AEG S72300DSW0 User Manual [ru]

S72300DSW0 KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
RUИнструкция по эксплуатации 14 UK Інструкція 27
www.aeg.com
2
МАЗМҰНЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
8. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
9. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР . . . . . . . . . . . . . 13
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.aeg.com/productregistration
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі
Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАЗАҚ 3
1.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында бола тұрып, құрылғыны пайдалану жөнінде тиісті нұсқаулар алса пайдалануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
• Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
1.2 Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
•Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Тек суға қосылатын құрылғыларға ғана қатысты: ауыз суына ғана қосыңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін өзгерту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
www.aeg.com
4
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
1.3 Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған жерлерде қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде – Фермадағы үйлерде – Қонақ үйлерде, мотельдер мен
басқа да тұрғынды жерлерде – Төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын! Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a), қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Газды сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Құрылғыдан балмұздақты алған кезде дереу жемеңіз. Бірнеше минут күте тұрыңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.
1.4 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Мұздатқыштың су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
1.5 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
1.6 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
8
7
ҚАЗАҚ 5
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
1
2
6
5
Сымтемір тор
1
Сары майға арналған бөлік
2
Есіктің сөресі
3
Шөлмек қоятын сөре
4
3. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
3.1
1. Құрылғының ішкі бөліктері мен керек-жарақтарын жылы суды және бейтарап жуғыш затты пайдаланып тазалаңыз.
2. Құрылғы мен керек-жарақтардың
3. Ашаны розеткаға қосыңыз.
4. Құрылғыны іске қосыңыз да,
3
4
Техникалық ақпарат тақтайшасы
5
Көкөніс суырмасы
6
Шыны сөрелер
7
Температура тетігі мен ішкі жарық
8
әбден кепкеніне көз жеткізіңіз.
температураны орнатыңыз.
www.aeg.com
6
Құрылғыны және оның керек­жарақтарын тазалау үшін жеміргіш заттарды, жеміргіш жөкелерді немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
3.2 Құрылғыны іске қосу және
температураны орнату
Құрылғыны іске қосу үшін температура тетігін сағат тілінің бағытымен бұраңыз да, дәл осы кезде температураны орнатыңыз. Тетіктегі сандар әр түрлі суық температураларды көрсетеді.
4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Шамалы ғана суық температураға қою үшін температура тетігін ең төмен температураға бұраңыз. Ең суық температураға қою үшін температура тетігін ең суық температураға бұраңыз.
Біз орташа суық температураға қоюды ұсынамыз.
Төменде көрсетілген жағдайлар температура параметріне әсер етуі мүмкін.
• Бөлме температурасы мен құрылғы орнатылған жер.
• Құрылғы есігінің қаншалықты жиі ашылғаны.
• Құрылғы ішіндегі тағамның мөлшері.
4.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқышта жаңа тағамды мұздатуға және мұздатылған немесе қатты мұздатылған тағамды сақтауға болады.
Егер температура тетігі орташа температураға қойылып тұрса, параметрді өзгертудің қажеті жоқ. Егер тағамды барынша тез мұздатқыңыз келсе, температура тетігін ең жоғары қалыпқа қойыңыз. Бұндай жағдайда тоңазытқыштың температурасы 0 °C градусқа дейін және бұдан да төмендеуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін төменірек мәнге қойыңыз.
4.2 Мұздатылған тағамды сақтау
Құрылғы жаңа болса немесе ұзақ уақыт электр желісінен ағытылып
тұрса, тағамды мұздатқышқа бірден салмаңыз. Температура тетігін ең жоғары параметрге қойыңыз да, құрылғыны кем дегенде 2 сағат қосып қойыңыз.
Тоқ сөніп қалса мұздатқыш жібіп кетуі мүмкін. Егер тоқ "Көтерілу уақыты" мәнінен ұзақ уақытқа сөніп қалса, жібіп кеткен тағамдарды дереу пайдалану немесе пісіру керек. Мәндерді "ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ" тармағынан қараңыз. Піскен тағамды салқындағаннан кейін мұздатуға болады.
4.3 Жібіту
Мұздатылған тағамды немесе қатты мұздатылған тағамды пісірер алдында, тоңазытқыштағы тағамды бөлме температурасында жібітіңіз. Кішкене етіп дайындалған тағамдарды тоңазытқыштан алған бетте тура
пісіруге болады, бірақ пісіру уақыты ұзарады.
4.5 Есіктің сөрелерін орналастыру
Есіктің сөресін әр түрлі биіктікке қоюға болады.
1.
2.
ҚАЗАҚ 7
4.4 Шыны сөрелер
Шыны сөрелерді әр түрлі биіктікке қоюға болады.
Сөрені көрсеткі бағытымен орнынан алынғанша тартыңыз.
Сөрені жаңа орынға қойыңыз.
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
5.1 Қуат үнемдеу
• Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың есігін жиі ашпаңыз.
• Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың есігін қажетті уақыттан ұзақ ашып тұрмаңыз.
• Егер құрылғы үздіксіз жұмыс істеп, ішкі артқы қабырғасына қырау тұрса, оған мына жағдайлар себеп болуы мүмкін:
– Температура тетігінің ең төменгі
қалыпқа қойылуы.
– Құрылғы орнатылған бөлменің
температурасы өте жылы болуы мүмкін.
– Құрылғыға көп нәрсе салынып
тұрса. Температура тетігін ең жоғарғы параметрге қойыңыз. Автоматты
түрде жібіту басталады да, пайдаланылатын қуат мөлшері азаяды.
5.2 Тоңазыту
• Тоңазытқышқа ыстық тағамды салмаңыз. Тағам салқындағанша күтіңіз.
• Тоңазытқышқа буланатын сұйықтарды қоймаңыз.
• Иісі немесе дәмі өте күшті шығатын тағамдардың барлығын сауыттарға салыңыз.
• Тағамның айналасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Еттердің барлығын полиэтилен қалталарға салыңыз. Оларды көкөніс тартпасының үстінде орналасқан шыны сөреге қойыңыз.
www.aeg.com
8
Етті тоңазытқыш ішінде 2 күннен артық ұстамаңыз.
• Піскен тағамның және салқын тағамдардың беттерін жабыңыз да, сөрелердің біріне қойыңыз.
• Жемістер мен көкөністерді жуып, көкөніс тартпасына салыңыз.
• Сары май мен ірімшікті ауа өткізбейтін арнайы сауыттарға, алюминий жұқалтырға немесе полиэтилен қалталарға салыңыз.
• Сүт шөлмектерінің қақпақтарын жабыңыз да, құрылғы есігінің шөлмек қойылатын сөресіне қойыңыз.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ тәрізді заттарды тоңазытқышқа орамай салмаңыз.
5.3 Freezing
• Техникалық ақпарат тақтайшасында мұздатқыш 24 сағатта мұздата алатын тағамның ең үлкен мөлшері көрсетілген.
• Тағамды мұздату 24 сағатта аяқталады. Осы уақытта мұздатқышқа басқа тағам салмаңыз.
• Тағамды мұздатқышқа аз-аздан салыңыз. Бұл тағамды жылдам мұздатуға және тек қажет мөлшерде ғана жібітуге мүмкіндік береді.
• Тағамды алюминий жұқалтырға ораңыз немесе полиэтилен қалталарға салыңыз. Орам материалдарының ауа өткізбейтініне көз жеткізіңіз.
• Жаңа тағамды мұздатылған тағаммен бірге салмаңыз. Бұл мұздатылған тағамның температурасы жоғарылап кетуге жол бермейді.
• Майлы тағамды сақтау уақыты майсыз немесе майы аз тағамды сақтау уақытынан қысқа. Тұз тағамды сақтау уақытын азайтады.
• Біз әр тағамның орамына, оның мұздатылған уақытын жазып қоюды ұсынамыз.
5.4 Тоңазытылған тағамды
сақтау
• Мұздатылған тағам сатып алған кезде, оны өте аз уақыт ішінде мұздатқышқа салыңыз.
• Мұздатылған тағамды жібіткеннен кейін дереу пісіру керек. Бұрын мұздатылған тағамды қайта мұздатуға болмайды.
• Жарамдылық мерзімінің өтіп кетпегеніне көз жеткізіңіз. Ақпаратты тағамның орамынан көруге болады.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту! Күтім көрсетуге кіріспей тұрып, ашаны розеткадан суырыңыз.
6.1 Тазалау
• Құрылғыны және керек-жарақтарын уақытылы тазалаңыз.
• Құрылғының барлық бөліктері мен барлық керек-жарақтарын, жылы су мен бейтарап жуғыш затты ғана пайдаланып тазалаңыз. Құрылғы мен керек-жарақтардың әбден кепкеніне көз жеткізіңіз.
• Есіктің тығыздағышын уақытылы тазалаңыз. Зақым келген тығыздағышты ауыстыру үшін
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының артында орналасқан конденсатор мен компрессордың торын шөткемен тазалаңыз. Бұл пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтып, құрылғыны жақсы күйде ұстауға көмектеседі.
• Түтіктерін немесе сымдарын тартпаңыз, жылжытпаңыз немесе зақым келтірмеңіз.
• Суытқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
• Құрылғыны жеміргіш заттармен, жеміргіш жөкелермен, еріткіштермен, әтір иісті жуғыш заттармен немесе балауызбен тазаламаңыз.
Күтім көрсетіп болғаннан кейін ашаны розеткаға қосыңыз.
6.2 Тоңазытқышты автоматты түрде жібіту
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қозғалтқыш компрессоры тоқтап қалса, қырау автоматты түрде тазаланады. Су суды төгетін саңылаудан төгіліп, су сауытына жиналады да, буланып кетеді. Су сауыты құрылғының артқы жағында, қозғалтқыш компрессорының үстінде орналасқан. Су төгетін саңылау тоңазытқыштың ішкі арт жағында орналасқан. Су тоңазытқыштың басқа жерлеріне жиналып қалмас үшін, су төгетін саңылаудың үнемі таза тұруын қамтамасыз етіңіз. Су төгетін саңылаудағы тазалағыш құралды пайдаланыңыз.
6.3 Мұздатқыштың мұзын еріту
Мұздатқыш бөліктің сөрелерінің үстіне және үстіңгі бөліктің айналасына қырау қатуы мүмкін. Мұздатқыш бөлікке шамамен 3 немесе 5 мм қалың мұз қатқан кезде жібітіңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Мұзды тазалау үшін өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз. Мұздатқышты жібіту үшін механикалық құралдарды пайдаланбаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Мұздатқыштағы тағамдардың барлығын алыңыз. Тағамды газетке орап, суық температурада сақтаңыз.
3. Құрылғының есігін мұзы ерігенше ашып қойыңыз.
4. Мұздатқышты тазалап, әбден кептіріңіз.
5. Ашаны розеткаға қосыңыз.
6. Құрылғыны іске қосыңыз.
7. Температура тетігін ең жоғары параметрге қойыңыз да, құрылғыны осы параметр бойынша 2 немесе 3 сағат қосып қойыңыз.
8. Тағамды қайта мұздатқышқа салыңыз.
6.4 Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланбаған кезде
1. Құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
2. Тағамдардың барлығын алыңыз.
3. Құрылғының мұзын жібітіңіз.
ҚАЗАҚ 9
www.aeg.com
10
4. Құрылғыны және оның барлық керек-жарақтарын мұқият тазалаңыз және кептіріңіз.
6.5 Шамды ауыстыру
5. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есіктерді ашып қойыңыз.
1.
Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2.
Шамның қақпағындағы бұранданы алыңыз.
3.
Шамның қақпағын алыңыз
4.
Ескі шамның орнына жаңасын салыңыз. Тек тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған шамдарды пайдаланыңыз. Шамның қақпағында шамның макс. қуат мәні көрсетілген.
5.
Шамның қақпағын қайта салыңыз.
6.
Ашаны розеткаға қосыңыз.
Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Назарыңызда болсын! Тексеріп көрер алдында ашаны розеткадан суырыңыз. Кестеде көрсетілмеген ақау пайда болса, Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал шешімі Құрылғы жұмыс істеп
тұрған кезде шуыл пайда болады.
Құрылғы жұмыс істемейді.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз. Кернеу бар-жоғын тексеріп көріңіз. Дәл осы
Шам жанбайды. Шамның күту режимінде тұрмағанына көз
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде шығатын кей шуыл - қалыпты шуыл болып саналады. Құрылғымен бірге жеткізілетін кітапшаны қараңыз.
Құрылғының қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
розеткаға басқа құрылғыны қосыңыз. Розетканы жөндеу қажет болса білікті электршіге хабарласыңыз.
жеткізу үшін есікті жабыңыз да, ашыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Ақаулық Ықтимал шешімі Шамда ақау бар. Шамды ауыстырыңыз. Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура тетігін төменірек параметрге
қойыңыз. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғының есігін өте жиі ашып-жаппауға
тырысыңыз. Құрылғыға ыстық тағам қойылмағанына көз
жеткізіңіз. Тағам салқындағанша күтіңіз. Бөлме температурасының өте жылы емес
екеніне көз жеткізіңіз. Тоңазытқыштың артқы
тақтасына су жиналады. Тоңазытқыштың ішіне су
жиналады.
Бұл автоматты жібіту себебінен пайда болатын
қалыпты жағдай.
Су төгетін саңылаудың бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Тағамның немесе тағам орамының судың су
сауытына құйылуына кедергі жасамайтынына
көз жеткізіңіз. Еденге су аққан. Еріген су ағатын түтікше арқылы аққан су,
компрессордың үстіндегі буландырғыш науаға
ақпайды.
Еріген су ағатын түтікшені буландырғыш науаға
жалғаңыз. Құрылғының ішіндегі
температура өте суық Құрылғының ішіндегі
температура жеткілікті
Температура тетігін төменірек параметрге
қойыңыз.
Температура тетігін жоғарырақ параметрге
қойыңыз. суық емес.
Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыға ыстық тағам қойылмағанына көз
жеткізіңіз. Тағам суығанша күтіңіз. Құрылғының ішінің өте толып тұрмағанына көз
жеткізіңіз. Тоңазытқыштың ішіндегі
Суық ауаның айналып тұрғанына көз жеткізіңіз. температура жеткілікті суық емес.
Қырау тым көп қатқан. Тағамның арнайы сауытқа немесе орам
материалына салынып, жабық тұрғанына көз
жеткізіңіз. Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз. Температура тетігін төменірек параметрге
қойыңыз.
www.aeg.com
12
8. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
8.1 Қалыпты шуылдар
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі
OK
SSSRRR!
HISSS!
SSSRRR!
HISSS!
(компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
SSSRR
R!
HISSS!
CRACK!
BLUBB!
CLICK!
BRRR!
CLICK!
BRRR!
CLICK!
BRRR!
BLUBB!
BLUBB!
CRACK!CRACK!
Loading...
+ 28 hidden pages