Electrolux EHV56240 User Manual

EHV56240AK
KK Пісіру алаңы Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Варочная панель Инструкция по эксплуатации 16 UK Варильна поверхня Інструкція 31
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 7
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................8
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 9
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................10
8. ОРНАТУ........................................................................................................... 12
9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................14
10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ........................................................................................... 14
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері
қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
www.electrolux.com4
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің
үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді. Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатыңыз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 5
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам материалын, жапсырмасын және қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
www.electrolux.com6
әрекет электр қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден жасалған немесе астына нұқсан келген ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке сызат түсіреді.
Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.

2.4 Күту менен тазалау

• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

2.6 Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

210 mm
145 mm
180 mm
145 mm
1
1
1 1
2
1 2 3 4

3.1 Пісіру алаңдарының көрінісі

3.2 Басқару панелінің көрінісі

Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.
Пісіру алаңы
1
Басқару панелі
2
ҚАЗАҚ 7
1
2
3
4

3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері

Дисплей Сипаттама
Сенсо
Функция Түсіндірме рлық өріс
ҚОСУ / СӨНДІРУ Пештің үстін қосуға және сөндіруге
- Пісіру алаңын таңдауға арналған.
- Қыздыру параметрінің
бейнебеті
- Қызу параметрін орнатуға арналған.
/
-
Пісіру алаңы сөндірулі.
Пісіру алаңы жұмыс істейді.
арналған.
Қыздыру параметрін көрсетуге арналған.
www.electrolux.com8
Дисплей Сипаттама
+ сан
Ақаулық орын алды.
Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).
Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.

3.4 Қалдық қызу индикаторы

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қалдық қызуға күйіп
қалу қаупі бар.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Іске қосу және сөндіру

Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін
белгісін 1 секунд түртіңіз.

4.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция пештің үстін келесі жағдайларда автоматты түрде сөндіреді:
• барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,
• пештің үстін іске қосқан соң қызу параметрін орнатпасаңыз,
• басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды алыңыз немесе басқару панелін тазалаңыз.
• пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе қызу параметрін өзгертпесеңіз.
Шамалы уақыттан кейін да, пеш жұмысын тоқтатады.
Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт пен қызу параметрінің арасындағы байланыс:
жанады
Қызу параметрі Пештің үсті
1 - 2 6 сағаттан кейін
3 - 4 5 сағаттан кейін
5 4 сағаттан кейін
6 - 9 1,5 сағаттан кейін
мына уақыттан кейін сөнеді:

4.3 Пісіру алаңын таңдау

Пісіру алаңын таңдау үшін тиісті алаңның сенсорын Бейнебет қызу параметрін (
бөлектеп көрсетеді.
басыңыз.
)

4.4 Қызу параметрі

Пісіру алаңын орнатыңыз.
Қызу параметрі мәнін көбейту үшін белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін
азайту үшін алаңын сөндіру үшін
белгісін бір уақытта басыңыз.
белгісін түртіңіз. Пісіру
және

5. АҚЫЛ-КЕҢЕС

ҚАЗАҚ 9
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Ыдыс-аяқ

Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден және алюминий немесе мыстан жасалған ыдыстар шыны керамика беттің түсін өзгертуі мүмкін.
Қызу параметрі
1 Піскен тағамды жылы
1 - 2 Голланд тұздығы,
1 - 2 Қойылту: шайқалған омлет,
2 - 3 Күріш және сүтке пісірілген
3 - 4 Буға піскен көкөністер,
4 - 5 Буға піскен картоптар. 20 - 60 750 г картопқа ең көбі ¼ л
4 - 5 Көп мөлшердегі тағамдар,
Пайдалану: Уақыт
ұстаңыз.
балқытылған: сары май, шоколад, желатин.
піскен жұмыртқалар.
тағамдарды баяу қайнату, дайын тағамдарды жылыту.
балық, ет.
бұқтырылған тағамдар мен көже пісіру.

5.2 Тағам пісіру бағдарламаларының үлгілері

Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.
(мин.)
қажетін е орай
5 - 25 Ара-тұра араластырыңыз.
10 - 40 Қақпағын жауып пісіріңіз.
25 - 50 Күрішке кем дегенде, оның
20 - 45 Бірнеше ас қасық су
60 ­150
Ақыл-кеңес
Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
мөлшерінен екі есе артық су құйыңыз, сүт тағамдарын арасында араластырыңыз.
қосыңыз.
су пайдаланыңыз.
3 литрге дейін су және құраластар.
www.electrolux.com10
Қызу параметрі
6 - 7 Баппен қуыру: эскалоп,
7 - 8 Қатты қуыру, қуырылған
9 Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
Пайдалану: Уақыт
"кордон блё" бұзау еті, котлет, риссоль, шұжық, бауыр, майға қуырылған ұн, жұмыртқа, құймақ, бауырсақ.
картоп, қоң ет, бифштекстер.
бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.

6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

6.1 Жалпы ақпарат

• Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы қырғышты қолданыңыз.
(мин.)
қажетін е орай
5 - 15 Орта тұсында аударыңыз.
Ақыл-кеңес
Орта тұсында аударыңыз.

6.2 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және қант қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пешті дымқыл шүберекпен, шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз. Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
ҚАЗАҚ 11

7.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске пайдалана алмадыңыз.
Сақтандырғыш ағытылып
Пешті қайта іске қосыңыз
Бір уақытта 2 немесе
Басқару панеліне су
Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Пеш сөнген кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Пештің үсті сөнеді.
Қалдық қызу индикаторы жанбайды.
Сенсорлық өрістер қызып кетеді.
жанады.
Пеш электр тоғына қосылған жоқ немесе теріс қосылған.
қалған.
одан да көп сенсорлық өрістерді басып қойғансыз.
немесе май шашыраған.
Бір немесе бірнеше сенсорлық өріске зат қойылған.
Сенсорлық өріске бір зат қойылған.
Алаң ыстық емес, себебі ол аз уақыт ғана қосылып тұрған.
Тым үлкен ыдыс қолданылған немесе ыдыстар басқару құралдарына тым жақын қойылған.
Автоматты түрде сөндіру жұмыс істейді.
Пештің электр көзіне дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Қосылым сызбасын қайта қараңыз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта­қайта босап кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
да, қызу параметрін 10 секундтан аз уақыт ішінде орнатыңыз.
Бір ғана сенсорлық өрісті басыңыз.
Басқару панелін тазалаңыз.
Сенсорлық өрістердегі затты алыңыз.
Сенсорлық өрістердегі заттарды алыңыз.
Егер алаң қызу үшін едәуір ұзақ жұмыс істесе, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Үлкен ыдыстарды артқы пісіру алаңдарына қойыңыз.
Пешті ажыратыңыз да, қайта қосыңыз.
www.electrolux.com12
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
және сан жанады.
Пеште ақау бар. Пешті электр желісінен
біраз уақыт ажырата тұрыңыз. Сақтандырғышты электр желісінен ағытып қойыңыз. Қайта қосыңыз.
Егер берсе, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
қайта көрініс

7.2 Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз...

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны керамиканың үш саннан тұратын нөмірін, (шынының бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын

8. ОРНАТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Орнату алдында

Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы жағында орналасқан.
Сериялық
нөмірі ...........................

8.2 Кіріктірілген пештер

Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс қондырылған құрылғыларға және
алғанда көрсетілген хабарды беріңіз. Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда, қызмет көрсету орталығының технигі немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығына қатысты нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік кітапшасында берілген.
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.

8.3 Қосылым сымы

• Пеш электр қосылымы сымымен жабдықталған.
• Зақымданған қуат сымын ауыстыру үшін келесі сымның түрлерін (немесе жоғары) қолданыңыз: H05BB-F Tmax 90°C. Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

8.4 Құрастыру

min. 50mm
min. 500mm
R 5mm
min. 55mm
560+1mm
490+1mm
min. 28 mm
min. 12 mm
min. 20 mm
ҚАЗАҚ 13

8.5 Қорғаныс қорабы

Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз (қосымша керек-жарақ), пештің астыңғы жағына қорғаныш тақтасын орнатудың қажет жоқ. Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті жабдықтаушыға хабарласыңыз.
Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне орнатсаңыз, қорғаныс қорабын пайдалана алмайсыз.
www.electrolux.com14

9. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

9.1 Техникалық ақпарат
тақтайшасы
Үлгі EHV56240AK Өнім нөмірі PNC 949 492 096 01 Түрі 58 HAD 54 AO 220 - 240 В 50 - 60 Гц Румынияда жасалған
Сер.№. ................. 6.5 кВт
ELECTROLUX

9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы

Пісіру алаңы
Алдыңғы сол жақ
Артқы сол жақ 1200 145
Алдыңғы оң жақ
Артқы оң жақ 1800 180
Жақсы пісіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін пісіру алаңының диаметрінен үлкен емес ыдыс қолданыңыз.
Номинальды қуат (ең
жоғары қызу параметрі) [Вт]
2300 210
1200 145

10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ

10.1 Өнім ақпараты EU 66/2014 стандартына сай берілген

Үлгінің техникалық параметрлері
Пеш үстінің түрі Кіріктірілген
Пісіру алаңдарының саны
Қыздыру технологиясы Қыздырғыш
Дөңгелек пісіру алаңдарының диаметрі (Ø)
Пісіру алаңының диаметрі
EHV56240AK
4
Алдыңғы сол жақ Артқы сол жақ Алдыңғы оң жақ Артқы оң жақ
[мм]
пеш
21,0 см 14,5 см 14,5 см 18,0 см
ҚАЗАҚ 15
Әр пісіру алаңының пайдаланатын қуат мөлшері (EC electric cooking)
Пештің пайдаланатын қуат мөлшері (EC elec‐ tric hob)
EN 60350-2 - Тұрмыстық тағам пісіретін электр құрылғылары - 2-ші бөлім: Пештің үсті - Жұмыс тиімділігін өлшеу тәсілдері

10.2 Қуатты үнемдеу

Төмендегі кеңестерді орындасаңыз, күнделікті тағам пісірген кезде қуатты үнемдеуге болады.
• Суды тек қажетті мөлшерде ғана ысытыңыз.
• Егер мүмкін болса, ыдысқа әрқашан қақпақ жабыңыз.
Алдыңғы сол жақ Артқы сол жақ Алдыңғы оң жақ Артқы оң жақ
193,0 Вт/сағ /
• Пісіру алаңын іске қосу алдында оған ыдыс қойыңыз.
• Ыдыс табанының диаметрі пісіру алаңының диаметрімен бірдей болуға тиіс.
• Шағын ыдысты шағын пісіру алаңдарына қойыңыз.
• Ыдыстарды пісіру алаңының тура ортасына қойыңыз.
• Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.
183,0 Вт/сағ / кг 200,0 Вт/сағ / кг 200,0 Вт/сағ / кг 189,0 Вт/сағ / кг
кг
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
Loading...
+ 33 hidden pages