Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
- Жалғағышқа құйылуға жол
бермеңіз.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғы тек су қайнату үшін
пайдалануға арналған. Кез келген
басқа қолданыс дұрыс емес
және қауіпті болып есептеледі.
Өнім жасаушы дұрыс емес,
сәйкес емес немесе жауапсыз
пайдалану салдарынан болған
зақым үшін және/немесе өнімге
компанияның өкілі емес маманы
жасайтын жөндеу жұмыстары
үшін жауапты болмайды.
-
Бұл – тек тұрмыста
қолданылатын техника. Ол
сондай-ақ дүкендердегі,
кеңселердегі және басқа
да жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған
ас бөлмелерде, сонымен
қатар фермадағы үйлерде
пайдаланылуы мүмкін;
оны қонақ үйлердегі,
мотельдердегі және басқа
тұрғын үй-жайлардағы,
төсек және таңғы ас беру
орталарындағы клиенттер
пайдалануы мүмкін. Осы
нұсқаулықтың түпнұсқасы
әрқашан соңғы пайдаланушы
мен техникалық қызмет
көрсету мамандары үшін қол
жетімді болуы керек.
- Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балаларға, қозғалу, сезу немесе
ойлану мүмкіндіктері шектелген
адамдарға немесе осы
құрылғыға қатысты тәжірибесі
немесе білімі жоқ адамдарға тек
оларға ықтимал қауіп-қатерлер
мен құрылғыны қауіпсіз
жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілгенде және олар
бақыланғанда ғана пайдалануға
болады.
Балалардың құрылғымен
ойнамауы керек. Балалар сегіз
жастан аспаған болса және үнемі
бақылауда болмаса, тазалауды
және пайдаланушы орындайтын
техникалық күтімді балалар 8
жастан аспаса және бақылауда
болмаса орындамаулары керек.
Құрылғыны және оның сымын
8 жастан аспаған балалардан
аулақ ұстаңыз.
- Қуат кабелін пайдаланушы өзі
ауыстырмауы керек, себебі
арнайы құралды пайдалану
қажет болуы мүмкін.
Егер қуат кабелі зақымданса,
барлық қауіп-қатерлерді жою
үшін оны өнім жасаушысы, оның
қызмет көрсету қызметкері
немесе сол сияқты білікті
мамандар ауыстыруы керек.
- Шәйнекті тек берілген қуат беру
негізімен (немесе керісінше осы
негізді тек осы шәйнекпен ғана)
пайдаланыңыз.
- Шәйнекті беті көлбеу нәрсеге
39
Page 2
қойып пайдаланбаңыз.
- Элемент толық
батырылмайынша шәйнекті іске
қоспаңыз.
- Құрылғыны зақымдап алмас
үшін оны тазалаған кезде
сілтілі тазартқыш қоспаларды
пайдаланбаңыз, оның орнына
жұмсақ шүберек пен жұмсақ
жуғыш қоспаны пайдаланыңыз.
- Бұл құрылғыны теңіз деңгейінен
2000 м-ден асатын биіктікте
пайдаланбаңыз.
- Тазалау туралы толық
мәліметтерді пайдаланушы
нұсқаулығының "Тазалау"
бөлімінен қараңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
- Шәйнек қайнап жатқан кезде
қақпақты ашпаңыз.
- Егер шәйнек шамадан тыс
толтырылса, қайнаған су тасып
кетуі мүмкін.
- Қыздыру элементінің бетінде
қолданыстан кейін қалдықтар
қалады.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған
ұсыныстарды және маңызды ақпаратты
білдіреді.
- Шәйнек пайдаланылып
жатқан кезде, оны ешқашан
жылжытпаңыз.
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
- Электрлік қауіп-қатерлерден қорғау үшін,
желілік сымды, қуат қосқышының негізін
немесе шәйнекті суға немесе басқа сұйық
затқа батырмаңыз. Жуынатын бөлмеде
немесе кез келген су тиетін бөлмеде
пайдаланбаңыз. Сыртта пайдаланбаңыз.
- Пайдаланбаған кезде және тазалау алдында
ашаны розеткадан суырып отырыңыз.
Шәйнекті тазалау алдында суытыңыз.
- Егер қолдарыңыз дымқыл болса, шәйнекті
ұстамаңыз.
- Шәйнек ішіне кез келген құралды салмаңыз.
Құрылғы жасаушысы ұсынбаған қосымша
құралдарды пайдалану өртке, электр
шогына немесе адам жарақатына әкеп
соқтыруы мүмкін.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Құю барысында абай болыңыз, шәйнекті
шамадан асырып еңкейтпеңіз, себебі іске
қосу механизміне су кіріп кетуі мүмкін.
- Кез келген құрылғы балалардың жанында
пайдаланылған кезде оларды жақын жерде
тұрып бақылау керек.
- Егер қуат сымы немесе ашасы зақымданса,
шәйнек дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе
басқа кез келген түрде зақымданған болса,
бұл шәйнекті пайдаланбаңыз.
Қауіп-қатердің алдын алу үшін оны өкілетті
қызмет көрсету маманына жөндеу немесе
ауыстырып алу үшін өткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
- Корпус немесе қақпақ сияқты ыстық
бөліктерін ұстамаңыз. Саптар мен тетіктерді
пайдаланыңыз.
- Қайнағаннан кейін су ұзақ уақыт бойы
ыстық күйде қалуы және күйіп қалу қаупі
болуы мүмкін.
Шәйнек пен қуат сымын шәйнек
пайдаланылатын беттің жиегінен алшақ
және балалардың қолы жетпейтін жерде
орналастырыңыз.
- Қуат сымы үстелдің немесе пайдалану
бетінің жиегінен салбырап тұрмасын.
40
Page 3
- Су құю барысында шүмектен, қақпақтан
немесе қайта толтыру барысында
қақпақтан шығатын ыстық будың сізге тиіп
кетуіне жол бермеңіз.
- Шәйнекті, оның негізін немесе сымын тамақ
пісіргіштердің, ыстық плиталардың немесе
газ плиталардың үстіне не қасына ешқашан
қоймаңыз.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған
ұсыныстарды және маңызды ақпаратты
білдіреді.
- Шәйнекті толтырмас бұрын, оны қуат беру
негізінен алыңыз.
- Шәйнекті су қыздырудан басқа мақсаттар
үшін ешқашан пайдаланбаңыз.
- Егер құрылғы дұрыс пайдаланылмаса
немесе нұсқаулар орындалмағанынан
туындайтын ақаулық болса, De’Longhi
компаниясы ешқандай жауапкершілікті өз
мойнына алмайды.
- Шәйнекті іске қоспас бұрын, оны қуат беру
негізіне дұрыстап салыңыз.
Бұл құрылғы тағам тиетін материалдар
мен ке
рек-жарақтарға қатысты ЕО-тың
1935/2004 ережесіне сай.
СИПАТТАМА
A Алынбалы сүзгі
B Алынбалы қақпақ
C Шәйнек корпусы
D Қуат индикаторының шамы
E Сым орағышы бар 360° бұрылатын негіз
F Аша
G ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы
H Су деңгейінің индикаторы
ПАЙДАЛА
НУ
Пайдаланбас бұрын
- Шәйнектен және қуат беру негізінен барлық
орам материалдарын алыңыз.
- Жұтып қою қаупінің алдын алу үшін
балаларға онымен ойнауына жол бермеңіз.
- Сыртқы тот баспайтын болаттан жасалған
беттегі кез келген жапсырманы алып
тастаңыз.
- Сүзгіні (1-сурет) алып, сумен жуыңыз
(2-сурет). «Қақ сүзгісін алу» бөлімін
қараңыз.
- Шәйнекті MAX (Ең жоғарғы) деңгейіне дейін
сумен толтырып, қайнатыңыз.
- Қайнаған судың қалғанын төгіп тастап,
шәйнекті салқын сумен шаю керек.
Кез келген ақаулыққа себеп болған
шаңды, т.б. кетіру үшін қайнату және шаю
қадамдарын қайталаңыз.
- Шәйнек шайылған соң, сүзгіні орнына қайта
салыңыз (3-сурет).
Пайдаланған кезде
Ерекше етіп жасалған қуат беру негізімен және
орталық жалғағышымен шәйнекті негізге кез
келген бұрышпен кез келген бағытқа қаратып
қоя аласыз.
- Сымды сақтау бөлігінен шығарып, сымның
ұзындығын реттеңіз, пайдаланылатын
розеткаға дейін жететіндей етіп қажетті
ұзындықты шығару үшін негізгі бөлікті
бұраңыз (4-сурет).
- Сымының үстел немесе шкаф жиегінен
салбырауына немесе ыстық заттарға
(мысалы, плита бетіне B) тиюіне жол
бермеңіз.
Толтыру
- Шәйнекті толтырмас бұрын негізден
алыңыз.
- Қақпақты ашып, шәйнекті қажетті деңгейге
дейін толтырыңыз.
Шәйнекті пайдаланған кезде ол құрғап
кетпес үшін, суды 0,3 литрден аз етіп
толтырмаңыз; осы сияқты дұрыс
пайдаланбау қыздыру элементінің қызмет
ету мерзімін қысқартады. 1,7 литрден артық су құймаңыз (MAX деңгейінен
асырмаңыз). Егер шәйнек шамадан артық
толтырылса, қайнаған су тасып, күйіп қалу
қаупін туындатуы мүмкін.
Іске қосу
- Қуат беру негізін розеткаға қосыңыз.
- Шәйнекті негізге қойыңыз.
- Шәйнекті іске қосу үшін ON/OFF (ҚОСУ/
ӨШІРУ) қосқышын (5-сурет) басыңыз.
41
Page 4
- Индикатор шамы жанады.
- Су қайнаған соң шәйнек автоматты түрде
өшіріледі (ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы
жоғары қарай «сырт» етіп көтеріледі де,
шамдар өшеді).
- Су қайнамас бұрын шәйнекті өшіру үшін, ON/
OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышын OFF (ӨШІРУ)
бағытына жылжытып, шәйнекті негізден
алсаңыз болғаны, ол ажыратылады да,
қосқыш OFF (ӨШІРУ) бағытына автоматты
түрде қайтады.
Құю
- Шәйнекті қуат беру негізінен алып, суды
абайлап төгіп тастаңыз. Шәйнекті кенеттен
еңкейтіп қалмаңыз немесе суды қатты
еңкейтіп құймаңыз.
- Шәйнекті негізден алған кезде, негіздің
беткі бөлігінде жиналған суды көруіңіз
мүмкін. Негізде судың жиналуы – өте
қалыпты нәрсе, ол үшін алаңдаудың қажеті
жоқ.
Ескеріңіз: Шәйнекті әрбір қолданыстан
соң босатып отырыңыз. Шәйнек екі
күннен астам уақыт бойы қолданылмаса,
оны шайыңыз. Қуат тұтынуды және су
ысырабын азайту үшін, тек қажетті су
мөлшерін пайдаланыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
1) Автоматты ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ)
қосқышы:
Шәйнегіңізде су қайнағаннан кейін
автоматты түрде өшірілетін ON/OFF (ҚОСУ/
ӨШІРУ) қосқышы бар. Егер шәйнек жаңа
ғана қайнап болса, шәйнекті қайтадан
толтыру үшін бір не одан көп минут
күтіңіз. ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышын
ON (ҚОСУ) бағытында басып тұруға
және қосу механизмін реттеуге ешқашан
әрекеттенбеңіз.
2) Қауіпсіздік үшін ажырау:
Егер шәйнек сусыз не аз ғана сумен ІСКЕ
ҚОСЫЛСА, ол қуатты ажыратып тастайтын
қауіпсіздік үшін ажырату құрылғысы
көмегімен қорғалады. Егер осы ажырату
функциясы жұмыс істеп кетсе, шәйнекті
розеткадан ажыратыңыз да, салқын сумен
қайта толтырмас бұрын суытып алыңыз
(әйтпесе қыздыру элементі зақымдануы
мүмкін).
3) Егер шәйнек негізде жұмыс істеп тұрған
кезде (қосқыш ON (ҚОСУ) күйінде тұрғанда)
көтерсеңіз, ол автоматты түрде өшеді.
КҮТІМ КӨРСЕТУ
Шәйнекті тазалау
- Шәйнекті тазалау алдында құрылғыны
розеткадан суырып, суытып қойыңыз.
- Шәйнекті немесе негізді суға батырмаңыз.
- Құрылғының тамаша беткі əрін сақтау үшін
құрылғының сыртын тек дымқыл шүберек
пен суды ғана пайдаланып тазалауды
ұсынамыз.
- Металл жылтыратқышты, тұтанғыш
сұйықтықтарды немесе өткір жуғыш сұйық
затты пайдаланБАҢЫЗ.
- Барлық жалғағыштар мен ұяшықтарды
құрғақ күйде ұстаңыз.
Қақ
Су қызған кезде, судағы минералдар қатты
затқа айналып, суды лай сияқты етеді. Суда
қалыптасқан жұқа қабатты көрсеңіз немесе
сүзгіні тазалап жатқан кезде қабырғалар
мен элементте қалыптасқан жұқа қабатты
байқасаңыз, шәйнектің және оның сүзгісінің
қағын тазалаңыз.
Қақ сүзгісі
Сусыныңызға қақтың ірі бөлшектері сумен
бірге құйылмас үшін, шәйнегіңіз қақ сүзгісімен
жабдықталған. Бұл сүзгіні алуға және жууға
болады. Егер сүзгіге жиналған нәрселерді
немесе құю жылдамдығының нашарлағанын
байқасаңыз, су сүзгісін алып, тазалауыңыз
керек.
Қақ сүзгісін алу
- Шәйнекті суытып қойыңыз және құрылғыны
электр көзінен суырыңыз. Қолдарыңыздың
таза және сабыннан, кілегейден немесе
суды ластауы мүмкін кез келген нәрседен
таза екеніне көз жеткізіңіз.
- Шәйнекті босатып, сүзгіні 1-суретте
көрсетілгендей етіп алыңыз. Жұмсақ
щеткамен тазалау кезінде ағынды су
42
Page 5
астында шайыңыз (2-сурет) және сүзгіні
ауыстырыңыз (3-сурет).
Сүзгіні адам жұтып қоюы мүмкін, оны
тазалаған соң қараусыз қалдырмаңыз.
Шәйнекті және қақ сүзгісін тазалау
Жақсы жұмыс істеу күйін сақтау үшін тұрақты
түрде тазалау және қақтан тазалау маңызды
болып табылады. Шамадан тыс жиналған қақ
өнімнің тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін.
- Шәнектерге арналған қақ тазалағышты
пайдаланыңыз (кеңес: лимон қышқылы
негізіндегі қақ тазалау ерітінділерін
пайдаланыңыз). Қыздыру элементінде
қақ жиналғанын байқасаңыз, шәйнектерге
арналған тиісті қақ тазалағышты сатып
алып, қақ тазалағыш қабында берілген
нұсқауларға сай қақ тазалау әрекетін
орындаңыз.
- Қақты тазалап болған соң таза суды қайтақайта қайнатып, құрылғыны зақымдауы
мүмкін қақ тазалағыш заттың қалдықтарын
толығымен жою үшін шәйнекті мұқият
шайыңыз. Қайнату және шаю қадамдарын
кемінде үш рет қайталаңыз.
- Егер сүзгіні қақтан тазалау қажет болса,
оны алыңыз да, дәл осындай қақ тазалағыш
ерітіндіге батырыңыз.
- Шәйнекті пайдаланбас бұрын, оның барлық
электрлік бөлшектерінің толығымен
құрғағанына көз жеткізіңіз.
Де’Лонги Апплайансиз с.р.л.
Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия
үшін жасалған.
Кедендік одақтар териториясында
тұтынушыларға тасымалдау үшін жауап кершiлiктi және импортер:
“Делонги” ЖШҚ
127055 Ресей, Мәскеу қ,
Сущëвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат
Тел.: +7 (495) 781-26-76
Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында
көрсетілгендей жолмен пайдаланылады.
Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен
бастап 2 жылға созылады.
Сақтау шарттары:
Ылғалдылық ауқымы < 80% және температура ауқымы + 5°C және + 45°C аралығындағы бөлмелер.
Бұйым шығарылған күнін бұйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі:
ASSCC, бұл жерде A – өнім жасалған
жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған
апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептеледі.
Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған
жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)