта мата 40°C 8 0.90 65 236
Синтетика 40°C 3 0.40 45 100
Нәзік мата 40°C 3 0.52 50 80
Жүн мата/Қолмен жуу 30°C
1)
8 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» үшін EEC 92/75 стандарттарына сай қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде берілген бағдарлама.
Жоғарыдағы кестеде берілген ақпарат 2009/125/EО директивасын жүзеге асыру үшін ЕО Комиссиясының 1015/2010 стандартына сай берілген.
1)
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)

7. ФУНКЦИЯЛАР

7.1 Температура

Әдепкі температураны өзгерту үшін осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Бейнебетте орнатылған температура көрсетіледі.

7.2 Отжим

Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру жылдамдығын азайтуға болады.
Бейнебетте орнатылған жылдамдықтың индикаторы көрсетіледі.
Қосымша айналдыру параметрлері: Айналдырмау
• Барлық айналдыру циклдарын алу
үшін осы параметрді орнатыңыз.
• Бұл параметрді өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
қ (кг)
0,48 0,48
Қуат тұтыну (кВт/сағ)
8 1.02 55 242
1.5 0.30 48 60
Суды пайдалану (литр)
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы көп су пайдаланады.
• Бейнебетте индикаторы пайда болады.
Шаюды кідірту
• Кірлер мыжылып қалмас үшін осы параметрді орнатыңыз.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін суды төгу керек.
• Бейнебетте индикаторы пайда болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.
Өте шуылсыз
• Бұл параметрді барлық айналдыру циклдарын ажыратып, кірді
Бағдарламаның болжалды ұзақтығы (минут)
шуылсыз режим бойынша жуу үшін орнатыңыз.
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы көп су пайдаланады.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін суды төгу керек.
• Бейнебетте индикаторы пайда болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.

7.3 Предв. стирка

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына алдын ала жуу циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.

7.4 Легкая глажка

Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады, суды көбірек пайдаланады және бағдарламаның уақытын кірдің түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.

7.5 Oтсрочка старта

Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.

7.6 Доп. полоскание

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
ҚАЗАҚ 13
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.

7.7 Таймер

Жуу бағдарламасын орнатқан кезде бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз. Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана жұмыс істейді.
1) 1)
Индикатор
2)
■3)■
4)
1)
Қол жетімді болса.
2)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
3)
Бағдарламаның әдепкі уақыты.
4)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын баяу көбейткен кезде пайдаланылатын қуат мөлшері азаяды. Оңтайландырылған қыздыру циклы пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтады және ұзақ бағдарламаны қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді (әсіресе қалыпты кірлеген кірлерде).
Эко ақпараты
3)
■3)■
Хлопок Eco
3)
3)
3)
www.electrolux.com14
Эко инфо жолақтары (мақта мата және синтетика бағдарламаларда ғана бар) жуу бағдарламасының қуатты үнемдеу жағынан тиімділігін көрсетеді:
• 6 жолақ: жуу бағдарламасының жұмысын барынша тиімді етуге арналған ең тиімді параметр.
• 1 жолақ: тиімділігі ең аз параметр.
Егер жуу бағдарламасының уақытын өзгертсеңіз (Уақыт басқарушысын қараңыз) және жуу температурасы мен кірдің салмағын өзгертсеңіз, Эко инфо жолақтарының саны өзгереді. Жуу бағдарламасының жұмысын тиімді ету үшін жолақтардың саны көбеюге тиіс:
• Егер бағдарламаның уақытын ұзартсаңыз, Эко инфо жолақтарының саны артады. Жуу бағдарламасының уақытын ұзартқан кезде құрылғы тұрақты жұмыс істейді де, қуат аз пайдаланылады.
• Егер жуу температурасын азайтсаңыз, Эко инфо жолақтарының саны артады.
Ең тиімді параметрді орнату бойынша ақыл-кеңес:
немесе Уақыт басқарушысы индикаторларын орнатыңыз.
• Төмендеу жуу температурасын орнатыңыз.
• Алдын ала жуу параметрін орнатпаңыз.

7.8 My favourites

Осы параметрдің көмегімен таңдаулы бағдарлама мен параметрлерді жадыда сақтауға болады.
Кешіктіріп бастау функциясын MyFavourite параметрімен бірге жадыға сақтау мүмкін емес.
Бағдарламаны жадыда қалай сақтау керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
2. Бағдарламаны және жадыда
сақтағыңыз келген параметрлерді орнатыңыз.
3. MyFavourite түймешігін бейнебетте
"MEM" жазуы пайда болғанша басыңыз.
Жадыдағы бағдарламаны қалай орнату керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
2. MyFavourite түймешігін қысқа
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жадыда сақталмаған.

8. ПАРАМЕТРЛЕР

8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы

Осы функцияның көмегімен балалар басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/
сөнгенше қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін: функциялар мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
түймешігін баспайынша: құрылғы іске қосылмайды.

8.2 Тұрақты қосымша шаю

Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.

8.3 Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде. Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін және түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.

9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

ҚАЗАҚ 15
Егер дыбыстық сигналдарды сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау пайда болған кезде қосыла береді.
1. Жуу циклының жуғыш затына
арналған бөлікке 2 литр су құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары

10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

10.1 Кірді салу

1. Құрылғының есігін ашыңыз
2. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір салынбағанына көз жеткізіңіз.
4. Есікті нығыздап жабыңыз.
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз. Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан келуі мүмкін.

10.2 Жуғыш зат пен үстемелерді пайдалану

1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты бөліктерге
салыңыз.
3. Жуғыш зат үлестіргішті абайлап
жабыңыз
A
B
www.electrolux.com16

10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер

АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.

10.4 Сұйық немесе ұнтақ жуғыш зат

1.
3.
2.
4.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
• Алдын ала жуу циклын орнатпаңыз.
• Кешіктіріп бастау параметрін орнатпаңыз.
ҚАЗАҚ 17

10.5 Құрылғыны іске қосу

Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін
түймешігін басыңыз. Құрылғы іске қосылған кезде дыбыстық сигнал естіледі.

10.6 Бағдарламаны орнату

1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
• Тиісті бағдарламаның индикаторы жанады.
индикаторы жыпылықтайды.
• Бейнебетте Таймердің деңгейі, бағдарламаның уақыты және бағдарлама циклдарының индикаторлары көрсетіледі.
2. Қажет болса, температураны,
айналдыру жылдамдығын, цикл ұзақтығын өзгертіңіз немесе қолжетімді параметрлерді қосыңыз. Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.

10.7 Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау

түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бейнебетте индикаторы жыпылықтай бастайды.
• Бағдарлама басталады да, есік құлыпталып, дисплейде
индикаторы көрсетіледі.
• Құрылғыға су құйылған кезде су төгетін сорғы шамалы уақыт жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан кейін шамамен 15 минуттан кейін:
• Құрылғы бағдарламаның ұзақтығын автоматты түрде кірдің ластану деңгейіне сай келтіріп реттейді.
• Бейнебетте жаңа мән көрсетіледі.

10.8 Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау

1. түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
2. түймешігін басыңыз:
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Есік бекітіледі, дисплейде индикаторы пайда болады.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
www.electrolux.com18
Орнатылған кері санақ мәнін түймешігін
баспай тұрып болдырмауға немесе өзгертуге болады. Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау үшін:
• Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
түймешігін дисплейде ' пайда
болғанша басыңыз.
• Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта
басыңыз.

10.9 Бағдарламаны кідірту және параметрлерді өзгерту

Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1. түймешігін басыңыз. Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.

10.10 Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны болдырмау

1. Бағдарламаны біржола тоқтатып
құрылғыны сөндіру үшін түймешігін бірнеше секунд басыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін осы
түймешікті қайта басыңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Жаңа бағдарламаны бастау алдында құрылғының суы төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың әлі бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса қайтадан толтырыңыз.

10.11 Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда есікті ашу

Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының есігі бекітіліп,
дисплейде индикаторы көрсетіліп тұрады.
1. Құрылғыны кідірту үшін
түймешігін басыңыз. индикаторы жыпылықтай
бастайды.
2. Есік бекітпесінің индикаторы
жыпылықтауын тоқтатып, көрінбей кеткенше 2 минут күтіңіз.
3. Есікті ашыңыз.
4. Есікті жабыңыз.
5. түймешігін қайта басыңыз.
Бейнебетте индикаторы қайта
жанады. Кешіктіріп бастау функциясы жалғасады.

10.12 Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда есікті ашу

Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда, құрылғы есігі бекітіліп, дисплейде
индикатор көрсетіледі .
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер барабанның ішіндегі судың деңгейі мен температурасы өте жоғары болса, есікті аша алмайсыз.
1. Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының есігін
абайлап ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.

10.13 Бағдарламаның соңы

• Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар естіледі (егер
қосулы тұрса).
Loading...
+ 42 hidden pages