Electrolux CPE644 User Manual

0 (0)
Electrolux CPE644 User Manual

CPE644RBC

KK

Пісіру алаңы

Қолдану туралы нұсқаулары

2

RU

Варочная панель

Инструкция по эксплуатации

19

UK

Варильна поверхня

Інструкція

37

2www.electrolux.com

МАЗМҰНЫ

1.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ.......................................................................................

3

2.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................

5

3.

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ.................................................................................

7

4.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................

9

5.

АҚЫЛ-КЕҢЕС..................................................................................................

11

6.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ.................................................................................

12

7.

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................

13

8.

ОРНАТУ...........................................................................................................

15

9.

ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК.....................................................................................

17

10. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ...........................................................................................

17

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:

www.electrolux.com/webselfservice

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.registerelectrolux.com

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.

Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты

Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар мен физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, құрылғыны қауіпсіз пайдалану және одан келетін ықтимал қауіп-қатер туралы нұсқау алса және/немесе қадағалау үстінде болса пайдалана алады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.

Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.

Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны қосу керек.

Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.

1.2Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау

4www.electrolux.com

керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.

ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.

Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап отыру керек.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.

Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.

Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып тазаламаңыз.

Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.

ҚАЗАҚ 5

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

ЕСКЕРТУ!

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.

Орам материалдарының барлығын алыңыз.

Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.

Құрылғымен бірге жеткізілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.

Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.

Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.

Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.

Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.

Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз.

Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді. Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатыңыз.

2.2 Электртоғына қосу

ЕСКЕРТУ!

Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.

Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.

Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса)

ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін.

Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.

Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.

Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Сымды тартылудан босататын қапсырманы пайдаланыңыз.

Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз

Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.

Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.

Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

6www.electrolux.com

Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.

Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

2.3 Пайдалану

ЕСКЕРТУ!

Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам материалын, жапсырмасын және қорғау таспасын (бар болса) алыңыз.

Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.

Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.

Пісіру алаңын пайдаланып болған сайын "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.

Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.

Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.

Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

Құрылғының бетіне сызат түссе, дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл әрекет электр қатеріне ұшырап қалуға жол бермейді.

Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін.

ЕСКЕРТУ!

Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар

Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.

Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.

Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

ЕСКЕРТУ!

Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.

Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық әйнек бетіне қоймаңыз.

Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.

Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне зақым келуі мүмкін.

Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.

Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз.

Құйылған шойыннан, алюминийден жасалған немесе астына нұқсан келген ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке сызат түсіреді. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.

Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.

2.4 Күту менен тазалау

Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

ҚАЗАҚ 7

Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.

Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.

2.6 Сервис

Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

2.5 Құрылғыны тастау

ЕСКЕРТУ!

Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.

3.БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1Пісіру алаңдарының көрінісі

1

1

145MM

265MM

 

 

170MM

 

1

120/210

145MM

 

MM

 

1

2

Пісіру алаңы Басқару панелі

8www.electrolux.com

3.2Басқару панелінің көрінісі

1

2

5

6

7

8

3

 

4

 

11

 

10

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. Бейнебеттер, индикаторлар мен дыбыстық сигналдар қай функциялардың жұмыс жасайтынын көрсетеді.

 

 

Сенсо

Функция

Түсіндірме

 

 

рлық

 

 

 

 

өріс

 

 

 

 

 

 

ҚОСУ / СӨНДІРУ

Пештің үстін қосуға және сөндіруге

 

1

 

 

 

 

 

 

арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құлып / Бала

Басқару панелін құрсаулайды/құрсауын

 

2

 

 

 

 

 

қауіпсіздігінің құралы

ағытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

STOP+GO

Функцияны іске қосады және сөндіреді.

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

Сыртқы шеңберді іске қосуға және

 

4

 

 

 

 

 

 

сөндіруге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

-

 

Қыздыру параметрінің

Қыздыру параметрін көрсетуге

5

 

 

 

 

бейнебеті

арналған.

 

 

 

 

 

 

-

 

Пісіру алаңдарының

Уақыттың қай пісіру алаңы үшін

6

 

 

 

 

индикаторлары

орнатылғанын көрсетуге арналған.

 

 

 

 

 

 

-

 

Таймер бейнебеті

Уақытты минут бойынша көрсетуге

7

 

 

 

 

 

арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

Сыртқы шеңберді іске қосуға және

 

8

 

 

 

 

 

 

сөндіруге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-

Пісіру алаңын таңдауға арналған.

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

/

-

Уақытты көбейтуге немесе азайтуға

 

10

 

арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

/

-

Қызу параметрін орнатуға арналған.

 

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 9

3.3 Қызу параметрінің бейнебеттері

Дисплей Сипаттама

Пісіру алаңы сөндірулі.

- / -

Пісіру алаңы жұмыс істейді.

Нүкте қыздыру деңгейінің жартысы бойынша өзгеруді

 

 

білдіреді.

 

 

 

STOP+GO функциясы жұмыс істейді.

Автоматты түрде қыздыру функциясы жұмыс істейді.

+ сан

Ақаулық орын алды.

 

Пісіру алаңы әлі ыстық (қалдық қызу).

Құлып / Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы жұмыс істейді.

Автоматты түрде сөндіру функциясы жұмыс істейді.

3.4 Қалдық қызу индикаторы

ЕСКЕРТУ!

Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ЕСКЕРТУ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Іске қосу және сөндіру

Пештің үстін қосу немесе сөндіру үшін белгісін 1 секунд түртіңіз.

4.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция пештің үстін келесі жағдайларда автоматты түрде сөндіреді:

барлық пісіру алаңдары сөндірулі болса,

пештің үстін іске қосқан соң қызу параметрін орнатпасаңыз,

басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал естіліп, пештің үсті сөнеді. Заттарды

алыңыз немесе басқару панелін тазалаңыз.

пісіру алаңын сөндірмесеңіз немесе қызу параметрін өзгертпесеңіз.

Шамалы уақыттан кейінжанады да, пеш жұмысын тоқтатады.

Пештің үстін сөндіргеннен кейінгі уақыт пен қызу параметрінің арасындағы байланыс:

Қызу параметрі

Пештің үсті

 

мына уақыттан

 

кейін сөнеді:

, 1 - 2

6 сағаттан кейін

 

 

 

3 - 4

5 сағаттан кейін

54 сағаттан кейін

6 - 9

1,5 сағаттан кейін

 

 

10www.electrolux.com

4.3Қызу параметрі

Қызу параметрі мәнін көбейту үшін белгісін түртіңіз. Қызу параметрі мәнін

азайту үшін белгісін түртіңіз. Пісіру

алаңын сөндіру үшін және белгісін бір уақытта басыңыз.

4.4 Сыртқы шеңберлерді іске қосу және сөндіру

Шеңбердің бетін қолданылатын ыдыстың өлшемдеріне сай келтіре аласыз.

Сенсорлық өрісті пайдаланыңыз:

Сыртқы шеңберді іске қосу үшін:

сенсорлық алаңды басыңыз. Индикатор жанады.

Сыртқы шеңберді сөндіру үшін:

сенсорлық алаңды индикатор сөнгенше басыңыз.

4.5 Автоматты түрде қыздыру

Егер осы функцияны іске қоссаңыз, қысқа уақыт ішінде қажетті қызу параметріне қол жеткізесіз. Бұл функция біраз уақыт қыздыру параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да, содан кейін дұрыс қыздыру параметріне дейін түсіреді.

Бұл функцияны іске қосу үшін, пісіру алаңы суық болуы керек.

Функцияны пісіру алаңы үшін

қосқыңыз келсе: түймешігін жанғанша түртіңіз. Дұрыс қызу

параметрі жанғанша, тетігін дереу

басыңыз. 3 секундтан кейін жанады.

Функцияны сөндіру үшін:

түймешігін басыңыз.

4.6 Таймер

Кері санақ таймері

Бұл функцияны қолданып пісіру алаңының бір пісіру циклы кезінде

қанша уақыт жұмыс істейтінін көрсетіңіз.

Алдымен пісіру алаңы үшін қыздыру параметрін, содан кейін функцияны орнатыңыз.

Пісіру алаңын орнату үшін:

түймешігін қажетті пісіру алаңының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.

Функцияны іске қосу немесе уақытты өзгерту үшін: таймердің

немесе түймешігін басып уақытты (00 - 99 минут) орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы баяу жыпылықтай бастаған кезде, уақыт кері санала бастайды.

Қалған уақытты қарау үшін: пісіру

алаңынарқылы орнатыңыз. Пісіру алаңының индикаторы жылдам жыпылықтай бастайды. Бейнебетте қалған уақыт көрсетіледі.

Функцияны сөндіру үшін: пісіру

алаңынарқылы орнатыңыз және белгішесін басыңыз. Қалған уақыт 00ге кері санайды. Пісіру алаңының индикаторы сөнеді.

Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды. Пісіру алаңы сөндіріледі.

Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:

түймешігін басыңыз.

Минут операторы

Бұл функцияны пісіру алаңдары жұмыс істемей, пеш іске қосылып тұрғанда Минут операторы ретінде қолдануға болады. Бейнебетте

қыздыру параметрі көрсетіледі.

Функцияны қосу үшін:түймешігін басыңыз. Уақытты орнату үшін

таймердің немесе түймешігін басыңыз. Уақыт аяқталған кезде, дыбыстық сигнал естіліп, 00 жыпылықтайды.

Дыбыстық сигналды тоқтату үшін:

түймешігін басыңыз.

Бұл функция пісіру алаңдарының жұмысына еш әсер етпейді.

4.7 STOP+GO

Бұл функция ең төмен қыздыру параметрі бойынша жұмыс істейтін пісіру алаңдарының барлығын орнатады.

Функция жұмыс істеп тұрғанда, қызу параметрін өзгерте алмайсыз.

Функция таймер функцияларын тоқтатпайды.

Функцияны қосу үшін: белгішесін басыңыз.белгішесі жанады.

Функцияны сөндіру үшін:

түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.

4.8 Құлып

Басқару панелін пісіру алаңдары жұмыс істеп тұрғанда бұғаттауға болады. Ол қызу параметрінің кездейсоқ өзгеруіне жол бермейді.

Әуелі қыздыру параметрін орнатыңыз.

Функцияны қосу үшін: белгішесін

басыңыз.белгішесі 4 секунд жанады.Таймер қосулы күйде қалады.

Функцияны сөндіру үшін:

түймешігін басыңыз. Алдыңғы қызу параметрі жанады.

5. АҚЫЛ-КЕҢЕС

ЕСКЕРТУ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Ыдыс-аяқ

Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.

ҚАЗАҚ 11

Пешті сөндірген кезде, осы функция да сөнеді.

4.9 Бала қауіпсіздігінің құралы

Бұл функция пеш үстінің кездейсоқ қосылып кетуіне жол бермейді.

Функцияны қосу үшін: пештің үстін көмегімен қосыңыз. Қызу параметрін орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз.белгішесі

жанады. Пештің үстінкөмегімен сөндіріңіз.

Функцияны сөндіру үшін: пештің үстінкөмегімен қосыңыз. Қызу параметрін орнатпаңыз. белгішесін 4 секунд басыңыз.белгішесі

жанады. Пештің үстінкөмегімен сөндіріңіз.

Функцияны бір пісіру уақыты үшін ғана қайта орнату: пештің үстін көмегімен іске қосыңыз.белгішесі

жанады. белгішесін 4 секунд басыңыз. Қызу параметрін 10 секунд ішінде орнатыңыз. Пештің үстін іске

қосуға болады. Пештікөмегімен сөндірген кезде, функция қайта жұмыс істейді.

Эмальмен қапталған темірден және алюминий немесе мыстан жасалған ыдыстар шыны керамика беттің түсін өзгертуі мүмкін.

12www.electrolux.com

5.2Тағам пісіру бағдарламаларының үлгілері

Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.

Қызу

Пайдалану:

Уақыт

Ақыл-кеңес

параметрі

 

(мин.)

 

 

 

 

 

- 1

Піскен тағамды жылы

қажетін

Ыдыстың қақпағын

ұстаңыз.

е орай

жабыңыз.

 

1 - 2.

Голланд тұздығы,

5 - 25

Ара-тұра араластырыңыз.

 

балқытылған: сары май,

 

 

 

шоколад, желатин.

 

 

 

 

 

 

1 - 2.

Қойылту: шайқалған омлет,

10 - 40

Қақпағын жауып пісіріңіз.

 

піскен жұмыртқалар.

 

 

2. - 3.

Күріш және сүтке пісірілген

25 - 50

Күрішке кем дегенде, оның

 

тағамдарды баяу қайнату,

 

мөлшерінен екі есе артық

 

дайын тағамдарды

 

су құйыңыз, сүт

 

жылыту.

 

тағамдарын арасында

 

 

 

араластырыңыз.

 

 

 

 

3. - 4.

Буға піскен көкөністер,

20 - 45

Бірнеше ас қасық су

 

балық, ет.

 

қосыңыз.

 

 

 

 

4. - 5.

Буға піскен картоптар.

20 - 60

750 г картопқа ең көбі ¼ л

 

 

 

су пайдаланыңыз.

4. - 5.

Көп мөлшердегі тағамдар,

60 -

3 литрге дейін су және

 

бұқтырылған тағамдар мен

150

құраластар.

 

көже пісіру.

 

 

 

 

 

 

5. - 7

Баппен қуыру: эскалоп,

қажетін

Орта тұсында аударыңыз.

 

"кордон блё" бұзау еті,

е орай

 

 

котлет, риссоль, шұжық,

 

 

 

бауыр, майға қуырылған

 

 

 

ұн, жұмыртқа, құймақ,

 

 

 

бауырсақ.

 

 

 

 

 

 

7 - 8

Қатты қуыру, қуырылған

5 - 15

Орта тұсында аударыңыз.

 

картоп, қоң ет,

 

 

 

бифштекстер.

 

 

9Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.

6.КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ЕСКЕРТУ!

6.1 Жалпы ақпарат

Қауіпсіздік тарауларын

• Пештің үстін пайдаланған сайын

қараңыз.

тазалаңыз.

Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.

Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.

Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.

Шыныға арналған арнайы қырғышты қолданыңыз.

6.2 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: балқыған пластмасса, пластик фольга, қант және қант қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін

ҚАЗАҚ 13

бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз. Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін жылжыта отырып тазалаңыз.

Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары,

су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пештің үстін дымқыл шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш затпен тазалаңыз.

Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

Жылтыраған металл дақтарын кетіріңіз: сірке суы қосылған ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

ЕСКЕРТУ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Пешті қосып немесе іске

Пеш электр тоғына

Пештің электр көзіне

пайдалана алмадыңыз.

қосылған жоқ немесе

дұрыс қосылғанына көз

 

теріс қосылған.

жеткізіңіз. Қосылым

 

 

сызбасын қайта қараңыз.

 

Сақтандырғыш жанып

Ақаулыққа

 

кеткен.

сақтандырғыштың себеп

 

 

болғанына көз жеткізіңіз.

 

 

Сақтандырғыш қайта-

 

 

қайта жанып кетсе, білікті

 

 

электршіге

 

 

хабарласыңыз.

 

 

Пешті қайта іске қосыңыз

 

 

да, қызу параметрін 10

 

 

секундтан аз уақыт

 

 

ішінде орнатыңыз.

 

Бір уақытта 2 немесе

Бір ғана сенсорлық өрісті

 

одан да көп сенсорлық

басыңыз.

 

өрістерді басып

 

 

қойғансыз.

 

 

STOP+GO функциясы

"Әркүндік қолдану"

 

жұмыс істейді.

тарауын қараңыз.

 

 

 

14 www.electrolux.com

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

 

Басқару панеліне су

Басқару панелін

 

немесе май шашыраған.

тазалаңыз.

Дыбыстық сигнал естіліп,

Бір немесе бірнеше

Сенсорлық өрістердегі

пештің үсті сөнеді.

сенсорлық өріске зат

затты алыңыз.

Пеш сөнген кезде

қойылған.

 

дыбыстық сигнал

 

 

естіледі.

 

 

Пештің үсті сөнеді.

Сенсорлық өріске бір

Сенсорлық өрістердегі

 

заттарды алыңыз.

 

зат қойылған.

 

Қалдық жылу индикаторы

Алаң ыстық емес, себебі

Егер алаң қызу үшін

жанбай тұр.

ол аз уақыт ғана қосылып

едәуір ұзақ жұмыс істесе,

 

тұрған.

уәкілетті қызмет көрсету

 

 

орталығына

 

 

хабарласыңыз.

Автоматты қыздыру

Алаң ыстық.

Алаңды әбден

функциясы жұмыс

 

салқындатып алыңыз.

істемейді.

 

 

 

Қызу параметрінің ең

Ең жоғары қызу

 

жоғары мәні орнатылған.

параметрінің қуаты,

 

 

функциясының қуатымен

 

 

бірдей.

 

Қызу параметрін

Қызу параметрін

 

мәніне дейін азайттыңыз.

бастап, тек ғана

 

 

жоғарылата беріңіз.

Сыртқы шеңберді іске

 

Алдымен ішкі шеңберді

қоса алмадыңыз.

 

іске қосыңыз.

 

Бұл қалыпты жағдай,

 

Бірнеше шеңбері

себебі, бірнеше шеңбері

 

алаңның қара жері бар.

 

алаңның қара жері бар.

 

 

 

Сенсорлық өрістер қызып

Тым үлкен ыдыс

Үлкен ыдыстарды артқы

кетеді.

қолданылған немесе

пісіру алаңдарына

 

ыдыстар басқару

қойыңыз.

 

құралдарына тым жақын

 

 

қойылған.

 

жанады.

Автоматты сөндіру

Пешті ажыратыңыз да,

құралы қосылады.

қайта қосыңыз.

 

жанады.

Бала қауіпсіздігінің

"Әркүндік қолдану"

құралы немесе Құлып

тарауын қараңыз.

 

 

функциясы іске

 

 

қосылады.

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 15

 

 

 

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

және сан жанады.

Пеште ақау бар.

Пешті электр желісінен

 

 

біраз уақыт ажырата

 

 

 

 

 

 

тұрыңыз.

 

 

 

Сақтандырғышты электр

 

 

 

желісінен ағытып

 

 

 

қойыңыз. Қайта қосыңыз.

 

 

 

Егер қайта көрініс

 

 

 

берсе, уәкілетті қызмет

 

 

 

көрсету орталығына

 

 

 

хабарласыңыз.

7.2 Ақаулықты түзету шешімін

алғанда көрсетілген хабарды беріңіз.

өзіңіз таба алмасаңыз...

Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға көз

 

 

жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба

қызмет көрсету орталығының технигі

алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті

немесе дилер көрсеткен қызмет,

қызмет көрсету орталығына

 

кепілдік мерзімі кезінде де ақылы

хабарласыңыз. Техникалық ақпарат

болуы мүмкін. Қызмет көрсету

тақтайшасындағы деректерді беріңіз.

орталығына қатысты нұсқаулар мен

Сонымен қоса, шыны керамиканың үш

кепілдік шарттары кепілдік

саннан тұратын нөмірін, (шынының

кітапшасында берілген.

бетіндегі бұрышта) және ақаулық орын

8. ОРНАТУ

ЕСКЕРТУ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Орнату алдында

Пешті орнату алдында, техникалық сипаттама тақтайшасынан келесі деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы жағында орналасқан.

Сериялық нөмірі ...........................

8.2 Кіріктірілген пештер

стандартты талаптарға сай келетін жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.

8.3 Қосылым сымы

Пеш электр қосылымы сымымен жабдықталған.

Зақымданған қуат сымын ауыстыру үшін келесі сымның түрлерін (немесе жоғары) қолданыңыз: H05V2V2-F T кемінде 90°C.

Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс қондырылған құрылғыларға және

16www.electrolux.com

8.4Құрастыру

MIN.

500MM

MIN.

50MM

MIN.

28 MM

8.5 Қорғаныс қорабы

R 5MM

MIN.

490+1MM 560+1MM

55MM

 

MIN.

12 MM

MIN.

20 MM

Егер қорғаныс қорабын қолдансаңыз (қосымша керек-жарақ), пештің астыңғы жағына қорғаныш тақтасын орнатудың қажет жоқ. Керек-жарақ болып есептелетін қорғаныс қорабы кей елдерде берілмеуі мүмкін. Жергілікті жабдықтаушыға хабарласыңыз.

Егер құрылғыны тұмшапештің үстіне орнатсаңыз, қорғаныс қорабын пайдалана алмайсыз.

ҚАЗАҚ 17

9.ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК

9.1Техникалық ақпарат тақтайшасы

Үлгі CPE644RBC

Өнім нөмірі PNC 949 596 551 00

Түрі 58 HAD 47 AO

220 - 240 В 50 - 60 Гц

 

Германияда жасалған

Сер.№. .................

7.0 кВт

 

ELECTROLUX

 

 

9.2 Пісіру алаңдарының сипаттамасы

 

 

 

 

Пісіру алаңы

Номинальды қуат (ең

Пісіру алаңының диаметрі

жоғары қызу параметрі) [Вт]

[мм]

Алдыңғы сол

750 / 2200

120 / 210

жақ

 

 

Артқы сол жақ

1200

145

Алдыңғы оң

1200

145

жақ

 

 

Артқы оң жақ

1500 / 2400

170 / 265

 

 

 

Жақсы пісіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін пісіру алаңының диаметрінен үлкен емес ыдыс қолданыңыз.

10.ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ

10.1Құрылғы ақпараты EU 66/2014 стандартына сай берілген

Үлгінің техникалық

 

CPE644RBC

параметрлері

 

 

Пеш үстінің түрі

 

Кіріктірілген пеш

Пісіру алаңдарының

 

4

саны

 

 

Қыздыру технологиясы

 

Қыздырғыш

Дөңгелек пісіру

Алдыңғы сол жақ

21,0 см

алаңдарының диаметрі

Артқы сол жақ

14,5 см

(Ø)

Алдыңғы оң жақ

14,5 см

Шеңбер емес пісіру

Артқы оң жақ

Ұ 26,5 см

алаңының ұзындығы (Ұ)

 

Е 17,0 см

және ені (E)

 

 

 

 

 

Loading...
+ 39 hidden pages