Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Жұмыс жүйесі 4
Әркүндік қолдану 5
Қосымша жабдықтар 15
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Күту менен тазалау 17
Не істерсіңіз, егер... 20
Техникалық сиппатама 21
Орнату 21
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Өте маңызды! Пайдаланушы
нұсқаулығын келешекте де пайдалану
үшін құрылғымен қатар сақтап қою
қажет. Егер құрылғы сатылса не басқа
адамға берілсе, оның жаңа иесі
құрылғының функцияларымен танысып,
оған қатысты қауіпсіздік шараларынан
да хабардар болу үшін, нұсқаулықты да
әрқашан бірге беруді ескеріңіз.
Бұл ескертулер қауіпсіздік мақсатында
берілген. Құрылғыны орнатып не
пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты
мұқият оқып шығуға ТИІССІЗ.
Орнату
• Бұл пешті білікті маман өндірушінің
нұсқауларына сай орнатуға тиіс.
• Осы құрылғыға қатысты жөндеу
жұмыстарын тек қызмет көрсету
рұқсатына ие мамандар ғана жүзеге
асыруға тиіс.
• Бұл құрылғыға қатысты жөндеу не
қызмет көрсету жұмыстарын тек ғана
уәкілетті қызмет көрсету маманы
жү зе ге ас ыр уғ а т иі с ж ән е т ек ған а ө зі не
сай келер сайман-бөлшектер
қолданылуға тиіс.
• Бұл пештің салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
• Пешті пайдаланбас бұрын
орауыштарының барлығын алыңыз.
• Құрылғыға жалғанатын электр
желісінің параметрлері техникалық
сипаттар тақтайшасында көрсетілген
талаптарға сай келетіндігін тексеріңіз.
• Пешті қандай бір жолмен өзгертуге
әрекеттенбеңіз.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл пеш тек ересек адамдардың
пайдалануына арналған. Балаларды
қадағалап отыру қажет, әрі оларға
құрылғымен ойнауға рұқсат бермеу
керек.
• Пеш пайдаланылып тұрған кезде ысып
кетеді және қолданылып болғаннан
кейін де өз жылуын ұзақ уақыт бойы
сақтап тұрады. Пеш суығанша
балаларды одан аулақ ұстау керек.
• Балалар пеште тұрған табалар не
кәстрөлдерді тартып қалып та өздерін
жарақаттап алуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның
қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
Пайдалану кезінде
• Бұл пеш тек тұрмыста пайдалану үшін
ға на жа сал ға н. Бұл пе ш к омм ер ци ялы қ
мақсатта не өнеркәсіпте қолдануға
арналмаған.
• Бұл пешті суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
electrolux 3
• Пайдаланған кезде гриль табасы ысып
кететіндіктен, ыстық гриль табасын
әрқашан арнаулы қолғап киіп алыңыз
не алмастырыңыз.
• Пеш қолданылып тұрғанда ысып
кетеді. Пештің ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізуден сақ
болыңыз.
• Пешті пайдаланбаған кезде, басқару
түймешелерінің 'OFF' қалпында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Басқа электр құрылғыларын
пайдаланған кезде, пештің ысып
тұрған беттеріне сымдардың тиіп
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Май және тоңмайды пайдаланып
тағам пісірген кезде пешті ешқашан
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Бұл пешті әрқашан таза ұстау керек.
Пеште жиналып қалған май не тағам
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Бұл пешті тек нұсқауларға сәйкес
тазалаңыз.
• Пештің үстіңгі жағын жұмыс алаңына
не зат сақтауға арналған орынға
айналдырмаңыз.
• Бос ыдыстарды пісіру аймақтарына
қоймаңыз не пісіру аймақтарын ешбір
ыдыссыз пайдаланбаңыз.
• Пештің керамикалы шыны беті
температура әсеріне төзімді және өте
берік, дегенмен оны мүлдем
сынбайды деуге болмайды. Қатты
және өткір заттар, әсіресе пеш үстіне
құлап кеткен жағдайда пісіру аймағына
нұқсан келтіруі мүмкін.
• Шойыннан жасалған ыдыстарды не
түбіне қандай да бір нұқсан келген
кедірлі-бұдырлы ыдыстарды
пайдаланбаңыз. Ыдыстарды
сырғанатқан кезде пісіру аймағына
сызат түсуі мүмкін.
• Қышқыл зат қосылған сұйықтар,
мысалы, сірке суы, лимон қышқылы не
қақ кетіргіштердің пеш үстіндегі
жақтауға тиіп кетпеуін қадағалаңыз,
әйтпесе дақ қалып қоюы мүмкін.
• Егер қант не қант қосылған тағам
ыстық тұрған пісіру аймағына тиіп,
содан соң еріп кетсе оны ыстық тұрған
күйінде қырғышты пайдаланып дереу
тазалап алыңыз.
• Еріп кететін заттар мен
материалдарды, мысалы, пластмасса
заттарды, алюминий қаңылтырды не
пеш қаңылтырларын пештің керамика
бетінен аулақ ұстаңыз. Егер осы
сияқты заттардың қайбірі пештің
керамика бетінде еріп кетсе оны да
қырғышты пайдаланып дереу тазалап
алу керек.
• Пеш үстінде сызат қалып қоймас үшін
шеттері бұдыр емес түбі біртегіс
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
• Пеш ішінде ешқашан пластмасса
ыдыстарды пайдаланбаңыз. Пештің
ешбір бөлшегін алюминий
қаңылтырмен қаптамаңыз.
• Пеш қуысындағы ауа айналымын
қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан
саңылаудың бітеліп не қалқаланып
қалмағанын тексеріңіз.
4 electrolux
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғының сипаттамасы
1
2
3
4
5
Басқару панелі
1 Пештің керамикалы шыны беті
2 Басқару панелі
3 Есік тұтқасы
4 Пеш есігі
5 Астыңғы суырманың есігі
87
1234569
1 Артқы сол жақтағы қыздыру аймағын
басқаратын түймеше
2 Алдыңғы сол жақтағы қыздыру
аймағын басқаратын түймеше
3 Алдыңғы оң жақтағы қыздыру
аймағын басқаратын түймеше
4 Артқы оң жақтағы қыздыру аймағын
басқаратын түймеше
Жұмыс жүйесі
Ең алғаш пайдаланбас бұрын
Назарыңызда болсын! Пешті
пайдаланбас бұрын оның ішіндегі
және сыртындағы орауыштардың
барлығын алып тастаңыз.
Техникалық сипаттамалар тақтайшасы
Пеш үлгісінің нөмірін, оның есігін ашқан
кезде алдыңғы жақтаушаның астыңғы
жағында орнатылған техникалық
сипаттар тақтайшасынан таба аласыз.
electrolux 5
Пештің қауіпсіздігі өзіне сай келетін
сақтандырғыш пен айырып-қосқыш
арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. Пештің
техникалық сипаттары оның техникалық
тақтайшасында көрсетілген.
Уақытты орнату мен өзгерту
Құрылғыны электр желісіне қосқаннан
кейін не электр қуаты өшіп қалғанда,
бейнебетте 12:00 пайда болады да,
шамы автоматты түрде жыпылықтайды.
Бұл шам жыпылықтап тұрған кезде
және түймешіктері арқылы уақытты
реттеп орнатуға болады. Уақыт дұрыс
орнатылғаннан кейін соңғы амалдан соң
5 секунд сақталып тұрады да,
қайта өшіп қалады.
Қажетті тәулік уақытын орнатуға болады.
Ол үшін режим түймешігін
жыпылықтағанша басып, содан соң
қажетті тәулік уақытын қоюға болады.
Бос пешті қыздыру
Пешті ең алғаш пайдаланбас бұрын оны
еш тағамсыз қыздырып алу қажет.
Жағымсыз иіс шығуы ықтимал, бірақ бұл
әбден қалыпты жағдай.
1. Пеш жабдықтарын алыңыз.
2. Пешке жапсырылған қандай да бір
жапсырмалар не қорғауыш таспалар
бар болса, оларды да алып тастаңыз.
3. Қажетті түймешені " 275 " қалпына
қойыңыз да, пешті шамамен 45 минут
қыздырыңыз.
Бұл әрекетті гриль функциясын
қолданғанда 5-10 минуттай орындау
қажет.
ШАМЫ
Пештің керамика үсті
Пештің керамика үстін ең алғаш
пайдаланбас бұрын мұқият тазалаңыз,
оны сәл жылы не суық тұрған кезде
мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз. Үздіксіз
күйген тағам қалдығын не ластықты
әбден қатпайынша тазаламаңыз.
Пештің керамика үстін шыныны
тазалағандай тазалап және күтіп ұстау
керек. Жеміргіш тазалағыш заттарды не
беті түрпілі заттарды ешқашан
қолданбау керек. Керамикалы шыны
бетті ең алғаш пайдаланған кезде одан
уақытша жеке тұрған судың булануына
байланысты иіс шығуы мүмкін.
Пеш жабдықтарын жұмсақ тазартқыш
заттармен тазалаңыз. Шайыңыз да
мұқият құрғатыңыз.
Конденсат және бу
Тағам ысытылған кезде одан қайнап
жатқан шәйнектен шығатындай бу
шығады.
Будың аздаған бөлігі пештің желдеткіш
саңылаулары арқылы сыртқа
шығарылады. Дегенмен, жиналған бу не
жылуды шығарып жіберу үшін, пеш
есігін ашарда әрқашан артқа шегініп
тұрыңыз.
Егер пештің жақтауы тәрізді сыртқы
салқын бетін бу шалса, онда конденсат
түзіліп су тамшылары пайда болады. Бұл
қалыпты жағдай, пештің еш жерінде ақау
жоқ. Пештің өңі қашып не кірлеп кетудің
алдын алу үшін конденсатты мезгілмезгіл сүртіп отырыңыз.
Ыдыс-аяқ
°
290
C температураға төзімді кез келген
ыдыс-аяқты пайдалануға болады.
Пеш ыдыстары, т.б. ыдыстарды пештің
табанына тура қоюға болмайды.
Әркүндік қолдану
Пештің функциялары
Пештің барлық функцияларында
айғ ақ та уы ш ш ам пе ш қ ыз ып тұ рғ ан ке зд е
жанып, орнатылған температура
деңгейіне жеткен кезде сөніп қалады
(термореле қосылғанда жанып,
ажырағанда сөніп отырады). Пеш
функциясын таңдау үшін функция
6 electrolux
түймешесін сағат бағытына қарай бұрап
қажетті функцияның белгішесіне апарып
қойыңыз.
ФункцияСипаттамасы
Пештің шамы барлық параметрлерде автоматты түрде жанады.
Пеш шамы
Пісіру
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Желдеткішпен
пісіру
Гриль
Турбо гриль
Пицца
функциясы
Жібіту
Сонымен қатар функциялардың ешқайсысын қоспай-ақ шамды жағып
қоюға болады.
Үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтер пайдаланылады. Бұл
функция өзіңіз қалайтын рецептілерді температураны арнайы
бейімдеместен-ақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пешті
міндетті түрде алдын ала қыздырып алу қажет.
Тек пештің астыңғы элементіндегі тағамды ғана аяқтап пісіруге мүмкіндік
береді.
Термо-ағым арқылы пісіру: бұл функция пештің кез келген сөресіндегі
тағамдарды бір мезетте қуырып және пісіруге мүмкіндік береді, бұл кезде
тағам иісі басқа тағамға болар-болмас қана сіңеді.
Гриль және пештің үстіңгі элементі қатар пайдаланылады. Бұл функция
үшін температура максимум 230
Гриль мен үстіңгі қыздырғыш элемент қатар пайдаланылады және қажет
болса, желдеткіш те қолданылады.
Бұл функция үшін температура максимум 230
Пешті желдеткіш элементтері (желдеткіш пен оның айналасындағы
элемент) мен астыңғы қыздырғыш элементпен қатар пайдалану.
(Бұл тағам пісіруге АРНАЛМАҒАН). Бұл мұздатылған тағамдарды
жылдамдатып жібітуге арналған.
Пеш терморелесі
Пеш терморелесінің түймешесін сағат
бағытымен бұрау арқылы пісіру
температурасын таңдайсыз.
Бұл жерде көрсетілген температура
мәндері түймешеде де көрсетілген.
Температураны таңдау 50
°
C басталады
да, пештің ортасындағы температура
°
шамамен 275
C жетеді.
Термореле басқаратын температура
әркелкі болатындықтан, көрсетілген
температуралардың аралығындағы
мәнді де таңдауға болады.
Пісіру табасы температураның
ауытқуына не оған тағам (пицца т.б.)
біртегіс жаймаланып салынбауына
байланысты уақытша
деформацияланып қалуы мүмкін.
Салқындағаннан кейін таба өз қалпына
келеді.
Пештің қандай функциясын пісірудің қай
түрі үшін қалай тиімді қолдануға
болатындығы туралы практикалық
кеңесті төменнен көріңіз:
Конвекция арқылы пісіру қыздырылған
ауаның табиғи конвекциясы арқылы
жүзеге асырылады.
ешқашан тура қоймаңыз.
Пештің түбінен келер жылуды бөгеп
тастау шамадан тыс қызып кетуге
әкеліп соғатындықтан, пеш сырын
кетіріп жіберуі мүмкін.
Пайдаланылып тұрған пеш ысып
тұрады: ПЕШ МАҢЫНДА ЖҮРГЕН
º
C болуға тиіс
º
C болуға тиіс.
БАЛАЛАРДЫ КӨЗДЕН ТАСА
ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК.
Пісіру
Қалай орындауға болады?
Кішкене торт-тоқаш өнімдері мен тортқа
арналған қалыпқа салынған
көпіршітілген қоспаларға арналған.
1. Пешті алдын ала қыздырыңыз, ол
үшін функция түймешесін
қалпына
қойыңыз
a)
8 минуттай қыздыру 50
º
C үшін қажет;
b)
15 минуттай қыздыру 175
º
C үшін қажет;
250
º
C-ден 150
º
C-тен
2. Тағамды салыңыз. Пеш термореле
түймешесін қажетті температураға
қойыңыз.
Шырпы ұшымен көтеріліп пісетін
торттың пісуіне 5 мин. қалған кезде оның
піскен-піспегенін тексеріп көріңіз. Содан
соң пісіру уақытын азайтып не
созуыңызға болады. Пісіруге арналған
ыдыс жасалған материал, түсі, пішімі
және көлемі сонымен қатар, рецепт те
пісіру нәтижесіне әсер етеді. Пісіру
функциясы тағам түсін біркелкі етіп
пісіреді.
Астыңғы қыздырғыш элемент
Қызу тек пештің астыңғы жағынан ғана
келеді. Пеш функциясының түймешесін
бұл орынға қоюды пісірілген тағамды
аяқтап пісіру үшін ұсынамыз.
Қалай орындауға болады?
1. Пештіалдын ала қыздырыңыз, ол
үшін функция түймешесін
қалпына
10 минуттай қойыңыз және
термореле түймешесін максимум
қалпына әкеліңіз.
2. Тағамды салыңыз. Пеш термореле
түймешесін қажетті температураға
қойыңыз.
electrolux 7
Желдеткішпен пісіру
Пештің ішіндегі ауа артқы панельде
орналасқан желдеткіштің
айналасындағы элементтер арқылы
қыздырылады. Пеш ішіндегі
температураны қажетті деңгейде ұстап
тұру үшін желдеткіш ыстық ауаны
айналдырып тұрады.
Бұл функцияны пайдаланудың тиімді
жақтары:
Алдын ала жылдам қыздыру
Себебі желдеткішті пеш қажетті
температураға жылдам жететіндіктен
оны алдын ала қыздырудың қажеттігі
жоқ, сондай-ақ пісіру уақытына 5-7
минутты артықтай қосуды қажет деп
табуыңыз да мүмкін. Жоғары
температураны қажет ететін
рецептілерді(мысалы, нан, кондитер
өнімдері, лаваш, суфле
т.б.)пайдаланғанда, пешті алдын ала
қыздырсаңыз тамаша нәтижеге жетесіз.
Төмен температура
Конвекция арқылы пісіргенге қарағанда,
желдеткішті пеш негізінен төмен
температураларды қажет етеді.
Конвекция арқылы пісіруді қажет ететін
өз рецептілеріңізді пайдаланғанда,
температураны 20- 25
°
C азайт ып қою ды
ұмытпаңыз.
Пісірген кезде біркелкі қыздыру
Желдеткішті пештің сөре орналасатын
сырғытпаларының барлығында да тағам
біркелкі қыздырылады. Бұл біркелкі
тағамдардың бірнеше партиясын пеште
бір уақытта пісіруге болатындығын
көрсетеді. Дегенмен, үстіңгі сөредегі
тағам астыңғы сөреге қарағанда сәл
жылдам қызаруы мүмкін.
Бұл әбден қалыпты жағдай.
Тағамдардың дәмі бірінен біріне
сіңбейді.
Желдеткішті пешті қалай пайдалануға
болады
1. Пештің функцияны басқаратын
түймешесін
белгішесіне қойыңыз
2. Пештің терморелені басқаратын
түймешесін қажетті температураға
қойыңыз.
8 electrolux
Ақыл-кеңес
Сөре сырғытпалары шешуші роль
атқармайды, дегенмен сөрелердің
дұрыс таратылып орнатылғанын
қадағалаңыз.
Желдеткішті пеште бірден көп тағам
пісірген кезде, тағамдардың барлығын
бір сөреге қойғаннан гөрі, әрбір сөренің
ортасына таратып қойғаныңыз дұрыс.
Тағам толы пеш үшін пісіру уақытын сәл
созу қажет болуы мүмкін.
Сөрені пештің табанына қоюға болады.
Тағамдарды пештің табанына
орналастырудың орнына, тағам
айналасындағы ауа айналымын
жақсарту үшін сөреге осылай
орналастырыңыз.
Пешке біртекті тағамды толтыра салған
кезде, мысалы бірдей кішкене торттар не
біркелкі "Виктория" сэндвич торттарын
салған кезде, бұлардың барлығы да
біркелкі піседі де, пештен бір уақытта
алынады. Үлкендігі әртүрлі табаны
қолданғанда не әртүрлі тағам түрлерін,
мысалы печенье не торт түрлерін
пісірген кезде, бұлардың барлығы
міндетті түрде бір уақытта пісуге тиіс
емес.
Желдеткішті пешті мысалы, жеміс
тарталеткасы, мейізі бар бәліш, шұжық
не ет қосылған пирожок және басқа
кішкене кондитер өнімдерін алдын ала
жібітпестен қыздыру үшін пайдалануға
болады. 190 - 200
°
C температураны
пайдаланыңыз да, 20-40
минуттай(пештегі тағамның мөлшеріне
қарай)қыздырыңыз.
Температуралар тек жалпылама ұсыныс
ретінде ғана берілген. Температураны
жеке талаптарыңыз бен қалауыңызға
сай көбейтіп не азайту қажет болуы
мүмкін.
Ыдыстардың пісіру нәтижесіне тигізер
әсері
Ыдыстар мен қалбыр сауыттардың
қалыңдығы, жылу өткізгіштігі, түсі, т.б.
қасиеттері әртүрлі әрі олар жылудың
ыдыс ішіндегі тағамға өтуіне әсер етеді:
1. Алюминий, керамика, пеште
қолданылатын шыны ыдыстар және
жылтырақ ыдыстар тағамды тездетіп
пісіреді және оның түп жағын да
тезірек қызартады.
2. Сырлы шойын, анодталған
алюминий, іші зат жабыспайтын
материалмен қапталған алюминий
және сырты боялған, сондай-ақ түсі
баран және ауыр ыдыстар тағамды
баяу пісіреді және түп жағын да баяу
қызартады.
Гриль
Назарыңызда болсын! Грильдеу
кезінде құрылғының қол жетер
жердегі бөліктері қызып кетеді және
пешті байқаусыз қалдырмаған жөн.
Балалардың пешке жақын ойнауына
жол бермеңіз. Пеш қолданылып
тұрғанда ысып кетеді. Пештің
ішіндегі қыздырғыш элементтерге
қол тигізуден сақ болыңыз.
Бұл функция үшін қажетті максимум
º
температура 230
C.
Майдың үлкендігі, салмағы, көлемі, тіпті
еттің бастапқы температурасы да пісіру
нәтижесі мен гриль арқылы пісіру
үрдісінің ұзақтығына әсер етеді. Балық,
құс еті, бұзау және шошқа еті, сиыр және
аң еті тәрізді қаралтым еттердей
қызарып піспейді. Көкөніс майы және/не
дәмдеуіштер арқылы да түсін жақсартуға
болады, бірақ бұл еттің күйіп кету қаупін
де ұлғайтады.
Пісіру нәтижесін жақсарту үшін тағамды
тоңазытқыштан алған бетте
грильдемеңіз. Етті құрғатыңыз да пеш
сөресіне қойып, дәмдеуіштер қосып дәмтатымын келтіріңіз. Қаңылтырмен
жақсылап қапталған пеш ыдысын аққан
май тәрізді заттарды жинап алу үшін
сөренің астына қойыңыз. Шошқа етінің
кесектері, стейк және балықты
жоғарырақ қойып грильдеу керек болса,
жеке-жеке қабырғалардың қалың етін
төменірек қойып грильдеген жөн.
Функцияны басқаратын түймешені
қалпына қойыңыз да, температураны
басқаратын түймешені қажетті
температураға қойыңыз(максимум 230
C). Гриль құрылғысын 3-5 минут
қыздырыңыз. Тағамды назардан тыс
ұмыт қалдырмаңыз, ең аз дегенде бір
рет аударыңыз. Тағамды ұзақ уақыт
грильдеу оны кептіріп, солдырып, тіпті
күйгізіп жіберуі де мүмкін. Грильді
қолданып пісіргенде пештің есігі жабық
тұруға тиіс.
Турбо гриль
Бұл функция үшін қажетті максимум
º
температура 230
C.
electrolux 9
баруын қамтамасыз етсе, желдеткіш
ауаның айналуын қамтамасыз етіп,
пиццаның үстіндегі қоспаларды не бәліш
ішіндегі қоспаларды пісіреді.
Ең жақсы нәтижеге жету үшін сөренің
астыңғы қатарларын пайдаланыңыз.
Жібіту параметрлері
Функцияны басқаратын түймешені
қалпына қойыңыз. Мұздатылған ет,
балық, үсті әрленген не толтырғыштар
салынған нан-тоқаш өнімдерін пісіргенде
температураны басқаратын құралды
өшіріп қойыңыз.
Пеш сөрелері/пісіру табаларын көп
мөлшердегі тағамды жібітетін болсаңыз
º
пештің бірнеше қатарларына
орналастыруға болады. Бұл жерде
қажетті уақыттар берілмейді. Істік ұшын
қолданып тексеріп көріңіз.
Ақыл-кеңес
Жібіту кезінде тағам кебірсіп кеуіп
кетпес үшін бетін қақпақпен,
алюминий қаңылтырмен не пластик
таспамен жабыңыз.
Балық филесінің кішкене не жұқа тілігін
не қабығы аршылған креветка, фарш,
бауыр және майда туралған ет 1-2
сағатта жібітіледі. Тағам тазалығын
тиісті түрде қамтамасыз ету үшін
жібітілген тағамды дереу пісіріп не
тоңазытқышқа салуды ұмытпаңыз.
Жібітілген тағамды бөлме
температурасында
ҚАЛДЫРМАҢЫЗ. Жібітілуге тиіс
тағамды мүмкіндігінше бір қабаттан
салыңыз да, жібітудің орта тұсында
аударып қойыңыз.
Турбо гриль тағамды жылдамырақ
пісіреді және грильге қарағанда біртегіс
қызартады. Гриль элементі тағамды
қызартады, ал желдеткіш қызған ауаны
айдайды. Бұл 'ұзын' болып дайындалған,
мысалы сан ет тәрізді тағамның барлық
жерін біртұтас, біркелкі түсті етіп
қызартуға тамаша жарайды.
Пицца функциясы
Астыңғы қыздырғыш элемент пицца,
квиче не бәліш түбіне қызудың тура
Пеш шамы
Бұл шам пеш функциясын басқаратын
түймеше қосылғанда жанып, пеш жұмыс
жасап тұрғанда жанған күйі тұрады.
Сөренің телескопиялық сырғытпалары
Сырғытпа жолдарды алу және салу
Телескопиялық сырғытпалары бар
жылжымалы жолдар, кәдімгі
жылжымалы жолдар тәрізді алынып
және қайта орындарына салынады.
10 electrolux
Өте маңызды! Жылжымалы жолдарды
орындарына салған кезде,
телескопиялық сырғытпаларды бекітетін
тығырықтардың алдыңғы жаққа қарап
тұрғанын тексеріп алыңыз.
Орнату үшін жолдарды қабырғаларға
бекітіңіз де, содан соң бұрандалады
бұрап қатайтыңыз.
Уақытты басқаратын жүйесі бар жарық
диодты таймер
Таймер функциясы 3 функция
түймешелері арқылы жұмыс жасайды:
Уақытты орнататын
түймешелер
Режим түймешігі
Осы баптаулардан кейін төменгі
функцияларды таңдауға болады:
Жұмыс кезеңі
Жұмыс кезеңін тоқтату
Минут операторы
Тәулік уақыты
Минут операторы (интервал уақыты)
Интервал уақытын орнату үшін режим
түймешігін, жарық диодты шамға
қатысты сегмент жыпылықтағанша
қайталай басыңыз. Содан соң интервал
уақытын "қосу" мен "алу" түймешіктерін
қолданып орнатуға болады. Содан соң,
жарық диодты ШАМ тұрақты жанып
тұрады. Интервал уақыты өтіп біткен
соң, дыбысты сигнал (2 сигнал) беріледі
де, жарық диодты ШАМ қайтадан
жыпылықтайды. Жыпылықтау мен
дыбысты сигналды өшіру үшін кез келген
түймешікті басыңыз. ШАМ өшеді де,
бейнебетте қайтадан тәулік уақыты
пайда болады.
Жылжымалы жолдарды алу
Жылжымалы жолдарды алу үшін
бұрандаларды ағытыңыз да, содан соң
жылжымалы жолдарды пештен
шығарып алыңыз.
Телескопиялық сырғытпаларды тазалау
Телескопиялық сырғытпалары бар
жылжымалы жолдарды ыстық сабынды
суды пайдаланып қолмен жуыңыз. Егер
аса қатты ластанып кетсе темір жөкемен
тазаламас бұрын алдын ала жібітіп
алыңыз.
Өте маңызды! Телескопиялық
сырғытпаларды ешқашан майламаңыз.
Жұмыс кезеңі
Жұмыс уақытын орнату үшін режим
түймешігін жарық диодты ШАМ
жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
Содан соң қалаған жұмыс кезеңін (уақыт
мерзімі 0,01.01сағ. пен 10,00.00сағ.
арасында) "қосу" мен "алу" белгішесі бар
түймешіктерді пайдаланып орнатуға
болады. Баптау жұмысын аяқтаған бұл 5
секундтай сақталады және жарық
electrolux 11
диодты ШАМ жанған қалпы тұрады.
Бейнебетте қайтадан тәулік уақыты
пайда болады. Жұмыс кезеңі аяқталған
соң реле ашылады да ескерту сигналы(4
сигнал) беріледі және жарық диодты
ШАМ қайта жыпылықтайды.
Жыпылықтау мен дыбысты сигналды
өшіру үшін кез келген түймешікті
басыңыз. Жарық диодты ШАМ өшеді де,
реле қайта жабылады.
уақытты(тәулік уақыты + 1 минут және
тәулік уақыты - 1 минут) "қосу" және "алу"
белгілері бар түймешіктер арқылы
орнатуға болады. Баптау жұмысын
аяқтаған бұл 5 секундтай сақталады
және жарық диодты ШАМ жанған қалпы
тұрады. Бейнебетте қайтадан тәулік
уақыты пайда болады. Жұмыс кезеңін
тоқтататын уақыт келген кезде реле
ашылады да ескерту сигналы(4 сигнал)
беріледі және жарық диодты ШАМ
жыпылықтайды. Жыпылықтау мен
дыбысты сигналды өшіру үшін кез келген
түймешікті басыңыз. Жарық диодты
ШАМ өшеді де, реле қайта жабылады.
Жұмыс кезеңін тоқтату
Жұмыс кезеңін тоқтату функциясын
орнату үшін режим түймешігін жарық
диодты ШАМ жыпылықтағанша қайтақайта басыңыз. Содан соң қалаған
жұмыс кезеңін тоқтататын
ПІСІРУ КЕСТЕСІ
ТағамСөре қатары
Өрме тоқаш310-13160-180----20-25
1+27-10----140-16040-45
Кішкене
Таба торты3-145-15545-50
Пицца2/1+3-190-20020-25
Бүтін тауық2-165-17560-70
Тауықтың жарты
еті
Киш лорен1/210-12200-22020-30
1) Тағамды пісірудің орта тұсында аударыңыз
ТағамСөре қатары
Қыздырылға
н нан
3102303-5
Бифштекстер310230
Бүтін тауықістік-23050-60
Тауықтың
жарты еті
2-200
Шошқа етінің
котлеті
2230
1) Тағамды пісірудің орта тұсында аударыңыз
астынан
басталады
3-165-175
астынан
басталады
3102303-5
2-230
3-230
қыздыру,мин
Пісіру аймақтары
Пісіру аймақтары басқару панеліндегі
түймешелер арқылы жұмыс істейді.
Басқару түймешесінде 1-ден 9-ге дейінгі
сандар көрсетілген.
0Өшіру (Off)
1Минимум қызу
9Максимум қызу
Қос аймақ
Бір шығырықты пісіру аймағын қосу
Пісіру аймағын қосу үшін тиісті басқару
түймешесін қажетті қыздыру
параметріне қойыңыз.
Қос шығырықты пісіру аймағын қосу
Тиісті басқару түймешесін оңға қарай
бұрап максимум қалпына қойыңыз. Кіші
шығырықты пісіру аймағы қосылады.
Алдын ала
қыздыру,мин.
ГРИЛЬДЕУ КЕСТЕСІ
Алдын ала
.
Температура
Түймешені бұдан кейін "Off"(Өшіру)
қалпына дейін бұраңыз да, содан соң
оны кері қарай бұрап
максимум(9)қалпына қойыңыз. Үлкен
шығырықты пісіру аймағы да қосылады.
Кәстрөл аймағын қосу
Тиісті басқару түймешесін оңға қарай
бұрап максимум қалпына қойыңыз.
Шығырықты пісіру аймағы қосылады.
Түймешені бұдан кейін "Off"(Өшіру)
қалпына дейін бұраңыз да, содан соң
оны кері қарай бұрап
максимум(9)қалпына қойыңыз. Сопақ
пісіру аймағы қосылады.
Температура
C
°
C
°
Температура
Ұзақтық, мин.
35+35
C
1)
Ұзақтық,
°
15+15
30+30
25+25
25+25
20+20
Назарыңызда болсын! Егер пештің
беті шытынап кетсе, электр қатеріне
ұшырамас үшін құрылғыны желіден
ажыратып қойыңыз.
мин.
1)
1)
1)
1)
1)
14 electrolux
Қалдық жылуды анықтағыш шам
Ескерту шамы пісіру аймағының беткі
температурасы күйіп қалу қатерін
тудыруы ықтимал температураға жеткен
кезде жанады. Бұл шам сонымен қатар
қызған пісіру аймағы сөндірілген соң да,
оның бетіндегі қалдық жылу әлі де
өртеніп қалу қатерін тудыратындай
болса жанған қалпы тұрады. Шам тек
ешбір қатер болмаған жағдайда ғана
өшеді (температура 50
°
C төмен болса).
Пісіру құрылғысы
Пайдаланылатын ыдыс пен пісірілетін
тағам түріне байланысты қандай қызу
параметрі мен пісіру аймақтарын
қолдану туралы ақпаратты төмендегі
тараудан алыңыз.
Қайнату
Пісіруді әдетте максимум қызуға
қойылған оттықты төменірек қызу
параметріне қоймай тұрып бастайсыз.
Су көпіршіктерінің дыбысы мен мөлшері
қажетті параметрді таңдауға
көмектеседі:
БАЯУ ҚЫЗУ: Газдалған судағыдай
кішкене-кішкене көпіршіктер пайда
болып шымырлап қайнайды. Күріш,
балық пен қант бұршағы және брокколи
тәрізді көкөністерді пісіруге жарайды.
ОРТАША ҚЫЗУ: Үлкенірек көпіршіктер
пайда болып баяу қайнайды. Ет, түйнекті
көкөніс пен картоп тәрізді көпшілік тағам
түрлерін пісіруге жарайды.
ЫСТЫҚ: Су қарқынды түрде көпірши
бастаудың алдында ешбір дыбыс
естілмей қалады. Макарон мен күрішке
арналған суды қайнатуға жарайды.
Содан соң, баяу пісіру үшін қызуды
азайтып қойыңыз.
Қуыру
Тағамды тоңазытқыштан шығара салған
күйі пайдаланудан сақ болыңыз. Ыдыс
түбінің тек 2/3 бөлігіне ғана тағам
толтырылуға тиіс.
Қуыру ыдысына маргарин не сарымай
салыңыз да, ұсынылған қызу параметрін
орнатыңыз. Ең жақсы нәтижеге жету
үшін май түсінің (температурасы)жақсы
екендігін қуыруды бастамас бұрын
тексеріп алудың маңызы зор. Майдың
түсінің қандай екенін ашық түсті
қырғышты ыдыс түбіне ұстап тұрып
көріңіз.
СӘЛ ҚЫЗАРТЫЛҒАН ТОҢМАЙ:
Жұмыртқа, пияз, шикі картоп, кесек ет,
стейк пен бүтін балық т.б. пісіруге
жарайды.
ҚЫЗАРТЫЛҒАН ТОҢМАЙ: Құймақ, ұсақ
туралған ет, шұжық, балықтың жұқа
филесі мен бұқтырылатын стейк үшін
жарайды.
ӘБДЕН ҚЫЗАРТЫЛҒАН ТОҢМАЙ: Жұқа
стейктер үшін жарайды. Тоңмай жылдам
күйіп кететіндіктен абай болыңыз.
Сай келетін ыдысты таңдау
Пештің керамика үстіне қойып
пайдаланатын ыдыстардың түрі мен
қандай жағдайда екендігіне назар
аударыңыз.
Төмендегілерді есте ұстаңыз:
• ыдыстың түбін тексеріңіз. Түбі
шығыңқы (дөңес) ыдыстар пеш үстінде
бір орында тұрмай айналуға бейім
келеді және қызуды аса жақсы
өткізбейді.
• алюминийдің жылу өткізгіштігі аса
жақсы, бірақ одан пеш үстінде күміс
түсті іздер қалады.
• шыны ыдыстар мен табаны сырлы әрі
бұдыр бедерлі ыдыстарды пеш
үстінде ары-бері жылжытып тарту,
пештің үстін басқа материалдарға
қарағанда жылдам тоздырады.
electrolux 15
Уақытты және қуатты да үнемдеу үшін
ыдыстың пеш бетіне жанасатын түбі
мынадай болуға тиіс:
• үлкендігі кем дегенде оттықтың
үлкендігіне сай болуға тиіс. Егер
ыдыстың табаны оттықтан кіші болса,
тасып төгілген кез келген тағамның
оттық үстінде жанып кетуі әбден
ықтимал.
• майда әрі ұсақ бедерлі болуға тиіс.
• біртегіс болуға тиіс. Түбі тым шығыңқы
не тым кіріңкі ыдыстарды қыздыруға
көбірек уақыт кетеді.
Жаңа ыдыс сатып алған кезде түбі
сэндвич тәрізді(яғни әртүрлі металл
қабаттарынан қабатталып жасалған) тот
баспайтын болаттан жасалған ыдысты
таңдауды ұсынамыз.
Қуатты үнемдеңіз!
• Ыдыстың қақпағын жауып пісірген
кезде пайдаланылатын қуаттың
тең жартысы
үнемделеді(қақпақсыз пісірген
кездегімен салыстырғанда).
• Түбі жалпақ ыдысты пайдаланған
кезде пайдаланылатын қуаттың
25% үнемделеді (табаны біртегіс
емес ыдыстармен
салыстырғанда).
• Пеш бетінің таза әрі құрғақ
екендігіне көз жеткізіңіз. Ластық
пен ылғал ыдыс пен пеш
оттығының арасындағы жылу
өткізгіштікті азайтады.
• Оттықты өшіріңіз де, тағамды
қалдық жылуды пайдаланып
пісіріңіз.
• Буға бұқтыру мен қысым арқылы
пісіру арқылы қуатты үнемдеңіз.
Қосымша жабдықтар
Құрылғымен қатар жеткізілген
жабдықтардан басқа ыдыстарды
пайдаланғанда тек қызуға төзімді
ыдыстарды ғана пайдалануды
ұсынамыз(өндіруші нұсқауларына сай).
Пеш мына жабдықтармен
жабдықталған:
Пеш торы
Бұл үстіне ыдыстарды (қуыру, кондитер
өнімдеріне арналған қалып т.б.).қоюға
арналған тор. Салмақ тепе-теңдігін
сақтау үшін ыдысты тордың ортасына
қою керек.
Пісіру табасы
16 electrolux
Қуыру табасы
Бұл тағамды осыған пісірген кезде оның
майын жинау үшін қолдануға арналған.
Оны астынан санаған кезде екінші
қатарға қойыңыз. Егер қуыру табасын
пайдаланбасаңыз оны пештен алып
қойыңыз.
Алынбалы суырма
Бұл суырма пеш қуысының астында
орналасқан.
Назарыңызда болсын! Пісіру кезінде
пеш ұзақ уақыт қолданылса бұл
суырма ысып кетуі мүмкін. Пешке
арналған қолғап, шай сүлгілері,
пластик алжапқыш т.б. тұтанғыш
заттарды суырмада сақтамау керек.
Пісіруге арналған қаңылтыр тәрізді пеш
жабдықтары да ысып кететіндіктен, пеш
пайдаланылып не әлі де ыстық күйде
тұрғанда бұл заттарды суырмадан
сақтықпен алған жөн.
Қалай ашу қажет:
• суырманың түп жағынан ұстаңыз да,
тартып шығарып алыңыз.
• суырманы алу үшін тоқтағанынша
сырғытып шығарып, содан соң ақырын
жоғары көтеріп барып пештен
толықтай шығарып алыңыз.
Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау
арқылы суырманы қайта
орналастырыңыз.
Конденсат коллекторы
Коллектор пеш жұмыс жасап тұрған
кезде конденсатты жинауға арналған.
Ол суырмаға орнатылады. Пайдаланып
болған соң коллекторды тазалау қажет.
Коллектор пеш жұмыс жасап тұрған
кезде конденсатты жинауға арналған.
Оны суырмаға орнату қажет.
Пайдаланып болған соң коллекторды
ішіндегісінен босату қажет.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Бұл пешті
әрқашан таза ұстау керек. Пеште
жиналып қалған май не тағам өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Тазаламас
бұрын барлық басқару
түймешелерінің Өшіру (OFF)
қалпында тұрғанын және пештің
әбден суығандығына көз жеткізіп
алыңыз.
Назарыңызда болсын! Қандай да бір
жөндеу не тазалау жұмыстарын
жүргізбес бұрын міндетті түрде пешті
электр желісінен АЖЫРАТЫП
алуыңыз қажет.
Тазалағыш материалдар
Қандай да бір тазалағыш затты пешті
тазалау үшін пайдаланбас бұрын
олардың жарамдылығын әрі осы өнімді
өндірушінің оларды ұсынатын не
ұсынбайтынын тексеріп алыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрамында
ағартқыш қоспасы бар тазалағыш
заттар пештің беткі қабатының өңін
солғын тарттыратындықтан, оларды
қолданбаған жөн. Бумен тазалайтын
аспап пен қатты түрпілі заттарды
пайдаланбау қажет. Пеш пен оның
үстін тазалау үшін бумен тазалағыш
аспапты пайдаланбаған жөн.
Керамикалы шыны
Өте маңызды! Ыстық тұрған керамикалы
шыны бетке тазалағыш заттарды
тигізбеу қажет! Тазалағыш затты
пайдаланып тазалап болған соң,
олардың барлығын көп мөлшердегі таза
суды пайдаланып пеш бетінен мұқият
арылту қажет, себебі шығырықты келесі
жолы қайта қыздырған кезде олар
зиянды әсер тудыруы мүмкін!
Қандай да бір жеміргіш тазалағыштарды,
мысалы, гриль не пеш бүріккіштерін,
сызат түсіруі ықтимал түрпілі
тазалағыштарды не ыдыс тазалағыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Керамикалы шыны бетті әрбір
пайдаланып болған сайын,
electrolux 17
жылымшы тұрғанда не суыған соң
тазалап отырыңыз. Осылайша
жиналған қалдықтың жанып кетуіне
жол бермейсіз. Қақ пен судан қалған
жолақ іздерді, май тамшысын және
металл іздерді сатудағы керамикалы
шыны не тоттанбайтын болатқа
арналған тазалағыш заттармен
тазалаңыз.
Аз ластық
1. Керамикалы шыны бетті аздап
тазалағыш зат қосылған дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
2. Содан соң, таза шүберекпен құрғатып
сүртіңіз. Пеш бетінде ешбір
тазалағыш заттың қалдығы қалмауға
тиіс.
3. Керамикалы шыны бетті аптасына бір
рет сатудағы керамика шыны
беттерді тазалайтын затпен толықтай
тазалап отыруыңыз қажет.
4. Содан соң пештің керамика бетін көп
мөлшердегі таза сумен тазалаңыз да,
түгі шықпайтын шүберекпен мұқият
құрғатып алыңыз.
Оңай кетпейтін ластық
1. Тасып төгілген не күйіп кеткен ас
қалдықтарын шыны қырғышпен
тазалап алыңыз.
2. Шыны қырғышты керамика бетке
бұрыш жасап ұстаңыз.
3. Қырғышты ары-бері жылжыту арқылы
ластықты тазалап алыңыз.
Шыны қырғыштар мен керамика
шыныларды тазалағыш заттарды
арнайы бөлшек сауда орындарынан
ала аласыз.
Күйіп кеткен тағам қалдығы
1. Күйіп кеткен қант, еріген пластмасса,
алюминий қаңылтыр не басқа еріп
кеткен материалдарды пештің үсті
жылы тұрған кезде шыны қырғышты
пайдаланып жылдам тазалап
алыңыз.
2. Пештің үстін суыған соң бір рет
әдеттегідей тазалап алыңыз.
18 electrolux
Өте маңызды! Ыстық пісіру алаңын
шыны қырғышпен тазалаған кезде күйіп
қалу қатері бар!
Егер пісіру алаңы ластықты тазалап
алмас бұрын салқындап кетсе, оны
қайта жылытып барып тазалаңыз.
Керамикалы шыны бетке табанының
жиегі өткір қырлы ыдыстардан
түскен сызаттар не қаралтым
дақтарды кетіру мүмкін емес.
Дегенмен, бұлар пісіру аймағының
функциясына ешбір әсер етпейді.
Назарыңызда болсын! Егер пештің
беті шытынап кетсе, электр қатеріне
ұшырамас үшін құрылғыны желіден
ажыратып қойыңыз.
Пеш үстінің жақтауы
Өте маңызды! Сірке суы, лимон не қақ
кетіргіштерді пеш үстінің жиегіне
қоймаңыз, әйтпесе қошқыл дақтар қалып
қояды.
1. Пештің жақтауын аздаған жуғыш зат
қосылған дымқыл шүберекпен сүртіп
алыңыз.
2. Кеуіп қалған ластықты дымқыл
шүберекпен жібітіп алыңыз. Содан
соң сүртіп алыңыз да құрғатыңыз.
Сыртын тазалау
Тазалау үшін пеш бетіне сызат
түсірмейтін тазалағыш заттарды
пайдалануды ұсынамыз. Металл заттар,
болат жөке, нейлон жөке, түрпілі не
жеміргіш заттар не еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
Пеш сөрелері мен сөре тірегіштері
Пеш сөрелерін тазалау үшін оны
сабынды жылы суға салып жібітіп, қатып
жабысып қалған қалдықтарын сұйық
сабын сіңірілген жөкемен ысып кетіріңіз.
Шайыңыз да жұмсақ шүберекпен мұқият
құрғатыңыз.
Егер пеш тым ластанып кетсе:
1. кеуіп қалған қалдықтарды тазалау
үшін арнайы қырғыш не сол сияқты
затты қолданыңыз.
2. Пештің ішіне сабынды таратып жағу
үшін жұмсақ жөкелерді қолданыңыз.
3. пеш есігін жабыңыз. Пешті (үстіңгі/
астыңғы қызуға) және 100
минуттай қоя тұрыңыз.
4. пеш суыған соң оның бетін таза сумен
жуыңыз. Сабын сіңірілген темір
жөкемен қатып қалған қалдықтарды
ептеп тазалап алыңыз. Пештің бетін
құрғата сүртіңіз.
Пеш есігі
Пештің есігін оның топсаларынан
босатып алу
Пеш есігін жеңіл тазалау үшін оның есігін
алып қоюға болады. Пеш есігін
көлденеңінен ашыңыз. Содан соң пеш
есігінде орналасқан екі топсадағы
бекіткіштерді шегіне жеткенше
көтеріңіз(a). Есікті ақырын тоқтағанынша
жауып барып топсалары шыққанша
жоғары көтеріңіз(b).
°
C қойып 10
a
electrolux 19
15
b
Пештің есігін топсаларға қайта орнату
Есікті топсаларына қайта қондырған
кезде есікті топсасынан алған кезде
орындаған әрекеттерді кері тәртіп
бойынша орындаңыз. Пеш топсасын
ойыстарға қайта салыңыз (c). Осылай
істегенде топсалардың мығым әрі
біркелкі орнағанын қадағалаңыз. Содан
соң пеш есігін ақырын төмен түсіріңіз.
Осы әрекетті орындаған кезде пеш
есігінің бұрыштарының төменгі жақтауға
тиіп кетпеуін ескеріңіз (егер осы жағдай
орын алса есікті қайта көтеріп барып
топсаларды түзетіңіз).
15
c
Ең соңында бекіткіштерді пешке қарай
төмен иіңіз (d). Пеш есігі дұрыс жабылу
үшін бекіткіштерді бір затпен (мыс., шеге
бұрағышпен)төмен басыңыз (e). Пештің
дұрыс жабылып тұрғандығын оны
ақырын ашып-жауып тексеріп көріңіз.
d
e
Өте маңызды! Пеш есігі топсасының
бекіткішін ешқашан көтерілген қалпы
қалдырмаңыз. Әйтпесе серіппе адамды
жарақаттау қатерін туғызуы ықтимал.
20 electrolux
Пеш шамын ауыстыру
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне түсіп қалу қаупін болдырмау
3. шыны қалпақты қайта кигізіңіз.
4. пешті қайтадан электр желісіне
қосыңыз.
үшін шамды ауыстырмас бұрын
құрылғының өшіріліп не электр
желісінен ажыратылғандығына көз
жеткізіңіз.
Егер пештің шамын ауыстыру керек
болса, ол төмендегі сипаттамаларға сай
келуге тиіс:
Қуаты, Вт:25 Вт
Кернеу:230/240 В 50 Гц
Температуралары:
Сымның түрі:E 14
300 ° C
Күйіп кеткен шамды ауыстыру үшін:
1. шыны қалпақты сағат бағытына
қарсы бұрап алыңыз.
2. ақаулы шамды бұрап алыңыз да,
орнына жаңасын салыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса,
жергілікті Electrolux қызмет көрсету
БелгілеріКелесіні тексеріңіз
Пісіру аймақтары жұмыс
істемей тұр
Пеш қосылмай тұр• пісіру функциясы/температурасы дұрыс таңдалғандығын
Тағамды пісіруді аяқтауға
өте көп уақыт кетеді не
олар өте жылдам пісіп
кетеді
• құрылғының қосылулы тұрғандығын
• жұмыс алаңындағы басқару шамдарының жанып
тұрғандығын
• тиісті пісіру аймағының қосылулы тұрғандығын
• айырып-қосқыш қажетті қызу параметрінде тұрғандығын
• үйде орнатылған сақтандырғыштар(сақтандырғыш қорабы)
ағытылып қалған. Егер сақтандырғыштар қайта ағытылып
қалса, электр маманын шақырыңыз.
• розетка қосқышы не электр желісінің қосқышы ҚОСЫЛУЛЫ
(ON)тұрғандығын тексеріңіз.
• температураны қайта реттеп қою қажет болуы мүмкін
Егер осы тексерулер орындалған соң да
пеш жұмыс жасамай тұрса, жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын мына ақпараттарды
дайындаңыз:
1. Аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз және
пошта индексіңіз.
2. Телефоныңыздың нөмірі
3. Ақаулыққа қатысты қысқа да нұсқа
мәлімет
орталығына хабарласпас бұрын келесі
тексерулерді жүзеге асырыңыз.
4. Пештің түрі мен сериялық нөмірі (пеш
техникалық ақпарат тақтайшасын
қараңыз)
5. Пеш сатылып алынған ай-күн
electrolux 21
Өте маңызды! Егер төмендегі тізімде
көрсетілген ақаулықтар үшін не дұрыс
пайдаланбау мен орнатпаудың
нәтижесінде орын алған ақауларды
жөндету үшін арнайы маман
шақырсаңыз, бұйымның кепілдік мерзімі
әлі аяқталмаса да жөндеу жұмыстары
үшін төлемақы алынады.
Техникалық сиппатама
EKC513509
Пештің үстіАлдыңғы сол жақтағы қос
Артқы сол жақтағы бір
Алдыңғы оң жақтағы бір
Артқы оң жақтағы кәстрөлге
Пеш үстінің жалпы
қуаты
ПешПеш элементіАстыңғы қыздырғыш элемент900 Вт
Үстіңгі қыздырғыш элемент1000 Вт
Гриль элементі1900 Вт
Конвекциялы желдеткіш35 Вт
Дөңгелек қыздырғыш элемент 1900 Вт
Пеш ішіндегі шам25 Вт шам, E 14
Электрлі таймер1 Вт
Тазалауқолмен
Пештің жалпы
қуаты
ҚосылымНоминальды кернеу230/400 В
Номинальды жиілік50 Гц
Қосымша
жабдықтар
Қуыру табасыСырмен
Қосымша табаСырмен
Пештің жалпы
қуаты
ӨлшемдеріБиіктігі858-868 мм
Ені500 мм
Тереңдігі600 мм
Пештің көлемі44,8 литр
шығырықты пісіру аймағы
шығырықты пісіру аймағы
шығырықты пісіру аймағы
арналған пісіру аймағы
6100 Вт
2926 Вт
Сөре
9026 Вт
Ш 120/180 мм700/1700 Вт
Ш 140 мм1200 Вт
Ш 140 мм1200 Вт
Ш 140/250 мм1100/2000 Вт
қапталған
қапталған
Орнату
Назарыңызда болсын! Өндіруші
мына қауіпсіздік шаралары
сақталмаса қандай да бір
жауапкершіліктен бас тартады.
22 electrolux
Бұл құрылғыны орнатуға қатысты
барлық жұмыстарды міндетті түрде
қолданыстағы ережелер мен
нұсқауларға сай МАМАН ҚЫЗМЕТКЕР
орындауға тиіс.
Құрылғы "Y" ережесіне (EN60.335-2.6)
сай орнатылуға тиіс. Пешті жұмыс
алаңынан биігірек орнатуға болмайды.
Пешті орнатқанда кейін бұзылып
қалғанда жөндеуші маман оған оңай қол
жеткізетіндей орнатылуын қадағалаңыз.
Пешті электр желісіне жалғамас бұрын
техникалық сипаттар тақтайшасындағы
кернеу мен жиілік мәндерінің желідегі
кернеуге сай келер-келмесін тексеріңіз.
Бұл құрылғы жерге қосылуға тиіс.
Орналасуы
Бұл құрылғы өрт қауіпсіздігі ережелеріне
сай "Y санатына" жататын құрылғы
ретінде тіркелген. Пешке іргелес
орналасқан ас үй жиһазының не зат
қабырғасының биіктігі пештен аспауға
тиіс.
Пешті ас үйге, ас қабылдайтын не қонақ
бөлмеге орналастыруға болады,
жуынатын не душ қабылдайтын бөлмеге
орнатуға болмайды.
Пештің жоғарғы жағына жанып кетуі
мүмкін затты орнатқан кезде пеш пен
осы заттың арасында ең кем дегенде 69
см ара қашықтық сақталуға тиіс
Тіктеп орнату
Пештің түп жағындағы артқы және
алдыңғы бұрыштарында кішкене
өзгертпелі сирақтар орналасқан.
Осы кішкене сирақтарды реттеу арқылы
пештің биіктігін өзгертіп оның деңгейін
басқа көршілес заттар деңгейіне сай
келтіріп, сондай-ақ пеш үстіндегі
ыдыстарға және табаларға құйылған
сұйықтың біртегіс таралуын да
қамтамасыз ете аласыз.
Loading...
+ 50 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.