AEG S98342CTW2, S98342CTX2 User manual

KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Тоңазытқыш-мұздатқыш
RU Инструкция по эксплуатации 16
Холодильник-морозильник
UK Інструкція 32
Холодильник-морозильник
S98342CTX2
S98342CTW2
www.aeg.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................6
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................9
5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 10
6. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................12
7. ОРНАТУ........................................................................................................... 14
8. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ................................................................................15
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
www.aeg.com4
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
ҚАЗАҚ 5

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін өзгерту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.
1 2 3 4 5 6 7 8
Off
COOL FROST
MATICMATIC
min
A B C D E F G
HIJKL
www.aeg.com6

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.

3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1 Басқару панелі

ON/OFF түймешігі
1
Үстіңгі бөлікті суығырақ
2
температураға қою тетігі Үстіңгі бөлікті жылырақ
3
температураға қою тетігі Mode түймешігі
4
OK түймешігі
5
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
Астыңғы бөлікті суығырақ
6
температураға қою тетігі Астыңғы бөлікті жылырақ
7
температураға қою тетігі Дисплей
8
Түймешіктердің алдын ала қойылған сигналдарын Mode және Суығырақ температураға қою түймешігін бірнеше
Дисплей
A) Тоңазытқыш бөліктің индикаторы B) Тоңазытқыш температурасының
индикаторы және таймер индикаторы
секунд бірге басып өзгертуге болады. Осыны қайта өзгертуге болады.
C) Тоңазытқыштың OFF индикаторы D) COOLMATIC функциясы E) Holiday функциясы F) FROSTMATIC функциясы
ҚАЗАҚ 7
G) Мұздатқыш температурасының
индикаторы
H) Мұздатқыш бөліктің индикаторы I) Ескерту индикаторы

3.2 Іске қосу

1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы сигнал береді. Температура индикаторлары орнатылған әдепкі температураны көрсетеді. Ескерту құралын бастапқы қалпына қайтару үшін "Жоғары температураны ескерту" тарауын қараңыз.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.
Егер бейнебетте "dEMo" көрсетілсе, "Не істерсіз, егер..." тарауын қараңыз.

3.3 Сөндіру

1. ON/OFF түймешігін бірнеше секунд
басыңыз. Бейнебет сөнеді.
2. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
J) ChildLock функциясы K) MinuteMinder функциясы L) DYNAMICAIR function
Тоңазытқыш OFF индикаторы мен тоңазытқыш бөліктің индикаторы жыпылықтайды. Тоңазытқыш температурасы индикаторында үзік сызықшалар көрінеді.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. Тоңазытқыш OFF индикаторы көрсетіледі.

3.6 Температураны реттеу

Тоңазытқыштың және мұздатқыштың температурасын температура түймешіктерін басып орнатыңыз. Әдепкі температура:
• тоңазытқыш үшін +5°C
• мұздатқыш үшін -18°C Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.
Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады. Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды.

3.4 Тоңазытқышты іске қосу

Тоңазытқышты іске қосу үшін, тоңазытқыш температурасын реттеу тетігін бассаңыз жеткілікті. Тоңазытқышты іске қосудың басқа жолдары:
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. Тоңазытқыштың OFF индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

3.5 Тоңазытқышты сөндіру

1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.

3.7 Жоғары температураны ескерту

Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:
• ескерту және мұздатқыш температура индикаторлары жыпылықтайды;
• дыбыстық сигнал естіледі.
Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз. Дыбыстық сигнал ажыратылады. Мұздатқыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай қалпына келгенше жыпылықтауын жалғастырады.
www.aeg.com8

3.8 COOLMATIC функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін COOLMATIC функциясын іске қосуды ұсынамыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. COOLMATIC индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. COOLMATIC индикаторы көрсетіледі.
COOLMATIC функциясы 52 сағат өткенде автоматты түрде сөнеді. Функция автоматты түрде сөнбей тұрып сөндіру үшін COOLMATIC индикаторы сөнгенше қадамдарды қайталаңыз.

3.9 FROSTMATIC функциясы

FROSTMATIC функциясы жаңа тағамды тездетіп мұздатумен қатар, сақталып тұрған тағамдарды жылудың әсерінен қорғайды.
1. Mode түймешігін тиісті белгі
көрінгенше басыңыз. FROSTMATIC индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. FROSTMATIC индикаторы көрсетіледі.
FROSTMATIC функциясы 52 сағат өткенде автоматты түрде сөнеді. Функция автоматты түрде сөнбей тұрып сөндіру үшін FROSTMATIC индикаторы сөнгенше қадамдарды қайталаңыз.

3.10 DYNAMICAIR функциясы

1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. DYNAMICAIR индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. DYNAMICAIR индикаторы көрсетіледі.
DYNAMICAIR функциясын іске қосқанда қуат көп мөлшерде пайдаланылады. Егер функция автоматты түрде іске қосылса, DYNAMICAIR индикаторы көрсетілмейді ("Әркүндік қолдану" тарауын қараңыз).
Функцияны сөндіру үшін DYNAMICAIR индикаторы сөнгенше қадамдарды қайталаңыз.

3.11 MinuteMinder функциясы

MinuteMinder функциясы мысалы, рецепт бойынша тағамдарды біраз уақыт суыту қажет болған кезде қолдануға ыңғайлы дыбыстық сигналды қалаған уақытқа орнату үшін қолданылады.
Сондай-ақ, мұздатқыш бөлікке жылдам суыту үшін қойылған бөтелкелерді ұмытып кетпеу үшін де қолданылады.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. MinuteMinder индикаторы жыпылықтайды. Таймер орнатылған мәнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен
90 минут аралығында өзгерту үшін
"Суығырақ температура" немесе
"Жылырақ температура"
түймешігін басыңыз.
3. OK түймешігін басып құптаңыз. MinuteMinder индикаторы көрсетіледі. Таймер жыпылықтай бастайды (min). "Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып, уақытты кез келген сәтте, кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде өзгертуге болады.
Кері санақ аяқталған кезде MinuteMinder индикаторы жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал естіледі. Дыбыстық сигналды сөндіру
ҚАЗАҚ 9
және функцияны біржола тоқтату үшін OK түймешігін басыңыз.
Функцияны кез келген уақытта, кері санақ орындалып тұрған кезде функция қадамдарын индикатор сөнгенше қайталау арқылы сөндіруге болады.

3.12 Holiday режимі

Бұл функция ұзақ демалысқа кеткен кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай, тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға мүмкіндік береді.
Тоңазытқыштың бөлігін Holiday режимін қоспай тұрып босатыңыз.
1. Mode түймешігін Holiday белгісі
көрінгенше басыңыз.
Holiday белгісі жыпылықтайды.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Электртоғына алғаш рет қосу

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Ашаны розеткаға қосу және құрылғыны алғаш рет іске қосу алдында, құрылғыны кем дегенде 4 сағат тігінен қойыңыз. Сонда май компрессорға қайтып келуге уақыт жеткілікті болады. Әйтпесе, компрессорға немесе электроникалық бөлшектерге зақым келуі мүмкін.

4.2 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде, тағамды камераға салмай
Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны көрсетеді.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. Holiday белгісі көрінеді. Holiday режимін сөндіру үшін әрекетті Holiday индикаторы сөнгенше қайталаңыз.

3.13 ChildLock функциясы

Түймешіктерді кездейсоқ іске қосылмау үшін бұғаттау үшін ChildLock функциясын іске қосыңыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ChildLock индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. ChildLock индикаторы көрсетіледі. ChildLock функциясын сөндіру үшін, әрекетті ChildLock индикаторы сөнгенше қайталаңыз.
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат FROSTMATIC функциясына қойып іске қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті сақтау үшін ауаның алмасуын жақсарту үшін орнында тұруға тиіс астыңғы тартпадан басқа барлық тартпаларды алып тастаңыз. Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм шығып тұратын тағам салуға болады.

4.3 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін орнатылған параметрдің мәнін өзгерту қажет емес.
Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы бөлікке қойыңыз.
www.aeg.com10
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін қажетті температураға қайта оралыңыз ("FROSTMATIC Функция" тармағын қараңыз).
Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің температурасы 0°C градустан төмен түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.

4.4 FreshBox бөлігі

Бұл бөліктегі тартпа балық, ет, теңіз тағамдары сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғының ішіндегі FreshBox бөлікті алу немесе орналастыру алдында, MaxiBox суырмасы мен шыны қақпақты алыңыз.
FreshBox бөлігі бағыттауыштармен жабдықталған. Тоңазытқыш камерадан бөлікті суырып алу үшін оны өзіңізге қарай тартып, себеттің алдыңғы жағын төмен қарай еңкейтіп барып алыңыз.

4.5 DYNAMICAIR

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін автоматты құралмен жабдықталған.
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға болады (DYNAMICAIR режимі тарауын қараңыз).

5. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керек­жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.
ҚАЗАҚ 11

5.2 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы мен компрессорды шөткемен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі. Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып тазалауға болады. Шығарып алу үшін сөрені тура тартыңыз.
FreshBox бөлімінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төменгі сөре мен жайпақ қақпақтарды тазалағаннан кейін бастапқы орнына қою керек.
Камераның ішіндегі тартпалы жәшіктердің үстіндегі жайпақ қақпақтарды тазалау үшін алып шығуға болады.

5.3 Жібіту

Құрылғыңызға мұз қатпайды. Бұл құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі қабырғаларының бетіне де, тағамның үстіне де ешбір мұз қатпайтынын көрсетеді. Мұз қатпайтын себебі, автоматты түрде басқарылатын желдеткіш құрылғы ішінде үнемі суық ауаны айналдырып тұрады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды.

5.4 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
www.aeg.com12

6. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

6.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл шығады.
Көрінетін және естілетін сигналдар қосылып тұр.
Температура дисплейінде санның орнына төртбұрыш таңба көрсетіліп тұр.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Бір мезгілде тым көп
Бөлме температурасы
Құрылғыға тым жылы
Құрылғы дұрыс орнықпаған.
Құрылғы жақында ғана қосылған немесе температурасы тым жоғары.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Температура сенсорына қатысты ақаулық.
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
тағам қойылған.
тым жоғары.
тағамдар қойылған.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (салқындатқыш жүйе тағамды салқындатуын жалғастырады, бірақ температураны реттеу мүмкін емес).
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
"Құрылғының жұмысы" тарауын қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы ауа-райы санатын қараңыз.
Тағамдарды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Компрессор FROSTMATIC тетігін басқаннан кейін
FROSTMATIC функциясы қосылған.
COOLMATIC функциясы қосылған.
Бұл қалыпты жағдай, ешқандай ақаулық жоқ.
"FROSTMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
"COOLMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей бастайды. немесе температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Компрессор COOLMATIC тетігін басқаннан кейін
Бұл қалыпты жағдай, ешқандай ақаулық жоқ.
Компрессор біраз уақыттан
кейін жұмыс істей бастайды. немесе температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп қалған.
Тағамдар судың коллекторға қарай ағуына
Су ағатын түтікшені
тазалаңыз.
Тағамдардың артқы тақтаға
тимейтінін тексеріңіз.
бөгет жасайды.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын түтікше,
компрессордың үстіндегі буландырғыш науаға
Еріген су ағатын түтікшені
буландырғыш науаға
жалғаңыз.
қосылмаған.
Температура орнатылмайды.
FROSTMATIC немесе COOLMATIC функциясы қосылған.
FROSTMATIC немесе COOL‐
MATIC функциясын қолмен
сөндіріңіз немесе
температураны орнату үшін
функцияның өздігінен
бастапқы қалпына келуін
күтіңіз. "FROSTMATIC
немесе COOLMATIC
функциясы" тарауын
қараңыз.
DEMO жыпылықтап көрсетіледі.
Құрылғы демо режимде тұр.
OK түймешігін ұзақ сигнал
естілгенше және дисплей
біраз уақыт сөнгенше ұзақ
уақыт, шамамен 10 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Құрылғының ішіндегі температура өте
Температура тетігі дұрыс мәнге қойылмаған.
Жоғарырақ/төменірек
температураға қойыңыз. төмен/өте жоғары.
ҚАЗАҚ 13
www.aeg.com14
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Азық-түліктердің температурасы өте жоғары.
Бір мезгілде тым көп тағам сақтауға қойылған.
FROSTMATIC функциясы қосылған.
COOLMATIC функциясы қосылған.
Азық-түліктің температурасын бөлме температурасына дейін азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде сақталатын азық-түліктер мөлшерін азайтыңыз.
"FROSTMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
"COOLMATIC функциясы" тарауын қараңыз.

6.2 Шамды ауыстыру

Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі жарықтама шамымен жабдықталған.

7. ОРНАТУ

7.1 Орналастыру

Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:
Ауа­райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
Егер ақыл-кеңес күткен нәтиже бермесе, жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Бөлме температурасы
Жарықтандыру құралын сервис қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ауа­райы санаты
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бөлме температурасы

7.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
ҚАЗАҚ 15
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
7.3 Құрылғыны орнату және
есікті өзгерту
Құрылғыны орнату (желдетуге қатысты нұсқаулар, деңгейлестіру) және есікті өзгерту жөніндегі жекелеген нұсқауларды қараңыз.
7.4 Орнату және CLEANAIR
CONTROL сүзгісін ауыстыру
Сүзгі жұмысына зиян келмес үшін, пластик қалтаға салынып жеткізіледі.

8. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

8.1 Техникалық дерек

Биіктігі 1840 мм
Ені 595 мм
Тереңдігі 642 мм
Темп. жоғарылау уақыты 17 сағ
Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып, тартпаның ішіне орнату керек.
1. Тартпаны ашыңыз.
2. Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3. Сүзгіні тартпаға салыңыз.
4. Тартпаны жабыңыз.
Көміртекті сүзгі тамаша жұмыс істеу үшін жылына бір рет ауыстыру керек.
Жаңа сүзгіні жергілікті дилерден сатып алуға болады.
Ауа сүзгісі тұтынылатын керек-жараққа жатады, сондықтан кепілдікпен қамтылмайды.
Кернеу 230 - 240 В
Жиілік 50 Гц
Техникалық ақпарат құрылғының сыртқы немесе ішкі қабырғасындағы техникалық ақпарат тақтайшасында және электр қуатының жапсырмасында көрсетілген.
9. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
Loading...
+ 33 hidden pages