Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен
инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық
бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге
қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.electrolux.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы
бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс
орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат
алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
•Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар
және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген
адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында
болса пайдалана алады.
•Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
•Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
•Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.
•Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынаыз.
•Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАЗАҚ3
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
•Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
•Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
•Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
www.electrolux.com
4
•Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай
•Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
•Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
•Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды
•Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері пайда
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
RU UA
KZ
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
•Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін
етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш
панель орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымға деформацияға қарсы қапсырманы
пайдаланыңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар
болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен газдың
қысымы) және құрылғының параметрлері
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне
сай орнатыңыз. Желдету талаптарының
дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
2.2 Пайдалану
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу немесе
электр тоғының қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе
суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе
кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.
Қызып кетуі мүмкін.
ҚАЗАҚ5
• Пісіру алаңын пайдаланып болғаннан кейін
"off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ
көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр
қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Тағамды ыстық майға салған кезде, май
шашырауы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған
кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға
немесе майға тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрттің пайда болуына алып
келуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап
кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне
зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойын, алюминий немесе астына
нұқсан келген ыдыстар шыны керамика
бетке сызат түсіруі мүмкін. Бұндай
заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Бұл құрылғыны басқа мақсатта, мысалы,
бөлмені қыздыру үшін пайдаланбаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған
кезде қызу және ылғал бөлінеді. Құрылғы
www.electrolux.com
6
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған кезде
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына
• Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
• Оттыққа жалын шашыратқышты
2.3 Күту менен тазалау
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
қалмағанына көз жеткізіңіз.
қосымша желдету қажет болуы, мысалы,
терезені ашу немесе барынша тиімді
желдету тәсілін пайдалану қажет болуы,
егер механикалық тартқыш бар болса,
оның қарқынын арттыруға болады.
диаметрлерінен үлкен орнықты ыдыстарды
ғана пайдаланыңыз. Шыны плита (егер
болса) қатты қызып, жарылып кету қаупі
бар.
дейін жылдам бұраған кезде, жалынның
өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
орнатылғанына және пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып қалмайтынына
көз жеткізіңіз.
жарақтарды ғана қолданыңыз.
орнатпаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
• Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге
хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы көрінісі
1
ҚАЗАҚ7
Оттық
1
Басқару тетігі
2
2
3.2 Басқару тетігі
БелгішеСипаттама
газ берілмейді /
сөндірулі қалып
жану қалпы / газ
барынша көп
беріледі
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
4.1 Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты пайдаланған
кезде өте абай болыңыз. Жалынды
дұрыс пайдаланбау жағдайлары үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1.
Басқару түймешесін сағат тілінің
бағытына қарсы түбіне дейін бұраңыз да
), төмен итеріңіз.
(
2.
Басқару түймешесін шамамен 5 секунд
ұстап тұрыңыз; сонда жылыту элементі
қызады. Егер олай етпесеңіз, газ беру
үзіліп қалады.
БелгішеСипаттама
газ барынша аз
беріледі
3.
От біркелкі жанғаннан кейін оны реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
A)
Оттық табақшасы
B)
Оттық шілтері
C)
От алдырғыш
A
B
CD
www.electrolux.com
8
D)
Термореле
Назарыңызда болсын!
Басқару түймешесін 15 секундтан
артық басып тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, басқару түймешесін
босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Электр қуаты болмаған кезде
оттықты электрлік құралсыз жағуға
болады; мұндай жағдайда оттыққа
жанған шырпыны жақындатып, тиісті
түймешені төмен басыңыз да, сағат
тілінің бағытына қарсы газды
барынша шығаратын қалыпқа
бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
4.3 Қазанның тағанын қолдану
Қазанның тағаны түбі шығыңқы қазанды
пештің үстіне қою үшін қолданылады.
Қазанның тағанын қос оттығы бар пісіру
алаңына қойып қолдану керек және басқа
қазанның немесе кәстрөлдің астына қою үшін
қолдануға болмайды. Қазанның тағанын
орнатқан кезде жақтаудағы ұялардың
ыдыстың тірегіндегі білікшелерге мықтап
кірігіп орнатылуын қамтамасыз етіңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен
іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
4.2 Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге
бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын жалынды азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
Қос оттықтың торкөзін орнатқан
кезде, торкөздің шұңғыл жағын,
пештің үстіне орнатылған табақтың
тиісті тұстарына келтіріп орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс қойғышты орнату
Ыдыс қойғышты орнына қойған кезде шыны
бетке сызат түсіріп алмау үшін абай болыңыз.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Назарыңызда болсын!
Диаметрі ең кем дегенде 220 мм
ыдысты қолданыңыз.
5.1 Қуат үнемдеу
Қуатты үнемдеу жолдары
• Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыстар басқару аймағына кіріп
тұрмауға тиіс.
Газ тұтынуды азайту мақсатында
кәстрөлдердің пештің шетінен шығып
тұрмауын және оттық шеңберінің тура
ортасына қойылуын қадағалаңыз.
Шеңберлерге орнықсыз немесе майысқан
ыдыстарды қоймаңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ҚАЗАҚ9
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Тазалау немесе күтіп ұстау
жұмыстарын жүзеге асырмас бұрын,
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны
бумен тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазартқыш, болат сымнан
жасалған ысқыш немесе
қышқылдарды қолданбаңыз, олар
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін таба
қоятын тағандарды алып қоя тұруға болады.
Пештің үстін тазалап болғаннан кейін ыдыс
тағандарының дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Ыдыс тағандарын қайта қойғанда,
пештің шыны беті сызылып қалмас үшін абай
болыңыз. Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір болуы
мүмкін. Қажет болса, қатып қалған дақтарды
тазартқыш қоймалжыңмен кетіріңіз.
Қоқысты тазалау:
1.
– Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, полимер үлдір, қант
қосылған тағам. Арнайы керамика
қырғышты қолданыңыз. Қырғышты
керамика бетке сүйір бұрыш жасай
отырып қойып, жылжыту арқылы
тазалаңыз.
– Мыналарды тазалауға кіріспес бұрын
пешті электр желісінен ағытып,
суытыңыз: әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы
сабын қосып тазалаңыз.
3.
Соңында, құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
6.1 От алдырғышты тазалау
Бұл үлгі керамика от алдырғышпен және
металл электродпен жабдықталған. От
алдыру қиынға соқпас үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және оттықтағы
шілтер тесіктерінің бітелмегеніне көз
жеткізіңіз.
6.2 Мерзімдік техникалық қызмет
көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің және, егер
орнатылған болса, қысым өтпелігінің күйін
тексеру үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығына аракідік хабарласыңыз.
www.electrolux.com
10
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
АқаулықЫқтимал себебіЖөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
• Оттықтың қақпағы мен
Тұтатқан бетте жалын дереу
сөніп қалады
Газ шеңбері біркелкі
жанбайды
Егер ақаулық болса, мәселені әуелі өз
бетіңізбен шешуге тырысыңыз. Егер мәселені
өз бетіңізбен шеше алмасаңыз, сатушыға
немесе жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Электр қуаты жоқ• Құрылғының жалғанғанын
және электр қуатының
іске қосылғанын
тексеріңіз.
•Сақтандырғышты
тексеріңіз. Сақтандырғыш
бірнеше рет ағытылып
қалса, білікті электрші
маманға хабарласыңыз.
• Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған
шілтері дұрыс
қойылғанына көз
жеткізіңіз.
•Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды
• От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 5 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
• Оттықтың шілтерін тағам
қалдығы бітеп тастаған
• Инжектордың бітеліп
қалмағанын және
оттықтың шілтерінің
тағам қалдығынан бос
екенін тексеріңіз.
Егер құрылғыны іске дұрыс
пайдаланбасаңыз, немесе оны
уәкілетті техник маман орнатпаған
болса, тұтынушыларға қызмет
көрсететін техниктің немесе
сатушының өкілінің келуі тіпті кепілдік
кезеңінде де тегін бола алмайды.
8. ОРНАТУ
Құрылғыны орнатуға кіріспей тұрып,
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген келесі деректерді жазып алыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы
корпусының астыңғы жағында орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны орнату, жалғау мен
жөндеу бойынша төмендегі
нұсқауларды нормаларға және
жергілікті заң ережелеріне сәйкес
білікті техник қызқметкерлер іске
асыруға тиіс.
8.1 Газға қосу
Құрылғыны орнату барысында оның электр
тоғынан ажыратулы екеніне көз жеткізіңіз.
Қуат ашасын розеткадан ағытыңыз. Газбен
жабдықтау желісінен ажыратыңыз.
Газбен жабдықтау шлангы мен құрылғының
арасында тоқтатқыш тетік құрастырылғанына
көз жеткізіңіз.
Осы құрылғыға арналған мәндер техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Газ түрі
мен газ қысымы бойынша қазіргі мәндер
жапсырмада көрсетілген
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты
қосылым сымдарын немесе тот баспайтын
болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз.
Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын
болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге
жанаспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз. Сондай-ақ пешті тұмшапешпен
бірге құрастырған кезде сақ болыңыз.
Бұл құрылғы жанған газ шығатын саңылауға
жалғанбаған. Бұл құрылғыны қолданыстағы
орнату ережелеріне сәйкес желіге қосу қажет.
Ауа ағынының дұрыс болуына ерекше назар
аударыңыз.
Құрылғының газбен жабдықтау қысымының
ұсынылған мәндерге сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз. Реттелетін қосылым бұрандалы G
1/2" сомынының көмегімен ауқымды еңіске
бекітіледі. Бөлшектерін күш салмай бұраңыз,
қосылымды қажетті бағытта реттеп
орналастырыңыз да, барлығын қатайтып
бұраңыз.
ҚАЗАҚ11
пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті
қапсырмалардың көмегімен мықтап бекітіңіз.
Сұйылтылған газ: резеңке түтік ұстатқышты
пайдаланыңыз. Әрқашан тығыздағышты
орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды
жалғастырыңыз. Иілгіш түтік төмендегі
жағдайларда қолдану үшін дайындалады:
– ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
– ешбір жері жаншылмаса;
– оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
– ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
– оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап
шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау
үшін төмендегілерді тексеру керек:
– екі ұшында және ұзына бойында жарылған,
кесілген жерлер, күйген белгілері
болмауын;
– материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болуын;
– бекіткіш қапсырмаларды тот баспағанын;
– жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса,
түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.
Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік
фиттингінің жақсылап бекітілгенін
тексеріңіз. Жалынды емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
ABC
A)
Сомыны бар сүмбінің ұшы
B)
Тығыздағыш
C)
Бунақты келтеқұбыр
Назарыңызда болсын!
Орнату аяқталғаннан кейін әрқашан
сабын ерітіндісін пайдаланып
қосылымдардың тығыздығын
тексеріңіз. Тығыздығын тексеру үшін
отты ешқашан қолданбаңыз.
Иілмелі, металл емес түтік
қосылымы:
Егер қосылымды түгелдей оңай басқаруға
болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті
8.2 Инжекторларды ауыстыру
1.
Таба тағандарын алыңыз.
2.
Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3.
7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
www.electrolux.com
12
4.
5.
8.3 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау үшін:
1.
2.
3.
4.
A)
• Табиғи 20 мбар газды сұйылтылған газға
• Егер сұйылтылған газды 20 мбар табиғи
Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау
арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.
Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ келетін
түтіктің жанында) жаңа газбен жабдықтау
түрінің затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл
затбелгіні сіз құрылғымен бірге
жеткізілетін инжекторлар орамынан таба
аласыз.
Оттықты жағыңыз.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
Басқару тетігін алыңыз.
Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз.
A
Орағытпа бұранда
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы шегіне
дейін қатайтыңыз.
газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шамамен айналымның 1/4 дейін
босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп қалмайтынына
көз жеткізіңіз.
8.4 Электртоғына қосу
• Құрылғыны қауіпсіздік шараларына сәйкес
жерге қосыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау
түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен жабдықталған.
• Кез келген электрлік құралас құрылғыны
қызмет көрсету орталығының техник
маманы немесе білікті қызметкерлер
орнатуға немесе ауыстыруға тиіс.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сым, адаптер немесе
көп тармақты розеткаға жалғамау керек
(өрт шығу қауіп бар). Құрылғының
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге
сәйкес жерге қосылғанын тексеріңіз.
• Қуат сымын құрылғының ыстық бөліктерінің
ешқайсысына тимейтін етіп төсеу керек.
• Құрылғыны барлық магниттік полюстерде
ені кем дегенде 3 мм түйіспелі саңылаудың
көмегімен желіден ажыратуға мүміндік
беретін қондырғыға, мысалы, желіні
автоматты қорғайтын ажыратқышқа, жерге
тұйықталудан қорғау тетігіне немесе
сақтандырғышқа жалғаңыз.
• Қосылым сымының ешқандай бөлігі 90°C
температураға шыдай алмайды.
8.5 Қосылым сымын ауыстыру
Қосылым сымын ауыстыру үшін жергілікті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз!
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек H05BB-F
Tmax 90°C (немесе жоғары) сым түрін ғана
қолданыңыз. Сымның қимасының қуат және
жұмыс температурасына сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сары/жасыл жерге қосу сымы,
барлық фаза сымдарына қарағанда шамамен
2 см ұзын болуға тиіс.
8.6 Құрастыру
min.
650mm
R 5mm
ҚАЗАҚ13
min.
450mm
min.
55mm
490+1mm
340+1mm
• Жұмыс алаңы мен шыны керамиканың
арасындағы орынды силиконмен
тұмшалаңыз.
• Силиконға аздап сабынды су құйыңыз.
8.7 Бірнеше құрылғыны орнату
Қосылған бөлшектер:ағытпа тетік(тер), қызуға
төзімді силикон, резеңке пішін, бітегіш таспа.
min.
30 mm
min. 20 mm
• Силиконның артық шыққан жерін
қырғышпен алыңыз.
Тек қызуға төзімді, арнайы силиконды
ғана қолданыңыз.
www.electrolux.com
14
+-=
580 mm
360 mm
20 mm920 mm
Ас үй қаптамасының ұяшығы
Қабырғадан қашықтығы: ең азы 50 мм
Тереңдігі: 490 мм
Ені: кіріктіріліп орнатылатын барлық
520 mm
құрылғылардың енінің жалпы ұзындығынан 20
490 mm
мм ("Барлық құрылғылардың ені" тарауын
қараңыз ) алыңыз
Бірнеше құрылғыны орнату
1.
Ас үй қаптамасының өлшемдерін
белгілеп, кесіп алыңыз.
2.
Құрылғыларды бір-бірден, астыңғы
жақтарын жоғары қаратып, көрпе тәрізді
жұмсақ заттың үстіне қойыңыз.
3.
Тұмшалағыш таспаны құрылғының
астыңғы жиегі мен шыны керамиканың
сыртқы жиегін орап қойыңыз.
4.
Бекіткіш пластинаны корпустағы тиісті
саңылауларға бостау бұрап салыңыз.
5.
Ас үй қаптамасының ұясына бірінші
құрылғыны салыңыз. Ағытпа тетікті
жұмыс алаңының ойығына салып, енінің
жартысына жеткенше құрылғыға қарай
жоғары итеріңіз.
6.
Бекіткіш пластинаны ас үй
қаптамасының және жалғастырғыш
тетіктің астыңғы жағынан бостау етіп
бұраңыз.
7.
Келесі құрылғыны жұмыс алаңының
ойығына қойыңыз. Қазандық
құрылғылардың алдыңғы жиектерінің бір
деңгейде екенін тексеріңіз.