Electrolux EC2200AOW2 User Manual [ru]

EC2200AOW2
KK ТОҢАЗЫТҚЫШ ШКАФ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2 RU МОРОЗИЛЬНЫЙ ЛАРЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 17 UK МОРОЗИЛЬНА СКРИНЯ ІНСТРУКЦІЯ 33
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................7
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................... 8
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................... 9
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................10
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 13
10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ............................................................................................ 14
11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................15
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
www.electrolux.com4
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін өзгерту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
ҚАЗАҚ 5
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a), қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.

2.4 Ішкі жарық шамы

• Осы құрылғыда пайдаланылатын шам түрлері бөлмені жарықтандыруға жарамайды

2.5 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта
21 3
B
C
A
www.electrolux.com6
толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.

2.6 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1 Басқару панелі

• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
Температура тетігі
1
Сигнал шамы
2
Жоғары температураны ескерту
3
индикаторы

3.2 Іске қосу

1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Тағамды құрылғының ішіне қояр
алдында, Температура тетігін Толық толтыру қалпына қойып 24 сағат қосып, дұрыс температура қалыптасқанша күтіңіз.
A) Температура тетігі B) Жартылай толтыру C) Толық толтыру
Сигнал шамы жанады.
3. Температура тетігін сақталған
тағамдардың мөлшеріне қарай реттеңіз.
ҚАЗАҚ 7

3.3 Сөндіру

Температура тетігін OFF қалпына қойыңыз.

3.4 Температураны реттеу

Құрылғының ішіндегі температура басқару панелінде орналасқан температура тетігінің көмегімен басқарылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
• суықтықты ең төмен мәнге қою үшін Температура тетігін ең төмен параметрлерге бұраңыз.
• ең суық параметрге қою үшін Температура тетігін ең суық параметрге бұраңыз.

4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керек­жарақтарын, аздап бейтарап сабын
Аз тағам мұздату үшін Жартылай толтыру қалпына қойған барынша сай келеді. Көп тағам мұздату үшін Толық толтыру қалпына қойған барынша сай келеді.

3.5 Жоғары температураны ескерту

Мұздатқыштағы температура артса (мысалы, электр қуаты үзіліп қалуы себепті), ескерту шамы жанады
Ескерту циклы кезінде мұздатқыштың ішіне тағам қоймаңыз.
Қалыпты жағдай орын алған кезде Ескерту индикаторы өздігінен сөнеді.
қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
1
"Техникалық сипаттама" тарауын қараңыз
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.

5.2 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда немесе ұзақ уақыт пайдаланбай барып пайдаланған кезде, құрылғының бөліктеріне тағам қоймай тұрып, Температура тетігін Толық толтыру қалпына қойып, құрылғыны кем
1
дегенде 24 сағат қосыңыз.
A B
230
806606 946 1061
1201 1336 1611
www.electrolux.com8
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Тағам кенет жібіп кетсе, мысалы, электр қуатының ажырауына байланысты, электр қуаты "температураның көтерілу" уақыты кестесінде көрсетілген уақыттан ұзақ уақыт сөнсе, жібітілген тағамды дереу пайдалану керек немесе пісіріп, содан кейін қайта мұздату керек (пісіргеннен кейін).

5.3 Есікті ашу және жабу

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Тұтқаны ешқашан күшпен тартпаңыз.
Есікке мықты тығыздағыш орнатылғандықтан, оны жаба сала дереу ашу мүмкін емес (вакуумның пайда болуына байланысты) Құрылғыны қайта ашар алдында бірнеше минут күтіңіз.
Есікті ашуға вакуум клапан көмектеседі.

5.4 Тағам сақтауға арналған себеттер

Себеттерді мұздатқыштың (А) үстіңгі жиегіне іліңіз немесе мұздатқыштың
ішіне (В) қойыңыз. Осы екі орындағы тетіктерді суретте көрсетілгендей бұрап қатайтыңыз.
Келесі суреттерде мұздатқыштың әр түрлі үлгілерінің ішіне қанша себет салуға болатыны көрсетілген.
Себеттер сырғып, бірінің ішіне бірі кіреді.
Қосымша себеттерді жергілікті қызмет көрсету орталығынан сатып алуға болады.

6. АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы жүзеге асыру үшін мына кеңестерді ұсынамыз:
• 24 сағатта мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы кезде ешбір мұздатылатын тағамды қосып салуға болмайды.
• Жоғары сапалы, жаңа және әбден тазаланған тағамдарды ғана мұздатыңыз.
• Тағамды жылдам және әбден мұздату үшін, сондай-ақ, кейін тағамды қажетті мөлшерде ғана жібіту үшін аз мөлшерге бөліп, жеке-жеке сақтаңыз.
• Тағамды алюминий жұқалтырға немесе полиэтилен орамға орап, тағам орамдарының ауа өткізбейтініне көз жеткізіңіз.
• Мұздатылған тағамның температурасы жоғарылап кетпес үшін, жаңа, мұздатылмаған тағамды мұздатылған тағамға тигізбеңіз.
• Майы аз тағамдар, майлы тағамға қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын қысқартады.
• Мұз текшелерін мұздатқыш бөліктен ала сала пайдаланса, теріні қарып жіберуі мүмкін.
• Тағамды сақтау уақытын есепке алып отыру үшін, әр орамның сыртына мұздатылған ай-күнін жазып қою ұсынылады.
6.2 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:

7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ҚАЗАҚ 9
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша қысқа уақыт ішінде жеткізіңіз;
• аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз.
• Тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды.
• Тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындау алдында, құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш құралдарды, әтір иісті заттарды немесе балауызды қолданбаңыз. Салқындату жүйесіне зақым келтірмеңіз. Компрессор тұратын аумақты тазалаудың қажеті жоқ.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарын жылы су мен бейтарап сабынды қолданып мезгіл-мезгіл тазалаңыз. Есіктің тығыздағышын абайлап тазалаңыз.
3. Құрылғыны жақсылап құрғатыңыз.
4. Ашаны розеткаға қосыңыз.
5. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
www.electrolux.com10
7.2 Мұздатқыштың мұзын
еріту
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қырауды ешқашан өткір темір құралдармен тазаламаңыз, себебі құрылғыға зақым келтіріп аласыз. Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған құралдардан өзге механикалық немесе басқа жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз. Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып мұздатылған тағамдардың температурасының жоғарылауы олардың қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін.
Мұздатқыш камераның мұзын шамамен 10-15 мм қалың болған кезде жібітіңіз.
Сыртқы ортаның ылғалдылығы жоғары болса немесе мұздатылған тағам дұрыс оралмай салынса, құрылғының қабырғаларына көбірек мұз қатуы мүмкін.
Мұздатқыштың мұзын тағам аз тұрған кезде немесе мүлдем тағам жоқ кезде еріткен тиімді.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге қойыңыз.
3. Есікті ашып, еріген су ағатын
түтіктің тығынын алып, еріген
судың барлығын науаға құйып алыңыз. Мұзды жылдам алу үшін қырғышты қолданыңыз.
4. Мұзды ерітіп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап құрғатып, ашаны сұғыңыз.
5. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
6. Температура түймешесін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы параметрде тұрған қалпы екі немесе үш сағат жұмысқа қосыңыз.
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайта салыңыз.

7.3 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны сөндіріңіз де, электр
желісінен ағытыңыз.
2. Тағамды алыңыз
3. Құрылғының мұзын ерітіп, керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есігін ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін, басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.

8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді.
Қуат ашасы розеткаға
Розеткада тоқ жоқ. Құрылғыны басқа
Құрылғыдан шуыл шығады.
Көрінетін және естілетін сигналдар қосылып тұр.
Қуат индикаторы жыпылықтап тұр.
Қақпақ әбден жабылмаған.
Есікті ашу қиын. Есіктің
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. "Шамды ауыстыру"
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Тоңазытылуға тиіс
Құрылғы сөндірулі. Ыдыс жуғыш машинаны
дұрыс сұғылмаған.
Құрылғы дұрыс орнықпаған.
Құрылғы жақында ғана қосылған немесе құрылғының температурасы тым жоғары.
Температураны өлшеу барысында ақау пайда болды немесе құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұр.
Тағамның орамдары есікке кедергі жасап тұр.
Мұз тым көп қатқан. Артық мұзды тазалаңыз.
тығыздағыштарына қоқыс жиналған немесе олар жабысқақ болып қалған.
Клапан бітеліп қалған. Клапанды тексеріңіз.
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
тағамдар бір уақытта көп мөлшерде қатар салынған.
қосыңыз.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
розеткаға қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
"Жоғары температураны ескерту" бөлімін қараңыз, егер ақау сонда да түзелмесе, Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тағам орамдарын дұрыс орналастырыңыз, құрылғыдағы жапсырмаға қараңыз.
Есіктің тығыздағыштарын тазалаңыз.
тарауын қараңыз.
"Құрылғының жұмысы" тарауын қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз.
ҚАЗАҚ 11
www.electrolux.com12
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы ауа­райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағам қойылған.
Тағамды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. Есіктің дұрыс
жабылатынын, тығыздағыштарға зақым келмегенін және таза екенін тексеріңіз.
Қырау, мұз тым көп қатқан.
Қақпақ дұрыс жабылмаған немесе
"Есікті жабу" тарауын
қараңыз. тығыздағышы жапырылған/кірлеген.
Су ағызатын түтіктің тығыны дұрыс
Су ағызатын түтіктің
тығынын дұрыс салыңыз. салынбаған.
Құрылғының ішіндегі температура өте
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
Температура тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
"Құрылғының жұмысы"
тарауын қараңыз.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз.
төмен/өте жоғары.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Құрылғының
температурасы өте жоғары.
Тағамды сақтардың
алдында
температурасын бөлме
температурасына дейін
азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп
тағам сақтауға қойылған.
Бір мезгілде сақталатын
тағам мөлшерін
азайтыңыз.
Мұздың қалыңдығы 4-5 мм.
Құрылғының мұзын
жібітіңіз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса
ғана ашыңыз.
Тоңазытылатын тағамдар
бір-біріне өте жақын қойылған.
Құрылғы ішінде суық
ауаның айналуын
қамтамасыз етіңіз.

8.2 Қызмет көрсету

Құрылғы жоғарыда көрсетілген тексерулерді орындағаннан кейін де дұрыс жұмыс істемесе, ең жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде сізге жылдам қызмет көрсету үшін құрылғыңыздың үлгісі мен сериялық нөмірін хабарлаңыз, бұл деректерді кепілдік сертификатынан немесе құрылғының сыртқы оң жағында орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасынан таба аласыз.

8.3 Шамды ауыстыру

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Шамның қақпағын шамды ауыстырып жатқанда алмаңыз. Шамның қақпағы жоқ болса немесе оған зақым келсе, құрылғыны іске қоспаңыз.
1. Ашаны розеткадан суырып
алыңыз.
2. Шамды қуаты дәл осындай,
тұрмыстық техника үшін арнайы
ҚАЗАҚ 13
жасалған жаңа шамға айырбастаңыз (шамның қалпағында максимум қуат деңгейі көрсетілген).
3. Ашаны розеткаға қосыңыз.
4. Қақпақшаны ашыңыз. Шамның
жанатынына көз жеткізіңіз.

9. ОРНАТУ

9.1 Орналастыру

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Егер есігінде құлпы немесе бекітпесі бар ескі құрылғыны тастағыңыз келсе, құрылғының ішіне кішкене балалар қамалып қалмас үшін есіктің бекітпелерін іске жарамсыз етіп тастаңыз.
Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:
Ауа­райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бөлме температурасы
BRRR!
HISSS!
CLICK!
BLUBB!
CRACK!
SSSRR
R!
OK
www.electrolux.com14
Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың дұрыс болатынына кепілдік беріледі. Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай алмасаңыз, сатушыға, сатып алушыға қызмет көрсету немесе жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
Құрылғының ашасына орнатып болғаннан кейін қол жетіп тұруға тиіс.

9.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
9.3 Желдетуге қойылатын
талаптар
Құрылғының арт жағында ауа жақсы айналып тұруға тиіс.
1. Құрылғыны орнықты жерге тігінен
қойыңыз. Құрылғыны төрт тірегі бірдей көтеріп тұруға тиіс.
2. Құрылғы мен артқы қабырғаның
арасында 5 см орын болуын қамтамасыз етіңіз.
3. Құрылғының екі жақ жанынан 5 см
орын қалуын қамтамасыз етіңіз.

10. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
CLICK!
CLICK!
SSSRRR!
SSSRRR!
BRRR!
BRRR!
HISSS!
HISSS!
BLUBB!
BLUBB!
CRACK!CRACK!
ҚАЗАҚ 15

11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

11.1 Техникалық дерек

Биіктігі мм 876
Ені мм 795
Тереңдігі мм 665
Темп. жоғарылау уақыты Сағат 28
Loading...
+ 33 hidden pages