Electrolux EKG501102X User Manual

Нұсқаулық
Пеш
EKG501102
Electrolux əлеміне қош келдіңіз!
Electrolux компаниясының, біз сізге келешекте жайлы тұрмыс күйін сыйлай алады деп үміттенетін, алдыңғы қатарлы өнімдерінің бірін таңдағаныңызға рахмет. Electrolux компаниясының алдына қойған ең басты мақсаты - жайлы тұрмыс сыйлайтын, жоғарғы сапалы өнімдердің түр-түрін ұсыну. Кейбір өнім түрлері, осы нұсқаулықтың сыртқы бетінде көрсетілген. Нұсқаулықты оқуға сəл ғана уақыт бөлсеңіз, жаңа машинаңыздың мүмкіндіктерін толығынан пайдалана аласыз. Біз бұл өнімнің оңай басқарылып, пайдаланушыға рахат күй сыйлайтындығына кепілдік береміз. Сізге сəттілік тілейміз!
electrolux
electrolux
Мазмұны
Қауіпсіздікке қатысты маңызды мағлұмат Пайдалану жəне күтіп ұстау Басқару панелі Пеш үсті Құрылғыны пайдалану Пісіру параметрлері Пештің үстін пайдалану Бұйым құрамына кіретін қосымша жабдықтар Ақыл-кеңес Күтім көрсету жəне тазалау Пеш шамын ауыстыру Пештің бір бөлшегі істемей тұр Техникалық мүмкіндіктер Қауіпсіздікке қатысты ақыл-кеңес Орнату Газ конверсиясы
Нұсқаулықты қалай оқуға болады?
Келесі белгішелер, нұсқаулықты оқу барысында бағдар
көрсетіп отырады.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Пеш қызметтерін бір-бірлеп сипаттау
Ұсыныс жəне кеңес
Қоршаған орта қауіпсіздігіне қатысты мағлұмат
5 8 8 8
9 11 15 17 17 18 21 22 24 24 26 28
Қауіпсіздікке қатысты маңызды мағлұмат
Осы нұсқаулықты келешекте де пайдалану үшін құрылғымен бірге сақтап қойғанның маңызы зор. Егер құрылғы сатылса не басқа адамға берілсе, оның жаңа иесі құрылғының функцияларымен танысып, оған қатысты қауіпсіздік шараларынан да хабардар болуы үшін, нұсқаулықтың да əрқашан бірге берілуін қадағалаңыз. Бұл ескертулер қауіпсіздік мақсатында берілген. Құрылғыны орнатып не пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығуға ТИІССІЗ.

Орнату

Бұл пешті өндірушінің нұсқаулары мен сай келер стандарттарды сақтай отырып, білікті маман орнатуға тиіс.
Бұл пештің салмағы ауыр. Жылжытқан кезде абай болыңыз.
Электр желісіне жалғау жұмыстарын маман электрик/білікті адам жүзеге асыруы тиіс.
Пешті орналастырмас бұрын орауыштарының барлығын алыңыз.
Бұл пеш жанғыш өнімдерді ыдысынан босату құралына қосылмауға тиіс. Бұл пешті орнату мен қосу жұмыстары жарамды ережелерге сай жүзеге асырылуға тиіс. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше назар аударылуға тиіс.
Бұл пеш 230В, 50Гц электр желісіне қосуға арналып жасалған.
Пешті өзгертіп, оны əлденеге
бейімдеуге əрекеттенбеңіз.

Бала қауіпсіздігі

Бұл пеш тек ересек адамдардың пайдалануына арналған. Балаларға үлкендердің бақылауынсыз пештің қасында ойнауға рұқсат етпеңіз.
Пайдаланылып тұрғанда пеш ысып кетеді. Пеш суығанша, балаларды одан аулақ ұстау керек.
Балалар пештің табаларын не кəстрөлдерін тартып қалып та өздерін жарақаттап алуы мүмкін.
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой кемістігіне ұшыраған адамдар, балалар не пеш жұмысына қатысты тəжрибиесі мен білімі нашар адамдар, оны қолдану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша жəне олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз қолдануына болмайды.

Пайдалану кезінде

Бұл пеш, тек тұрмыста пайдалану үшін жасалған. Бұл пеш коммерциялық мақсатта не өнеркəсіпте қолдануға арналмаған.
Газ пешін пайдаланған кезде оны орнатқан бөлменің ішін пештен бөлінген ыстық пен ылғал жайлайды. Желдеткіш саңылауларды бірқалыпты ұстау арқылы не желдету түтікшесі бар арнайы құрылғыны пештің үстіне орнату арқылы ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз етіңіз.
electrolux
electrolux
Пешті ұзақ уақыт пайдаланған кезде, терезені ашу не ауа сорғыштың жылдамдығын арттыру желдету қарқынын жақсартуға тиіс.
Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске қоспаңыз.
Пайдаланған кезде гриль табасы ысып кететіндіктен, ыстық гриль табасын əрқашан арнаулы қолғап киіп алыңыз не алмастырыңыз.
Пешті пайдаланбаған кезде, параметр басқару түймешесінің ‘OFF’ қалпында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Басқа электр құрылғыларын пайдаланған кезде, пештің ысып тұрған беттеріне кабельдердің тиіп кетпеуін тексеріңіз.
Түбі орнықсыз не сай келмейтін ыдыстарды пеш көздеріне қойып пайдалануға болмайды, себебі олар аударылып кету не тағамның тасып төгілуі тəрізді қатерлі жағдайларды тудыруы мүмкін.
Май жəне тоңмайды пайдаланып тағам пісірген кезде, пешті ешқашан назардан тыс қалдырмаңыз.
Пешті ешқашан оның ұстағышынан ұстап тартып жылжытпаңыз.
Бұл пешті əрқашан таза ұстау керек. Пеште жиналып қалған май не тағам өрт қатерін туғызуы мүмкін.
Пешті тазалау үшін ешқашан бу не жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Пластик ыдыстарды ешқашан
пештің ішінде пісіруге не үстіңгі көздеріне қойып пісіру үшін қолданбаңыз. Пештің ешбір бөлшегін алюминий қаңылтырмен қаптамаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін оның корпусының арт жақ орта тұсының орта шегінде орналасқан саңылаудың бітеліп не қалқаланып қалмағанын тексеріңіз.
Тез бұзылатын ас, пластик заттар жəне аэрозоль жылу əсеріне тез ұшырайтындықтан оларды пештің үстінде сақтамау керек.
Құрылғы қақпақпен жабдықталған: бұл жабық тұрған кезде шаң-тозаңнан, ал ашық тұрғанда тағам шашырандысынан қорғауға лайықтап жасалған. Қақпақты басқа мақсатта қолданбаңыз.
Қақпақты ашпас бұрын əрқашан оның бетінде тұрып қалған тағам шашырандысын сүртіп алыңыз жəне оны жаппас бұрын құрылғыны салқындатып алыңыз.
Пешті пайдаланып болғаннан соң, пеш пен оның үсті əбден суымайынша қақпақты жаппау КЕРЕК.

Қызмет көрсету

Бұл құрылғыға қатысты жөндеу не қызмет көрсету жұмыстарын тек ғана уəкілетті қызмет көрсету маманы жүзеге асыруға тиіс жəне тек ғана өзіне сай келер сайман-бөлшектер қолданылуға тиіс.
Қоршаған ортаға қатысты мəлімет
Орнатқаннан соң, орауыш заттарды қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау ережелерін мұқият сақтай отырып арнайы жерге тастаңыз.
Ескі құрылғыны тастар кезде, оның кабелін кесіп алу арқылы мүлдем жарамсыз етіп барып тастаңыз.
Бұл нұсқаулықты келешекте де пайдалану үшін сақтап қойыңыз, егер құрылғы келешекте басқа бір адамға берілсе нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
electrolux
Өнімнің не оның қорабының
сыртындағы
белгішесі, бұл өнімнің əдеттегі тұрмыстық қалдықтар қатарына жатпайтындығын көрсетеді. Сондықтан да, бұл өнімді, электр жəне электроника бұйымдарын қайта өңдеуден өткізу үшін арнайы жинайтын жерге апару керек. Өнімнің қолданыс мерзімі аяқталғаннан соң, арнайы қалдықтарды жинайтын жерге апару арқылы, бұл өнім дұрыс жолмен өңделмеген жағдайда орын алуы мүмкін, адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін залалды əсерлердің алдын алуға өз үлесіңізді қосасыз. Бұл өнімді қайта өңдеуден өткізу туралы қосымша мəліметті жергілікті əкімшіліктен, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметін көрсетуші ұйымнан, не өнімді сатып алған дүкеннен аласыз.
electrolux
Пайдалану жəне күтіп ұстау
Басқару панелі
Пеш шамы
Пеш/Гриль от көзін басқару түймешесі
Таймер түймешесі
Алдыңғы сол жақ көздің қуатын басқару түймешесі
Артқы сол жақ көздің қуатын басқару түймешесі
Артқы оң жақ көздің қуатын басқару түймешесі
Алдыңғы оң жақ көздің қуатын басқару түймешесі
От тұтатқышты қосып-ажыратқыш
Пеш үсті
Артқы сол жақ көз (орташа-жылдам -
2000 Вт)
Алдыңғы сол жақ көз (орташа-
жылдам - 2000 Вт)
Алдыңғы оң жақ көз (жылдам - 2600
Вт)
Артқы оң жақ көз (қосымша - 1000
Вт)
Құрылғыны пайдалану
Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын
Пешті пайдаланбас бұрын оның ішіндегі жəне сыртындағы орауыштардың барлығын алып тастаңыз. Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз: V.M.C. (Механикалық жолмен желдету) не терезені ашып желдету.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын пешті еш тағамсыз қыздырып алу керек. Осы кезде, жағымсыз иістің шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
1. Пештің қосымша жабдықтарын алып, оның барлық орауыштарының алынғанын тексеріңіз.
2. Пештің көзін тұтатыңыз да (нұсқауларды қарап шығыңыз),
басқару түймешесін
-ге (ең
көп) қойыңыз.
3. Желдету үшін терезені ашыңыз.
4. Пешті еш затсыз 45 минуттай
қосып қойыңыз.
Бұл əрекетті гриль функциясын қолданғанда 5-10 минуттай орындау керек.
electrolux
Есік əбден ашылғанша тұтқасын жібермей ұстап тұрыңыз, есікті тартқаннан кейін əрі қарай еш сүйемелсіз ашылуына жол бермеңіз. Пешті пайдаланған кезде, шамадан тыс ысып кетпес үшін қақпақты ашып қою керек.

Пеш қауіпсіздігі құралы

Пеш термо-жұппен жабдықталған; Егер қандай да бір жағдайға байланысты пеш жалынын өшіру керек болса, бұл құрылғы газдың берілуін тоқтатады.
Қолданылуы
Бұл пешті дəстүрлі тəсілмен не гриль функциясын қолданып пісіру үшін қолдануға болады, бірақ бұл екеуін бір мезетте қатар қолдануға болмайды. Түймешедегі белгіше басқару панеліндегі белгішеге сай келеді.
- Өшіру (Off)
Ең көп
Ең аз
Гриль функциясы
Пайдаланылып тұрғанда пеш ысып кетеді.
Пеш суығанша
балаларды одан аулақ ұстау керек.
electrolux
10
Тұтату
Назар аударыңыз: Пеш көзін тұтатқан кезде, оның есігін ашу керек.
Пеш есігін ашыңыз.
Пеш қуысының түбіндегі
қақпақшаны көтеріңіз.
Ұшқын пайда болу үшін
электрондық жолмен от тұтату түймешесін басыңыз. Оны жалын пайда болғанша басып ұстап тұрыңыз(1 ұшқын / секунд).
Осы кезде басқару түймешесін
сол жаққа қарай бұрап
-ші
орынға қойыңыз да, басқару
түймешесін басып газ жанғанша (от тұтатқыштан газ көзін жағатын
ұшқын пайда болғанша) ұстап тұрыңыз.
От тұтанған кезде түймешені
шамамен 10 секунд (қауіпсіздік клапаны автоматты түрде от көзін жанған қалпы сақтап тұру үшін)уақыт басып ұстап тұрыңыз
Не электр қуаты өшіп қалса
Пеш есігін ашыңыз,
Пеш қуысының түбіндегі
қақпақшаны көтеріңіз.
Басқару түймешесін басып солға бұрап 8-ші орынға қойыңыз, жəне жалынды астыңғы жақтағы саңылауға жақынырақ ұстаңыз;
Түймешені 10 секундтан кейін босатыңыз (қауіпсіздік клапаны
автоматты түрде пеш көзін жанған қалпы ұстап тұрғанша) жəне пеш көзінің табақшасындағы саңылаулардан жалын шығып тұрғанын тексеріңіз.
Егер қандай да бір себеппен от сөніп қалса, басқару түймешесін өшіру(off) қалпына қойып, содан кейін ең кем дегенде 1 минут уақыт өткеннен соң пешті қайта тұтатуға тырысыңыз.
Пеш есігін жабыңыз
Пешті 10 мин. ең жоғарғы
көрсеткішіне қойып алдын ала қыздырып, содан соң түймешені қалаған орынға қойыңыз.
Егер қандай да бір себеппен от сөніп қалса, басқару түймешесін өшіру(off) қалпына қойып, содан кейін ең кем дегенде 1 минут уақыт өткеннен соң пешті қайта тұтатуға тырысыңыз.
Пеш есігін жабыңыз
Пешті 10 мин. ең жоғарғы
көрсеткішіне қойып алдын ала қыздырып, содан соң түймешені қалаған орынға қойыңыз.
Пеш көзін сөндіру
Пеш көзін сағат бағытымен бұрап мына белгішеге қойыңыз:«
».
Ыдыстарды не қаңылтыр затты пеш түбіне тура қоймаңыз.
Loading...
+ 22 hidden pages