Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 6
Бірінші қолданғанға дейін 7
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Пештің үсті - Күтіп ұстау және тазалау
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану 8
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес 10
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
Не істерсіңіз, егер... 15
7
Орнату 16
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
8
мағлұматтар 21
8
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан
бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
•Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ немесе қолдана
білмейтін адамдарға, балаларға оны
іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы
құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен үй жануарларын есігі
ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз.
Жарақат алу немесе мүгедек болып
қалу қаупі бар.
• Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы
не түймешікті құрсаулау тетігі болса,
соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар
мен үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол
бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз.
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін
әрдайым құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
• Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
• Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны бірінші рет
пайдаланардан бұрын барлық
орамдарын, жапсырмалары мен
төсемдерін алып тастаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды
күшінен айырады.
13
electrolux 3
• Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар
мен талаптарды (қауіпсіздік
ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Құрылғының салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Құрылғыны орнату барысында оның
қуат көзінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз (егер қажет болса).
• Басқа аспаптармен және
құрылғылармен арада ең кіші
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны тек білікті электрші
орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде желіден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
• Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер
құралсыз ажыратуға болмайтында
етіп орнатылуға тиіс.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
• Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Газға қосу
• Құрылғыны тек білікті газ орнатушы
орнатып, желіге қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
•Құрылғының айналасындағы ауа
айналымы жақсы екеніне көз
жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті
берілмесе, оттегі жетіспеуі мүмкін.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
• Бұл пеш жану өнімдерін тартатын
құрылғыға жалғанбаған. Бұл пешті
қолданыстағы орнату ережелеріне
сай орнатып, желіге қосу қажет.
Желдетуге қатысты талаптардың
орындалуына ерекше назар аудару
керек.
• Газға тамақ пісіру құрылғысын
пайдаланған кезде оны орнатқан
бөлме ысып кетеді және ылғал
түзіледі. Ас үйдің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз: табиғи жолмен
4 electrolux
желдететін саңылауларды ашып
қойыңыз не механикалық желдету
құралын орнатыңыз (механикалық
тартқыш құрылғы).
•Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені
көбірек желдету (мысалы, терезені
ашу немесе механикалық желдеткіш
бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адамның
жарақаттануына немесе мүлікке зиян
келуіне жол бермеу үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде әрқашан құрылғыдан
алыс тұрыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су
қолмен іске пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда,
пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу
қаупі бар. Пісіру алаңына темір
заттарды, мысалы ас құралдары мен
кәстрөл қақпақтарын қоймаңыз,
себебі олар қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кәстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
• Есікті абайлап ашыңыз. Құрамында
спирті бар құрамдастарды
қолданғанда, спирт пен ауаның
қоспасы пайда болады. Өрт шығу
қаупі бар.
• Есікті ашқанда, құрылғының жанынан
ұшқын немесе ашық от шығуына жол
бермеңіз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
(пластмасса немесе алюминийден
жасалған) заттарды құрылғының
ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
•Ыдыстың ішіндегісі сарқылуына жол
бермеңіз. Бұл ыдысқа және пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
әсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керекжарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
әрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
–құрылғының ішіне ыстық суды
тікелей қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Пештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
• Пештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар пештің үстіңгі бетінің
артқы жағында орналасқан (егер
қолданылса).
• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі
төгілмес үшін пішімі мен диаметрі
дұрыс, орнықты ыдысты қолданыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар.
Күту менен тазалау
• Жуып-тазалардың алдында
құрылғының суық екеніне көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі бар. Шыны
панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам
electrolux 5
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса,
оның беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
және мүлікке зиян келтірмеу үшін
құрылғыны тек сабынды сумен
жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе
тот басуына себеп болатын заттарды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын,
жоғары қысыммен тазалайтын
құралдармен, өткір, түрпілі тазартқыш
заттармен, түрпілі жөкелермен және
дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен
термостат сенсорына ешбір затты
бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынуы немесе
шытынауы мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
• Құрылғыны жуып-тазалардың
алдында өшіріп, электр желісінен
ағытыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар
кезде абай болыңыз. Электр тоғы
соғу қаупі бар! Құрылғы суығанша
күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
• Тек уәкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
–Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
6 electrolux
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы шолу
2543
1
4
9
Пісіру алаңдарының орналасуы
3
2
1
1 Басқару панелі
2 Пеш үстін басқару тетіктері
3 Пештің шамы мен бұрылмалы
істікке арналған түймешік
4 Минут операторының басқару тетігі
6
5 Пеш функцияларын басқару тетігі
6 Гриль
7
7 Тұмшапеш шамы
8
8 Бұрылмалы істіктің саңылауы
9 Сөре қатарлары
1
4
Керек-жарақтар
• Пеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
• Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Жалпақ алюминий таба
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде қалқан
ретінде пайдаланылады.
2
1 Қосымша оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Жартылай жылдам оттық
4 Жылдам оттық
3
• Бұрылмалы істік
Еттің үлкен кесектері мен құс етін
қуыруға арналған.
• Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау
суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау
суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның
ішкі және сыртқы орам
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Пештің
есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
• Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар
құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін.
"Күтім көрсету және тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған
кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы
кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты
жағдай. Бөлменің жақсы
желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде
ашық отты пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда,
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тиісті басқару тетігін шегіне дейін
басыңыз да, оны сағат бағытына
қарсы бұрап ең жоғарғы мәнге
қойыңыз.
басқанда, от алдырғыш құрал
автоматты түрде іске қосылады.
2. Басқару тетігін шамамен 10 секунд
басып ұстап тұрыңыз; бұл
терморелені жылытуға көмектеседі.
Бұлай істемеген жағдайда, газ өшіп
қалады.
3. От бірқалыпты жанғаннан кейін,
оның жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
Назарыңызда болсын! Егер оттық
15 секундтан кейін жанбаса,
басқару түймешесін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да,
кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Өте маңызды! Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады (мысалы, ас
үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз да,
оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп
газ шығару қалпына бұраңыз.
electrolux 7
1
2
3
4
8 electrolux
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе
қуат үзілісінен кейін электр қуатын
қосқан кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына
белгіге бұраңыз:
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын отты азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін
табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
ОттықТамақ пісіретін ыдыстың
Жылдам160 мм - 280 мм
Жартылай
жылдам
Қосымша120 мм - 180 мм
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
• Таба тағандары ыдыс жуғыш
машинаға жарамайды ; оларды
қолмен жуу керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде
абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
.
диаметрі
140 мм - 240 мм
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Әуелі минут операторының басқару
тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын
қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін
бұраңыз. Содан кейін кері бұрап,
қажетті мәнге қойыңыз. Уақыт біткен
кезде дыбысты сигнал қосылады.
Бұл функция пеш қызметіне әсері
етпейді. .
Пештің функциялары
Пештің төмендегідей функциялары бар:
Пеш функциясыҚолданылуы
0Off (сөндірулі) қалпыҚұрылғыны сөндіруге арналған.
Температура мәндерін
1-8
орнату
Гриль
Пеш шамы
Бұрылмалы істік
Газ тұмшапеште пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің
жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде газ пешін
басқару түймешесін итеріп, сағат
тілінің бағытына қарсы ең жоғары
Тағамды дәстүрлі жолмен пісіру үшін орнатуға болатын
температура мәндері. (1 - 160 °C; 2 - 175 °C; 3 - 190 °C; 4
- 210 °C; 5 - 225 °C; 6 - 240 °C; 7 - 260 °C; 8 - 275 °C)
Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің ортасында
қуыруға арналған. Тост жасау үшін.
Пештің ішін еш функция қосылмай тұрған кезде
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану үшін
пештің шамы мен бұрылмалы істікке арналған түймешігін
басыңыз.
Қуырылып жатқан етті айналдыру үшін. Бұл функцияны
қолдану үшін пештің шамы мен бұрылмалы істікке
арналған түймешігін басыңыз.
жақындатпаңыз. Күйіп қалу қаупі
бар.
Грильді қолданған кезде пеш есігін
сәл ашық қалдырыңыз.
Грильді қолданар алдында A гриль
дефлекторын есіктің үстіңгі
жағындағы орнына салыңыз.
температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару түймешігін шамамен 15
секунд басып ұстап тұрыңыз.
electrolux 9
A
Тұтатқаннан кейін:
1. Гаш пешінің басқару түймешігін
босатыңыз.
2. Пештің есігін жабыңыз.
3. Гаш пешінің басқару түймешігін
қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пеш термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда, газ берілуін тоқтатады.
Егер пештің газ оттығы от алмаса
немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару түймешігін
босатып, оны “Off” қалпына
қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ
оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Грильді қолдану
Назарыңызда болсын! Грильді
қолданған кезде балаларды
Грильді тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Жалынды гриль оттығының
саңылауларына жақын ұстаңыз.
3. Газ пешінің басқару түймешігін гриль
қалпына қойыңыз.
. Басқару
түймешігін осы қалыпта шамамен 15
секунд ұстап тұрыңыз. Оны жалын
пайда болғанша босатпаңыз.
10 electrolux
Егер гриль от алмаса немесе кенет
сөніп қалса:
1. Газ пештің басқару түймешесін
босатып, “Off” қалпына қосыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
Бұрылмалы істікті қолдану
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті пайдаланған кезде абай
болыңыз. Шанышқылар мен істік
өткір. Жарақат алу қаупі бар.
Бұрылмалы істікті қолданған кезде
құрылғының есігін ашыңқырап
қойыңыз және дефлекторды
орнатыңыз.
1. Тірегіш ілгекті саңылауға салыңыз.
2. Бұрылмалы істікке бірінші
шанышқыны орнатыңыз.
3. Етті бұрылмалы істікке салыңыз.
4. Екінші шанышқыны бұрылмалы
істікке орнатыңыз.
5. Шанышқыларды бекіту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті әрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
• Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың
арасындағы бір қатарды ашық
қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз.
Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол
тым құрғақ болып піседі.
• Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
•Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
• Тағамды қуырған кезде пештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз.
Түтін жиналып қалмас үшін суы
сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
electrolux 11
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына
және мөлшеріне қарай әртүрлі болады.
Алғаш тағам пісірген кездері пісіру
үрдісіне жақсы назар аударып
Пісіру кестесі
Тағам
Үстінде
жолақтары
бар бөлке
Тегіс кекс1000алюминий
Алма
салынған
ашытылған
кекс
Алма
бәліші
Кішкене
кекстер
Майсыз
бисквит
торт
Су
жинайтын
табадағы
торт
Бәліш нан800алюминий
Толтырмас
ы бар
ашытылған
кекс
Пицца1000алюминий
Салмағы
(г)
250алюминий
2000алюминий
1200+1200 алюминий
500алюминий
350алюминий
1500алюминий
1200алюминий
Науа түрі
мен
қапталған
мен
қапталған
мен
қапталған
мен
қапталған
2 дөңгелек
науа
(диаметрі:
20 см)
мен
қапталған
мен
қапталған
1 дөңгелек
науа
(диаметрі:
26 см)
мен
қапталған
мен
қапталған
мен
қапталған
мен
қапталған
отырыңыз. Осы құрылғы арқылы
пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және
тағам мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді(қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
Сөре
деңгейі
3101-225-30
3101-235-40
3103-450-60
3103-465-75
310230-35
3102-330-35
3-2
320810
3153-440-50
210825-35
Алдын ала
қыздыру
уақыты
(минут)
Термостат
күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
45-55
1)
12 electrolux
Тағам
Сүзбеден
жасалған
кекс
Швейцарл
ық алма
бәліші
Рождество
торты
Салмағы
(г)
Науа түрі
2600алюминий
мен
қапталған
1900алюминий
мен
қапталған
2400алюминий
мен
қапталған
Қайнатылғ
ан кремі
бар лоррен
бәліші
1000алюминий
мен
қапталған
1 дөңгелек
науа
(диаметрі:
26 см)
Қол наны750+750алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
науа
(диаметрі:
20 см)
Румындық
бисквитті
торт
600+600алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
науа
(диаметрі:
25 см)
Румындық
бисквитті
торт дәстүрлі
600+600алюминий
мен
қапталған
2 дөңгелек
науа
(диаметрі:
20 см)
Швейцари
я орамасы
500алюминий
мен
қапталған
Меренга400алюминий
мен
қапталған
Кремді
тәтті тағам
500алюминий
мен
қапталған
Үкпе
себілген
кекс
1500алюминий
мен
қапталған
Алдын ала
Сөре
деңгейі
қыздыру
уақыты
Термостат
күйі
(минут)
3-280-90
315650-60
310
2-3
(термостат
күйі: 8)
3155-650-60
310
4-550-60
(термостат
күйі: 8)
3102-350-60
3102-340-50
3102-320-30
3-140-50
3103-435-40
3155-630-40
Пісіру
уақыты
(минут)
2)
60
electrolux 13
Алдын ала
Тағам
Бисквит
торт
Сары май
қосылған
кекс
1) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 7 минутқа қалдырыңыз.
2) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 10 минутқа қалдырыңыз.
Салмағы
(г)
600алюминий
600алюминий
Науа түрі
мен
қапталған
мен
қапталған
Сөре
деңгейі
3101-235-40
3153-425-30
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мәліметтерге сәйкес, тағамды (әсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
қыздыру
уақыты
(минут)
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді және
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын
мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
• Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
• Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
• Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пеш есігі бірінен кейін бірі орналасқан
шыны панельдерден тұрады. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін пештің есігі
мен ішкі шыны панелін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігін
ағытып алмай тұрып, есіктің ішкі
шыны панелін алғыңыз келсе, есік
кенет жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
панельдеріне нұқсан келсе не сызат
түссе, шыны босап, сынып қалады.
Бұндай жағдай орын алмас үшін
оларды ауыстыру керек. Қосымша
нұсқауларды жергілікті қызмет
көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
Термостат
күйі
Пісіру
уақыты
(минут)
14 electrolux
3. Есікті, оны ашқан кезде оның
бастапқы қойылатын орнына дейін
жабыңыз(жол ортасына дейін).
Содан соң оны алға қарай тарту
арқылы орнынан шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
Есіктің астыңғы жиегіндегі
бұрандаларды бұранда бұрағышпен
ағытып алыңыз
қалақшаны не сол сияқты затты
қолданыңыз
Сыртқы есікті ұстап тұрыңыз да, ішкі
есікті есіктің үстіңгі жиегіне қарай
итеріңіз.
3
2
2
6. Ішкі есікті көтеріңіз
7. Есіктің ішкі бетін тазалаңыз
Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек су мен сабынды
пайдаланып ғана тазалаңыз.
Жеміргіш тазалағыштар, дақ
кетіргіштер және өткір заттар
(мысалы, пышақ не
қырғыштар)шыныны бүлдіруі
мүмкін.
Есік пен шыны панельді орнына қою
Тазалап болғаннан кейін есікті орнына
салыңыз. Ол үшін әрекеттерді кері
тәртіпте орындаңыз.
1
Өте маңызды! Бұрандаларды
жоғалтпаңыз
5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан
жасалған қалақшаны немесе пластик
4
4
1
6
5
5
electrolux 15
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не
тазалағыш құралдарды ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі олар пештің
бетін бүлдіреді. Пештің басқару
панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Суырманы алып шығу
Тұмшапештің астындағы суырманы
оңай тазалау үшін алуға болады.
Суырманы алып шығу
1. Суырма тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
2. Суырманы баяу көтеріңіз.
3. Суырманы түгел алып шығыңыз.
Суырманы салу
Суырманы салу үшін жоғарыда
көрсетілген әрекеттерді кері реттілікпен
орындаңыз.
Назарыңызда болсын! Тұтанғыш
заттарды (мысалы, тазартқыш
заттар, пластик қапшықтар, пеш
қолғабы, қағаз немесе бүріккіштер
т.с.с. сияқты) суырмада
сақтамаңыз. Тұмшапешті қолданған
кезде суырма қызып кетуі мүмкін.
Өрт шығу қаупі бар.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
•Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырыпқосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына
қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық
қызуға төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
АқаулықЫқтимал себебіЖөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын
шықпайды
Тұтатқан бетте жалын дереу
сөніп қалады
Электр қуаты жоқҚұрылғының жалғанғанын
Электр қуаты жоқҮйдегі электр жабдығының
Оттықтың қақпағы мен
шілтері қисық салынған
Қыздырғыш элемент
жеткілікті қызбайды
және электр қуатының іске
қосылғанын тексеріңіз.
сақтандырғышын тексеріңіз.
Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс қойылғанына
көз жеткізіңіз.
От жанғаннан кейін тетікті
шамамен 5 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
тұрақты қосылым сымдарын немесе тот
баспайтын болатпен қапталған иілгіш
түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл
түтіктерді пайдаланатын болсаңыз,
олардың жылжымалы бөлшектерге
жанаспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы
Егер қосылымды түгелдей оңай
Азайтылған
қуаты
Газдың түріҚысымыИнж.
G20
G20
– жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан
кейін әр түтік фиттингінің жақсылап
бекітілгенін тексеріңіз. От емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
Газбен жабдықтау бағыттауышы
басқару панелінің артында орналасқан.
басқаруға болатын мүмкіндік болса,
иілгіш түтікті пайдалануыңызға болады.
Иілгіш түтікті қапсырмалардың
көмегімен мықтап бекіту керек.
Орнату: түтік ұстатқышты
пайдаланыңыз. Әрдайым
тығыздауышты орнатыңыз. Содан кейін
газ желісіне қосуды жалғастырыңыз:
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
– ол бөлме температурасынан жоғары,
30°C-тан асып қызып кете алмайды;
– оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды;
– оның ысырмалары болмаса;
– оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
– ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
– оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
1 Газ жүйесіне жалғанатын жер
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
– екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
– материал қатқылданбаған, керісінше,
2 Тығыздағыш
3 Реттемелі қосылым
4 Сұйылтылған газға арналған түтік
серпімділігі дұрыс болуын;
– бекіткіш қапсырмаларды тот
5 Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш
баспағанын;
Диаметрі
Тұтыну
131,15-
201,08-
Назарыңызда болсын! Газды
жалғар алдында ашаны розеткадан
ағытыңыз немесе сақтандырғыш
қорапшасындағы сақтандырғышты
сөндіріңіз. Газбен жабдықтау
клапанын жабыңыз.
142325
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
ұстатқыш
electrolux 19
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту
үшін тізімнен түтік ұстатқышты
таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты
қолданыңыз
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
қолданатын газ түріне арналған
инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5. Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ
келетін түтіктің жанында) газбен
жабдықтаудың жаңа түрінің
затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл
затбелгіні сіз құрылғымен бірге
жеткізілетін инжекторлар орамынан
таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
Ең кіші деңгейді реттеу
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
реттеу үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Түймешені ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару түймешесін қозғаңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен айналма
бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20
мбар табиғи газды сұйылтылған
газға ауыстырсаңыз, айналма
бұранданы түгелдей қатайтып
бұраңыз. Егер сұйылтылған газды,
20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
айналма бұранданы шамамен 1/4
мөлшеріне босатыңыз.
5. Түймешені ең үлкен қалпынан ең
кіші қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, оттың өшіп қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті
газдың басқа түріне сай лайықтау
жұмысын тек уәкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға
болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін
қажетінше лайықтауға болады.
Газ оттықтарының инжекторын
ауыстыру.
1. Пеш қуысының астыңғы
пластинкасын алып тастаңыз: ( A )
пештің оттығына қол жеткізу үшін ( B ).
B
A
2. Газ пештің оттығын ұстап тұрған
( C ) екі бұранданы босатыңыз.
C
1
1 Ең кіші реттегіш бұранда
20 electrolux
3. Газ оттығын инжектор тағанынан
( D ) ептеп алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз.
Газ оттығы шілтерінің оттық аузында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтатқыш
ашасының сымына ( E ) және
термоэлемент жалғастырғышына
( F ) қатты күш салмаңыз.
D
F
E
4. Газ оттығының инжекторын ( D ) 7
мм сомын кілттің көмегімен ағытып
алыңыз. Орнына қажетті
инжекторды салыңыз ("Газ пеші
оттығының техникалық
параметрлері" кестесін қараңыз).
5. Газ пеші оттығын құрастыру үшін
осы әрекеттерді кері ретпен
орындаңыз.
6. Газ беретін еңіс жанында
орналасқан, газ түрінің
жапсырмасының орнына, жаңа газ
түріне сәйкес келетін тиісті
жапсырманы қолданыңыз (инжектор
жинағымен бірге беріледі).
Назарыңызда болсын! Газ пеші
оттығының бастапқы ауасын
реттеудің қажеті жоқ.
Газ пеші оттығын ең төменгі деңгейге
орнату:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Гаш пешінің басқару тетігін алыңыз.
3. Жалпақ бұранда бұрағышпен ( G )
реттегіш бұранданы реттеп бұраңыз.
G
Газ түрін өзгертуРеттегіш
табиғи газдан
сұйылтылған газға
сұйылтылған
газдан табиғи
газға
4. Газ пешінің басқару тетігін орнына
салыңыз.
5. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Назарыңызда болсын! Ашаны
розеткаға пештің барлық
бөлшектерін өз орындарына қойып
болғаннан кейін ғана сұғыңыз.
6. Газ пешінің оттығын жағыңыз ("Газ
пеште тамақ пісіру - Газ пешінің
оттығын тұтату" тарауын қараңыз).
7. Газ пешінің басқару тетігін 240
мәніне қойыңыз да, пешті кем
дегенде 10 минут қыздырыңыз.
8. Газ пешінің басқару тетігін 240
мәнінен, ең кіші мәнге қойыңыз.
Жалынды бақылаңыз. Жалын сөніп
қалса, 1-7-ші қадамдарды қайталаңыз.
Газ пеші оттығының шілтерінен жалын
аз мөлшерде тұрақты шығып тұруға тиіс.
Бұл қауіпсіздік шаралары
орындалмаған жағдайда, өндіруші
ешбір жауапкершілік көтермейді.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
таған үстіне қоймаңыз
Тіктеп орнату
Пештің бетін басқа құрылғылардың
бетімен бірдей деңгейге қою үшін
бұранданы
лайықтау
реттегіш
бұранданы шегіне
дейін қатайтып
бұрау
реттегіш
бұранданы
шамамен
айналымның 3/4
мөлшеріне дейін
босату
Loading...
+ 44 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.