Electrolux EKG511108 User Manual

Қолдану туралы
нұсқаулары
Инструкция по
эксплуатации
Інструкція
KZ UA
Пеш
Кухонная плита
Плита
2 electrolux
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2 Бұйым сипаттамасы 5 Бірінші қолданғанға дейін 6 Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес 7 Пештің үсті - Күтіп ұстау және тазалау
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану 8 Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес 9 Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
Не істерсіңіз, егер... 14
6
Орнату 15 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар 20
8
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де осы нұсқаулық құрылғымен бірге болсын. Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның қауіпсіздік функциялары мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс. Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен қолдануға байланысты туындаған ақаулықтар үшін жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін сақтау
• Бұл құрылғыны жасы 8-ге толған және одан асқан балалар мен физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдар, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауымен, құрылғыны іске қосу туралы ерекше нұсқау алып, қатерлі жағдайлардан хабардар болғаннан кейін ғана пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
• Балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз. Жарақат алу немесе мүгедектікке апарып соқтыратын жағдайлар орын алуы мүмкін.
•Құрылғыда бекітпені іске қосатын немесе бекітетін құрал болса, оны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының құрылғыны байқаусызда қосып қоюына жол бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
• Бұл өнімді өзгертуге не оның техникалық сипаттарына өзгеріс енгізуге болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын орам материалдарының, жапсырмалары мен төсем материалдарының барлығын алыңыз.
• Пісіру алаңдарын әр қолданып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
• Құрылғы тек үйде ғана қолдануға арналып шығарылған.
• Құрылғының үстін жұмыс алаңына не зат сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
• Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Өрт шыққан жағдайда құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл қақпағымен сөндіріңіз , оны ешқашан сумен сөндіруге болмайды.
• Күйіп қалу қаупі бар! Пісіру алаңына металл заттарды, мысалы ас құралдары мен кастрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
12
electrolux 3
• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің керамика бетіне құласа, оған зақым келтіруі мүмкін.
• Шойын, алюминийден жасалған, не түбіне нұқсан келген ыдыстарды әрі­бері сырғытсаңыз, керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, электр тоғының қатеріне ұшырамас үшін оны ажыратып қойыңыз.
• Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
• Пештің эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырмайды.
• Құрылғының есігін күш салып баспаңыз.
• Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қатері бар. Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді алып не салып жатқанда қолғап киіңіз.
• Іске қосылып тұрған құрылғының есігін ашатын кезде (әсіресе бумен пісірген кезде) әрқашан артқа шегініңіз. Бұлай істегенде жиналып қалған бу немесе қызу сыртқа шығады.
• Құрылғының сырлы қаптамасы бүлініп қалмас үшін: – құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий фольгамен жаппаңыз
– Ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз
– тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су
ыдыстарды және тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске қоспаңыз.
• Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды құрылғының ішінде ұстамаңыз, себебі бу құрылғының сырлы қаптамасын бүлдіреді немесе құрам бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
• Тез тұтанғыш сұйықтар мен материалдарды, немесе балқығыш заттарды (пластик не алюминийден жасалған) құрылғы үстіне немесе оған жақын қоймаңыз.
• Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды ғана пештің астындағы суырмаға салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш материалдарды салмаңыз.
• Пеш қуысындағы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін пештің арт жағының орта шегінде орналасқан саңылаудың бітеліп не далдада қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Күтім көрсету және тазалау
• Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып, құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан ағытып алыңыз. Құрылғының суығанына көз жеткізіп алыңыз.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Пеште жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап тұру, оны сыны кетіп сапасы түсуден сақтайды.
• Құрылғыны тазалау үшін тек су мен сабынды пайдаланыңыз. Өткір заттар, түрпілі тазалағыш құралдар, жеміргіш жөкелер мен дақ кетіргіштер құрылғыға нұқсан келтіреді.
• Құрылғыны бу бүріккішпен немесе жоғары қысым арқылы тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып кетуі мүмкін.
•Шыны панельдерді тазаламай тұрып, олардың салқындағанына көз жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы ықтимал.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды жергілікті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. май сүзгісіне(егер бар болса), қыздырғыш элементтер мен термореле сенсорлық құралына
4 electrolux
ешқашан қандай да бір затты бүркіп шашпаңыз.
• Пиролит арқылы (егер бар болса)тазалаған кезде қатып қалған ластық, құрылғы бетінің түсін өзгертуі мүмкін.
• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
• Пештің шамын айырбастаған кезде абай болыңыз. Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Орнату
• Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман ғана орнатып, желіге қосып немесе жөндеуге тиіс.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер мен стандарттарды(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ережелер, электр және/не газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз!
• Орнату нұсқауларын орындамасаңыз, ақаулық орын алған жағдайда кепілдік заңды күшке ие болмай қалады.
• Құрылғыны тасымалдаған кезде еш жерінің бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны сатқан жерге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тез тұтанатын заттарға (мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.) таятып орнатудан қашық болыңыз.
• Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум арақашықтықты сақтаңыз!
• Маңызды! Пешті таған немесе сол сияқты оны биіктететін заттың үстіне қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір жағына қарай ауып кету қаупін күшейте түседі!
Электр желісіне жалғау
Құрылғыны міндетті түрде жерге
қосу қажет.
• Техникалық тақтайшадағы электр параметрлерінің желі параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы ғана қолданыңыз.
• Көп тармақты ашаларды, қосқыштарды және ұзартқыш кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
• Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғы кез келген полюсте контакттарының арасына 3 мм орын қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
• Қорек сымы мен ашаның құрылғының арт жағында жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатып болған соң да ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан сымының ашасынан ұстап ағытыңыз.
• Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс түрін қолдану қажет: оларға айырып­қосқыштар, сақтандырғыштар (бұралмалы сақтандырғыштарды ұясынан алу қажет ), жерге қосу және контакт құралдары жатады.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Газға қосу
• Құрылғы қасындағы желдеткіштің жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті берілмеуі, оттегі тапшылығын туғызуы мүмкін.
• Газдың берілуі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген газ түріне сай келетініне көз жеткізіңіз, "Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз.
• Бұл пеш жану өнімдерін кетіретін құрылғыға жалғанбаған. Бұл пеш қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатылып, желіге қосылуға тиіс. Желдетуге қатысты талаптардың
electrolux 5
орындалуына ерекше назар аудару керек.
• Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас бөлмедегі желдеткіштің жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз: табиғи жолмен желдетілетін саңылауларды ашып қойыңыз не механикалық желдету құралын орнатыңыз (механикалық тартқыш құрылғы).
•Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы шолу
2 3
1
4
8
3
2
1
54 6
көбірек желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Қызмет көрсету
• Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету орталығының инженері ғана жөндей алады. Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
1 Басқару панелі 2 Пеш үстін басқару тетіктері 3 Тұтату түймешігі 4 Пеш шамының түймешігі 5 Минут операторының басқару тетігі 6 Пеш функцияларын басқару тетігі
7
7 Пеш шамы 8 Сөре қатарлары
6 electrolux
Пісіру алаңдарының орналасуы
1
4
Керек-жарақтар
• Пеш сөресі Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
• Тегіс пісіру науасы Торттар мен печеньелерге арналған.
• Жалпақ алюминий таба Торттар мен печеньелерге арналған.
2
3
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі және сыртқы орам материалдарының барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Пештің есігін әрқашан тұтқасының ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
• Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Жеміргіш тазалағыштарды
1 Қосымша оттық 2 Жартылай жылдам оттық 3 Жартылай жылдам оттық 4 Жылдам оттық
• Зат сақтау суырмасы Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
қолданбаңыз! Бұндай заттар құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін. "Күтім көрсету және тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны орнатыңыз да, бос пешті 45 минут қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Бөлменің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдалану жағдайлары үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
electrolux 7
Оттықты жағу үшін:
1. Тұтату генераторы түймешігін басып, ұстап тұрыңыз
.
2. Басқару түймешесін сағат тілінің бағытына қарсы түбіне дейін бұраңыз
.
3. Тұтату генераторы түймешігін босатыңыз, бірақ басқару түймешесін осы қалыпта шамамен 5 секунд басыңыз; бұл жылыту элементінің қызуына мүмкіндік береді. Егер олай етпесеңіз, газ беріліміне кедергі келтіріледі.
4. От біркелкі жанғаннан кейін оны реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
1
2
3
4
1 Оттықтың қақпағы 2 Оттықтың шілтері 3 Тұтатқыш жанарғы 4 Жылыту элементі
Назарыңызда болсын! Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару түймешесін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Өте маңызды! Оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады (мысалы, ас үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп, тиісті басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге бұраңыз:
.
Назарыңызда болсын! Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын отты азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Акриламидтер туралы ақпарат Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мәліметтерге сәйкес, тағамды (әсіресе құрамында крахмал бар) қуырған кезде, акриламидтер денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан, біз тағамды ең төмен температурада пісіруді және тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін табалар мен кәстрөлдерді пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай
жылдам
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс ыдысты қолданыңыз.
диаметрі
140 мм - 240 мм
8 electrolux
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Пешті тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны бумен тазалағыш немесе жоғары қысыммен тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі тазартқыш, болат сымнан жасалған ысқыш немесе қышқылдарды қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Таба тағандары ыдыс жуғыш машинаға жарамайды ; оларды қолмен жуу керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба тағандарының тармақтары оттықтың ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Минут операторы Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз. Әуелі минут операторының басқару тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін кері бұрап, қажетті мәнге қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбысты сигнал қосылады.
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Шам
Off (сөндірулі) қалпы
Қосу үшін тұмшапеш шамының түймешігін қолданыңыз. Бұл функцияны қолданып тұмшапештің ішін, мысалы тазалау үшін жарықтандыруға болады.
Құрылғы сөндірулі.
Бұл функция пеш қызметіне әсері етпейді. .
Тұмшапеш функциялары Тұмшапештің төмендегідей
функциялары бар:
Температура мәндерін
1-8
реттеу
Тұмшапештің температура мәндері (1 - 150 °C; 2 - 165 °C; 3 - 180 °C; 4 - 200 °C; 5 - 215 °C; 6 - 230 °C; 7 - 250 °C; 8 - 265 °C).
Газ тұмшапеште пісіру Тұмшапештің газ оттығын тұтату
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде газ пешін басқару түймешесін итеріп, сағат тілінің бағытына қарсы ең жоғары температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің басқару түймешігін шамамен 15 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Гаш пешінің басқару түймешігін босатыңыз.
2. Пештің есігін жабыңыз.
3. Гаш пешінің басқару түймешігін қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы: Газ пеш термоэлементпен жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда, газ берілуін тоқтатады.
electrolux 9
Егер пештің газ оттығы от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару түймешігін
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ оттығын қайта тұтатып көріңіз.
босатып, оны “Off” қалпына қойыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарлары құрылғының астыңғы жағынан бастап саналады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісірген кезде құрылғының бөлшектерін алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
• Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ болып піседі.
Пісіру кестесі
Тағам
Үстінде жолақтары бар бөлке
Тегіс кекс 1000 алюминий
Салмағы
(г)
250 алюминий
Науа түрі
мен қапталған
мен қапталған
• Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.
•Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
• Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыты Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына
және мөлшеріне қарай әртүрлі болады. Алғаш тағам пісірген кездері пісіру үрдісіне жақсы назар аударып отырыңыз. Осы құрылғы арқылы пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және тағам мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
Сөре
деңгейі
3 10 1-2 25-30
3 10 1-2 35-40
Алдын ала
қыздыру
уақыты (минут)
Термостат
күйі
Пісіру уақыты (минут)
10 electrolux
Тағам
Алма салынған ашытылған
Салмағы
(г)
Науа түрі
2000 алюминий
мен қапталған
кекс Алма
бәліші
1200+1200 алюминий
мен қапталған 2 дөңгелек науа (диаметрі: 20 см)
Кішкене кекстер
500 алюминий
мен қапталған
Майсыз бисквит торт
350 алюминий
мен қапталған 1 дөңгелек науа (диаметрі: 26 см)
Су жинайтын табадағы
1500 алюминий
мен қапталған
торт Бәліш нан 800 алюминий
мен қапталған
Толтырмас ы бар ашытылған
1200 алюминий
мен қапталған
кекс Пицца 1000 алюминий
мен қапталған
Сүзбеден жасалған кекс
Швейцарл ық алма бәліші
Рождество торты
2600 алюминий
мен қапталған
1900 алюминий
мен қапталған
2400 алюминий
мен қапталған
Алдын ала
Сөре
деңгейі
қыздыру
уақыты
Термостат
күйі
(минут)
3 10 3-4 50-60
3 10 3-4 65-75
3 10 2 30-35
3 10 2-3 30-35
3 - 2
3 20 8 10
3 15 3-4 40-50
2 10 8 25-35
3 - 2 80-90
3 15 6 50-60
3 10
2-3
(термостат
күйі: 8)
Пісіру уақыты (минут)
45-55
2)
60
1)
electrolux 11
Алдын ала
Тағам
Салмағы
(г)
Науа түрі
Сөре
деңгейі
қыздыру
уақыты (минут)
Қайнатылғ ан кремі бар лоррен бәліші
1000 алюминий
мен қапталған 1 дөңгелек
3 15 5-6 50-60
науа (диаметрі: 26 см)
Қол наны 750+750 алюминий
мен қапталған
3 10
(термостат
күйі: 8) 2 дөңгелек науа (диаметрі: 20 см)
Румындық бисквитті торт
600+600 алюминий
мен қапталған
3 10 2-3 50-60
2 дөңгелек науа (диаметрі: 25 см)
Румындық бисквитті торт ­дәстүрлі
600+600 алюминий
мен қапталған 2 дөңгелек
3 10 2-3 40-50
науа (диаметрі: 20 см)
Швейцари я орамасы
500 алюминий
мен
3 10 2-3 20-30
қапталған
Меренга 400 алюминий
3 - 1 40-50 мен қапталған
Кремді тәтті тағам
500 алюминий
мен
3 10 3-4 35-40
қапталған
Үкпе себілген кекс
Бисквит торт
1500 алюминий
мен қапталған
600 алюминий
мен
3 15 5-6 30-40
3 10 1-2 35-40
қапталған
Сары май қосылған кекс
1) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 7 минутқа қалдырыңыз.
2) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 10 минутқа қалдырыңыз.
600 алюминий
мен қапталған
3 15 3-4 25-30
Термостат
күйі
4-5 50-60
Пісіру уақыты (минут)
12 electrolux
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
• Пештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Пештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын тазалаңыз.
• Пештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау Пеш есігі бірінен кейін бірі орналасқан
шыны панельдерден тұрады. Тазалау жұмысын жеңілдету үшін пештің есігі мен ішкі шыны панелін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігін ағытып алмай тұрып, есіктің ішкі шыны панелін алғыңыз келсе, есік кенет жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны панельдердің салқын тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе не сызат түссе, шыны босап, сынып қалады. Бұндай жағдай орын алмас үшін оларды ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды жергілікті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз.
3. Есікті, оны ашқан кезде оның бастапқы қойылатын орнына дейін жабыңыз(жол ортасына дейін). Содан соң оны алға қарай тарту арқылы орнынан шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты жерге қойыңыз. Есіктің астыңғы жиегіндегі бұрандаларды бұранда бұрағышпен ағытып алыңыз
electrolux 13
Есік пен шыны панельді орнына қою Тазалап болғаннан кейін есікті орнына
салыңыз. Ол үшін әрекеттерді кері тәртіпте орындаңыз.
4
4
1
Өте маңызды! Бұрандаларды жоғалтпаңыз
5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан жасалған қалақшаны немесе пластик қалақшаны не сол сияқты затты қолданыңыз Сыртқы есікті ұстап тұрыңыз да, ішкі есікті есіктің үстіңгі жиегіне қарай итеріңіз.
3
2
2
6. Ішкі есікті көтеріңіз
7. Есіктің ішкі бетін тазалаңыз
Шыны панельді су мен сабынды пайдаланып тазалаңыз. Мұқият құрғатыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны панельді тек су мен сабынды пайдаланып ғана тазалаңыз. Жеміргіш тазалағыштар, дақ кетіргіштер және өткір заттар (мысалы, пышақ не қырғыштар)шыныны бүлдіруі мүмкін.
1
6
5
5
Тот баспайтын болаттан не алюминийден жасалған құрылғылар: Пештің есігін тек дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз. Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар пештің бетін бүлдіреді. Пештің басқару панелін де осы сақтық шараларын қолдана отырып тазалаңыз
Суырманы алып шығу Тұмшапештің астындағы суырманы
оңай тазалау үшін алуға болады. Суырманы алып шығу
1. Суырма тоқтағанша бері қарай тартыңыз.
14 electrolux
2. Суырманы баяу көтеріңіз.
3. Суырманы түгел алып шығыңыз. Суырманы салу Суырманы салу үшін жоғарыда көрсетілген әрекеттерді кері реттілікпен орындаңыз.
Назарыңызда болсын! Тұтанғыш заттарды (мысалы, тазартқыш заттар, пластик қапшықтар, пеш қолғабы, қағаз немесе бүріккіштер т.с.с. сияқты) суырмада
сақтамаңыз. Тұмшапешті қолданған кезде суырма қызып кетуі мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
•Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып­қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының қалпағына нұқсан келмес үшін пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық қызуға төзімді, сай келетін шамға айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Тұтатқан бетте жалын дереу сөніп қалады
Газ шеңбері біркелкі жанбайды
Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш
Пеш қызбай тұр Пеш тоққа қосылмайды Пешті қосыңыз
Электр қуаты берілмейді Құрылғының жалғанғанын
Электр қуаты берілмейді Үйдегі электр жабдығының
Оттықтың қақпағы мен шілтері қисық салынған
Қыздырғыш элемент жеткілікті қызбайды
Оттықтың шілтерін тағам қалдығы бітеп тастаған
қорапшасындағы сақтандырғыш ағытылып қалған
және электр қуатының іске қосылғанын тексеріңіз.
сақтандырғышын тексеріңіз. Оттықтың қақпағы мен
шілтері дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
Отты жаққаннан кейін түймешені шамамен 5 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Инжектордың бітеліп қалмағанын және оттықтың шілтерінің тағам қалдығынан бос екенін тексеріңіз.
Сақтандырғышты бақылаңыз. Сақтандырғыш бірнеше рет ағытылып қалса, білікті электрик маманын шақырыңыз.
electrolux 15
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Пеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
Пеш шамы жұмыс істемейді Пеш шамының ақауы бар Пеш шамын ауыстырыңыз Пеште және пеш қуысында
бу және конденсат тұрып қалған
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны тек электрик маманға немесе білікті адамға ғана жөндету керек.
Өте маңызды! Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда, құрылғының кепілдік мерзімі аяқталмаса да, қызмет көрсету орталығы не дилер жіберген маманның көрсеткен қызметі үшін төлемақы алынады.
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті
орнатылмаған
Тағам пеште тым ұзақ уақытқа қалдырылған
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл деректер сізге тез әрі дұрыс көмек көрсету үшін қажет. Бұл мәліметтер техникалық ақпарат тақтайшасында ("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз) берілген
• Үлгінің сипаттамасы............
• Құрылғының нөмірі (PNC)............
• Сериялық нөмірі (S.N.)..........
Метал бөліктері бар құрылғыларға арналған ақыл-кеңестер: Есікті тағамды пісіріп немесе қуырып болғаннан кейін дереу ашсаңыз, терезені бу басады.
Параметрлерді бақылаңыз
Пеште тағамдарды пісіру процесі аяқталғаннан кейін 15-20 минуттан артық уақытқа қалдырмаңыз
ОРНАТУ
Өте маңызды! Алдымен "Қауіпсіздік" тарауын мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғы орнатылатын жер Жеке тұратын бұл құрылғыңыздың бір
жағын немесе екі жағын ас үй жиһазына тақатып, не бұрышқа қоюыңызға болады.
Құрылғы мен қабырға арасына, қақпақ ашылатындай етіп шамамен 1 см орын қалдырыңыз.
A
C
Ең аз қашықтық
Өлшемдері мм
A 690 B 150
B
C
16 electrolux
Өлшемдері мм
C 20
Техникалық ақпарат 2-сынып, 1-қосымша сынып және 1-
сынып құрылғысы.
Өлшемдері
Биіктігі 855 мм Ені 500 мм Тереңдігі 600 мм Пештің
сыйымдылығы
Газ санаты II2H3B/P
59 л
Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) -
30/30 мбар
Айнала диаметрлері
Оттық Ø Ішкі байпас 1/100
мм.
Қосымша 30
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 44
Газ оттықтары
Оттық Қалыпты
Қосымша оттық
1,00 0,35 Табиғи газ
1,00 0,35 Бутан G30 28-30 0,50 72,71 0,85 0,31 Пропан G31 28-30 0,50 60,70 Жартылай
жылдам оттық
1,90 0,45 Табиғи газ
2,00 0,43 Бутан G30 30 0,71 145,43 1,70 0,38 Пропан G31 30 0,71 121,40 Жылдам
оттық 3,00 0,75 Табиғи газ
3,00 0,72 Бутан G30 30 0,77 181,78 2,60 0,63 Пропан G31 30 0,77 157,11 Тұмшапеш 2,70 0,90 Табиғи газ
2,70 0,90 Табиғи газ
2,70 0,90 Бутан G30 30 0,87 196,33 2,35 0,78 Пропан G31 30 0,87 167,82
қуаты
кВт кВт мбар мм г/сағ.
1,00 0,40 Табиғи газ
2,00 0,50 Табиғи газ
3,00 0,78 Табиғи газ
Газға қосу Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе тот
Азайтылған
қуаты
Газдың түрі ҚысымыИнж.
Диаметрі
13 0,82 -
G20
20 0,70 -
G20
13 1,11 -
G20
20 0,96 -
G20
13 1,32 -
G20
20 1,19 -
G20
13 1,30 -
G20
20 1,20 -
G20
түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге
Тұтыну
баспайтын болатпен қапталған иілгіш
electrolux 17
жанаспауын немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы Егер қосылымды түгелдей оңай
басқаруға болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту керек.
Орнату: түтік ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрдайым тығыздауышты орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды жалғастырыңыз: Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда қолдану үшін дайындалады: – ол бөлме температурасынан жоғары,
30°C-тан асып қызып кете алмайды; – оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды; – оның ысырмалары болмаса; – оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса; – ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса; – оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкіндігі болса. Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау үшін төмендегілерді тексеру керек: – екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын; – материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болуын; – бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын; – жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін. Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.
Өте маңызды! Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік фиттингінің жақсылап бекітілгенін тексеріңіз. От емес, сабын ерітіндісін пайдаланыңыз!
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару панелінің артында орналасқан.
Назарыңызда болсын! Газды жалғар алдында ашаны розеткадан ағытыңыз немесе сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғышты
сөндіріңіз. Газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.
1 42325
1 Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
2 Тығыздағыш 3 Реттемелі қосылым 4 Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш
5 Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері орнатылған, параметрді өзгерту үшін тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты қолданыңыз
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен инжекторларды алыңыз да, өзіңіз қолданатын газ түріне арналған инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.
5. Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ келетін түтіктің жанында) газбен жабдықтаудың жаңа түрінің затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз құрылғымен бірге жеткізілетін инжекторлар орамынан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі немесе қажетті қысымнан
18 electrolux
басқаша болса, газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін орнату қажет.
Ең кіші деңгейді реттеу Оттықтардың ең төменгі деңгейін
реттеу үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Түймешені ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару түймешесін қозғаңыз.
4. Бұрағыштың көмегімен айналма бұранданы реттеп бұраңыз. Егер 20 мбар табиғи газды сұйылтылған газға ауыстырсаңыз, айналма бұранданы түгелдей қатайтып бұраңыз. Егер сұйылтылған газды, 20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, айналма бұранданы шамамен 1/4 мөлшеріне босатыңыз.
1
1 Ең кіші реттегіш бұранда
5. Түймешені ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, оттың өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті газдың басқа түріне сай лайықтау жұмысын тек уәкілетті маманға ғана тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс істеуге арналған. Дұрыс инжекторлар қолданылса, сұйылтылған газды да қолдануға болады. Газдың тұтынылатын мөлшерін қажетінше лайықтауға болады.
Газ оттықтарының инжекторын ауыстыру.
1. Пеш қуысының астыңғы пластинкасын алып тастаңыз: ( A ) пештің оттығына қол жеткізу үшін ( B ).
B
A
2. Газ пештің оттығын ұстап тұрған ( C ) екі бұранданы босатыңыз.
C
3. Газ оттығын инжектор тағанынан ( D ) ептеп алыңыз. Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Газ оттығы шілтерінің оттық аузында тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтатқыш ашасының сымына ( E ) және термоэлемент жалғастырғышына ( F ) қатты күш салмаңыз.
D
F
E
4. Газ оттығының инжекторын ( D ) 7 мм сомын кілттің көмегімен ағытып алыңыз. Орнына қажетті
Loading...
+ 42 hidden pages